Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет222/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
243
əк теп үйге айналдырды. Үлкен бір бөлме, қосымша газ бал-
лонымен тамақ жасардай тағы бір кішкентай бөлме. Біздің 
тір лі гі міз ді байқаған Жора ағай келіп:
– Талғат, алда қыс келеді, ортаға темір пеш орнаттырып 
алың дар, – деп күзетшіге тапсырма беріп пеш алдырып бер-
ді.  Күзетші  шал  да  бізді  аяды  ма  үйінен  анау-мынау  алып 
ке ліп беріп, пешімізді орнатып қолғабыс етті.
Біз  жалғыз  күнгі  демалысымызды  пайдаланып  көшіп-
қо нып алдық. Мекенім жұмысымның жанында, балаларым 
көзімнің алдында мəре-сəре болып жүрмін. Сонда да қо жа-
йын ның əйелінен іштей қорқып қоямын. Маржан апай осы-
ның бəрін көріп жүр, бұларың не деп сұраған да жоқ. Бей ғам. 
«Əлде, бақытты əйелдер осындай кең бола ма?!», – деп ой-
лап қоямын. Мен байқұс қай бір бақыттың мəнін бі ліп пін...
Осы моншаны біреу көшіріп кетсе де білмейтіндей. Бар 
білетіні – кассасы.  Қолы  босай  қалса  моншамен  қа тар лас 
салынған  үлкен  екі  қабатты  үйіне  жүгіріп  барып  келеді. 
Тек  үйлерінің  есігі  арғы  жаққа  шығады.  Бала-шағасы  сол 
жақ та  өздерімен-өздері.  Орынсыз  бірде-біреуі  моншаға  ке-
ліп бізді мазаламайды. Олардың үйінде əкелері нағыз ƏКЕ, 
əйелі мен балалары не кием, не ішем деп бас ауыртпайды. 
Бəрі əкесінің мойынында. Ағай жетім мен жесірге жанашыр, 
бар  мен  жоққа  қанағатшыл,  Құдайға  қараған  адам.  Ке йін-
гі кездері Маржан апай маған кассасын да сеніп тапсырып, 
кейде қонаққа барып, шет елге қыдыруға да шығып жүр ді. 
Талғат екеуміз осылар өзімізге деп атап не берсе соған ра-
зымыз.  Тамақтан  қысып  артылдырып  тастай  түйіп  жүр міз. 
Ойымыз – өзімізге  үй  сатып  алу.  Талғаттың  да  бір  арманы 
бар, ол – Бақытқа жоғары білім алып беру болатын. 
– Сен де, мен де оқи алмадық жетімдіктен, осы Баха жақ-
сы оқиды соны оқытайықшы, – деп отырды. Бақыттың қо-
лы нан келмейтіні жоқ, нағыз технарь. Қанша көшіп жүр сек 
те  сабағынан  қалмай,  үлгерімі  жақсы. «Оны  оқытсақ,  қыз-
дар да ағаларына ұқсап ұмтылар еді», – деп мен де арман-


244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет