14.2. Бюджет тапшылығы және оның себептері. Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды.
Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарында жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді , сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды.
Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарында жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға да қаражат керек. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонмен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды.