Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет163/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
179
Бірақ ешқайсысы да мынаны ки, мынаны же деп бірдеңе 
беріп, не болмаса інілеріңді əкеліп бүгін үйде бір күн ты ны-
ғып кет деп шақырмайтын.
Ақыл айтуға бəрі құштар, көмектесуге қолдары бармай-
ды. Əкем бізді өгей шешеге жəутеңдетпейін деп көпке де йін 
үй лен бей жүрді. Содан он төрт жасымнан үш ұлдың ана сы-
ның орнына ана болу, біздің қарашаңырақтағы əйелдің ор-
нын жоқтатпау менің талайыма жазылды...
Отбасының жағдайын білетін мұғалімдеріміз мені үл ге-
рі мім  жоқ  болса  да  сыныптан  қалдырмай,  қатарларыммен 
бір ге  мектепті  бітірдім.  Қыз  боп  қылтимай-ақ  қалайша  бір 
аза мат қа  жар,  тағы  бір  шаңыраққа  ие  болып  қалғанымды 
біл мей де қалдым. Бірге оқыған сыныптастарымыздың ша-
масы келгені жоғары білім алуға Алматы асып оқуға кетті, 
одан бергілері осы П. қаласындағы оқу орындарына ілінді, 
оқу ға жарамағандары жұмысқа тұрды. Мен болсам жұмысқа 
да  тұра  алмадым.  Себебі  мен  жұмысқа  кеткенде  кім  үйдің 
тір лі гін істейді. Сонымен барғызбасым барғызбас дегендей, 
үйде омалып қалдым. 
Анда-санда  сыныптас  қыздармен  хабарласып,  киноға, 
бас қа да мейрамдық шараларға барып қоямын. «Шіркін-ай, 
За ря ның  шешесі  сияқты  ауру  да  болса  анам  болса  ғой,  ең 
болмаса жұмысқа шығып ел қатарлы жүрер едім», – деп, үй 
тір лі гі нен зəрезап болғаным сондай – кейде түнімен жылап 
шығамын. Бала кезден бірге өскен Заряның анасы менің ма-
мамнан бұрын ауру еді, əлі сүйретіліп келеді. Түріне қа ра-
саң – тірі өлік. Жүріп жүрген қаңқа. Əйтеуір сол кісінің бар 
еке ні қыздарына медет. Төрт қызы да шамалары жеткенше 
бі лім алып алды. Заря да осындағы политехникалық тех ни-
кум
 
ға түсіп, өзі қалаған аспаздың оқуын оқып жатыр. 
Қаршадайымнан көрген азабым алып ұрды ма, қыс шыға 
бір күні үйде талып түстім. Құдай сақтағанда əкем сол күні 
үйде  болатын.  Соңғы  күндері  басым  айналып  жүрген,  та-
бал ды рық тан  аттай  бере  етпетімнен  сұладым.  Есімді  жи-


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет