Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет164/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
сам  ауруханада  жатырмын.  Білегімнен  ине  салып,  жаныма 
темірге асылған бөтелкелері бар дəрілер қойыпты. Бөл ме де 
жалғызбын. Жан-жағыма қарап жатқанда медбибі кірді. 
– Ə, есіңді жидың ба, дұрыс болды, – деді.
– Маған не болды?
–  Таңеретең  алып  келді.  Минингит  деп  диогноз  қой ды. 
Байқа енді, – деді де шығып кетті. 
Кейін білдім, аудандық ауруханада жатыр екенмін. Таң ер-
тең талып түскенде əкем есі шығып көршінің көлігімен ау-
дан ға ала жөнеліпті. Сонда мамамның жақын апайы медбике 
болып  істейді  екен.  Соны  тауып  алып  жатқан  қалпымда – 
мені тапсырып кері қайтады.
Есімді жиғаннан кейін мені үш адамдық палатаға ауыс-
тырды. 
Жанымдағылар – орта жастағы əйел мен жастау ке лін шек 
болды. Екеуі менен бұрын есін жиып алса керек, əң гі ме ден 
ауыздары  босамайды.  Мен  тыңдап  жатамын.  Еке уі нің  де 
өмірі жетісіп тұрған жоқ. Кемпір байқұстың санасыз балала-
рынан, келіншек байқұстың ішкіш күйеуінен көр ме ге ні жоқ. 
Мамамның  апайы  күнде  жұмысқа  келерінде  ма ған  ыстық 
тамақ,  тəтті-тұрым  əкеліп  тастайды.  Екі  көршіме  барымды 
беріп, олар да барын қосып ортақ шəй ішеміз. Шəй үстінде 
əйдə, келіп ақтарылады əйелдер. Бір күні өзім де енді баста-
лып келе жатқан өмірімдегі азғантай да болса көр ген қиын-
дық та рым ды айтып бердім. Сонда кейуана айтты;
– Ойбу, шырағым-ай, бесіктен белің шықпай азап көр ген, 
сенің  жетімдігіңнің  жанында  біздікі  өз  жолымызды  өзі міз 
таба алмай адасып жүрген далбасалық қой. Жылағанның ал-
дынан өкірген шығыпты деген осы, – деп мені аяп, бе тім нен 
сүйіп «Құдай бақытыңды ашсын», – деп батасын берді.
Келіншектің аты – Тұрсынай еді. Ауруханадан шық қан-
нан кейін жазға қарай бір күні біздің кеңшарда кезесіп қал-
ды.  Осында  туған  апасы  тұрады  екен.  Соған  келіпті.  Екеу-
міз жақын туысын көргендей шұрқырасып табыстық. Ме нің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет