Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Халықаралық еңбек бөлінісі



бет80/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1

2. Халықаралық еңбек бөлінісі.
Ұлттық шаруашылықтардың біртұтас дүниежүзілік шаруашылыққа бірігуінің негізінде халықаралық еңбек бөлінісі жатыр. Ол жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандануы болып табылады, солар арқылы елдер өзара өнім айырбасын жүзеге асырады. Халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) капитализм дамуының мануфактуралық сатысында пайда болды. Ол кезде ХЕБ негізінен екі жақты және үш жақты сыртқы сауда байланыстары арқылы жүргізілді.
Өнеркәсіп төңкерісі дәуірінде ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысы нығайып, олардың дүниежүзілік рынокқа тартылуы өсті. Ірі машиналы индустрияның дамуы , өндіріс көлемінің ұлғаюы , өнеркәсіптің өзінде маманданудың тереңдеуі жағдайында жекелеген елдер шеңберінде қазіргі заманғы өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қалыптастыру мүмкін емес. Дүниежүзілік өндіргіш күштердің одан ары дамуы ХЕБ-тың тереңдеу тенденциясына жағдай жасайды. Өнеркәсіп салалары ішінде мамандандырудың анағұрлым дамыған түрлері кеңінен тарала бастайды.
Халықаралық экономикалық байланыстардың бастапқы даму сатысында артық мөлшерде бір өндіріс факторларының бағасы салыстырмалы төмен болады да, ал олардың мөлшері жеткіліксіз жағдайда бағалары салыстырмалы жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет