Көрсете алады:
3 қосымшаға сәйкес бақылау жаттығуларын орындау.
ІҮ. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Оқытудың бірінші циклы (1-2 сыныптар)
Қаңқаның жетілмегендігін, қатпағандығын, еттердің әлсіздігін, организм қарсылығының төменгі деңгейін ескере отырып, балалар организмінің мүмкіндігінен шығып кетіп, түрліше артық қиналысты туындататын, олардың дамуының қалыпты процесін баяулатып, бұзатын қоршаған ортаның әсері секілділерден (ұстаздың нұсқауларын қоса) қашқақтау қажет.Сабақтар шынығуға, тіршілік ету қабілеттерін және сыртқы ортаның жағымсыз факторларына бала организмінің қарсылығын арттыруға, сүйек және бұлшық ет жүйесін, сондай-ақ буын-байланыс аппаратын нығайтуға, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, жүйке және өзге де жүйелердің қызметін жетілдіруге бағытталуы керек.
Тұлғаның дұрыс ұсталуына (арқаның, іштің, табанның еттері) себепші болатын еттердің тобын үйлесімді дамыта және нығайта отырып, тұлғаның дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл аудару қажет.
Кеңістік бойынша және уақыт бойынша да дұрыс бағыт ұстану, сәйкестік пен үйлесімділікті (өзінің және ұжымның), дәлдік пен ырғақтылықтыдамытуға көмектесетін жаттығуларды іріктеп өту керек. Бұл үшін жоғарыда айтылған қабілеттерді дамытатынойын тапсырмаларын пайдалануға болады. Бұл үшін сондай-ақ гимнастикалық жаттығуларды, қозғалыс ойындарын, спорт ойындарының элементтерін пайдаланады. Дұрыс тұлғаны қалыптастыру үшін табанның, арқаның, кеуденің еттерін нығайту маңызды. Бұл үшін шапшаң орындалатын шапшаңдық – күштілік жаттығуларын (секіру, лақтыру), ауырлықтарды, өз денесінің салмағын көтере білу (гимнастикалық орындықпен өрмелеу және басқалар) жаттығуларын пайдалануға болады.
Буындардың қозғалмалылығы мен бұлшық ет байланыс аппаратын дамытатын жаттығуларды үнемі қолдану керек, бұл жағдайларды күш жаттығуларын орындаудан кейінсондай-ақ сабақтың дайындық бөлігінде жаттығуларды біртіндеп қолдануды пайдалана отырып, олардың оңтайлы дамуына қол жеткізген жөн.
Сондай-ақ оқытудың бірінші циклында жалпы шыдамдылықты дамыту керек, бұған қозғалыс әрекеттерін орындауды демалумен кезектестіре, жеткілікті қарқындылықты сақтағанда орындалатын қозғалыс әрекеттерінің ұзақтығын біртіндеп өсіру арқылы қол жетеді. Қозғалыс белсенділігінің мұндай тәртібі оқушының жұмыс қабілеттілігі тәуелді болатын, вегативті қызметті жетілдіруге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |