Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет220/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
241
–  Расила  апай,  мүмкін  болса  ол  қызға  көрінбейін.  Қан-
ша айтқанмен мен туралы кейін оған елдер жақсы айтпас, – 
дедім.
– Оның да дұрыс, мен сол қызбен таныстыр да жа быс тыр 
деп Райлаға айтайын, – деп өзі шешті. Райла апайдың кен-
же сіңлісі, ауылдық кооператив дүкенінде істейді. Ха лық пен 
күнде байланыс жасап отырған адам ғой, бір жөнін табар.
–  Расила  апай,  егер  Анвар  сол  қызбен  табысса,  мен  со-
ның бақытын бұзбау үшін осы ауылдан көшіп кетемін, – деп 
көптен іштей ойлап қойған сырымды да жасырмадым.
– Шын айтасың ба, соның бақыты үшін кетесің бе, қызым?
– Шын айтам, Анвар мені сүйгені үшін рақмет, сол үшін 
мен де оған бақыт тілеймін, – деп жылап жібердім.
– Шын сүйген адам сүйгеніне бақыт тілейді. Сен де сүй-
ген екенсің, – деп келіп құшақтап бетімнен сүйді. 
...Бауырым  Талғат  əскерден  аман-есен  оралған  соң,  се-
гіз  баланы  жиып-теріп  қалаға  қарай  қоныс  аудардым.  Бес 
жылдай  басыма  пана,  отбасыма  жылу  болған  «Ленинскі» 
ауылында  бір  төмпешік  болып  абзал  əкем  қалды.  Осында 
жаным жаралы, жүрегім қаралы болып келіп едім. Анварға 
кез де сіп қырдың гүліндей құлпырып, жаным жадырап, жү-
ре гім мейірім шуағына бөленді. Мені жанындай сүйген Ан-
ва рым ның бақыты үшін береке-бірлікті, бауырмал ауылдан 
ма хаб бат тың машақатымен қашып барамын... 
* * *
Баяғыда түнде аққан жұлдыздай болып кеткен П. қа ла сы-
на күндіз адасқан құлындай болып қайта оралдым. 
Осы арада Кеңестер одағының дəурені бітіп, он бес рес-
публика он бес тəуелсіз шаңырақ болып шықты. 
Біз  ауылда  жүріп  байқамаптық,  мұнда  нарық  заманы 
басталыпты.  Алғашында  көшіп-қонып  əр  үйді  бір  паналап 
жүрдік. Бір күні ойда-жоқта əкемнің Жора деген танысы қа-


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет