ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМК құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-18-35.1. 19
/02-2013
ПОӘК
Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы
«Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»
№ 1 басылым
2013 ж.
«Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандығы: «5В010800» – «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері»
Семей - 2015
Мазмұны:
Глосарий
Дәрістердің қысқаша конспектісі
Зертханалық сабақ
Әдебиеттер
ГЛОССАРИЙ Автоматизм – автоматизм (грек. automatos - өздігінен әрекеттену), дағдылы әрекеттену, адамның еркінсіз, мақсатқа лайық және ішкі ортаның әсерінен ағзалардың немесе ағза жүйелерінің дағдылы әрекеті.
Адаптация – бейімделу, үйрену, дағдылану (лат.adaptare – бейімделу), адаптация. Мыс: иіске, дыбысқа, киімнің тарлығына (қысуына) үйренуі (темекі көп шегілген бөлмеге алғаш кіргенде оны қатты сезеді де, бірәз уақыт өткен соң ол иіске организмнің бейімделуінен сезбей қалады). Органимзнің сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне бейімделуі.
Адреналин – адреналин (adrenalinum), бүйрек безінен шығатын гормон. А.зат алмасуға, гликогеннің ыдырауын, пирожүзім және сүт қышқылдарының тотығуын, жүрек соғуын күшейтіп-жиілетеді, ал асқазан мен ішектердің жұмысын (жиырылуын) әлсіретеді, көз қарашығын үлкейтіп, қажып-тозған бұлшық еттердің қызметтерін жақсартады.
Акклиматизация – акклиматизация, (лат.ad-нәрсеге, сlima,-climatis-климат), адам, жануар және өсімдіктерді жаңа қонысқа (ортаға) үйрету.
Аккомодация – аккомодация, (лат. аccomodatio-бейімделу) организмдегі ағзалардың түрлі тітіркендіргіштердің күшіне біртіндеп бейімделуі, жаттығуы.
Аксон – аксон (грек. ахоп-оқ, түзу) нейрондық клетканың ең ұзын жалғыз тармағы. Оның қызметі-қозуды клеткадан басқа нейронға немесе шеткі мүшелерге жеткізу. А. осылайша орталық нерв жүйесін шеткі мүшелермен жалғастырып тұратын нерв тармағы.
Антропометрия – антропометрия (anyhropometria, грек. anthropos-адам,metreo-өлшеу). А. адам денесін өлшеу әдісі. А. әдісімен дене бөліктерінің, ағзалардың бір-біріне қатынасы дұрыс қалыптасуының және ауытқуларын бақылайды. А. әсіресе жастардың өсуін зерттеуде көп қолданылады.
Аритмия – ретсіздік. Мыс: тыныстың немесе жүректің табиғи қалыпты жиырылу ырғағының бұзылуы, яғни бірде жиі, бірде баяу, бірде діріл, лүпілдеу түрінде алмасып кетеді.
Ассимляция – ассимляция (лат.assimilatio – сіңіру). Органимзнің тағамды сіңіруі. А., зат алмасу нәтижесінде организм шығарған заттардың орнын толтырады.
Аускультация – тыңдау, аускультация (лат. auscultation-тыңдау,есту). Органимзде пайда болатын дыбыстарды тыңдап, есіту.Бұл дыбыстарды арнайы құралдар: стетоскоп, фонендоскоп арқылы есітіп тыңдауға болады.
Афференттік – афференттік (лат. afferens-жүру, afferentis-келтіру). А. шеткі ағзаның қозуын орталыққа жеткізу. Оны сездіргіш нервтер, орталыққа бағыттаушы нервтер деп те атайды.
Барорецептор – қысымды қабылдаушы (рецептор). Қ.қ. ауа қысымының өзгерісін сезіп, қабылдауға бейімделген орындар. Қ.қ.-лар тікелей қабылдайтын рецепторларға жатады.
Биологиялықырғақ – биологиялық ырғақ (ритм) өсімдік пен жануарлардың тіршілігінде, өсіп-дамуында, ағза жүйелерінің қызметінде, зат алмасуында, олардың үнемі белгілі бір уақытта, маусымда асқындап және баяулап отыратын табиғи құбылыс. Б.ы. сыртқы ортаның: тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық, жылдық және бірнеше жылдық болатыны анықталған. Б.ы. организмнің ішкі ортасының тіршілік тәртібіне, ағзалардың қызметтеріне тамақтануына да байланысты қалыптасады. Б.ы. үйрену арқылы медицинада кейбір аурудың тәулік ішінде немесе ай, жылдар ішінде асқындауы қайталанып отыруына қарай емдеуді пайдаланады. Органимздегі биоырғақты биоритмология ғылымы зерттейді.
Брадикардия – брадикардия (bradycardia, грек. bradus- баяу, kardia-жүрек). Б. Жүрек соғысының төмендеп (баяулап) кетуі.Ондай адамдардың жүрегі минутына 40-50рет соғады. Ол көбінесе кезбе нерв орталығы қызметінің төмендеуіне байланысты пайда болады.
Ваготония – ваготония. В. Кезбе нерві сезімталдығының артуы.
Вазодолиттация – вазодилатация (лат.vacodilatatio-кеңею). В. Қан тамырын кеңейтіп әсер ету. Мыс: вазлдилятор нерв ұштарынан медиатор ацетилхолин заты шығуына байланысты болады.
Вазоконстрикторлар – вазоконстриктор. В.-қан тамырларын тарылтатын нервтер. Оны да 1852 жылы Клод Бернар қоянның мойнынан өтетін симпатикалық нервті тітіркендіргенде немесе қырыққанда ашқан. Ол, құлақ қан тамырларының кеңейгеніне байланысты симпатикалық нервтер сау кезде де қан тамырларын тарылтып тұрады, деп қорытынды жасаған.
Виварий – малхана (вивария-лат. vivus-тірі), түрлі майда лабороториялық жануарларды ұстайтын орын.
Витаминдер – витаминдер (грек. vita-өмір). Витаминді 1880ж. И.И.Лунин ашқан. В. биологиялық ерекше қасиеті бар заттар. Ол суда еритін және майда еритін болып екі топқа бөлінеді. Оның біріншісінде, В,С, ал екіншісінде А,Д,Е витаминдері жатады. Органимзге түрлі себеппен витамин жетіспесе авитаминоз ауруларына ұшырайды. Адам 16-18 жасқа дейін В.-ге мұқтаж болады. Әсіресе, А,Д,В,РР,С витаминдері өте қажет.
Гемоглобин – гемоглобин қанның қызыл түйіршігі құрамына енеді. Ол негізінен көмір қышқылы және оттегін тасиды. Г. глобин және гема деп аталатын түс, рең (пигмент) заттардан түзілген. Қанның 12-16%-не 700г гемоглобинді түзеді, ал гемоглобин қызыл қан түйіршігіндегі құрғақ заттың 90%-ін түзеді. (Гемолиз дегенді қараңыз). Ғ. қызыл қан түйіршігінен бөлініп шығады. Оның мөлшері еркектерде 14%, әйелдерде 13%, жаңа туған балаларда 20-21% болады. Еркектердің 1кг салмағында 8,5г гемоглобин бар. Гем-бояушы зат, глобин-белок, деген ұғымдарды білдіреді.
Гемодинамика – гемодинамика (грек. haima-қан, dinamikos-күш). Г. қанның қан тамырларында жүруін зерттейтін ғылым.
Гемолиз – гемолиз (грек. haima-қан, lysis-бұзылу, бөлу) Г. қанның қызыл түйіршіктерінің сыртқы қабығының жарылып, оның құрамындағы гемоглобиннің қан плазмасына қосылуы, яғни эритроциттің жарылуы (гемолизі). Эритроциттің жарылуы организмде және пробиркада да болады. Г.-ге плазманың осмостық қысымы төмендеген кезде ұшярайды. Қан (организмнен сыртқы жағдайда) қышқыл, тұз, эфир, хлороформ және спирттен, сондай-ақ кейбір жылан уынан гемолизге шалдығады.
Гемометр – гемометр, қандағы гемоглобинді өлшейтін құрал. Көбінесе Сали гемометрі пайдаланылады. Сали гемометрінің пайдалану жолы: жіңішке пробиркаға 20мм2 қан құйып, оны біраз децинормал хлорид (HCl) қышқылында ерітеді және оны біртіндеп су құйып, Стандарт гемотині бар ертіндінің түсіндей болғанша сұйылтады. Пробиркадағы сұйықтың көрсеткіші қандағы гемоглобиннің мөлшерін көрсетеді. Сали гемометрінде гемоглобиннің қалыпты мөлшері 100%-ке тең деп алынған.
Гипертония – гипертония, қан тасу (грек. hyper-артық, tonos-керілу) тін (ткань) және тамырларда қан қысымының көтерілуінен қан тамырларының шамадан тыс керілуі.
Гипоксия – гипоксия, оттегінің жетіспеуі (лат. oxygenium-оттегі). Г.дем алуды тоқтатып қойғанда және таза азотпен тыныс алғанда кездеседі. Осы кезде миқыртысының энцефаллограммасын жазса, альфада-бета тербелісіне, одан дельта тербелісіне ауысады. Дельта тербелісі, адамның ессіз-түссіз қалған кезіне тура келеді. Г. одан да асқынса, «тыныштық» күйіне байланысты биоток жоқ болады. Егер оттегін қайтадан бере бастаса, энцефалограммадағы тербеліс жазулары қайта орнына келеді. Г-ның төрт түрі бар: гипоксемиялық, анемиялық, тоқтап қалу және гипотоксиялық түрлері.
Гомеостаз – гомеостаз (грек. homoios- ұқсас, stasis-тұрақтау), ішкі ортаның химиялық құрамы мен физико-химиялық қасиетінің тұрақтылығын көрсетеді.
Дальтонизм – түсті ажырата алмау (daltonismus, J.Dalton, 1766-1844, ағылш. химик, физик), іштен туа және туғаннан кейін заттың түсін (әсіресе қызыл түсті) ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түсті жасыл түстен, көкті-күлгін және күрең-қызыл түстерден ажырата алмайды. Дальтонизмнен азап шеккен адам барлық затты тек екі түсте: сары мен көк түсте ғана көреді.
Деафферентация – деафферентация (лат. de-тоқтау,afferens,afferentis-әкелуші), афферент нервтерін кесу. Акад. Орбелидің аяқтың афференттік нерві кесілсе, аяқ тітіркендіргішке жауап бере алмайды. Бұндай сезу қасиетінен айырылған аяқ адам дем алған сайын қозғалатын болып қалады. Оның себебі, екінші реттегі орталықтарға баратын қозудың тежелуге өтуіне байланысты болса керек.
Деполяризация – деполяризация, потенциалдық жағдайдың жоғарғы дәрежеден ең күшті әрекеті басталғанда, алғашқы мембрандық поляризацияның өзгеруі. Д. тіннің қозуы басталған бөлігінде оң зарядтың жоғалып, теріс зарядтың болуы. Д.-ның болу себебі толық анықталған емес.
Дермографизм – дермографизм (грек. derma-тері, graphio-жазу), терідегі тамырларға әсер етуші нервтердің механикалық тітіркендіргішке жауап беруі. Мыс: теріні үшкір ұшты затпен жәйлап тырнағанда, осы тырналған жердің тамырлар кеңейіп тарылады.
Децербация – децербация (decerebratio), миы бұзылған. Мидың сабауына (артқы, орта, аралық миларға) операция жасауды айтады. Сонда ми сабауын сопақша мидан бөледі. Сопақша мидың жоғарғы жағын кесіп, қияды. Д. кезінде бұлшық еттердің құрысуы өте күшейіп кетеді, бұлшық еттер қатайып керіледі, аяқ-қолды бүгу өте қиындайды.
Доминанта – үстемділік доминанттар (лат. dominans, dominantis- үстемділік), нерв орталықтарының негізгі заңдылығына жатады. Қозған орталықтың басқа қозудан да күшейіп кетуін үстемділік заңы деп атайды. Сүт ішіп жатқан мысықтың аяғына тоқ жіберсе, ол сүтті тастап қашудың орнына сүтті тездеп іше бастайды. Доминанта терминін және оның қасиетін А.А.Ухтомский ашқан.
Еюнит – еюнит. Е. аш ішектің қабынуы.
Еюнэктомия – еюнэктомия. Е. ащы ішектерде кесіп тастау операциялары.
Зоб – ұра, зоб (struina), қалқанша безінің өсіп үлкейіп кетуі, ғылыми деректерге қарағанда ішілетін су құрамындағы, тағам үшін пайдаланатын өсімдіктерге йодтың жоқтығынан, жетіспеуінен пайда болады.
Зонд – зонд, асқорыту ағзаларының сұйықтық шығаратын және жиырылу қызметтерін зерттейтін ұзын түтікті құрал.
Изогемагглютинация – изогемагглютинация. Белгілі бір түрдегі жануар қанының қызыл түйіршіктерінің тұтқырлық қасиеті.
Изоосмия – изоосмия (isoosmia, изо+ osmos қысым), ішкі ортаның осмостық қысымын сақтап тұруда организмнің зәр шығару ағзалары қатынасады.
Изотермия – тұрақты жылылық, адам мен жоғарғы сатыдағы жануарлар денесінің жылылығы сыртқы ортаға байланыссыз тұрақты бір қалыпта сақталады. Осыны изотермиялық қасиет дейді.
Изохронизм – изохронизм, қозудың нервтен бұлшық етке өтуі үшін нерв пен бұлшық еттің хронакциясының бір түрлі болуы. Осылай болғанда ғана қозу нервтен бұлшық етке өтеді.
Ингаляция – ингалация, дәрі қосыған немесе арнайы газ шығаратын затты суға қосып қайнатып, оның буымен дем алу. Бұл жағдайды тыныс мүшелерін емдеу үшін қолданады.
Инкретин – инкретин, ұйқы безінің ішкі, яғни қанға тікелей қосылатын инсулин гормонын шығаруға әсер ететін зат. Ол ұлтабардың шырышты қабатынан шығады.
Инотропия – инотропия (грек. in,inos-бұлшық, ет, сіңір, tropos-бағыт), нервтердің әсерінен жүректің жиырылу күшінің өзгеруі. Жүректің жиырылу күшінің артуын оң интроп, ал оның нашарлауын теріс инотроп деп атайды.
Инсоляция – күнге күю, қараю. Күн сәулесіне бүкіл денені немесе дененің қайсы бір бөлігін белгілі бір уақыт ішінде күнге күйдіру, қарайту.
Иррадация – иррадация (лат. irradio,irradiare-жарқырау, сәуленің таралуы). Орталық нерв жүйесі арқылы қозудың дененің барлық жеріне бірдей таралуы.
Каверна – қуыс, ауру салдарынан немесе құрттардың зақымдануынан пайда болатын қуыстар.Ондай қуыстар өкпе және сүйектерде кездеседі.
Калликреин – калликреин, ұйқы безінде пайда болатын зат. Өкпе және тері бұлшық еттеріндегі майда тамырларды (артериал және капиллярлар) кеңейтетін зат. К. адреналинге қарсы әсер етеді. К. қан қысымын төмендетеді және оның өзі зәр арқылы сыртқа шығады.
Калориметр – калориметр, белгілі бір уақыт ішінде пайда болған қуатты (жылылықты) өлшейтін құрал.
Кардиазол – кардиазол, нервті зақымдайды, улайды. Ол үлкен жарты шардың қозғалуды басқаратын аймағына әсер етіп, қояншық ауруына ұқсас қалтыратып жібереді.
Кардиограмма – жүрек соғуын жазу. Ол кардиограф деген құралмен жазылады.
Катетер – катетер (грек.katheter –түіру, ағызу). К. денеден сыртқа шығатын тесіктің ішіне ендәруге болатын түтік. К. металдан, эбониттен, резеңкеден, жібек және басқа да заттардан жасалады. К-ді сол тесік жодарын дәрілермен жуып, сұйықтығын алу үшін де қолданады.
Кимограмма – кимограмма, кимограф арқылы жазылып алынған сызық-жазулар. Түрлі физиологиялық қасиеттерді арнайы жазатын құралмен жазған сызық.
Кинематография – кинематография, анатомия және физиология ғылымдарында да кеңінен пайдаланылады.
Кинестезия – кинестезия (грек. kinesis- қозғалу,aisthesis-сезу), қайсы бір дене бөлігінің қимылын, белгілі күйін, ауырлығын және кедергісін сезу, сондай-ақ дененің қай бағытта қозғалып келе жатқанын бұлшық еттің сезіп-түйсінуі.
Коагуляция – коагуляция (лат.coagulatio-ұю), каллоидтардың жібуі. К. органикалық заттардың тұнбаға түсіп жібімейтін әрі ерімейтін затқа айналуы.
Конвекция – конвекция (лат.convectio-келтіру), ысытылған заттың жәй өзгеруі нәтижесінде жылылықтың бір жерден екінші жерге өтуі.
Кортизон – кортизон, бүйрек безінің қыртыс қабатының ортаңғы аймағынан шығатын гормон. Ол қанткортикоидтар тобына жатады.
Кортикостерон – кортикостерон, К. белок, май және көмірсутегінің алмасуына әсер ететін, бүйрек безінің қыртыс қабатынан шығатын гормон. К. организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруына әсер етеді.
Лактация – лактация (лат.lactation –сауу), сүт безінен сүт шығу, бала емізу кезінде сүттің шығуы.
Летаргия – ұзақ ұйқы (грек.lethe-әлсіздену, argia-қимылсыз қалу), летаргия, жалған өлім. Түрлі аурулардың салдарынан немесе күндерге, апталарға созылған ұйқыға ұқсас күйі.
Макропсия – макропсия, заттардың үлкен болып қөрінуі. Кейбір улы заттардан бұлшық еттердің қысқарып, үлкейіп-кетуі. Заттардың шын мәнісінде үлкен болып көрінуі.
Мальтоза – мальтоза, әрбір жануар мен өсімдік клеткаларында ішек, ұйқы және сілекей бездерінің сұйықтығында болып, көмір сутегін ыдырататын фермент.
Медиатор – медиатор (лат.mediator). М.хабар беруші, тасымалдаушы деген мағынада. Медиатор нерв талшығы арқылы келген әр түрлі (тежеу, күшейту) қозуды сол ағзаға хабарлап жеткізіп отырады. Мыс: нерв ұшында пайда болатын химиялық қоздырушы зат.
Медуллин – медуллин, бүйректің жұмсақ қабатынан шығатын зат. Ол липидке, қан тамырын кеңейтетін заттарға жатады.
Механорецепторлар – механорецепторлар (грек. mechane – құрал), сырттан тікелей денеге тиген әсерді қабылдағыштар, оны қабылдауға бейімделген орындар. Мыс: денеге тигенде, ұрғанды, түрткенді сезу.
Миелин – миелин (myelinum ), жұмсақ, былжыр зат, нерв талшығын басып жатады. Оның нерв талшығының бойындағы тоқты сыртқа өткізбейтін, және зат алмасу қызметі бар.
Миозин – миозин, бұлшық ет белогы протофибрилдің құрамына жататын белокты жіпше тәрізді зат, оның диаметрі 100 а. Миозиндер актин жіпшелеріне қарағанда жуан болады. Ол миофибриллдердің жиырылып, босауына қатысады.
Нейроглия –нейроглия, нерв жүйесінің түріндегі құрылысы, яғни қозуды ерітінді диффузиялық күйінде жан-жағына бірдей өткізу.
Нервизм – нервизм ( nervismus, лат. nervis-нерв). Адам және жануарлар организмінің өмірі мен тіршілігін оның физиологиялық қызметтерін нерв жүйесі басқарады. Бұндай тұжырым мен термин XIX ғасырда И.М.Сеченов , И.П.Павлов және С.П.Боткин еңбектері арқылы ғылымға енген.
Нистагм – нистагм, көздің еріксіз жыпылтауы (nystagmus-қалғу), көздің жыпылықтауы. Көз алмасының дірілдеуі, алапаштануы, көздің алдымен бір жағына сонан соң екінші жағына аударылуы.
Овариотомия – оваритомия, аналық жыныс безін алып тастау, кесу.
Окситоцин – окситоцин, гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон. О. жатырдың бірыңғай салалы бұлшық етін жиырады және сүт безінен сүттің шығуына да әсер етеді.
Онкография – онкография, ішкі ағзалар көлемінің өзгергенін анықтайтын әдіс. О. арқылы ағзалар көлемін жазып алуға болады.
Оптимум – оптимум, ең жақсы ең қолайлы. Мыс: организмнің өте жақсы жұмыс істеуіне ең қолайлы жылылық, ылғалдық, т.б. жағдай.
Осциллограф – осциллограф (oscillo-теңселу, тербелу, grapho –сызу), физиологиялық зерттеулерде де қолданылатын құрал.
Пераспирация – пераспирация, терімен дем алу, тер шығару (n.sensibilis)-немесе судың буға айналуы (n.sensibilis).
Пепсин – пепсин, пртеаза ферментіне жатады. Ол қарын сөлінен пепсиноген күйінде шығып, тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады, белокты пепетидтерге дейін уыттайды. Ол үшін РН-1,5-2,4 және 3,4-3,8 аралығында болуы керек.
Плазма – плазма (грек. plasma-пайда болатын), қанның сары суы, Қ.с.с. барлық қанның 50-57% тең. П. қанды тұндырғанда жоғарғы жағында қалатын сарғыш түсті сұйық.
Пневмограф – пневмограф, өкпе қимылы немесе кеуденің қозғалысын жазу үшін пайдаланылатын құралы. П.көкірекке қойылатын іші қуыс. резеңкемен қапталған қалта-капсула.Бұл капсула резеңке түтігі арқылы жазу құралына жалғанды.
Пневмоцефалия – пневмацефалия (грек. pneum-ауа, kephall-бас), бастың қуыс жерлерінде ауаның болуы.
Поляризация – поляризация (лат. polaris-полярлы, polus-плюс), электродтарда заттардың майдалануынан пайда болатын электр тогы кедергісінің артуы, электр тогына кедергінің артуы.
Резекция – кесу, организмнің, сүйек және нервтердің кейбір бөліктерін кесіп алып тастау.
Резорбция – сорылу, сіңу, сүзілу. Кейбір заттардың ішек немесе тері арқылы сүзілуі, сорылуы, сіңуі болады.
Реобаза – реобаза, нерв пен бұлшық етке әсер ететін (қоздыартын) өте төменгі дәрежедегі тітіркендіргіштер күші.
Рецепция – қабылдау (лат.receptio-қабылдау). Адамға әсер ететін сыртқы және ішкі ортаның тітіркенуін қабылдауға бейімделген ағзалар болады. Олардың кейбіреуін сезім ағзалары деп те атайды.
Секрет – секрет (лат.secerno,secretum-бөліну), С.бездерден пайда болатын физиологиялық маңыздылығы бар зат. Мыс:сілекей, сөл т.б.
Секреция – сұйықтық шығару (лат.secretio-бөліну). С.ш. негізінен безрдің қызметі. Бездерде пайда болатын заттардың сыртқа шығуы немесе тікелей қанға қосылуы.
Сигматизм – сигматизм, тіл сақаулылығы, әсіресе сигма әрпін айта алмаулылығы.
Симуляция – симуляция (жалған ауру), сау адамды кейбір аурулардың белгілерінің пайда болуы. Мыс: қабақтың айналуы, қилылық, көру ауқымының тарылуы, бір жақты немесе екі жақты соқырлық және т.б. аурулардың жалған бейнеленуі.
Спирометрия – спирометрия (лат. spiro-үрлеу, metron-өлшеу), адамның өкпесіне кіріп-шығатын ауа көлемін өлшейтін құрал. С. өкпенің өмірлік сиымдылығын анықтауда қолданылады.
Таламус – таламусың түйсікті қалыптастыруы. Таламус өзіне келген қозуды ми қыртысына өткізіп қана қоймай, оның ядроларына келген қозуды да анықтап, талдайды. Соның нәтижесінде түйсік пайда болады. Мыс: таламус ауырсынудың орталығын анықтайды.
Тахикардия – тахикардия, жиі соғуы (tachycardia-грек. tachus-жылдамдық, kardia-жүрек). Т. жүрек соғуының жиілеп кетуі.
Тонометр – тонометр (грек. tonos-тереңдік, metron-өлшеу), көздің ішкі қысымын өлшейтін және қандағы еріген газдардың аумағын өлшейтін құралы.
Увейт – увейт, бүкіл тамыр жолдарының қабынуы. Оған: туберкулез, бруцеллез, токсоплазмоз, ревматизм, вирусты індеттер және т.б. себеп болады.
Урометр – урометр, несептің салыстырмалы ауырлығын есептейтін құрал.
Фагоцитоз – фагоцитоз (грек. phagos- жеу, cutos-клетка). Мұнда қанның ақ түйіршіктерінің бірі организмге түскен 15-20 бактерияны ұстап жояды да, өзі де өледі.
Фистула – фистула, түтік (лат. fistula-түтік), асқазан, ішек, өт қалтасы және ас қорыту безінің жолдарына арнайы орнатып, сыртқа шығарып қоятын түтік.
Хеморецепторлар – хеморецепторлар (грек. chymeia –химияға тән қабылдағыш). Х. сыртқы және ішкі ортаның химиялық әсерінің өзгерісін қабылдайды.
Хронаксия – хронаксия (грек. chronos-уақыт, axia-саны), нерв талшығын қоздыруға қажетті белгілі электр күшінің ең кіші, аз уақыты. Х.т. қозудың пайда болу жылдамдығын есептейтін көрсеткіш.
Циклография – циклография, физиологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылатын әдіс. Мыс: адамның қозғалу кезіндегі белгілі дене күйінің өзгеру заңдылығын циклографиялық әдіспен жазады.
Эксперимент – эксперимент, тәжірибе, организмнің жалпы ағза жүйелері, жеке ағза және клетка дәрежесіндегі түрлі заңдылықтарды зерттеу.
Дәрістердің қысқаша конспектісі Дәріс №1
Тақырыбы: Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы
Мақсаты: Студенттерді дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздеріпәнінің мақсаты және міндеттерімен таныстыру. Негізгі түсініктер мен анықтамаларды енгізу
Негізгі сұрақтар:
1. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері- қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Спорттық физиологияның дене мәдениеті және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.
2.Дене жаттығулары және спорт физиологиясының даму тарихы (жақын, шалғай шет елдердің және Қазақстан оқымыстыларының еңбектері). 3.Зерттеу әдістері. 1. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері- қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Спорттық физиологияның дене мәдениеті және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.
Адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түрлі қарапайым қозғалыстарынан бастап спорттық практикада кездесетін күрделі сипаттағы жаттығулардың барлығы жалпы физиологиялық заңдылықтарға бағынады. Дене жүктемелері түрлі мүшелер мен жүйелерде айтарлықтай өзгерістер тудырады, яғни, адам организмі бұлшық ет әрекетіне бейімделеді. Дене жүктемелерінің ұзақ мерзімде ықпал етуінен спортшылар организмінде спорттық жаттығулар немесе дене шынықтырумен шұғылданған кезінде орындалатын қарқынды жұмыстарға оңтайлы бейімделуді қамтамасыз ететін түрлі мүшелер мен жүйелерде қалыптасатын қайта құрылулар жүреді. Дегенмен функционалдық жүйелерде орын алған арнайы өзгерістер біркелкі болмайды.
Спорт физиологиясы – жоғары оқу орындарында «Дене тәрбиесі мен спорт» мамандығы бойынша оқылатын негізгі пәндердің бірі. Бұл пәнде негізгі назар спорттық әрекетке негізделген адамның бұлшық ет қызметінің физиологиясына аударылады. Мұндай мәселелерге, ең алдымен әр түрлі спорт қызметі түрлерінің физиологиялық сипаттамасы мен спорттық жаттықтыру кезіндегі организм бейімделуінің физиологиялық механизмдері жатады. Пәннің негізгі міндеті түрлі спорт әрекеті кезіндегі жеке жүйелердегі, сондай-ақ, бүтін бір организмде пайда болатын өзгерістердің, физиологиялық реакциялардың тек қана сандық емес, сапалық та сипаттамасын беру болып табылады. Қарқынды бұлшық ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай отырып дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды дұрыс бағалауға және тиімді жоспарлауға үйретеді. Бұл пәнде организмнің функционалдық қорларына және бұлшық ет жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдеріне ерекше назар аударылады.
Спорттық қызмет көп түрлі, сондықтан дене жаттығуларын жіктеу қажет. Бұл спорттық жаттығуларды жалпы физиологиялық сипаттамасына қарай топтарға біріктіруге мүмкіндік береді. Болашақ жаттықтырушыға организмнің спорттық қызмет кезіндегі физиологиялық күйін, қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына бейімделу ерекшеліктерін білу түрлі жағдайларда спортшыларды жарыстарға даярлау барысында акклиматизация механизмдері мен сипатын ескере отырып, дене жүктемелерін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ пәннің маңызды міндеттерінің бірі организмнің дене жүктемелеріне физиологиялық бейімделуін біле отырып, спортшының неғұрлым жоғары функционалдық мүмкіндіктерге жетуін қамтамасыз ететін жүйелі түрде өткізілген жаттықтыру нәтижесінде туындайтын түрлі мүшелер мен жүйелер қызметіндегі өзгерістер механизмдеріне сипаттама беру болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімінің спорттық жаттықтыру кезінде организмде туындайтын арнайы физиологиялық бейімделу өзгерістеріне аса мән бере отырып, мамандануы әр түрлі спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын тұлғалардың тыныштық күйдегі, стандартты және шекті дене жүктемелерінің әсері кезіндегі физиологиялық көрсеткіштерді білуі өсіп келе жатқан ұрпақтардың арасындағы дене тәрбиесі бойынша жұмыс сапасын жоғарылатуға жағдай жасайды.
Спорт физиологиясы пәнінің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдер организмінің дамуы, олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан қайта құрылулардың физиологиялық механизмдері ерекшеліктерін білу болуына орай бұл оқулықтың болашақ ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы өте зор.
2.Спорт физиологиясы ғылымының даму тарихы
Өмірдің басқа да қажеттілігіне қарай туындайтын барлық қозғалыстар тәрізді спорттық жаттығулар процесінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орындалатын қозғалыстар да физиологиялық заңдылықтар негізінде орындалады. Ерікті қозғалыстардың физиологиялық табиғатын зерттеу нәтижелері көптеген жылдар бойы қалыптасқан. Ол қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу нәтижелерімен толықтырылып даму үстінде. Ерікті қозғалыстардың физиологиялық негіздерін зерттеуде орыс ғалымдары: И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомский, Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин, А.Н.Крестовни-кова, Н.В.Зимкин және т.б. еңбектерінің үлесі мол. Адамның ерікті қозғалыстары туралы ілімнің рефлекстер жүйесі ретінде негізін қалаушы орыстың ұлы ғалымы, физиолог И.М.Сеченов болды. Ол алғаш рет «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде адамның психикалық және ерікті қозғалыс әрекеттерінің рефлекторлы табиғатын дәлелдеген. Ол барлық ерікті қозғалыстар, психикалық құбылыстар және ойлау рефлекторлы түрде іске асады деп түсіндіреді. И.М.Сеченовтың бұл ілімін И.П.Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан эксперименталды түрде дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке қызметін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттей отырып, ерікті қозғалыстардың рефлекторлы табиғатын негіздеудің негізгі іргетасын қалаған. И.П.Павловқа сыртқы орта факторларының ықпал ету кезіндегі тұтас организмдегі физиологиялық қызметтерді зерттеу уақытпен шыңдалып осы уақытқа дейін маңызын жоймаған рефлекторлық теория принциптерін – детерминизм, құрылымдық, анализ және синтез принципін негіздеуге түрткі болған.
Адамның қозғалыс әрекетінің физиологиялық механизмдерін зерттеуде Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомский өз үлестерін қосты. Н.Е.Введенскийдің парабиоз теориясы сыртқы әсерлерге тірі ұлпалардың әмбебап жауабы ретінде организмнің функцио-налдық мүмкіндігін, соның ішінде қозғалыс әрекетін анықтайтын қозу мен тежелу процестерінің генетикалық бірлігін ашып көрсетеді. А.А.Ухтомскийдің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі заңдылығы – доминанта туралы ілімінің соңғы қозғалыс әрекетінің қалыптасуындағы күші бойынша әр түрлі қозу ошақтарының күрделі өзара қарым-қатынасы механизмдерін түсінуде маңызы зор. Жүйке қызметінің механизмдерін зерттей отырып белгілі ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон жүйке жүйесінің интегративті қызметі туралы ілімнің дамуына ат салысты. Оның реципроктық (ілеспелі) тежелу туралы еңбектері қозғалыс координациясы (үйлесімділігі) туралы ілімнің жетілуіне өз үлесін тигізді. Қозғалыс және вегетативтік қызметтердің жоғары үндесуінің ішкі табиғатын ашуда У.Кеннонның гомеостаз туралы ілімінің айтарлықтай септігі бар. У.Кеннон организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын сақтау мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-адреналдық жүйенің маңызын негіздеген.
Қозғалыс әрекетінің физиологиясын зерттеуде Л.А.Орбелидің бұрынғы жағдайларға тәуелді организм жасушалары мен ұлпаларының қалыпты күйін сақтаудағы физиологиялық механизмдерге, зат алмасуға симпатикалық жүйке жүйесінің бейімделе-қоректену ықпалының әмбебап сипаттамасы туралы ілімінің аса зор үлесі бар. Сондай-ақ ғылымның ары қарай дамуына Х.Мегун, Д.Моруцидің ОЖЖ жоғары бөлімдерінің, соның ішінде ми қыртысының функционалдық күйін реттеудегі торлы құрылымның маңызы туралы жаңалықтары да көп ықпал етті. Қажу және қалпына келудің физиологиялық механизмдері туралы ілімнің дамуына Г.В.Фольборт, М.И.Виноградов, В.В.Розенблат және т.б. ғалымдардың еңбектері де өз септігін тигізген. Ерікті қозғалыстар физиологиясының дамуына бұрынғы кеңес ғалымдары И.А.Аршавский, С.И.Гальперин, Е.К.Жуков, Н.В.Зимкин, А.В.Коробков, Ф.З. Меерсон, В.В.Парин жұмыстары көп үлес қосты. Сондай-ақ көптеген ерікті бұлшық ет қызметімен байланысты мәселелер Э.А.Асратян, Е.М.Крепс, Н.Д.Граевская, А.Г.Хрипкова, В.П.Филин, В.В.Васильева, В.Н.Черниговский, Я.М.Коц, Б.М.Сермеев т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерін физиологиялық сипатта жүйелеудің іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі А.Н.Крестовникованың 1939 жылы жарық көрген «Спорт физиологиясы» атты оқу құралының маңызы ерекше. Бұл оқулық дене жаттығулары мен спорт физиологиясы бойынша зерттеулердің ары қарай дамуына өз септігін тигізді. Автор «Очерки по физиологии физических упражнений» атты кітабында спорттық жаттықтыру кезіндегі бейімделудің орталық жүйкелік механизмдері жөнінде көптеген мәселелерді көтерген. Бұл мәселенің дамуына 1960 жылы жарық көрген В.С.Фарфелдің «Спорт физиологиясы» атты монографиясының аса зор ықпалы бар.
Қазақ жерінде физиология ғылымын қалыптастыру барысында негізін іргетасын қалаушы ғалым, академик А.П.Полосухин ашқан Қазақстандағы тұңғыш ғылыми-зерттеу физиология институтының ғалымдарының да еңбектері мол. А.П.Полосухин бастаған қазақстандық ғалымдар А.М.Бекетаев, І.А.Берікханова, Л.Е.Бөлекбаева, Х.Қ.Сәтбаева т.б. жүйкенің қан тамырларына тигізетін әсерін, қан айналым жүйесіне бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы берілетін шартты әсерлерін және бұрын тексерілмеген лимфология саласын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. Академик Н.О.Базанованың шәкірттері Қ.Д.Дүйсембин, Т.О.Измаилов, З.Қ.Қожебеков, Г.Н.Несіпбаев, Б.Н.Никитин, К.Т.Ташенов зерттеулерінің де бұл ғылымға үлесі бар. Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары – нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына профессорлар Қ.С.Рымжанов, С.Т.Төлеуханов, С.Ж.Тілеулин, Б.А.Жетпісбаев және т.б. еңбектері септігін тигізуде.
Қазақстанда спорт физиологиясы ілімінің ғылыми, оқу-әдістемелік негізін салуда және оның дамуында Қазақ спорт және туризм академиясының ғалымдары Л.Р.Кудашова, С.Ж. Бугыбаева, Р.Б. Лесбекова, С.Т. Сарсенова, Я.И. Невский және т.б. еңбектерінің үлесі зор.