Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»



бет6/10
Дата28.12.2019
өлшемі336,53 Kb.
#55226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
fb714dfe-0d18-11e6-b19f-f6d299da70eeУМКД Физиология Физ ВОспитания
fb714dfe-0d18-11e6-b19f-f6d299da70eeУМКД Физиология Физ ВОспитания

5.Адамның биологиялық ырғақтары. Биологиялық ырғақ – тіршілік барысында, өсіп-дамуда, организм жүйелерінің қызметінде, зат алмасуда, олардың үнемі белгілі бір уақытта, маусымда күшейіп және баяулап отыратын табиғи құбылысы. Басқаша тірі организмдердегі биологиялық процестер мен құбылыстардың сипаты мен қарқындылығының кезеңмен қайталанатын өзгерістері. Биологиялық ырғақтың тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық, жылдық және бірнеше жылдық болатыны анықталған. Ол организмнің ішкі ортасының тіршілік тәртібіне, организмдердің қызметіне, тамақтануына да байланысты қалыптасады. Физиологиялық қызметтердің биологиялық ырғақтары сонша дәл, нақты болғандықтан оларды көбіне «биологиялық сағат» деп те атайды. Уақытты есептеу механизмінің адам денесінің әр молекуласында, соның ішінде генетикалық ақпаратты сақтайтын ДНҚ молекулаларында орналасқанын жорамалдауға негіз бар. Жасушалық «кіші» биологиялық сағаттардан басқа мида орналасқан және организмдегі барлық физиологиялық процестерді синхрондайтын «үлкен» сағаттар бар.

Биоырғақтардың жіктелуі. Ішкі «сағаттармен» немесе ырғақ жүргізушілермен қалыптасатын эндогендік және сыртқы факторлармен реттелетін экзогендік деп аталатын ырғақтар болады. Көпшілік биологиялық ырғақтар аралас, яғни жартылай эндогендік және жартылай экзогендік болып келеді.

Көпшілік жағдайларда ырғақ белсенділігін реттейтін басты сыртқы фактор – фотопериод, яғни күннің ұзақтығы болып табылады. Бұл уақыттың сенімді көрсеткіші болатын жалғыз фактор және ол «сағаттарды» құруға қолданылады.

«Сағаттардың» нақты табиғаты белгісіз, бірақ мұнда жүйкелік сияқты эндокриндік компоненттер қатысатын физиологиялық механизмдердің әсер ететіндігі күмән келтірмейді.

Көпшілік ырғақтар жеке даму (онтогенез) процесінде қалыптасады. Мәселен, баланың түрлі қызметтері белсенділігінің тәуліктік тербелісі дүниеге келгенге дейін байқалады. Оларды жүктіліктің екінші жартысында-ақ тіркеуге болады. Адамдағы көптеген қызметтердің тәуліктік циклділігі дүниеге алғаш келген күндерде көрініс береді.

Биологиялық ырғақтар қоршаған ортамен тығыз өзара қатынаста жүзеге аса отырып, осы ортаның циклді өзгеретін факторларына организмнің бейімделу ерекшелігін көрсетеді. Жердің Күнді айналуы (жылға жуық кезең), Жердің өз өсінде айналуы (24 сағатқа жуық кезең), айдың Жерді айналуы (28 күнге жуық кезең) жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, электромагниттік өрістердің т.б. өзгерістеріне әкеледі және «биологиялық сағаттар» үшін уақыттың датчиктері болып табылады.

Биологиялық ырғақтардың жиілігі немесе кезеңдері бойынша көптеген айырмашылықтар бар. Тербеліс кезеңі шамамен секунд үлесінен жарты сағатқа дейін болатын жоғары жиілікті биологиялық ырғақтар деп аталатын топқа мысал ретінде ми, жүрек, бұлшық ет, басқа мүшелер мен ұлпалардың биоэлектрлік белсенділігінің тербелісін келтіруге болады. Оларды арнайы аппаратура (ЭЭГ, ЭМГ, ЭКГ т.б.) көмегімен тіркей отырып осы органдар қызметінің физиологиялық механизмі туралы құнды ақпарат алуға болады және ауруларды анықтауда (диагностикада) қолданады. Осы топқа тыныс алу ырғағын да жатқызуға болады.

20-28 сағат кезеңді биологиялық ырғақтарды циркадты немесе тәуліктік ырғақтар деп те атайды. Мысалы, тәулік барысында дене температурасы, пульс жиілігі, артериялық қан қысымы, жұмысқа қабілеттілік т.б. кезеңдік өзгерістері.

Төмен жиілікті биологиялық ырғақтар тобына: аптаға жуық, айға жуық, маусымдық, жылға жуық, көп жылдық ырғақтар жатады. Осылардың әрқайсысының негізінде қандай да бір функционалдық көрсеткіштің нақты тіркелген тербелісі жатады. Мысалы, аптаға жуық биологиялық ырғаққа зәрмен бөлінетін кейбір физиологиялық белсенді заттардың деңгейі, айға жуыққа - әйелдердің етеккір циклі, маусымдық биологиялық ырғаққа – ұйқы ұзақтығының, бұлшық ет күшінің, сырқаттанудың т.б. өзгерістері сәйкес келеді.

Көптеген ішкі ырғақтардың басқарушысы рөлін атқаратын адам организміндегі ең маңыздыларының бірі – циркадты биологиялық ырғақ барынша зерттелінген. Циркадты ырғақтар түрлі жағымсыз факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді және осы ырғақты жоятын жүйенің жұмысының бұзылуы организмдегі сырқаттың алғашқы симптомдарының бірі болып табылады. Адам организмінде 300 аса физиологиялық қызметтердің циркадалық тербелістері анықталған. Барлық бұл процестер уақытпен келісілген. Тәулік барысындағы ОЖЖ әр түрлі күйі көп жағдайда организмнің басқа физиологиялық жүйелерінің түрлі белсенділігін анықтайды. Ересек адамда қан айналу, тыныс алу көрсеткіштері, дене температурасы және т.б. қызметтері түнгі сағат 2-4 дейін минимальді болады. Физиологиялық процестер оптималды активті болып күндізгі сағат 1-2 дейін сақталады. Көптеген тәулікке жуық процестер күндізгі сағат 4-8-де максималды және түнде немесе ерте таңғы сағаттарда минимальді мәндерге жетеді. Мысалы, адамның дене температурасы түнде ең төменгі температураны көрсетеді. Таңға жуық ол жоғарылайды және күннің екінші жартысында максималдық мәнге жетеді.

Адам организміндегі физиологиялық қызметтердің тәуліктік тербелісінің негізгі себебі зат алмасуды төмендететін немесе жоғарылататын жүйке жүйесі қозғыштығының кезеңдік өзгерісі болып табылады. Зат алмасу өзгерісінің нәтижесінде түрлі физиологиялық қызметтердің өзгерістері де туындайды. Мысалы, тыныс жиілігі түнге қарағанда күндіз жоғары, түнгі уақытта ас қорыту мүшелерінің қызметі төмен болады.

Дене температурасының тәуліктік динамикасы толқын тәріздес сипатта болатыны анықталған. Шамамен кешкі сағат 6-да температура максимумға жетсе, ал түн ортасында төмендейді: оның минимальді мәні түнгі сағат пен таңғы 5 аралығында болады. Тәулік барысында дене температурасының өзгерісі адамның ұйқыда болуына, әлбе қарқынды жұмыспен шұғылдануына байланысты емес.

Дене температурасы биологиялық реакциялар жылдамдығын анықтайды, күндіз зат алмасу барынша қарқынды жүреді. Тәуліктік ырғақпен ұйқы және ояну тығыз байланысты. Ұйқыға өзіндік ішкі сигнал дене температурасының төмендеуі болады. Тәулік барысында ол 1,3 ºС дейін амплитудамен өзгереді. Бірнеше тәулік бойы әр 2-6 сағат сайын дене температурасын тіл астынан өлшей отырып, ұйқыға кету моментін, ал температуралық шыңдар бойынша максималды жұмысқа қабілеттілік кезеңдерін анықтауға болады. Күндіз ЖЖЖ өседі, артериялық қан қысымы жоғары болады, тыныс алу жиірек болады. Келесі күні оянған соң ЖЖЖ, артериялық қан қысымын жоғарылататын, барлық организм қызметін белсендіретін қанда адреналин мөлшері жоғарылайды, осы уақытта қанда биологиялық стимуляторлар жинақталады. Кешке қарай бұл заттардың концентрациясының төмендеуі тыныш ұйқыға жағдай жасайды. Ұйқының бұзылуы көбіне толқу мен абыржумен қатар жүретіні белгілі: мұндай жағдайларда қанда адреналин және т.б. биологиялық белсенді заттардың концентрациясы жоғарылайды, организм ұзақ уақыт «жауынгерлік дайындық» күйінде болады. Биологиялық ырғаққа бағына әр физиологиялық көрсеткіш тәулік барысында өз деңгейін айтарлықтай өзгерте алады.

Биологиялық ырғақтар адам өмірін дұрыс регламенттеудің (тәртіппен белгіленудің) негізі болып табылады, себебі жоғары жұмысқа қабілеттілік пен өз-өзін жақсы сезінуге өмір ырғағы организмнің физиологиялық қызметінің ырғағына сәйкес келген жағдайында ғана жетуге болады. Осыған орай еңбек (жаттықтыру) пен тынығу, сонымен қатар ас қабылдау режимін дұрыс ұйымдастыру қажет. Тамақтанудың дұрыс режимінен ауытқу артық салмаққа әкеліп, ол өз кезегінде организмнің өмірлік ырғағын бұзып зат алмасу өзгерістерін тудырады. Мысалы, егер жалпы калориясы 2000 ккал асты таңертең қабылдаса салмақ азаяды, ал егер сол тамақты кешкі сағаттарда қабылдаса онда салмақ артады. 20-25 жастағы дене салмағын сақтау үшін жеке тәуліктік энергия жұмсалуына дәл сәйкес және біраз қарын ашу сезімі байқалатын сағаттарда күніне 3-4 рет тамақтану керек.

Бірақ бұл жалпы заңдылықтар биологиялық ырғақтардың жеке ерекшелігінің әр алуандығын ашып көрсетпейді. Барлық адамдарға жұмыс қабілеттіліктің бір типті тербелістері тән емес. Осыған орай адамдарды таңертеңгілік («бозторғайлар»), күндізгілік («кептерлер») және кешкілік («жапалақтар») деп үш түрге бөледі. «Бозторғайлар» деп аталатын адамдар тобы күннің бірінші жартысында, ал «жапалақтар» кешке жақсы жұмыс атқарады. «Бозторғайлар» кешқұрым ұйқылары келіп ұйықтауға ерте жатады, бірақ ерте тұрып өздерін сергек және жұмысқа қабілетті сезінеді (24-сурет). Олардың ауқымды жұмыс қабілеті түске дейін байқалады. Ал «жапалақтар» керісінше, кеш жатып кеш оянады, іске баяу қосылады, жұмысқа қабілеті кешке қарай, көбінесе түнде көтеріледі. «Кептерлер» аралық типке жатады, оларда «бозторғайлар» мен «жапалақтардың» қасиеттері болады. Олар ерте тұрғанды ұнатпайды, оған қоса кеш жатқанды да жаратпайды. «Кептерлердің» жұмысқа қабілеттілігінің екі шыңы: 10-12 және 15-18 сағаттарда байқалады. Мұндай типті адамдар 7-8 сағат ұйықтағанды, қалыпты күн режимін сақтағанды ұнатады. Адам егер (күніне 3-5 рет) ыстық тағам мен адаптогендер, дәрумендік комплекстер қабылдаса, ал дене жүктемелерін оларға бейімделуі бойынша біртіндеп арттырып отырса тезірек акклиматизацияланады. Жылы аймақтан келген студенттердің суық климаттық жағдайға бейімделу барысында орын алған иммунологиялық ауытқулар кезінде пантогематоген және аралия адаптогендерін қабылдау иммунитет жүйесінің функционалдық белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз еткен.

Бұл жағдайларды сақтамаса десинхроноз (өзіндік паталогиялық жағдай) туындайды. Десинхроноз құбылысы әсіресе ыстық және ылғалды климатта немесе орта биіктік жағдайында жаттыққан спортшыларда байқалады. Сондықтан халықаралық жарыстарға ұшып баратын спортшы жақсы дайындалу қажет. Қазір үйреншікті биоырғақтарды сақтауға бағытталған тұтас шаралар жүйесі бар. Адамның биологиялық сағаттары үшін тек тәуліктік емес және де төмен жиілікті (мысалы апталық) ырғақтарда дұрыс жол табу маңызды.

Қазіргі кезде апталық ырғақтың жасанды өндірілгені анықталған: адамда туа пайда болған жеті күндік ырғақтардың болуы туралы нақты мәліметтер жоқ. Бұл эволюция барысында қалыптасқан әдет екені күмәнсіз. Жеті күндік апта тіпті ежелгі Вавилонда ырғақ пен тынығудың негізі болған. Мыңдаған жылдар барысында апталық әлеуметтік ырғақ қалыптасқан, яғни адам аптаның ортасында оның басына немесе соңына қарағанда өнімді еңбек етеді.

Адамның биологиялық сағаттары тек тәуліктік табиғи ырғақтарды ғана емес және ұзақтығы көп болатын маусымдық ырғақтарды да бейнелейді. Ол көктемде зат алмасудың жоғарылауымен және күзде, қыста оның төмендеуімен, қандағы гемоглобин концентрациясының артуымен және көктемгі, жазғы уақыттарда тыныс орталығы қозғыштығының өзгерістерімен көрінеді. Жазғы және қысқы уақыттардағы организм күйі қандай бір дәрежеде оның күндізгі және түнгі күйіне сәйкес келеді. Мәселен, қыста жазбен салыстырғанда қандағы қант мөлшері төмендейді (балама құбылыс түнде де жүреді), АТФ және холестерин мөлшері артады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауаның жоғары температурасы және ылғалдығы жағдайында температураны реттеу ерекшіліктері қандай?



2Жылуға бейімделу (акклиматизация) механизмдерін түсіндіріңіз

3.Орта биіктік және климаттық белдеулердің ауысуы жағдайларында спорттық жұмысқа қабілеттілікке сипаттама беріңіз

3.Адамның биологиялык ырғақтары құрылымын атаңыз?

Дәріс №8

Тақырыбы:Сауықтыру дене жатығуларының және салауатты өмір суру салтының физиологиялық негіздері

Мақсаты: Студенттерді сауықтыру дене жаттығуларының және салауатты өмір салтының физиологиялық негіздерімен таныстыру

Негізгі сұрақтар:



1.Салауатты өмір сүру салтының физиологиялық негіздері. Еңбекті, тұрмысты және тынығуды тиімді үйлестірудің физиологиялық негіздері. Үзбей дене белсенділігімен шұғылданудың физиологиялық негіздері. Санитарлык-гигиеналық талаптарды сақтаудың физиологиялық негіздері. Дұрыс тамақтанудың физиологиялык негізі — салауатты өмір сүру салтының негізі ретінде. Шынығудың физиологиялық негіздері.

2. Экологиялық орта тазалығының салауатты өмір сүру салтындағы маңызын физиологиялық негіздеу.

3.Қазіргі кездегі адамның тіршілік кейпінің физиологиялық сипаттамасы (гипокинезия - күштің төмендеуі, өндіріс қаркынының күшеюі, өмір қаркынының жеделдеуі, жан-сезім — эмоциялық салмақ түсу, т.б.).

Салауатты өмір сүрудің физиологиялық негіздері. Денсаулықтың көрсеткіштерін физиологиялық негіздеу. Акыл-ой жұмыс қабілеттілігіне дене жаттығулары мен шұгылданудың әсері.
1.Салауатты өмір салтының физиологиялық негіздері. Өмір салтының екі түрі болады: сау өмір және сау емес өмір салты. Атқарған жұмыстың нәтижесіне қанағаттылық, тән мен жан дүниесінің орнықтылығы, физиологиялық және психологиялық белсенділік, толық демалыстығы қалып, құрамы теңгерілген тамақтану, жеткілікті тұрмыс жағдайы, отбасындағы психологиялық келісімділік-осының бәрі сау өмір салтын құрады. Ал бұлардың бәрі жеткіліксіз немесе адам тіршілігіне, нәтижелі еңбек етуіне немесе қоғамдық іс-әрекетіне сәйкес келмесе, онда өмір салтының құрамындағы жайттар адамның саулығына негіз бола алмайды. Бұл жалпы анықтамаға қосымша түрде келесі көрсеткіштерді атауға болады:

  • Жас және жыныс айырмашылығы:

  • Білім деңгейі;

  • Отбасының құрамы;

  • Жұмыс тәртібі;

  • Қоғамдық-гигиеналық ерекшеліктер (қызмет бабы, азық-түлік құрамы, тәуліктік демалыс);

  • Медициналық-клиникалық көрсеткіштер (қанның құрамы, ас қазанының қызметі, т.б.);

Салауатты өмір сүру салты- денсаулықты сақтайтын, нығайтатын әрі қалпына келтіретін өмір сүру тәртібі Салауатты өмір сүру әрі медициналық, әрі әлеуметтік-экономикалық, әрі қоғамдық өмір сүру жолдарын қамтиды.

Адамның денсаулығы салауатты өмір салтымен тығыз байланысты. Оны салауатты өмір салтының келесі көрсеткіштері мен критерийлерінен көруге болады:



  • Адам өмірінің ұзақтығы (орта есеппен);

  • Адамның ауруға шалдығу бейімделгіштігі;

  • Дененің өсуі мен дамуы;

  • Адамның өмір мақсаты;

  • Мінез құлықтың қалыптылығы;

  • өмір кілтін адамның өз қолында ұстауы;

  • өмірін босқа өткізбей, алдына қойылған мақсатын орындауға тырысу және оның нәтижесі өзіне байланысты екенін жете түсіну;

  • белсенді өмір сүру;

  • жеке бастың тазалығы;

  • қызмет және демалыс уақытын нәтижелі пайдалану;

  • дұрыс тамақтану;

  • біреудің табысына, байлығына, бақытына қызғанышпен қарамай шүкіршілік ету;

  • адамның еңбектегі және тұрмыстағы белсенділігі;

  • физикалық және рухани қабілеттердің жан-жақты бірлесуі, үйлесімді болуы;

  • табиғи және қоғамдық ортаның үйлесімділігі;

  • адамның өз денсаулығы мен басқа жандардың денсаулығына көзқарасының дұрыс болуы;

  • организмнің физиологиялық және психологиялық төзімділігі;

Салауатты өмір сүру, бір жағынан, денсаулықты сақтауды, ал, екінші жағынан, ауруға қарсы тұруды, яғни санологияны қамтиды. Бірақ екеуінің мүдделері жақын болғанымен, бірдей емес. И.И.Брехманның пікірі бойынша, екеуінің айырмашылығы мынада. Санологияның денсаулыққа тікелей қатысынан гөрі, организмді сауықтыру мәселесіне жақынырақ болуы. Ал салауатты өмір сүру тікелей денсаулық мақсатын көздейді. Осы мақсатты орындау ұрықтық жаратылыстан басталуы тиіс, яғни жүктіліктің екінші жартысынан, өйткені осы кезде ұрықтың жүйке жүйесі, есту сезімі жандана бастайды да, анасы арқылы сыртқы ортасымен байланыста болады. Денсаулықтың педагогикалық мәселелерін дұрыс шешу бала тумай тұрғанда басталуы тиіс.
2.Экологиялық орта тазалығының СӨС маңызын фиизиологиялық негіздеу. Денсаулыққа әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайлар.

Организмнің сыртқы қоршаған тіршілік жағдайлары, ішкі дүниесі үнемі бір қалыпта болмайды. Денсаулыққа әсер ететін сыртқы жағдайларға ауаның қысымы, температура, газ, жел, жарық, қараңғылық, тұрмыс, өндіріс, еңбек орны т.с.с. жатады. Ал ішкі жағдайларға гендік қасиеттер, қанның құрамы мен қысымы, тыныс алу, жүрек ырғағы, зат алмасуы т.б. жатады. Бұлардың өзгеруі адам организміне, оның денсаулығына әсер етеді. Әуел баста организм олардың өзгерістеріне бейімделіп, икемделіп немесе төзімділігін күшейту арқылы ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды. Егер өзгеріс тым күшті болса, адамның денсаулығы нашарлайды, түрлі аурулар пайда болады. Ішкі тұрақтылықты сақтауды француз ғалымы Клод Бернар гомеостаз деп атаған (грек. Гомозис-бірдей+стазис-жайы). Гомеотаз организмнің ішкі тұрақтылығын бір қалыпта ұстайтын үрдістердің жиынтығы. Бұл тұрақтылық ферменттердің қызметінің, зат алмасуының қарқынды жүруіне мүмкіндік тудырады. Денедегі қуаттың алмасуын да осы физиологиялық механизм реттейді



Өркениет аурулары, олардың шарттары, жеке адамның және әлеуметтік топтың саулығын болжау. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың орасан өрлеуінің нәтижесінде «өркениет аурулары», яғни табиғат пен қоғамның қауырт өзгерістерінің организмге әсерінен туатын аурулар кең өріс алуда. Бұл өзгерістерге адам организмі жылдам және толық бейімделіп үлгермейді де аурулар туады. Денсаулыққа нұсқан келтіруге экологиялық факторлар 20-25%, биологиялық факторлар 20%, медициналық факторлар 10%, ал салауатты өмір салтының жайсыздығы 50-55%-ға тең.

Топтастырылған қатерлі факторлар бір-бірімен байланысты, бірақ аурудың шығу тегіне қарай оларды шартты түрде 3 топқа жіктеуге болады: 1) адамның биологиялық қасиеті; 2) табиғи-ауа райының жағдайы; 3) әлеуметтік орта. Осы айтылған жағдайларға байланысты адамның және әлеуметтік топтың саулығын болжауға болады. От басында, жұмыс орнында, әсіресе мекемеде аурудың тууына себептер болмай тұрмайды. Оған дәлел- мамандық аурулар: көмір, қорғасын өндіріс орындарындағы жұмысшылар өкпе ауруларына шалдығады, ал уран сияқты радиациясы күшті кен өндірістеріндегі жұмысшылар мен қызметшілер- қан ауруларына, түрлі мүшелердің ракпен ауруына душар болады.



Генофонд аурулары. Организмнің ішкі тұрақтылығы генетикалық қасиет болып саналады. Әр адамның генотиптік, яғни физикалық, психикалық, мінез-құлықтық, ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Бірақ фенотиптік факторлар бұл қасиеттерді не күшейтеді, не әлсіретеді.

Генофонд, генетика, ұрпақтылық денсаулықтың гендік негізі туралы кітаптың алдыңғы тарауларында айтылған. Сондықтан қазір гендік ауытқулардың денсаулыққа зияндылығы жөнінде айтпақпыз. Гендік ауытқулар негізінде 2000 түрлі ауруға берілгіштік осалдылық болатыны ғылым жүзінде белгілі: көз, құлақ аурулары, Даун ауруы, гемофилия, ақыл кемтарлығы т.б.

Генофонд ауруларына хромосомалық аурулар жатады. Хромосомалық аурулар тобына әке-шешесінің гаметаларында пайда болатын хромосомалар саны мен құрылысының кемшіліктері жатады. Бұл ауруларды зерттеу тарихы хромосомаларды тауып алып, олардың кемшіліктерін сипаттау анағұрлым бұрын басталған. XX-шы ғасырдың 70-ші жылдары авторадиография әдісін тапқаннан бері хромосомалық ауруларды зерттеу күшейеді. Қазіргі кезде хромосоманың санына байланысты кемшіліктердің 2 түрі сипатталған: тетраплодия және триплодия. Ал жеке хромосомалардың кемшіліктеріне байланысты тағы да бір кемшілік-трисомия, яғни қосымша хромосоманың болуы немесе моносомия (бір хромосоманың жетіспеуі). Аутосомияның моносомиялық түрінде тіршілік тоқталады. Бұл адамдарда жиі кездесетін жағдай. Хромосомалық кемшіліктердің біразы ұрықтың шетінеуімен аяқталады, біразы туғаннан кейін сәбидің шетінеуімен, ал кейбіреулері балалық шақта жастай шетінейді, ал кейбір кемшіліктер ересек адамның белсіздігі түрінде байқалады. Хромосомалық аурулардың жалпы белгілері: туған баланың денесінің нашар өсуі, ақыл кемшілігі, сүйек-еттерінің кемшіліктері, жүрек-қан тамырларының ақауы, зәр-шығару, жүйке жүйесі және басқа жүйелерінің, организмнің биохимиялық, гормондық, иммундық т.б. кемшіліктерінің болуы. Сонымен, адамдағы тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу гинекологияның үлкен мәселесі.

Денсаулыққа қатерлі факторлар.

Денсаулыққа қатерлі сыртқы және ішкі факторлар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оларды бөлмей топтастыруға болады:


  • артық салмақ;

  • экологиялық;

  • азық-түлік;

  • гигиеналық;

  • психоэмоциялық;

  • гиподинамия;

  • стресс;

  • биологиялық ырғақтық (ритм);

  • темекі;

  • арақ, маскүнемдік;

  • есірткі қабылдау;

  • дәрі-дәрмек ретсіздігі;

  • өмір сүру салтының бұзылуы;

Артық салмақ денсаулыққа зиян. Адамның дене салмағы оның бойна, жасына, жыныс ерекшелігіне және денсаулығына байанысты. Лайықты, яғни нормадағы дене салмағын анықтау үшін адамның бойының ұзындығынан 100 см алып тастап, қалған саннан ер адамдар үшін 10%, әйелдер үшін 15% алу керек. Егер осы мөлшерден 20% артық болса, салмақ қалыпты мөлшерден жоғары болғаны. Ал керісінше, 10% аз болса, арық болғаны, екеуі де нормаға жүктеме түсіріп, зиянды әсер етеді. Ер адамның салмағы 13%-ға артқанда оның өмірі 10% қысқарады, 20%-ға артқанда 25%, 30%-ға артқанда 42% қысқарады. (Н.Приходько, М.Лукьяненко, 2002)

Дене салмағы мөлшерден тыс артық болғанда буындар, әсіресе тізе, ауырады, аяқтың қан тамырлары сыздайды, тромбоз пайда болады, дененің түрлі жерлеріне май жиналады, терінің зат алмасуы өзгереді, бауыр мен жүректі май басады, денедегі жалпы зат алмасуы өзгереді, қан қысымы жоғарылайды, сусамыр (қантты диабет) ауруы пайда болады, бүйректе, өт жолдарында тас байланады, сөйтіп адамның өмірі қысқарады.

Психикалық шектен тыс ширығу адам әлеуметтік талаптарына сай келмегендігінен болады. Бұл көбінесе өндіріс жағдайында, қызмет бабында жиі кездеседі. Әсіресе қоғамның ауытқу дәуіріндегі кездейсоқ туған талаптар адамның биологиялық мүмкіндігіне сәйкес болмағанда туатын психикалық жүктеме денсаулыққа зиян келтіреді. Шектен тыс белсенділік, тығырыққа ұшырауы, т.с.с. психикалық факторлар жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының және басқа тіршілікке маңызды мүшелердің қызметін төмендетеді. Соның нәтижесінде организмнің ауруға төзімділігі, яғни иммундық қасиеті, биологиялық қоры азаяды.

Стресс факторларына сыртқы, ішкі кездейсоқ шамадан тыс әсерлер жатады. Стрестің физиологиялық тетігі кітаптың VIII тарауында толық жазылған. Тосыннан тосын кездейсоқ әсер болғанда организм тығырыққа ұшырайды, адамның қанында адреналин, кортизол гормондары көбейіп, қаны тасып, жүрегі қобалжып, еріксіз іс-қимылдары туады. Организмнің төзімділігі артып, тығырықтан шығу амалы жасалады. Стресс көпке созылғанда адамның денсаулығына зиян келтіреді: қанның қысымы артады, жүрек соғу ырғағы жеделденеді, ішек-қарынның қозғалысы күшейеді, зат алмасуы баяулайды, иммундық жүйенің бейімделгіш төзімділігі төмендейді.



Еңбек пен демалыс кестесінің бұзылуының денсаулыққа әсері.

Еңбек пен демалыс белгілі бір түрдегі кесте бойынша алмасып тұрғанда организм соған дағдыланады, ал ол кесте бұзылғанда адамның тіршілік жағдайы үйреншікті қалпынан шығып, ретсіздік пайда болады. Еңбек ету адамның қажеттілігі, ол өзінің қоғамға қатынасын сезеді, жұртпен араласып, бірлесіп, ұжымдық тәртіпте жүреді. Жұмыссыздық, жалғыздық жүйке жүесін тоздырады, уайымға салынып,, депрессияға ұшыратады. Еңбек адамды ілгері жетелеп, іскерлігін, ой-өрісін дамытады, тұрмыс жағдайының жақсаруына жол ашады. Абай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,-деген. Әр еңбектің ерекшелігі мен мамандығы бар. Маманданған еңбек өнімді болып, ойлаған мақсатқа жеткізеді. Біреудің айдауынсыз өз еркімен істеген еңбек тез және жақсы орындалады. Жұмыс аяқталған соң адамға демалыс қажет. Жұмсалған қуатты қайта орнына толтыру, аяқ-қол, дененің бұлшық еттерін босатып, жүйке жүйкесін тынықтырып демалу, мезгілімен ұйықтау организмді тынықтырады, ал демалыс бұзылса, адамда шаршау пайда болады. Егер ұзақ уақыт еңбек пен демалыс кестесі бұзылса, шаршаудың белгілері қалжырауға айналады да, бұлшық еттерде сүт қышқылы көбейіп, еттердің қызметіне жағымсыз әсер етеді. Қалжырау белгілері пайда болғаннан соң демалыс әрі қарай бұзылған жағдайда организмде ауру пайда болады. Қалжыраған, шаршаған организмнің инфекцияға төзімділігі төмендейді де, тыныс мүшелерінің, тіпті жүрек-қан тамырларының ауруларына шалдығады.

3. Қазіргі кездегі адамның тіршілік кейпінің физиологиялық сипаттамасы. Гипокинезия және оның организмге әсері. Гиподинамия (грек. Гипо-төмен+динамос-күш) күштің азаюы, дененің іс-қимылының төмендеуі. Жүріп-тұру, қозғалыс-қимыл азайған сайын бұлшық еттер босаңсиды, жүрек еті, басқа ішкі мүшелердің жалпақ еттері әлсірейді. Гиподинамияны «гипокинезия» (гипо-төмен+кинезис-қимыл, қозғалу) деп те атайды. Бірақ бұл толық мәнді синоним емес. Гипокинезияны, яғни дененің немесе оның кейбір мүшелерінің қимылдамай қалуы не әлсіз қимылын тудыратын себептердің бірі- ортаңғы ми мен жұлындағы қимыл рефлекстерінің орталығының істен шығуы.

Гиподинамия ұзақ отырып қызмет ететін адамдарда жиі байқалады немесе гипстелген аяқ-қол біраз уақыт қозғалмауына байланысты, космоста ұзақ болғанда пайда болады. Мысалы, ғарышкерлер жерге қайтып келіп қонғанда аяғын баса алмай қалады. Оларды сүйемелдеп жүргізіп жаттықтырғаннан кейін жүруі қалпына келеді. Аз уақытқа созылған гиподинамия дене жаттығуынан кейін басылып, жойылады, дене қимылы, аяқ-қол қозғалыстары қалпына келеді. Күнделікті жасайтын таңертеңгі денешынықтыру жаттығулары, спорт, қара жұмыс, серуендеп жүру, үй шаруасы және мал шаруасымен айналысу- гиподинамияның алдын алу шарасы. Өз еркімен белсенді жұмыс істеп жүрген адамда гиподинамия болмайды. Атақты генетик Н.П.Дубинин «Вечное движение» атты кітабында: «өмір-үздіксіз мәңгілік қозғалыс»,-деген.

Сыртқы орта өзгерістерінің денсаулыққа әсері. Ауа райының құбылысы, атмосфералық қысым, ылғалдылық, жел, температура, магнит өрісі т.б. денсаулыққа әсер етеді. Адамзат жаратылғаннан бері табиғат құбылыстарымен бірге өмір сүруде, оларға бейімделуде, бірақ табиғаттың өзгеруі, даму заңдылықтары өзіндік ерекшелігі бар, ал адамзат тіршілігінің өзінің ерекшелігі баршылық, сондықтан екеуінің арасында кейде қайшылық туады. Ластанған ауа, су, жер, онда өсетін өсімдік, ауру мал адамның денсаулығына зиян келтіреді. Шаң-тозаңмен, газбен ластанған ауа тыныс алғанда өкпеге кіріп, ондағы клеткаларды уландырып, тіршілік қабілетін төмендетеді, әсіресе көмірсу тотығы, күкірт тотығы, көмірсутегі т.б. тыныс алу мүшелерінің қызметіне өте қауіпті. Қазақстанның ірі өндірістік Павлодар, Шымкент, Өскемен, Атырау, Балқаш сияқты қалаларында өндіріс өнімдерінің зиянды қалдықтары бірнеше есе мөлшерден жоғары. Олар ауру тудырады. Мысалы, көмірсу тотығы бас ауруын, жөтел, аллергия т.б. ауруларды тудырады. Ауыз судың ылайлануы ішек-қарын ауруларының, гепатит т.б. аурулардың тууына себеп болады. Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария өзендері фенол, мыс, қорғасын және т.б. улы заттармен ластанған. Ауыл шаруашылық саласында өндірілетін азық-түлік өнімдері пестицидтермен, консерванттармен уланғандықтан гастрит, гепатит, полинефрит т.б. аурулардың тууына себеп болады. Әсіресе сыртқы ауаның радиациямен ластануы организмге өте қауіпті. Ғылым мен техника дамыған заманда электрлі-магниттік өріс тұрмыстың барлық салаларына енді. Ол көзге, миға, бүйрекке, асқазанға т.б. мүшелердің қызметіне әсер етіп, ауру тудырады, ол әсіресе жүкті әйелдерге, құрсақтағы нәрестеге өте қауіпті, ересек адамдардың жүйке жүйесінің, жыныс мүшелерінің қызметтеріне тидіретін оның зияны көп.
Бақылау сұрақтары:

1. Сауықтыру жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетика, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері қандай?



2Салауатты өмір сүру салтының физиологиялық негіздері механизмдерін түсіндіріңіз

3.Гипокинезия дегеніміз не?

Дәріс №9

Тақырыбы:Дене шынықтыру және оқыту-жаттығу сабақтарының физиологиялық негіздері.

Мақсаты: Студенттерді дене шынықтыру және оқыту -жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсерімен таныстыру

Негізгі сұрақтар:



1. Дене шынықтыру және оқыту-жаттығу сабақтарының физиологиялық негіздері.

2.Дене жаттығуларының бағыттылығы, жан-жақты үйлесімді дене дамуы. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда денелік тәрбиелеудің физиологиялық ерекшеліктері.

3.Дене шыныктыру сабақтарында окушылардың жеке функционалді мүмкіндіктерін бағалау. Дене жүктемелерінің көлемі және бағыты бойынша мөлшерленуі. Мектеп оқушыларының аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін дамыту.

4.Денсаулықты дамыту, қимыл дағдыларын жетілдеру, жұмыс кабылеттілігін арттыру, қоршаған ортаның жағымсыз жагдайларына ағзаның тұрақтылыгын арттыру.
1. Дене шынықтыру және оқыту-жаттығуларының физиологиялық негіздері, әдістері. Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе- жүгір, егер сау болғың келсе-жүгір, егер күшті болғың келсе- жүгір,»-деген екен. Дене қимылы организмнің тіршілігін қозғалтып, жандандырып отырады. Тыныс алу жақсарады, қан айналысы жеделдейді, бұлшық еттің қозғалысынан лимфа ағысы жылдамдап, денеде жиналып қалған улы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Академик В.В.Париннің айтқанындай, дене қимылы зат алмасуын тездетеді, тірек-қимыл жүйесінің, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін арттырады, ал бұл дененің қуат көзін ашады, жүйке жүйкесінің қызметін қалыптастырады.

Аз қозғалып қызмет ететін, әсіресе жасы ұлғайған адамдардың қанында эритроциттер төмен болады, ал май ұлпасының мөлшері жоғарылайды. Бұлшық еттердің массасы азаяды, ал сүйектері опырылғыш келеді.

Қара жұмыстағы адамдардың, спортпен шұғылданатын кісілердің эритроциттерінің мөлшері қажетті деңгейде болады, оттегінің жетіспеуінде төзімді болып, тыныс алу және бұлшық ет жүйелері бір қалыпта қызметін атқарады.

Ұдайы денесін шынықтырып жүрген адамдардың ауруға төзімді болатыны байқалған. Мысалы, Луи Пастер миына қан құйылып ауырғанымен, денешынықтырудың нәтижесінде тағы да 30 жыл өмір сүріп, қызметінің белсенділігін төмендетпей, ғылымға көптеген жаңалықтар енгізген. Н.А.Морозов 25 жыл Шлиссельбург түрмесінде туберкулез, цинга, ревматизм ауруларына шалдықса да, 93 жыл өмір сүрген, өйткені денешынықтырудың нәтижесінде оның организмнің төзімділігі өте жоғары болған.

Денешынықтыру жаттығуларының әсерінен бұлшық еттердің қан айналысы күшейеді де, клеткаларының оттегімен, амин қышқылдарымен, т.б. қоректік заттармен қамтамасыздануы жақсарады. Жаттығу кезінде еттің 1 мм көлемінде 2500 қан капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын жеделдетеді. И.М.Сеченов осындай әсердің ми клеткаларында да болатынын болжаған, ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дәлелдеді.

Денешынықтыру жаттығулары ішкі мүшелерге де, ішектегі лимфаның түзілуіне де әсер етіп, лимфаның қозғалысын жылдамдатады. Соның нәтижесінде ішек-бауыр лимфасы арқылы зат алмасуының соңғы қажетсіз қалдықтары организмнен сыртқа мезгілінде шығып отырады.

Дене жаттығуларының нақтылы негіздері:


  • әркім өзін денесін шынықтыруға дайындап, оған сену;

  • дене шынықтыру үзілді-кесілді болмай, үнемі дағдылы әдетке айналуы;

  • жаттығуларды бірден көп және күшті қимыл түрінде емес, біртіндеп жеңілден ауырға қарай жүктеме беру;

  • жаттығу жүктемесі адамның жасына, жыныс ерекшелігіне, денсаулық дәрежесіне және жеке басының ерекшелігіне сәйкес болуы;

  • сауықтыру дене жаттығуларына ауа, күн, су, температура т.с.с. табиғи факторларды пайдалану;

  • белсенділік, жақсы көңіл-күй сауықтырудың нәтижесін арттырады.

2. Дене жаттығуларының бағыттылығы, жан-жақты үйлесімді дене дамуы. Жүктемеге туатын реакциялар, дене жаттығуын жасқа сай өткізу.

Дене жаттығуы кезіндегі организмде белгілі бір реакциялар байқалады: жүректің массасы мен аумағының көбеюі, қанның систолалық мөлшерінің артуы, жүректің соғуы ырғағының жылдамдауы, өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы, дене жұмысының артуы. Бұлар жаттығу деңгейіне байланысты.

Жаттығу нәтижесінде организмнің ауруға төзімділігі артады, иммундық жүйесінің белсенділігі жоғарылайды, қан өндіру артады, қандағы холестериннің мөлшері азаяды.

Жаттығу адамның жасына сәйкес болуы тиіс. И.П.Павлов адамның тіршілік қабілеті 35 жасқа дейін дамиды, 60 жасқа дейін қалыптасады, одан әрі қарай төмендейді,- деген. Осы заңдылықты жаттығу шараларын жасағанда естен шығармау керек.

Жас организмде жүйке жүйесі серпімді келеді, мидың сергектігі жоғары болады. Жас ұлғайған сайын, 50 жастан кейін де жоғары деңгейде сақталады.

Денені жаттықтыру бұлшық еттердің қызметін күшейтеді, буынның қимыл-қозғалысын жақсартады, жүрек пен өкпенің қызметтерін арттырады. Демек денені жаттықтыру жасқа да, кәріге де пайдалы, әсіресе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға өте қажет Бейімделу механизмі және дене белсенділігі. Сауықтыру мақсатымен жасалған жаттығулар кезінде организмде өте күрделі жағымды үрдістер байқалады. Жаттығуға әзірленген сәтте ми қыртысының маңдай аймағында бетаритм биотоктары өрістеп, жүйке импульстері ортаңғы мидың торлы құрылымы арқылы өңделіп беріледі. Олар соматикалық, вегетативтік, эндокриндік және иммундық жүйелерді іске қосады. Ал бұлар өз тарапынан тірек-қимыл, тыныс алу, жүрек-қан тамырларына және басқа жүйелерге әсер етіп, зат алмасуын үдетеді, сол кезде туған метаболизм өзгерістерін жайғастырып, организмнің ішкі тұрақтылығын – гомеостазды қалпына келтіреді. Осындай күрделі үрдістердің нәтижесінде организмнің төзімділігі артып, нығаяды.

Дене белсенділігі және иммунитет. Дене белсенділігінің жақсы көрсеткіші- иммундық жүйе қызметі. Жаттығудың алғашқы кезінде иммундық жүйенің Т-лимфоциттері мен нейтрофилдерінің белсенділігі төмендейді, ал G-иммундық глобулиннің мөлшері көбейеді. Кейін лейкоциттер саны көбейіп, Т-лимфоциттер белсенділігі жоғарылап, А-,М- иммундық глобулиндердің мөлшері көбейе түседі. Нейтрофилдер көбейеді, Т-клеткасының белсенділігі артады. В-клеткалар мен А,G,М иммундық комплекс жоғары деңгейде болады. Осылардың нәтижесінде организмнің бейімделу белсенділігі артады.

3. Дене шыныктыру сабақтарында окушылардың жеке функционалді мүмкіндіктерін бағалау. Сауықтыру жүйелері

Денсаулықты сақтау, сауықтыру адамзаттың ерте заманнан көкейкесті мәселесі болды. Содан бері бірнеше әртүрлі сауықтыру жүйелері қалыптасты. Олардың көпшілігі діни жолмен іске асырылады, өйткені адамды тез қалыптан бұрып, түзу өмір сүру жолына салу үшін иландыру қажет болды. Көне келісім, Киелі кітап, Таурат, Құран сияқты діни кітаптардың аяттарында адамның ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық сияқты жат қылықтарының зияндылығын, ал тазалық, әділдік, кіші пейілдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттердің өмір сүру үшін пайдалылығын сендіріп айтады. Діндар адамдар мұндай кеңесті бұлжытпай орындаған, олардың денсаулығы, мінез-құлықтары жақсы қалыптасып, ұзақ және бақытты өмір сүрген. Сауықтыру жүйелерін екі топқа бөлуге болады: дәстүрлі және дәстүрлі емес.

Дәстүрлі сауықтыру жүйесіне медициналық әрекеттер, күнге қыздырыну (күн ванналарын қабылдау), организмді ауамен, сумен, температуралық әсермен шынықтыру, гигиеналық талапқа сай тамақтану, психикалық шынығу т.б. жатады. Олардың көпшілігі алдыңғы тарауларда қамтылды. Соларға қоса, күн ванналарын қабылдау, организмді ауамен, сумен, температуралық әсермен шынықтыру тәртіптері мен әдістерін айта кетейік.

Денені шынықтыру тәртібі мен әдістері:

Организмді шынықтыруды белгілі бір тәртіппен және арнайы қалыптасқан әдістермен жасамаса нәтижесі болмайды, тіпті адам ауруға шалдығуы да мүмкін. Организмді саналы түрде белгілі бір жүйемен шынықтыру аса маңызды, сондықтан шынықтыру ережелері бойынша болуы тиіс әрекеттер:


  • ұнамды болуы, адам тіршілігіне, қызметіне сәйкестелуі;

  • күнде немесе аптаның белгілеген бір күндерінде тұрақты болуы;

  • дене тәрбиесінің дағдыға айналған, организм өзі талап етіп тұрған бөлігі болуы;

  • шынықтыру тәртібі мен жүктемесі әр адамның жеке басының қасиетіне, жасына, денсаулығына сай болуы;

  • шынықтыру жүктемесін біртіндеп өсіру;

  • жаттығуларды белгілі ретпен орындау;

  • жергілікті ауа райының ерекшелігіне сай болуы;

Сауықтыру жаттығуларының мынадай әдістері бар: күн ванналарын қабылдау (күнге қыздырыну), организмді ауамен, сумен, температуралық әсермен шынықтыру.

Күн ваннасы бала туғаннан кейін 1-2 айда бастауға болады. Баланың өсуі үшін Д витамині қажет, бірақ ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен нәрестенің терісінде түзіледі. Күн сәулесі шыны терезелерден өте алмайды, сондықтан баланы бір мезгіл міндетті түрде далаға шығарып отыру қажет. Кейіннен бала өсе келе өзі далаға шығып ойнайды, ересек болғанда оқуға, жұмысқа барып-келе жатқанда күн сәулесі адамға әсер ете алады. Дегенмен организм көктемде, күзде, қыста ауа райы адамға ыңғайсыз болған кезде, әсіресе қысы қатты солтүстік аймақтарда организмге ультракүлгін сәуле жеткіліксіз болады, сондықтан жазда демалыс кезінде арнайы түрде күнге қыздырынуды (күн ванналарын қабылдауы) қажет етеді. Күнге қыздырынғанда шешініп, жалаңаш денеге күн біркелкі өтетіндей етіп қыздырыну керек. Алғашқы күндері 3-4 минуттан асырмай, біртіндеп 10-15 минутқа жеткізу керек. Биік тауларда, оңтүстік аймақтарда күн сәулесі организмге күшті әсер етеді, сондықтан ондай жағдайда күнге қыздырынуы қысқа мерзімді, денені күйдірмейтіндей болуы тиіс.

Ауамен шынықтыру организмнің жылуды реттеу қабілетін жаттықтырады. Жаңа туған нәрестенің киімін ауыстырғанда оның жалаңаш денесіне бөлмедегі ауа әсер етеді. Кейіннен нәрестені арнайы ауада желпіндіруге (ауа ваннасын қабылдау) жаттықтыру қажет. Ол үшін денесінің біраз жерін киімсіз ашық қалдырып, бос жатып, еркін қозғалыс жасауына мүмкіндік беру керек. Алғаш кезде ауада желпіндіру бөлменің температурасы Цельсий межесімен 22-23 градус шамасында болса, біртіндеп 19-20 градус шамасында аз уақыт денесін ашық ұстауға баланы дағдыландыру керек. Біртіндеп ауаның температурасын төмендетіп, желпіндіру мерзімі ұлғайтылады. Ержеткеннен кейін және ересек адамдар үйінде болғанда бөлмеде жеңіл киініп, аяқ-қолдарын ашық ұстаудың өзі ауада желпіндіру түріне жатады. Ауада желпіндіру әсіресе күн ыстық кезінде дене температурасын реттеу үшін маңызды, сондықтан адам ауа райына, даланың температурасына лайық киінуі тиіс. Ұйықтайтын бөлменің ауасын тазарту, бөлмелерді мезгіл-мезгіл желдету, күн жылы кезде ұйықтайтын бөлменің терезесінің ашық болуы да ауада желпіндіру түрлеріне жатады. Қаланың, өндіріс орындарындағы аймақтардың тұрғындары демалыс күндері серуендеп, таза ауада демалуы қажет.

Сумен шынықтыру денені шынықтырудың аса нәтижелі және күшті түрі, ол температуралық шынықтыру тәсілімен тығыз байланысты және организмнің зат алмасуын тез өзгертеді. Сумен шынықтыру әдісінің негізі-төмен температураны қолдану, сондықтан алғаш кезде қолданатын судың температурасын дене температурасымен бірдей, яғни 36-37º кейіннен бірте-бірте төмендету арқылы дене шынығады және зат алмасу үрдісі біртіндеп өзіндік реттеуге айналады. Алғаш кезде сәбиді шомылдырғанда судың температурасын 37-37,5 ° шамасында етіп, денесін тез жуып-шайып, кейіннен шомылу уақытын ұзартып, соңында сәл салқындау (35-36°) сумен шайып, баланың денесін біртіндеп үйретеді. Нәресте өсе келе шомылу уақытын 5-10 минутқа дейін ұзартса, кейіннен 3-5 жасқа жеткенде жазда температурасы 18-20 ° ашық суда (бассейн, өзен, көл т.б.) шомылуға әдеттендіреді. Су ваннасын, әсіресе температурасы төмен суда шомылғаннан кейін денені сүлгімен ыспалап сүртіп, қан айналысын күшейту маңызды. Белгілі бір себептермен баланы шомылдыруға болмайтын жағдайға оның денесін жылы суға малынған сүлгімен аяқ-қолдарынан бастап, кейіннен бүкіл денесін сүртіп, сумен шынығуға үйретіледі. Сумен шынықтыру өте күшті әсер, сондықтан баланың көңіл-күйіне, тыныс мүшелерінің жағдайына, температурасына назар аудару керек. Сонымен қатар адам ашық суларда шомылғаннан кейін міндетті түрде таза сумен денені шаюды, өзінің жеке басының сүлгі орамалын қолдануды дағдыға айналдыру қажет. Сумен шынықтыруды күнге қыздырыну және ауада желпінумен (күн және ауа ванналарын қабылдаумен) ұштастыру өте тиімді.

Дәстүрлі емес сауықтыру жүйелері дәрі-дәрмексіз, көп қаражатты талап етпейтін, оңай орындалатын тәртіп жүйелері, сондықтан жеке адамды да, қауым көпшілікті де өзіне тартады. Солардың бірі П.К.Ивановтың «Детка» сауықтыру жүйесі. Бұл 12 талап ережеден тұрады. Оның ішінде аптасына бір рет 24-42 сағат бойы ашығу тәртібін орындау, таңертең және кешке суық сумен шомылу, ауа райына қарамай, жалаңаяқ жер басып жүру бар.

Қазақстан физиологтары (Қ.Д.Дүйсенбин, Б.Н.Никитин, қ.қ.Сәтпаева, Т.А.Кляйнбок, т.б.) осы «Детка» жүйесінің денсаулық сақтауға, сауықтыруға тиімділігін зерттеп, оның қауіпсіз, қолдануға ыңғайлы, ешқандай қосымша қаражатты қажет етпейтінін, жөтел, қабыну сияқты аурулардың алдын алу шаралары ретінде пайдалануға болатынын, организмді шынықтыратынын, шынықтыру кезінде көбейетін тестестерон гормоны жас организмге жақсы әсер ететінін, зат алмасуының, әсіресе майдың алмасуын қалыптастыратынын анықтады. Бұл жүйе қандағы холестериннің мөлшерін азайтып, қан тамырлары мен жүрек ауытқуларын төмендетеді, организмнің эндокриндік гормондарының өнімдерін қалыптастырады, бейімделу үрдісін жоғарылатады, иммундық жүйенің қорғаныс қабілетін үдетеді. Сондықтан олар осы сауықтыру жүйесін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына негіз ретінде қолдануға болатынын, еңбек белсенділігін арттырып, салуатты өмір сүру салтын нығайтатынын анықтады.



4. Денсаулықты дамыту, қимыл дағдыларын жетілдеру, жұмыс кабылеттілігін арттыру, қоршаған ортаның жағымсыз жагдайларына ағзаның тұрақтылыгын арттыру. Созылмалы ауру бар адамды сауықтыру әдістері. Дұрыс өмір сүру, таза ауамен демалу, ас мәзірі бойынша дұрыс тамақтану-созылмалы (хронический) аурулардан сауықтырудың негізі. Бұларға қоса, созылмалы ауруларын сауықтыру үшін арнайы жаттығулар жасау, рефлекстік терапия, фитотерапия әдістерін қолданады. Соозылмалы аурулардан сауықтыру үшін әсіресе тыныс алу жаттығуларының маңызы зор. Ол үшін демді ішке жылдам алып, сыртқа баяу шығарып бірнеше рет қайталау керек. Содан кейін, керісінше, демді ішке баяу алып, сыртқа жылдам шығарып бірнеше рет қайталайды. Мұрын және ауыз арқылы дем алуды алмастырып, бірнеше жаттығулар жасалынады. Ауруға байланысты тыныс алудың ерекше түрлері де бар. Айталық, туберкулез ауруымен және жүйке ауруларымен ауыратын адамдар үшін басты кіндіктен төмен қарай еңкейтіп тыныс алу, ал гипотония, нефрит т.б. аурулардан сауықтыру үшін демді ішке алу уақытын ұзарту жаттығулары жасалынады. Астма, гипертония, жүрек ишемиясымен ауыратын адамдар күнде таңертең тыныс алуды әрбір 5 минут сайын 30 секундқа дейін тежейді. Біртіндеп демалуды тежеуді бір тәулікте 1 минутқа дейін созады. Бұндай әдіспен демалуды тежеу жаттығуларын 20 рет жасағаннан кейін денсаулық жақсартады. Мұның физиологиялық тетігі- организмде көмірсу қышқылы қан тамырларына әсер етіп, тыныс алуды тереңдетеді және оксигемоглобиннің мөлшерін көбейтеді.

Рефлекстік терапия: Чжен Цзю, Су Джок, т.б. Мұның физиологиялық тетігі жүйке жүйесінің қызметімен байланысты. Терінің биологиялық белсенді әрбір нүктесінің электр кедергісі болады. Сол жерге инені сұққанда немесе оны уқалағанда денеге оттегі енеді де, тотығу үрдісі күшейеді және температурасы көтеріледі, әрі әрекет потенциалы туады. Пайда болған қозу байланыс жолымен орталық жүйке жүйесінде немесе вегетативтік жүйке жүйесіне беріледі, одан ауырған мүшеге барып, тіршілік қуатын күшейтеді. Нәтижесінде ауруға төзімділік артады.

Фитотерапия, яғни өсімдікті пайдаланып аурудан сауықтыру әдісі. Бұл әдістің негізін Әбу-Әлі ибн-Сина «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген кітабында жазған. Әсер ету тетігіне орай емдік өсімдіктер бірнеше топқа жіктеледі:


  • жень-шень тәрізді адаптагендік әсері барлар (жень-шень, Қытай лимоны, аралия т.б.);

  • кофеин тәрізділер (кофе, шай, какао, жаңғақ);

  • төзімдегіштер (қымыздық, беде, жоңышқа, құлмақ т.б.);

  • седативті (шүйіншөп, сасықшөп т.б.);

  • хош иістілер (раушан, шетен т.б.);

  • түршіктіргіштер (шырша, эквалипт, камфора, бұрыш т.б.).

Бақылау сұрақтары:

1. Дене шынықтыру және оқыту-жаттығу сабақтарының физиологиялық ерекшеліктері қандай?



2 .Дене жаттығуларының нақтылы негіздері түсіндіріңіз

3.Жүктемеге туатын реакциялар, дене жаттығуын жасқа сай өткізу бойынша сипаттама беріңіз


Дәріс №10

Тақырыбы:Дене шынықтырудың кәсіби-қолданбалы түрлерінің физиологиялык негіздемесі

Мақсаты: Студенттерді дене шынықтырудің кәсіби-қолданбалы түрлерінің физиологиялық негіздемесімен таныстыру

Негізгі сұрақтар:



1. Дене шынықтыруды енбекті тиімді ұйымдастыру жүйесінде физиологиялык негіздеу. Дене шынықтырудың еңбек процесі шеңберінде және одан тысқары физиологиялық негіздері.

2. Адамның еңбек кызметінін физиологиялық ерекшеліктері. Еңбектің ауырлығы дәрежесі бойынша бағалаудың топтастырылуы мен өлшемдері. Орталық жүйке жүйесінің кызметі, еңбек қызметін кортикалдық реттеу., шаршаудың ерекшеліктері. Еңбек пен демалыс тәртібін оңтайландыру.

3.Еңбекті тиімді ұйымдастыру жүйесіндегі дене шыныктыруды физиологиялык негіздеу. Еңбек процесі және еңбектен тыс дене шынықтыруды физиологиялық негіздеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет