Үлкен үйдегі үрей
1
– Мен анамнан ерте жетім қалдым, – деп бастады əң гі ме-
сін Гүлжан.
– Əкем мен артымнан ерген үш інімнің ас-ауқатын əзір леу,
кірі-қоңын жуып тазалау шынашақтай ғана менің мо йы ны-
ма түсті. Əкем құрылыста, мұрнына су жетпей жүреді ылғи.
Үш інім болса ойыннан босамайды. Олардың балшыққа ба-
тып, топыраққа ойнап келіп тастаған киімдерін жуғаннан
бе лім ді көтере алмай, майысып қалатынмын. Оларға аяқ
киім де шақ келмейді, бір маусымға жеткізбей жұлығын шы-
ға ра ды. Əкемнің тапқан табысы айлықтан айлыққа жетпей,
кейде ұлдар бөтелке жинап, оны өткізіп тапқан тиынға кү-
ні міз қарап қалады. Таңғы алтыда тұрып солардың та мақ та-
рын ішкізіп, киімдерін кигізіп өзім шығам дегенше мектеп-
ке кешігіп қаламын. Түсте сабақтан келіп кешкі ас-ау қа тын
əзірлеймін, киімдерін ретке келтіремін, үйдің бітпейтін тір-
лігінен босамаймын. Кейде бауырларым тұмауратып қа ла-
ды. Соларды қарап, есім шығып кетеді.
Сабаққа əзірленуге мұршам келмейді. Тіпті сабақ кес те-
сін көруге мүмкіндік болмай, кешегі кітап-дəптерлерімді сол
қалпында қайта арқалап кете беретін кездерім көп болатын.
Сөйтіп жетімдіктің кесірінен мектепте оқып та мандытпа-
дым.
Бізге қарасатын ағайын туыстың қайыры болмады.
Əкемнің туыстары келсе əкеме:
– Өстіп сорлап жүргенше үйленбейсің бе, жұмыстан
келгенде ыстық тамақ, жылы төсек болатын. Қашанғы сал-
пылдап жүресің? – деп ұрсады.
Шешемнің туыстары келсе маған;
– Өстіп жүргенде əкең біреуді үйге кіргізіп алады, өгей
шешенің сөзін естіп, таяғын жеп жүретін боласың, сон дық-
тан тамақты да жаса, кірді де жу, ана жүгермектерді өзі ңе
көмекші етіп үйрет, – деп ұрсады.
|