Тақырып 12. Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі 12.1. Ақша жүйесі және ақша айналымының түрлері
12.2. Несие-банк жүйесі
12.3.Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы.
12.1. Ақша жүйесі және ақша айналымының түрлері Ақша жүйесінің маңызды компонентарына: 1) Тауарлар және қызмет көрсетулер бағасын білдіретін ұлттық ақша бірлігі (доллар, рубль, теңге, евро т.б.); 2) Қолма –қол айналымда заңды төлем қаржылары болып саналатын несие және қағаз ақша, ауыстырылатын монеталар жүйесі; 3) Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңмен бекітілген тәртібі; 4) Ақша айналымен реттеу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттік ұйымдар.
Айналысқа түсетін ақша түріне байланысты ақша айналымы жүйесінің екі негізгі типін ажыратуға болады:
Метал ақша айналымы жүйесі
Мұнда айналымда толық бағалы алтын және күміс монеталар болады. Бұл монеталар ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал кредиттік ақшалар еркін түрде метал ақшаға ауыстырылады.
Несиелік және қағаз ақша айналым жүйесі
Бұлар алтынға айырбасталынбайды, алтынның өэі айырбастан ығыстырылады.
Ақша массасы – бұл халық шаруашылығында тауар мен қызмет көрсетулердің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма –қол емес сатып алу мен төлем заттары жиынтығы.