Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Есептер, жаттығулар, тестілер



бет85/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
3. Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:
а) өз кәсіпорын көлемін өзгерте алмайды
б) саланы тастап кете алмайды
в) өндіріс көлемін өзгертеді
г) кәсіпорын көлемін өзгертуге мүдделі емес
д) басқа фирмалардың бәсекелестігінен қорғалған
2. Сақтандыру компаниясы автокөлік фирмасын сатып алды. Бұл қосылудың (бірігудің) қай түрі?
а) конгломераттық
б) көлденең
в) тік
г) бұл қосылу емес
3. Көлденең және тік қосылудың (бірігудің) мысалдарын келтіріңіз
4. Монополиялық өндіріс жағдайларындағы нарық билігін іске асыру деген, ол ...
а) монополист ең жоғары бағаны белгілеуі мүмкін
б) монополистің бағасы шекті табыстан асып түседі
в) монополист кепілді түрде жоғары пайда алады
г) монополист тұтынушылардың сұранысын ескермеуі де мүмкін
д) барлық жауаптар дұрыс
5. Монополист орташа табысының өндіріс көлемінен тәуелділік функциясы:
AR = 12 – q орташа шығындардың формуласы:
АС = (16 + q2)/q. Қысқа мерзімді кезеңдегі фирма пайдасының немесе шығынының көлемі қандай?
«А» және «В» фирмалар әр салада қызмет істейді, әр қайсысы өз саласында монополист. Екі фирманың шекті шығындары 10 долларға тең. «А» фирма өнім бірлігінің бағасы – 20 доллар. «В» фирма өнімнің бағасы белгісіз, «В» фирма өніміне сұраныс икемділігі 1,25 тең. Осы фирмалардың қайсысы көптеу монополиялық билікке ие?
Монополист өніміне сұраныс мына функциядан білінеді: QD = 40 – 2P. Ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтарының ұлғаймалы бөлігі: .Қай деңгейде баға мен өндіріс көлемі белгіленеді. Егер мемлекет бағасының шегін «14» деңгейінде белгілесе, не болады?
Монополистің өндіріс көлемін, бағаларын сипаттайтын мәліметтер кестеде берілген:

Q

1

2

3

4

5

6

7

T

20

18

16

14

12

10

8

MC тұрақты және «4» тең жағдайда пайданы жоғарылату, көбейту үшін монополист өндірістің қандай көлемін таңдау керек? Монополиялық нарықта қандай баға белгіленеді?
6 Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...
а) орташа шығындар түссе (төмендесе)
б) жарнамаға шығындар өссе
в) шекті табыс шекті шығындардан асса
г) шекті табыс ауыспалы шығыстармен теңелсе
д) орташа шығындар бағамен теңелсе
7 Бір салада сату үлестері 60,30,10 тең 3 фирма қызмет жасайды, екінші салада сату үлестері 40,30,30 тең 3 фирма қызмет жасайды. Осы салалар үшін Херфиндаль – Хиршман индексін есептеңіз. Қайсысында индекс төмен болады? Ол ненің белгісі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет