Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Аширов

(М. Әуезов. Шығармалары, 8­т. – 437­438­беттер).
Бұл жерде екі түрлі тағдыр тоғысқан. Ата-анадан, туған 
ағадан ат құйрығын кесіп кетіп, тіршіліктегі сенім-тірегім, 
қуаныш-қызығым деген адамнан, көзсіз махаббатпен сүйген 
күйеуінен соққы жеп, зар еңіреп, запыран құсқан сорлы әйел. 
Қарсылыққа шама жоқ. Екі оттың ортасында қалған. Адам 
мінезінің, әсіресе әйел табиғатының осал жерін жақсы пайда-
ланып, олжа түсіруді дағды қылған зұлым еркек басына қатер 
төнген шақта сыналған қаруын қынаптан суырып алыпты. 
Характерлік даралығы бар персонаж Шәкен арқылы драма-
тург жуан жерден, түбірлі ортадан шыққан адамның социа-
лизм идеясына келу жолын көрсетпек болған. Тікбақай, ерке 
өскен, шолжың, бірбеткей қыздың мінезі бірте-бірте батылдық, 
тапқырлық, күрескерлік сипаттарына ойысады. Қапыда Местің 
қолына түсіп, жалаң қылыш жүзіне табан басқандай күйде 
қалғанда морт сынып кетпейді. Тіпті әкесі Қондыбайды көрген 
сәттің өзінде бойын тежеп, ақылға жеңдіріп, айламен іс етеді. 
Жаңа ортаға, осы қауымға Шәкен қиындық кешіп, оқ пен өрттің 
ішінен күреспен өтіп келеді.
Авторлық позиция, драматург идеалы көпшілік сценала-
рында жақсы аңғарылады. Сегізінші суреттегі шопандар ара-
сындағы диалогтан совхозда жүргізілген арандату, зиянкестік 
қылмыстары тап күресінің жалғасы, алапат шайқастың соңғы 
жаңғырығы екені ұғылады. Қосалқы, эпизодтық персонаждар 
мінездік ерекшеліктерін танытып қалады.
Елді, жерді тастап, қарақан бастың қамы үшін шыбын 
жан мен қу тамақты ғана күйттеп, шекара бұзып, түн жамы-
лып, ұрланып зытып бара жатқандардың рухани мүсәпірлігі, 
моральдық мардымсыздығы көрініп тұр. Кедейліктен сіңірі 
шығып, өткелектен өткен Мес аз уақыт адал жолға бұрылған-


135
дай болады, артынан тағы адасып, социализм дұшпандарының 
қолшоқпарына айналады. Ұрдажық, атып кел, шауып келдің 
дөкір сөзіне ожар ісі лайықты.
Ұрланып жүріп, қашып-пысып жан сақтаған Қондыбай бай 
мен ел көріп, жер көріп, жаңа заманның соны қасиеттерін бой-
ына сіңірген Арпабай кедей соңғы актіде карама-қарсы план-
да, контраст ыңғайда алынған. Қазақтың екі шалы. Кеше ғана 
біреуі қожасы, екіншісі соның есігіндегі қызметшісі еді. Бүгін 
бұлардың арасындағы айырма жер мен көктей. Бірі – өзгерген, 
өскен, биіктеген әлеуметтік сананың адамы. Кезеңнің сырын 
ұққан. Екіншісі – қашып бара жатыр. Қондыбайды ізіне түсіп, 
шопандарға көп жайтты ұқтыру арқылы тырп еткізбей ұстап 
алды Арпабай.
Пьеса финалында драматург шығармаға берілген аттың сим-
воликалық мән-мағынасын Арпабайдың монологында ашып 
береді:
«– Балаларым түлек екені рас. Қазір барлық Қазақстан-
ның, жаңа жұртшылықтың өсуі де солай. Түлеп өседі ғой. Сен 
соның бір ұшқыны, бір шоғырысың. Көңілің өсе, қайратың 
тола, мерейің аса түледің. Мұның аты – тас түлек. Тас түлек бол-
сын бұл түлек 
(8­т, 446­бет).
Осы алуандас шырайлы сөздер, қанатты оралымдар, мақал-
мәтелдерді пьесаның өн бойынан ұшыратамыз. «Құт шайқал-
ды, ен дүние шашылды», «Ілгері басқан жасты кейін басқан кәрі 
тоқтатпасын», «Жылқысы қашаған ауылдың адамы даурық-
па, қаукөрік келетіні рас», «Қырсыққан ит қыңыр жүгіреді», 
«Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады» – бұл секілді халық 
тіліндегі туып жатқан байлықтарды еркін пайдалану – жалпы 
Мұхтар Әуезов стиліне етене қасиет. 
«Тас түлек» драмасында бір пьеса көлемінде қамту өте 
қиын, ауқымы мол, әр түрлі өмір құбылыстары алынған. Бас-
аяғы жұп-жұмыр, тұтас шығарма жасау үшін қашанда әрекет 
бірлігі, тартыс бірлігі қажет. Мінездік ерекшеліктерімен ашыл-
майтын Омар, Сергеев, Митя, Нұғыман секілді қосақ арасында 


136
жүрген, өзара ұқсас персонаждар әр эпизодта бір төбе көрсетіп, 
үзіліп қалып қояды.
Жаңа адамның әлеуметтік күрес үстінде тууын көрсеткен, 
ескі семьяның ыңырап, жаңа семьяның қалыптасуын бейне-
леген, таптық шайқастар майданында әке мен бала, аға мен 
қарындас, күйеу мен әйел арасында болған тартысты суретте-
ген «Тас түлек» пьесасы – Мұхтар Әуезов драматургиясында-
ғы қызықты шығарма.
Қазақ халқының революциялық күресінің, социализм жо-
лындағы тартысының сан алуан көріністерін бейнелейтін 
Мұхтар Әуезовтің пьесалар циклінің ішінде көркемдік сипаты, 
идеялық өресі биік драманың бірі – «Шекарада».
Тұңғыш рет «Шекара» деген атпен театр сахнасына шық-
қанда, спектакль жұртшылық тарапынан үлкен баға алды.
Сәбит Мұқанов: «Мұхтар Әуезов жолдастың «Шекарасы» 
автордың да, постановщик жолдас Насоновтың да, академия-
лық драма театры коллективінің де творчестволық жағынан 
бұрынғыдан жоғары шыққандығына, өскендігіне айқын дәлел. 
Мұхтар жолдас бұл пьесада өзінің алдына өте бағалы және 
ауыр міндет қойған. Ол – бүгінгі ауылды, бүгінгі ауыл ішінде 
шекарадағы ауылды, ол ауылдың бүгінгі күнгі адамдарын, 
олардың күресін көрсету. «Шекара» спектаклін көрген кісі 
Мұхтар жолдастың осы мақсаты көңілдегідей аяқталғанын 
көреді», – деп жазды.
Мұхамеджан Қаратаев: «Пьесаның оқиғалары жанды, 
қимылды. Әрбір картинасы кісіні көтеріп, желпіп отырады. 
Оқиғалардың драмалық жағдайлары да нанымды, шын. Образ-
дар осы оқиғалармен қабыстырылып берілген емес», – деп жаз-
ды.
Есмағамбет Ысмайылов: «Мұхтардың бұл пьесасы қазақ-
тың советтік драматургиясын жасаудың жаңалық проблема-
сын, дұрыс жолмен өсуінің проблемасын алға қоя білген. Автор 
пьесада алған темасын негізінде меңгеріп, идеялық тенденция-
сын дұрыс шешіп шыға алған. Бұл пьеса әншейін жазыла сал ған 
хроникалы инсценировка емес, өзінің алған темасына көркем 


137
түйіндеу (обобщение) берген, жаңа үлгілі патриот адамдардың 
образын жасаған толық мағыналы драма», – деп жазды.
Қапан Сатыбалдин: «Мұхтар «Шекарада» еліміздегі тап 
тартысының қазіргі кездегі кезендерін терең шолып көрсете 
білген», – деп жазды.
Әлжаппар Әбішев: «Сөз жоқ, Мұхтар Әуезов жолдастың 
«Шекарасы» бүгінгі Совет елінің шындығын дәл көрсетеді. 
Бұл – зор табыс, үлкен қуаныш, мақтануға тұрарлық іс», – деп 
жазды.
Бұл материалдарды «Социалды Қазақстан» газеті 1938 
жыл ғы 6 мамыр күнгі санында «Патриотизмді күшейтетін, 
қырағылыққа үйрететін пьеса» деген жалпы тақырыппен жа-
риялады.
Содан бері отыз бес жылдай уақыт өтті. Әуезовтің қайта-
қайта шұқшия қараған, көріктеу, ажарлауға ерекше мән бер-
ген драматургиялық шығармасы осы – «Шекара». Бұл пьесаның 
араб, латын, қазіргі графикамен жазылған төрт түрлі қолжазба 
нұсқаларын тексеріп, салыстырып шыққанда, драматургтің 
ықшамдылыққа, тұтастыққа айрықша ден қойғанын көреміз. 
Соңғы вариантта мінездік даралығымен ашылмайтын, қосақ 
арасында жүрген бірқыдыру персонажды автор әдейі алып 
тастаған, олардың орнына жаңа кейіпкерлер қосылған.
Қазіргі өмір шындығын арқау еткен әр түрлі пьесалар 
жазған Әуезовтің тәжірибесі «Шекарада» драмасында айқын 
аңғарылды.
Тартыс табиғатын жіті ойластырған қаламгер әдейі ше-
каралық аудан өмірін бейнелеуді қалап алған, ішкі қайшы-
лыққа сыртқы дұшпан қастығы қосылған кездегі күйлерді 
сахнаға шығарған.
Драмалық конфликт жедел, ширақ басталып, өткір дами-
ды. Алғашқы сурет ықыласты тез бұрып алады. Ауданның өзге-
ше жағдайы, бөлекше қалыбы, жан сауға, араша тілеген ерлі-
зайыптылар – пьеса осындай әрекетті көрініспен басталады.
Кібіртік, босбелбеулік қашанда сахналық шығарманың кө-
сегесін көгерткен емес. Тартыстың ағымы, әрекеттің тұтастығы, 
характер кесектігі – драма үшін негізгі өлшемдердің бірі.


138
Бұл талаптар «Шекарада» пьесасында жақсы ескерілген. 
Әрбір жаңа көріністе қимыл, әрекет молайып, тартыс жота-
лана түседі, персонаждар мінезі дараланып, характерлер айқын-
дала бастайды.
Қазақстан жағдайындағы таптық айқастардың, әлеуметтік 
күрестердің жаңғырығы көп уақытқа дейін созылғаны мәлім, 
әсіресе колхоздастыру кезеңінде талай ауыртпалықтар, ойсы-
ратып кеткен шығындар болғандығы жасырын нәрсе емес. 
Айтылмьш пьесадағы оқиға 1938 жылы өтетіндігін ескерсек, 
автор өмір құбылыстарын реалистікпен бейнелегенін көреміз. 
Әуелде қас дұшпанның аямас жаулығы, сұмдық жаманшылығы 
білінгенмен, өздері көзге шалынбайды.
Ақын Сәттің суырып салған өлеңдерімен ерекшеленетін 
екінші суретте шекарадан өтіп келген Жомарттың кім екенін 
аңғарамыз. Зарлап, «тақсырлап» таңдайы тақылдаған жігіттің 
шикілі, арамдығы сезілді. Көлгір. Алдамшы. Бетке былай десе, 
шыға бере басқаша сайрайтын қу мүйіз.
Колхозшылар танып қойған соң, жемтіктестерінің көмбе-
сін ашпауды ойлаған Байназар бай бауыздалып өледі. Бұл 
қадамға баруынан тасбауырлығы, безбүйректігі білінсе керек, 
өзін-өзі ажалға қиған қаныпезер басында дәулеті, қолында 
билігі тұрғанда басқаға, кедей-кепшік, жоқ-жітікке не істемеді 
десеңші.
Жұрт жиналды. Колхозшылар екіұдай, әр түрлі сөздерін 
естиміз. Драматург көпшілік сценасына қатысушыларды да-
ралап, ерекшелендіріп беруге күш салған. Өзгелерге қараған-
да Сәрсектің, Ажардың даусы оқшау. Бірқыдыру адамдардың 
басы қосылған жерде Мұратты жыға тани бастаймыз.
Аудандық партия комитетінің хатшысы. Жас жігіт. Бұл 
өңірге келген беті осы. Қолма-қол тындырып тастаған ісі, бітіріп 
жіберген шаруасынан гөрі барлауы, зерттеуі бұрын жүрсе ке-
рек еді. Сөйлеуінен гөрі тыңдауы, шешімінен гөрі сабыры мол 
болса керек еді. Ескі жол, бұрынғы арна соған мегземек. Бұл не 
дейді: «...Егін ексек – шықпайды. Мал өсірсе – індет шырмай-
ды. Адамын ауру иектейді. Аузында асы, қолында сауыны жоқ. 


139
Тракторы, машинасы тілде бар да, істе жоқ. Не жазығы бар бұл 
елдің?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет