Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет219/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Сен де оны үйіңе жолатпай қой, – дейді сонда да Расила 
апай. 
Тыңды аймақ емес пе, көші-қон көп болатын Сол жазда 
«Ленинскіге»  біраз  механизаторлар  көшіп  келді.  Солардың 
біреуі Матько деген украйн отбасы болды. Бойжеткен қыз-
да ры,  ержеткен  ұлдары  бар  көрінеді.  Ұлдары  біздің  бри га-
да ға келіп қосылды. Қыздарының біреуі ауылдағы қыр ман-
да  астық  қабылдау  пунктінде  істеп  жүрді.  Бір  жолы  сонда 
Женя ағайдың көлігімен барып қалғанда көрдім. Мен сияқ ты 
шілбиген емес, аяқ-қолы балғадай, екі беті анардай əп-əде мі 
қыз. Анварға қалыңдық іздеп жүрген маған ұнай кетті. Атын 
да  білмеймін.  Осы  қызды  қайтсем  де  Анварға  таныстырам 
деп ойладым. 
Ауылға  келгенімде  ретін  тауып  Расила  апаймен  кез дес-
тім. Осылайда, осылай деп айтып шықтым. Ол кісі қуа нып 
кетті. 
– Мен сені осындай ақкөңіл, адал əйел деп ойлаушы едім. 
Анвар сені сол үшін сүйген ғой, рақмет, – деп ұлы бүгін үй-
ле не тін дей қуанып, мені отырғызып қойып дастарқан жай-
ды.  Екі  əйел  шəй  үстінде  Анварды  Матьконың  қы зы мен 
қалай  таныстыратынымызды  ойластырып  жатқанда  жі гі-
ті міз дің  өзі  кеп  қалсын.  Анасы  екеуміздің  əп-əдемі  болып 
отыр ға ны мыз ды  көріп  қуанып  қалды.  Сүйген  əйелі  анасы-
мен тату болғанын кім жек көрсін. Соңғы кездері менің өзі-
нен қашқақтап жүргенімді сезіп қайтіп тілін тапсам екен деп 
мені жас қыздарша айналдырып жүрген. Еркелеп келіп ор та-
мыз ға отыра кетті. Ойында түк жоқ. 
– Екеуің өмір бойы осылай екі жағымда отырсаңдар ғой, – 
деп қояды. 
Расила  апай  қоймай  жүріп  қырманға  барып  Матько ның 
қы зы ның атын біліпті. «Марина» екен. 
– Алматының апорты сияқты! – деп апай тамсанып қой-
май ды. Енді екеуміз қыз бен жігітті қалай таныстырамыз деп 
жоспар жасауға кірістік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет