Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»


Дәріс. Тақырып: Жас өспірімдер спорт түрлеріне іріктеп алу және үгіт-насихат жұмыстары, жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру



бет47/65
Дата06.02.2022
өлшемі209,08 Kb.
#80410
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
ДТТӘ дәрістер

Дәріс. Тақырып: Жас өспірімдер спорт түрлеріне іріктеп алу және үгіт-насихат жұмыстары, жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру
Жоспар:

  1. Сабақта жүктемені мөлшерлеу.

  2. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.

  3. Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу.

  4. Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау, бағалау.



1.Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты –оқушылардың қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу. Жүктеме дегеніміз –жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз –оның көлемін және қарқындылығын өзгерту. Жүктеме көлемі дегеніміз –орындалған дене қуаты жұмысының саны(өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайтала саны, ауырлық салмағы, т.б). оқушының жаттығуды қандай жылдамдықта, қарқында орындап жатқанына қарап жүктеменің қарқынын білеміз. Жүктеме қарқыны –орындалған жұмыс көлеміне жұмсалған уақыт немесе жаттығуды орындау жылдамдығы. Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші –жүрек соғу жиілігі.
Аз жүктемелер оқушылардың дене қуаты дайындығының жоғарылауына күшті әсер бермесе, дұрыс берілмеген өте үлкен жүктемелер балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Жаттығуларды орындау кездерінде оқушыларда шаршау белгілері байқала бастаса(қозғалыс шапшаңдығы азайып, қимыл үйлесімділігі бұзылса, тыныс алу жиілесе, бет әлпеті қуата бастаса), жүктемені азайтып, оқушыларды тынықтыру керек. Дене тәрбиесі тәжірибесінде жүктемені реттеу –жаттығуларды қайталау саны, жаттығуды орындау қарқыны, амплитудасы арқылы, жаттығуды орындағанда сыртқы ауырлықты, сыртқы ортаны пайдалану, жаттығу арасындағы тынығу аралығы уақытын өзгерту арқылы іске асырылады.
Дене тәрбиесі сабағында жүктемені реттеу мен сабақтың тиімді, дұрыс өткізілгенін бағалау, сабақ тығыздығын анықтау үшін, оқушының сабақтағы әрекеттерін хаттама жүргізіп тіркеу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «хрономертаж» -әрекеттерді тіркеу деп аталады.
Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде жүктеменің қалай берілгенін, оның мөлшерін анықтау үшін тамыр соғысын есептеу, өлшеу, оны хаттамаға тіркеу деп аталады. Ол тәсіл «пульсометрия» -тамыр соғыстарын тіркеу деп аталады.
2.Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп блдырмау. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б.
Педагогикалық аяқталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байлынысты үзілістер, құрал –жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спортзалдан себепсіз шығуы және т.б.
Сабақтың жалпы ұзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық –сабақтың негізгі бір өнімділігін, сапасын көрсететін көрсеткіш. Қозғалтушы тығыздық жаттығу сабақтарында -70-80%, оқу сабақтарында -60-70% болуы керек. Сбақтың қозғалтушы тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді. Жаттығуларды толассыз орындау әдісін, шеңберлі жаттықтыру әдісін қолданады.
Сабақтың тығыздығын анықтау хаттамасы сынып оқушыларының ішіндегі белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының қимыл –әрекеттерін тіркеу арқылы жүргізіледі. Сабақ тығыздығын анықтауға қатысар алдында біз ақ қағазға толық дұрыстап жазып, сызып, хаттаманы дайындап алуымыз керек. Хаттама жүргізген кезде хаттама жүргізуші жазып, келесі бақылаушы адам секундомерді қоса отырып, бақылаудағы оқушының орындаған барлық іс –әрекеттерін айтып, жаздырып отырады.
Оқушының мынандай қимыл әрекеттері хаттамаға тіркеледі:

  1. Жаттығуды орындауы. Барлық жаттығуларды орындау уақыттарын секундомермен дәл анықтау. Уақыты 4 бағанада көрсетіледі.

  2. Жаттығуды орындағаннан басқа оқушының тыныштық күйде болу жағдайлары: мұғалімнің көрнекі құралдары, жаттығуларды көрсетуін бақылау, тындау, тынығу, келесі орындалатын тапсырманы тосу, қайта сап құру, сабақ орнын дайындау т.с.с. уақыты 3 бағанада көрсетіледі.

  3. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылмаған іс –әрекеттер : мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байлынысты үзілістер, құрал –жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спортзалдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл әрекеттер арқылы уақыттар хаттаманың 5 бағанасында тіркеліп, олар мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыттар деп аталады.

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасының үлгі ретіндегі нұсқасын келесі кестеден қараңыз(11 –кесте)
11 –кесте-Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасы.
Сынып________ Оқушылар саны_______________________
Сабақ жүргізілген жер________________________________
Сабақ түрі__________________________________________
Сабақ жүргізуші_____________________________________
Бақылаудағы оқушы__________________________________
Хаттама жүргізуші___________________________________

Оқушылар әрекетінің мазмұны

Әрекеттің аяқталған уақыты

Мұғалімді тыңдау, кезек тосу, т.б.

Жаттығуларды орындау

Мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыт

Сапқа тұру, рапорт беру, сабақ міндеттерін түсіндіру



8.0

2







Саптық жаттығулар

8.03




1




Жүру, жүгіру жаттығулары

8.08




5




Орнында тұрып орындаған жалпы дамыту жаттығулары

8.15




7




Сапқа тұрғызу, тапсырманы түсіндіру

8.17

2







Негізгі жаттығуларды орындау

8.22




5




Қатесін түзету

8.23

1







Тапсырма беру

8,25

2







Жақындататын жаттығуларды орындау

8,35




10




Қателерін түзету, қайталап түсіндіру

8,36

1







Жылдамдықты дамыту жаттығулары

8,41




5




Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары

8,43




2




Қортында жасау, үйге тапсырма беру

8,45

2







Барлық уақыт

45мин

10мин

35мин

00мин

Әрбір әрекетке жұмсалған уақыт секундоиер бойынша 2 бағанада белгіленген алдыңғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3,4 бағаналардағымақсатқа сәйкес орындалған уақыттар қосылады да, сабақтың жалпы уақытына бөлу, 100пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздығы анықталады.


3.Сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының тамыр соғуын әрбір 3 -5 миут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп орытамыз. Тамыр соғысы 10 секунд сайын есептелінеді де 6 –ға көбейтіліп, бір минуттағы жүрек соғу жүйелігі анықталып отырады.

12 –кесте –Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау хаттамасы.


Күні........
Сынып.......
Сабақ міндеттері............
Сабақ жүргізуші.............
Хаттама жүргізуші............
Бақылаудағы оқушы.............

Тамыр соғысын есептеу уақыты

Ж
..................
10 сек

С Ж
.................
1 мин

Қимыл әрекет түрлері

Ескертулер

Сабаққа дейін

12

72

Тыныштық күйінде




3

14

84

Сапқа тұру, сбақ міндетін хабарлау




6

16

96

Жүру жаттығулары




9

20

120

Жүгіру жаттығулар




12

21

126

ЖДДЖ орнында тұрып отыру




15

22

132

ЖДДЖ қозғалыста орындау




18

19

114

Оқушыларғ жаттығу техникасын түсіндіру




21

24

144

Допты қос қолмен жоғарыдан қабылдау




24

26

156

Допқы қос қолмен төменнен қабылдау




27

20

120

Допты торға түсіру әдісін түсіндіру




30

28

168

Жүгіріп келіп допты тоға түсіру




33

31

186

«Баскетбол» ойынын ойнау




36

25

150

Орнында тұрып допты торға лақтыру




39

22

132

Орнында тұрып допты торға лақтыру




42

19

114

Босаңсыту жаттығулары




45

14

84

Қортындылау, баға қою




4.Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Біріншісі –ззінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. екіншісі –әріптестерінң сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдердің бір –бірлерінің сабақтарына қатысуы, сабақ өткізу туралы пікірлерін айтуы, сабақтарын талдауы, бағалауы көбірек жүргізілсе дұрыс бола ма деп ойлаймыз.

13 –кесте –Дене тәрбиесі сабағын бақылау гистограммасы


№....... орта мектеп. Сабақ жүргізуші............ « ».... 200..ж


Сабаққа бақылау, талдау жүргізушілер..........




р/c

Мазмұны


1

2

3

4

5

балл

ескертулер

І

Кіріспе бөлім






















1

Оқушылардың сыртқы түрі, киімі






















2

Басталуы, сабақ міндетін түсіндіруі






















3

Өзіне сенімділігі, дауысы, оқушылармен қарым –қатынасы






















4

Дене қыздыру жаттығуларын таңдауы, беруі






















ІІ

Негізгі бөлім






















5

Тапсырманы түсіндіруі, орындатуы






















6

Берілген жаттығуларды дұрыс таңдауы






















7

Оқушылардың тәртібі, жат –ды орындауы






















8

Сабақ бөлімдеріне, негізгі жаттығуларға уақыт дұрыс бөлінуі






















9

Сабақ тығыздығын ойластыруы






















10

Жүктемені дұрыс беруі






















11

Үйрету, қайталау үрдісіндегі нәтиже






















ІІІ

Қортынды бөлім






















12

Ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту жаттығуларын дұрыс беруі






















13

Сабақ қортындылауы






















14

Үй тапсырмасын беруі






















ІV

Сабақтың жалпы параметрі






















15

Сабақ конспектісі






















16

Сабақ орнын дайындауы






















17

Сабақ құрылысының сақталуы






















18

Сабақтың жалпы, қозғалтушы тығыздығы






















19

Жүктеме мөлшерін дұрыс беруі






















20

Өзін –өзі бағалауы






















V

Жалпы алған балл сандары






















VI

қортынды






















Сабақты бағалауға қатысқан кезде алдын ала дайындалған гистограммадағы 20 түрлі мәселелерге жауап беріп, баға жазылған бағаналарға «+» қойып отырамыз. Сабақ аяқталған соң «+» қойылған бағаларды «балл» деп жазылып тұрған бағанаға 1 -5 балл түрінде толтырамыз. Барлық баллдар санын қосып, 20 санына бөлу арқылы сабақтың орта арифметикалық бағасын шығарамыз. Бұл гистограмманың бір тиімділігі барлық мұғалімдерді бір түрлі ортақ мәселе, параметрлер арқылы бағалай аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет