Тақырып 9. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу 1. Ұлттық экономиканың құрылымы
2. Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері
3. Ұлттық байлық құрамы және ұлттық экономикадағы қызмет етуі
4. Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуінің деңгейі
5. Жалпы Ұлттық Өнім және Жалпы Ішкі Өнім
1. Ұлттық экономиканың құрылымы Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруде «ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі» алғашқы орынды алатыны счөзсіз. Жалпы, ұлттық экономика кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Ұлттық эконoмиканың қызмет ету деңгейі – яғни, ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, қызмет ету деңгейінің, бағыттарының бірі болып табылады.
Экономика негіздеріда шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әрі қилылық мына жайлармен байланысты:
Біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау;
Екіншіден (бұл бірінші жағадйдан туымдайды) статистикалық есептеудің сан алуан метологиясы;
Үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудаған бастаған жөн. ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөоінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара иәуелділікті сипаттайды.
Қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларының құрылуы объективті экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық процесс. Оны орнату, ұстау, өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал етеді және өз кезегіндесол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына, өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне, ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен ауқымына тәуелді.
Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім меғн ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
Салааралыққа — қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі);
Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекемен өндіріс салаларының сандық арақатынасы.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
.Қол еңбегіне негізделген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады.
.Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
.Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам «өндіріс қатарында» творчестволық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
— енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,
Біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
Екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы «қайта индустрияландыру» ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетінөнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жасымен өндірістік емес салалы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономикалы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Ұлттық экономиканың мұндағы негізгі қызметі өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салаларына тек сандық өсім ғана емес, сапалық өлшемдерде тән. Ең алдымен мұнда еңбек өсімділігінің өсу қарқыны басқа салалармен салыстырғанда -2,5-3 есе жоғары. Соншалықты еңбеу өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі осы салалық қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз етіледі. Әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өңдеуші өнеркәсіпті ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының 75-80% осы саланың үлесіне тиеді.
Дәстүрлі салаларда қайта құру мен модернизациялауды жүргізудің мақсаты,
Біріншіден, өте тиімді жабдықтарды енгізе отырып, өндіріс шығындарын азайту және осы саланың өнімдерінің бәсекелік қабілетін көтеру.
Екіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына, экономикалық жаңа құрылымына бейімдеу, мұнда жетекші рөл өндірістің ғылыми сыйымды саласына ауысады. Сонымен, ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі, барысында құрылымдық қайта құру ең алдымен шаруашылықтың дәстүрлі салаларының арасындағы өзара тәулділік пен дара байланыстылықты күшейтеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа бір сланың орын алғаны ғылыми-техникалық прогреспен қызмет етеді.
Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша фирмалардың ғылшыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды. Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім экономикасы түлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті жетілдіру жолымен мүмкін болады.
Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.
Дамыған алдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес, сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.