Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар


Оқытудың екінші циклы (3-4 сыныптар)



бет18/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387

Оқытудың екінші циклы (3-4 сыныптар)
Дамудың осы жас кезеңінде қозғалыс қызметіндегі мінез-құлық мәдениетін, дене жаттығулары мен жүйелі шұғылдану қажеттілігін, ұстаздарға көмек көрсете отырып, (қажет болса жолдастарына да), жолдастарымен, ұстаздарымен жақсы қарым-қатынаста болуға үйретуді қалыптастыру. Қарапайымдылықты, адалдықты, сыпайылықты, жақсылық жасауды тәрбиелеуге ерекше көңіл аудару керек. Тілектестік қарым-қатынас, баланы сыйлау, балаларда адами және ерік қасиеттерін тәрбиелеуде және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың түрліше формаларымен сабақ өткізудегі қозғалыс және психомоторлық қабілеттерді дамытуда мұғалімнің педагогикалық көзқарасының негізі болуы тиіс.
Сабақ түріндегі ұйымдастырылған дене шынықтыру – сауықтыру жаттығуларын өткізуге сауықтыру, тәрбилік және білім беруді тиісінше шешумен кіріспе дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерді айырып, көрсететін белгілі бір құрылымды ұстану ұсынылады.
Дене жүктмелерін мөлшерлеудің дұрыстығын анықтау үшінмүмкіндігінше сабақ басталуға дейін, оның әр бөлімдерінің соңында және қалыпқа келу кезеңі – қорытынды бөлімінде 1 минут ішіндегі жүрек соғысының жиілігін (ЖСЖ) өлшеген дұрыс.
Кіріспе дайындық бөлімінде ЖСЖ-і минутына 120-140 рет, негізгі бөлімде 140-160 рет соғуға дейін өседі (кейде минутына тамыр соғысның жиілеуі қысқы мерзімде 180-ге дейін болады). Қорытынды бөлімде ЖСЖ бастапқыдан (сабақ басталғанға дейінгі) онша айырмашылығы жоқ белгіге дейін біртіндеп төмендейді. Бала организмінің әрекетінде тұқым қуалаушылық факторларға және мектепке дейінгі жаста баланың қозағалыс белсенділігімен негізделген және 1-2 сыныптардағы мектепте оқыған кезеңде жинақталған жеке елеулі айырмашылықтар байқалады.
Мұғалім баланың дамып келе жатқан организміндегі қимыл-қозғалыстағы биологиялық қажеттілікті есепке алуы керек. Бұлшық ет қимылдарықалыпты өмір қызметі мен организм дамуының, оның мүшелері мен жүйелерін нығайтудың шарты есебінде табиғи биологиялық қажеттілік есебінде көрінеді. Қозғалыс белсенділігінің жетістігі (гипокинезия) тіршілік ету қызметінің әлсіреп, нашарлауына әкеледі.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, «суды сезіну», «допты сезіну», «бұлшық еттер қуанышын» сезінуді бастан өткере, қимыл-қозғалыста орындаумен тығыз байланысты жағымды әсер алуға ұмтылыс әр адамға тән екендігін мұғалім түсінуі тиіс. Осындай сезінулердің ерекшеліктері адамның тұрмыс-тіршілігін үйлесімді етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет