12.3.Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы.
Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеленеді.
Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады.
Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті займ облигация, мақсатты займдар обликациясы, аймақтық облигация, аймақтық облигация және кәсіпорын (фирма) облигациясы.
Акция – акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне пайданың бір бөлігін дивидент түрінде алу құқын береді.
Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар.
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі: есімді және өкілді, жай, жеңілдікпен пайдаланатын, бір дауысты, көп дауысты, дауыссыз болып қолдананылады.
Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы.
Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз. Ол былайша анықталады:
Акция курсы =(Дивиденд / Қарыз пайызы) × 100 %
Бағалы қағаздар сауда-саттығынан орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын түрақты орын.
Биржалық курс дегеніміз – қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу бағасы.
Чек - қайта түрде бекітілген құжат.
Қаржы жүйесі қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институтардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси , экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Мемлекет қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшілігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Бюджет жүйесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастары мен заңдық нормаларға негізделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу , қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесі. Бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің , дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Ең алдымен бюджетте мемлекттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
Жергілікті бюджет. Жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.Оларға облыстық,қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар),аудандық бюджеттер және экономикалық аймақтардың бюджеттері жатады.Жергілікті бюджеттен жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын, жергілікті ж/е аймақ аралық мәні бар экономикалық, әлеуметтік,мәдени және басқа бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру жоспарланады. ҚР әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық , жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Жергілікті бюджетке жоғары деңгейдегі бюджеттерден дотациялар, субсидиялар, субвенциялар түрінде қаражат берілуі мүмкін.
Субвенция- жоғары дейгейлі бюджеттен белгілі мерзімге және нақты мақсатқа бөлінетін ақшалай сома.
Субсидия – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін әдетте біржолғы жәрдем ақы.
Жергілікті өкілдікті органдар өздеріне жоғары тұрған бюджеттерден берілген қаражаттан және мақсатты қаржы ресурстарынан басқа бюджет қаражатының пайдаланылу бағытын дербес айқындайды.
Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары. Оның кірісі жергілікті бюджетке аударылатын бөлігі шегерілген жалпы республикалық салықтар мен кірістер, экспортқа, импортқа салынатын салық, кеден алымдары мен баждары.
Республикалық бюджеттің шығысы мыналарды қаржыландыруға жұмсалады: республикалық меншікке жататын нысандарға жұмсалатын күрделі қаржы, табиғат қорғау шаралары, халықты арнаулы қорғау жөніндегі жалпы республикалық бағдарламалар. Мемлекеттік өкіметпен басқару органдарын, соттарды, құқық қорғау органдары мен прокуратураны , ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар.
А. Смит салық салудың төрт принципін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық, салудың негізін құрайды.
1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қардыландыруға) катысады.
2 .Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек.
3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен толеуші үшін ынғайлы кезде барлығын төлейді.
4. Әрбір салык ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс.
Экономикалық мазмұны тұрғысынан салык дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан занға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
- фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, кызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- бөлу кызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардын арасында, территория, облыс аудандар бойынша жүргізеді;
- реттеуші қызметі, мемлекет салықтыңкөмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропориияны реттейді;
- ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалык прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
- шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбірөндіріс гүрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;
- бақылап-есептеу кызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінін табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салык;
Жанама салыкты;
Салық өсімі үш түрге бөлінеді.
Бірінші түрі - прогрессивтік салық өсімі.
Екінші түріне салық осімінің пропорционалды өсім жатады.
Үшінші түрінде - регрессивтік салық есімі жатады.
Қазакстан Республикасында жалпы мемлекеттік салықтар бар.
Жалпы мемлекеттік салыққа жататындар.
Жергілікті салық пен алымға жататындар.
Салықтардың ішіндегі - салығы ерекше орын алады.
Американ экономисі Артур Лаффер 80-ші жылдардың басында осы мәселені қарап, мынандай ой түйген: салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсендетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермейді.
Негізгі ұғымдар: қаржы жүйесі, ақша массасы, ақша агрегаттары, банк жүйесі, банктің қызметі, салық, салықтың қызметі, салық элементтері..
Достарыңызбен бөлісу: |