Тақырып 14. Қаржылық жүйе және мемлекеттің фискалдық саясаты
14.1. Қаржылық жүйенің мәні және құрылымы. Мемлекеттік бюджет және оның құрылу принциптері.
14.2. Бюджет тапшылығы және оның себептері.
14.3. Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық түрлері. Лаффер сызығы.
14.1. Қаржылық жүйенің мәні және құрылымы. Мемлекеттік бюджет және оның құрылу принциптері.
Жалпы қаржы дегеніміз – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүзіндегі ақша құрылымының қалыптасуы, бөлінуі және қолданылуы. Сонымен қатар қаржылық жүйе - бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде тиісті институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қорын жасаумен жасалау қоры арқылы қарым-қатынас. Қаржылық жүйелер қаржылық саясат деп аталады. Қаржылық қатынастардың тұлғалары болып мыналар табылады:
Мемлекет
Фирма
Түрліше ұйымдар
Бірлестіктер және жеке азаматтар
Осылардың арасындағы байланыс ақша қорын пайдалануға бірнеше топтарға бөлінеді.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды роль атқарады.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемелекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден- мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың (АҚШ), жерлердің(ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйыадары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік ақпаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік- экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы.
Фискалды саясат – табыс табу мен жүзеге асырудың қаржылық тұтқалары арқылы экономиканы реттеу. Экономика негіздері фискалды саясаттың мынадай типтерін бөліп көрсетеді:
1) Дискребциялық (белсенді) фискалды саясат – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, мемлекеттік трансферттер мен салықтар арқылы жүзеге асырылады. Олардың көлемінің өзгеруі шығындар жиынтығының өзгеруіне әкеледі. Дискребциялық фискалды саясат сипатына экономиканың жағдайы да әсер етеді. Құлдырау кезеңінде әдетте ынталандырудан фискалды саясат жүзеге асырылады. Ол артық сұраныс жағдайында тежегіш сипатта болады. Дискребциялық емес фискалды саясат – мемлекеттік шығындар мен салықтар көлеміндегі өзгерістер автоматты түрде енгізілген саясат (автоматты стабилизатор).
2) Автоматты стабилизатор құлдырау кезеңінде сұраныстар жиынтығын ынталандыруға бғаытталады ешқандай шешімсіз болғандықтан қаржы – бюджет саясатында болатын өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |