Сабақтың тақырыбы : Менің -отаным Қазақстан. Астана. Сабақтың мақсаты



бет1/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7331
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әліппе

1 сынып

№ 1 Сабақ____ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Менің –Отаным Қазақстан.

Астана .



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балаларға Астана бас қала туралы түсінік беру. Отанға деген

сүйіспеншілігін арттыру.



Дамытушылығы: Сөздік қорларын молайту.Сурет бойынша әңгімелеп , тілдерін

дамыту.


Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Астананың суреттері.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап

Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабағы

3) Оқулықпен жұмыс

4) Сергіту сәті

5) Қорытынды



Ұйымдастыру кезеңі а) Психологиялық дайындық

Туған жерім мекенім,

Сенде өсіп жетермін.

Топырағынан нәр алам,

Керегіңе жаралам.
Жаңа сабақ. Астана.

Балалар ,біз қандай Республикада тұрамыз.



- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Ия, дұрыс айтасыңдар.Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет.Оның астанасы

қай қала?

- Астана қаласы.

- Бұл жаңа астана ,жаңа бас қала.

- Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

- Көк туымыз, Елтаңба,Ән ұран.

- Ал, біздің президентіміз кім?

- Нұрсұлтан Назарбаев .
Оқулықпен жұмыс.

Әліппенің 6-бетін ашқызу. Оқушыларға ондағы суреттерді көрсету.

Астанада президенттің сарайы бар.Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол жерде қызмет істейді, шетел басшыларын қабылдайды.

- Астана туралы кім тақпақ біледі?

- Оқушылардан білетін тақпақтарын сұрау.

Бірнеше тақпақтар оқып беру.

Жаса, жаса астанам,

Өркен жая бастаған .

Болашақтың есігін ,

Оң қолыңмен аш маған!

Заман жаңа ,ел жаңа,

Күлімдейді кең дала

Өз Астанам –өз Ордам

Сүйенерім сен ғана.



Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Жинап қолға күш

Қолға қалам аламыз.

Әдемілеп жазамыз

Жазу жұмысын жүргізу.Дәптердің 5-бетіндегі тапсырмаларды орындату.

Сабақты қортындылау.

Сабақты қорыту кезінде оқушылардың ойын ортаға салу. Сабақты әнұранды тыңдаумен аяқтау



Әліппе

1 сынып

2 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Отбасы.(Сөз)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды отбасындағы қарым-қатынасқа үйрету.

Дамытушылығы: .Отбасы жөнінде әңгімелесуде олардың тілін дамыту,сөздік қорын

байыту,сөз туралы ұғымын қалыптастыру.



Тәрбиелігі: Өз-ара сыйластыққа тәрбиелеу.

Түрі : Жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақжауап, түсіндіру

Көрнекілігі. Отбасы суреттері,табиғат суреттері.

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Өткенді пысықта 3 Жаңа сабақ

4) Суретпен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды



Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де

Қуанамын сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге


Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ

Отбасы.

Оқулықтың 8-бетіндегі суреттерді тірекке ала отырып, оқушылармен әңгіме өткізу.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін мынадай өлеңді оқып беру.

Анаң –үнің, жүрегің,

Әкең –өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Әжең –асыл ардағың,

Атаң –дана қорғаның.

Сен –бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.



Суретпен жұмыс.

Суреттерді көрсетіп ,астындағы сызбалар бойынша аттарын атау.



  • Ата, әже, әке, ана.

Келесі сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушылардан кімді ,нені көріп тұрғандарын сурап ,әңгімелеу.


Сергіту сәті

(Орындарынан тұрады, көздерін жұмып елестетеді)

Биіктеу тау. Баурайында қалың орман. Айнала жасыл шөп. Алыстан тоқылдақ үні естіледі. Ауа тап – таза. Терең демаламыз. Біз көңілдіміз.

Жазу дәптерінің 6-бетіндегі тапсырмаларды орындату.

«Менің туыстарым» деген ойын ұйымдастыру.Олардың қызметі ,тұратын жері туралы әңгімелету.

Қорытынды.

Отбасындағы жақын адамдарына арнап, сурет салғызу.

Әліппе

1 сынып

3 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері (Сөйлем)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды үй мүліктерімен таныстыра отырып ,олардың

пайдасы,қызметі жөнінде әңгімелету .



Дамытушылығы: Әңгімелету арқылы тілін дамыту, сөздерден сөйлем құрауға

үйрету.


Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз мүлкіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үй мүліктерінің суреттері.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Өткенді пысықтау .

3) Жаңа сабағы

4) Дәптермен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

Күн шуақ.

Мен сені сүйемін

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін.

Өткенді пысықтау

Жаңа сабақ

Оқулықтың 9-бетіндегі «Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері» тақырыбында оқушылармен әңгіме өткізу.Олардың аттарын дұрыс атауға үйрету.

( Диван, сөре, стол, орындық)

Оқулықтағы суреттердің төменгі жағындағы сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыру.

(Жаңа диван. Сөреде кітаптар тұр. т.б.

Дәптермен жұмыс. Жазу дәптерінің 7-бетіндегі ирек сызықтарды сызуды үйрету. Оқушыларға ауада жазғызу,бастыра жазғызу.


Сергіту сәті

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан – жағына қарады.

Шынықтырып денені

Қанаттарын қағады.

Ку – ка- ре –ку тұр – тұрлап,

Оятады баланы.

Үй мүліктеріне байланысты жұмбақтар айтқызып үйрету.

Төрт аяғы, арқасы бар,

Еті жоқ, тек қаңқасы бар.(Орындық)

Сырты жаз, іші қыс. Бұл не?

(Тоңазытқыш)

Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. ( Сандық)



Бірнеше суреттерді көрсетіп, олардың ішінен жұмбақтардың жауабына сәйкес суреттерді тауып, оларды атайды,шешуін табады.

Сабақты қортындылау

Өзіне ұнаған үй мүліктерінің суреттерін салғызу,әңгімелету.



Әліппе

1сынып

4Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар(Буын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды ойыншықтармен таныстыру.

Дамытушылығы: Ой-өрісін дамыту,сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Өзара көмек және ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері: қайталау, әңгімелеу,

Пәнаралық байланысы:

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Өткенді пысықтау .

3) Жаңа сабағы

4) Дәптермен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Жаңбыр жауып басылды.

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

Сыбдыр қағып шашылды.


Өткенді пысықтау.

Жаңа сабақ

Сабақты оқушылармен ойыншықтары жөнінде әңгімелесуден бастаймыз.Оқушылар өздерінің ойыншықтары жайлы айтқан кезде ,жұмбақ жасыру керек. Жұмбақ –екеу, шешуі –біреу.

Асты ,ұйқыны білмейтін,

Мұндай бала көрсем ше.

Жүгірмейтін ,жүрмейтін.

Жыламайтын, күлмейтін.

Бөбектерім бүлдіршін,

Киініп тұр бір мүсін.

Ол қаз басып жүрмейді ,

Сөйлемейді ,күлмейді.

(Екеуінің де шешуі.қуыршақ).

Қуыршақ сөзін пайдаланып, сөйлем, әңгіме құрату

Оқулықтағы ойыншықтарды атап, сызбалар бойынша талдау жұмысын жүргізу.

А-сық, доп, ша-на, ма-ши-на.


Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің 8-бетіндегі қайықтың суретін бастырып салу,иректер жазғызып жаттықтыру.

Дәптердегі суретке байланысты сызбалар арқылы сөйлемдер құрау және сөздерді буынға бөлу.
Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып,

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.
Сабақты қортындылау.

Оқулықтағы «Тоғызқұмалақ» тақырыбындағы мазмұнды сурет бойынша оқушыларға әңгіме құрату,сөйлемдерді сызба арқылы дәптерге жазу.

Оқушыларға ойыншықтар жөніндегі әнді бірге айту.

Н. Әлімқұлов.

Біздерде бар қуыршақ.

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.


Қуыршақтар ұйықтайды.

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ұйықта десең, ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.



Әліппе

1 сынып

5 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға оқу құралдары туралы мәлімет беру..

Дамытушылығы: Жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқулықтарын таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Өткенді пысықтау.

3) Жаңа сабақ

4) Оқулықпен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды



Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш.

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.


Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 10-бетіндегі суретпен жұмыс.

Оқу құралдарының атауларын атату. Алғашқы қолымызға ұстаған оқулықтарыңның атауын ата. Әліппе. Буынға бөлгізу. Ә-ліп –пе. Ма-те-ма –ти-ка, Дәп-тер. Қа-лам , Сыз-ғыш.

Осы оқулықтар бойынша мысалдар келтіру.



  • Әліппе сабағында біз не істейміз?

  • Математика сабағында ше?

- Ал, тағы қандай оқулықтар бар?

- Дәптерге біз не істейміз ?


Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.
Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі жазуларды жазғызу.

Ойын: «Оқу құралдары»

Оқушыларға сөздер айту. Сол сөздердің ішінде оқу құралдары кездессе, соларды атау.

( орындық, дәптер, парта, қалам, гүл, кітап, шкаф, күнделік, сағат, өшіргіш, киім, күрте, сөмке.)
Сабақты қортындылау.
Әліппе

1 сынып

6 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Күз(Әңгіме)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға күз мезгілі туралы мәлімет беру. Суреттеп, сипаттап,

әңгімелеуді меңгеру.



Дамытушылығы: Жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын, тілін

дамыту.


Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, табиғатты суюге, қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Көрнекілігі. суреттер,тірек сөздер.

Сабақтың өту әдісі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың жоспары:.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

2) Жаңа сабақ.

3) Оқулықпен жүмыс.

4) Суретпен жұмыс.

5) Сергіту сәті.

6) Дәптермен жұмыс.

7) Қорытынды.

Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

Табиғат. Тіршіліксің тұнып түрған.

Сен-күнсің .Көтерілген күліп қырдан

Сен-көлсің Сен-ормансың ,Сен бұлақсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Жаңа сабақ

Ш. Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?» өлеңін жатқа айтып беру.

Бұлттар төніп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Оқушыларға күзде, табиғатта болатын өзгерістер туралы айту.Оқулықтағы «Күз» тақырыбындағы суретке қарап, сөйлемдер құрастырғызу. Ондағы тірек сөздер арқылы әңгіме жүргізу. Олар: кірпі, алма, қыз бен ұл, орман, сары жапырақтар, бұлт.

Оқушыларға күзгі жапырақтарды салғызу. Олардың түстері қандай болатынын сұрау.

Сергіту сәті

Көркем табиғаттың аясында тұрмыз.

Биік-биік өрмелеп шығайық,

Көк аспанның таза ауасын

Жұтып дем алайық.
Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі қолдың еркін жазуына жаттықтыруға арналған жұмыс түрлерін жүргізу. «Күз» тақырыбына құрастырылған әңгімеден сөйлемдерді пайдаланып ,дәптерге сызба арқылы жазу.


Тапсырма: Көбелектің гүлге ұшып баратын жолын бастыра сызғызу.

Қ. Мүсіреповтың «Күз» атты өлеңін оқушыларды жатқа айтуға үйрету.

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық .

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып,

Осы шумақтарды оқушыларға жаттату. Өлең ішіндегі бұзық, гуілдеп, шуылдайды, жұлғызып сөздерімен сөздік жұмыстарын жүргізу.

Дәптердегі сызбаға қарап ,суретке сәйкес сөйлемдер құрастыру.Осы сөйлемдерден әңгіме шығару. Оған ат қою.


Сабақты қорыту.

Әліппе

1 сынып

7 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Дақылдар. (Дыбыстар)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жаңа тақырып туралы мәлімет беру.Оқушыларға

дақылдардың аттарын тапқызып, оларды буынға бөлуге үйрету.Сөздерге

дыбыстық талдау жасатуға үйрету.

Дамытушылығы: Ой –өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері : Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі.

Көрнекілігі. Суреттер, сызбалар, дақылдар.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабақ

3) Оқулықпен жұмыс

4)Дәптермен жұмыс.

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды



Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Күн шуақ


Мен сені сүйемін

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін

Жаңа сабақ.

Қ.Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңін жатқа айтып, мазмұны бойынша оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды ,

Қырманға дән сыймайды.

Оқушыларды әңгімеге тарта отырып, түрлі сұрақтар қойып ,жауап алу.

Мысалы: Қырманға қандай астықтарды жинайды? Дақылдың қандай түрлерін білесің? Оларды қалай пайдаланамыз?


Оқулықпен жұмыс:

Суреттердің аттарын атау. Би -дай, жү –ге -рі, та -ры, күн –ба -ғыс

Оқулықтағы комбайн мен элеватор суреттері бойынша оқушыларға әңгіме құрату.

Комбайнмен егін жинаймыз. Жинаған егінді машинаға тиеп ,элеваторға апарады.


Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптерінің 10-бетіндегі ирек сызықтарды бастыра отырып, жолдың аяғына дейін жазғызу. Иректердің биіктіктеріне ,арақашықтығына көңіл бөлу.



Сергіту сәті

Жаңбыр жауып басылды

Аспан шайдай ашылды

Желмен бірге жапырақ

Сыбдыр қағып шашылды

Оқулықтағы суреттер бойынша құраған әңгімеден керекті сөйлемдерді алып, сызбасын дәптерге түсірту.Кейбір сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату. Мысалы: комбайн сөзінде неше буын бар? Неше дыбыс бар? Бірінші буында неше дыбыс? Екінші буында неше дыбыс?


Қорытынды

Білімді пысықтау ретінде «Жалғастыр» ойынын ойнату.

Бір оқушы дыбыстардың бірін айтады. Екінші оқушы сол дыбыстан басталатын сөз табады. Үшінші оқушы сол сөзді қатыстырып ,сөйлем айтады.

Әліппе

1-сынып

8 Сабақ Күні: ____________



Сабақтың тақырыбы: Көкөністер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға көкөністер туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,жан-жақты ойлауын

дамыту.


Тәрбиелігі: Өзара көмек және ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс. Тіл дамыту.

Көрнекілігі : суреттер, әріптер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру ( Психологиялық дайындық)

Қуан, шаттан, алақай.

Қуанатын күн келді.


Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн.



Өткенді қайталау.

Оқушылардан дақылдар туралы сұрау.

-Дақылдардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Егінді қай кезде жинаймыз ?

-Комбайн сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Жаңа сабақ

Көкөністер.

Оқушыларға көкөністің аттарын ататып, оларды буынға бөлгізу.
Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суреттердің аттарын атау. Сәбіз, қызанақ, қияр, қызылша. Оларды буынға бөлу. Сә-біз, қы-за-нақ, қи-яр, қы-зыл- ша. Д

Дыбыстық талдау жасау. Қызылша -7 дыбыс, 3дауысты, 4 дауыссыз.

Сәбіз -5 дыбыс, 2 дауысты , 3 дауыссыз.


Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінің бетіндегі жазуларды дәптерлеріне таза, әдемі етіп жазғызу.

Қарбыз сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасату.
Сергіту сәті.

Жаңбыр жауып басылды.

Аспан шайдай ашылды.

Желмен бірге жапырақ.

Сыбдыр қағып шашылды.
Оқулықтағы суретпен жұмыс.

- Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Адамдар не істеп жатыр?

- Олардың қолдарынан нені көріп тұрсыңдар?

Оқушылардан толық жауап алу. Сурет бойынша сөйлем құрастыру, әңгімелеу.

Қауын сөзіне талдау жасату.

Ойын «Қай буынды жоғалттым?»

Буындарды өтіп,сөздерді дұрыс бөлуге күрек, қарбыз, қызанақ, қауын сөздеріндегі кү..., қар..., қыза..., қа... жазылмаған буындарды дұрыс, тез көп тапқан оқушылар ұтады.

Дәптердегі қалған сызбаларды жазғызу.
Қорытынды.

Әліппе

1сынып

9 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Жемістер.(Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жемістер туралы мәлімет беру. Дауысты, дауыссыз

дыбыстар туралы түсіндіру.



Дамытушылығы: Ойлау, көру ,сезіну қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері : Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Дүниетану.

Көрнекілігі. Суреттер,

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабақ

3) Оқулықпен жұмыс

4) Дәптермен жұмыс

5) Сергіту сәті

6) Суретпен жұмыс

7) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Тілейміз көктем шуағын.

Тілейміз жаздың ұзағын

Тілейміз күздің жемісін.

Тілейміз қыстың қарлысын252.


Жаңа сабақ

Оқулықтың 14-бетіндегі «Жемістер» тақырыбына байланысты әңгіме айтып беру.

Ерте,ерте, ертедеме, әлде қазіргі заманда ма? Әділхан қарияның немересі қаладан қонаққа келеді. Қария немересін қасынан қалдырмай ертіп жүреді екен. Бір күні қария:

- Дәулетжан, бүгін баққа барамыз, тұра ғой,-дейді ақырын дауыспен немересін ұйқыдан оятып.

Бұрын-соңды «бақ» деген сөзді естімеген Дәулет таңырқап, «ол не екен?»-деп ойлайды. Олар баққа келеді. Бақ іші сондай әдемі ,бұтақтарын жемісте көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп,бақ деген сөзді бірден түсінеді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап, бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады. Ол ағаш.

- Мен өрікпін, өрікпін,.

- Табиғатқа көрікпін, деп өзін таныстырып, жемісінен үзіп берді.

- Ол келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен?

- Мен шиемін ,шиемін,

- Күннің көзін сүйемін, -деп өзін таныстырды. Шие жемісінен үзіп берді.

- Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай деп таныстырды:

- Мен алмұртпын ,алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан Дәулетке жүзім тап болды.

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім,-деп өзін таныстырып, жемісінен сыйлады.Дәулет атасына біраз көмектесті. Жемістер жинады. Бақ ішін тазартты. Әділхан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп арқасынан қақты.

Осы әңгімені айтып болған соң, мынадай сұрақтарға оқушылар жауап береді.

- Дәулет атасымен қайда барды?

- Атасы Дәулетті неге «Кішкентай бағбаным» дейді?

- Бақта қандай ағаштар өседі?

Оқулықтағы жемістерді буынға бөлгізу, сызба арқылы ажырату. Қол қозғалысы арқылы көрсету.

Ш-ие, ал-ма, жаң-ғақ, ал-мұрт,ө-рік.


Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптерінің 9-бетіндегі қоянның сәбізге дейінгі жолын бастыра сызу. Ирек сызықтарды бастыра сызғызу. Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасын орындату. Суретке сәйкес сызба талдау жұмыстарын жүргізу.



Сергіту сәті:

Кел балалар ,ойнайық

Тектен текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық.

Үзіп алып бақтардан

Жолдастарға сыйлайық.

Оқулықтағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу. Оған ат қою.
Тапсырма: Алма сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қортынды:

Әліппе

1 сынып

10 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Аңдар. (Дауысты дыбыстар мен буын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға аңдар туралы мәлімет беру.Жабайы аңдар, олардың

өмірімен таныстыру.



Дамытушылығы: Ой-өрісін дамыту..

Тәрбиелігі:Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу, логикалық ойлау

қабілеттерін жетілдіру. Табиғатты қорғауға, жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс – тәсілдері : Жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: Дүниетану.

Көрнекілігі. Жабайы аңдардың суреттері.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың жоспары:.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

2) Жаңа сабақ

3) Оқулықпен жұмыс.

4) Дәптермен жұмыс.

5) Сергіту сәті

6) Қорытынды



Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Мен бақытты баламын

Оқып дана боламын

Әрқашан би билеп

Жұлдыздай боп жанамын



Жаңа сабақ.

Оқушыларға оқулықтағы суреттер туралы түсінік беру. Аңдардың аттарын буынға бөліп оқыту. Қасқыр туралы айту. Жыртқыш аң. Жабайы аң. Орманда ,тоғайда, тауда өмір сүреді. Етті жақсы көреді. Түлкі – өте иісшіл,саққұлақ, қырағы көз аң.Жолбарыс туралы,

арыстан туралы айтып кету.

Оқулықтағы сурет бойынша түсінік беру.

Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?


  • Аюды, кірпіні, қоянды.

  • Аюдың түрі қандай?

  • Қоңыр, өзі үлкен, қолында таяғы бар.

Аю, кірпі, қоян туралы айтып кету.Қоян қорқақ,құйрығы бір тұтам, құлағы сала құлаш. Кірпі, аю алты ай бойы ұйықтайды.Суреттің астындағы сызба бойынша сөйлем құрастыру. Құраған сөйлемдерін әр балаға ауызша айтқыздыру.
Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі жазуларды жазғызу. Бастыра жазу.Жазу кезінде оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.


Сергіту сәті

Тауға шықсаң -қалың қар.

Сайға түссең –қалың қар.

Шырша үсті –қалың қар.

Байқаңдар қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар,

Оқулықтағы суреттен ағаштар туралы не білетіндерін сұрау.

Ойын.» Буынды оқып, сөйлем құра»

Кеспе карточкаға бір заттың алғашқы буынын жазып, жалғасын табуды оқушыларға тапсыру. Тапсырманы тез орындаған бала мадақталады.

Қорытынды:

Сабақты ссұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.



Әліппе

1 сынып

11 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балалардың үй жануарларының тіршілігіне қызығушылығын

ояту,түсініктерін қалыптастыру.Төрт түлік мал туралы білімдерін жетілдіре

түсу.

Дамытушылығы: Бір-бірін тыңдауға, ойын еркін жеткізуге машықтандыру.

Тәрбиелігі.Оқушыларды еңбексүйгіштікке ,үй жануарларын сүюге ,қамқор болуға

тәрбиелеу.



Көрнекілігі. Жануарлардың суреттері

Түрі: Жаңа сабақ

Әдістәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік ойын.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Психологиялық дайындық)

2. Жаңа сабақ

3.Оқулықпен жұмыс

4. Суретпен жұмыс.

5.Сергіту сәті

6. Дәптермен жұмыс.

7. Қорытынды


Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге


Жаңа сабақ

Кіріспе

Жер бетінде өмір сүріп жатқан әр халықтың сонау ерте заманнан келе жатқан ата кәсіптері болған . Өмір сүріп, тіршілік ету үшін бір халық егін еккен, бір халық мал баққан, бір халық бау-бақша өсірген. Сол сияқты біздің ата-бабаларымыздың негізгі тіршілік көзі –мал шаруашылығы болған.Малдың сүті, еті-тамақ, терісі мен жүні- киім, тұрмысқа қажетті әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланған. Мінсе көлік болған,жұмысқа пайдаланған. Сондықтан қазақ халқы өздерін асыраған малды қастерлеп, төрт түлікке бөлген: сиыр, жылқы, түйе, қой мен ешкі.

Осы малдардың әрқайсысын сақтап жүретін иелері, пірлері болған деп сенген. Түйе иесі –Ойсылқара, жылқы иесі-Қамбар ата, сиыр иесі –Зеңгі баба, қой иесі –Шопан ата, ешкі иесі –Сексек ата.

Оқушыларға үй жануарларының өнімдері туралы айтып кету.

Түйеден алынатын өнім: жүні, шұбаты, еті, қылы, тұяғы.

Жылқыдан: қымыз, ет, тері, қылы, тұяғы.

Сиырдан: сүт, тері, сүйек, ет, тезек.

Қойдан: жүн, сүт, ет, май.


Оқулықпен жұмыс:

Оқушыларға суреттегі жануарларды, олардың төлдерін ататып, дыбыстық, буындық талдаулар жүргізу.

Сурет бойынша жұмыс:
Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың?
Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптердегі ешкінің шөпке дейінгі жолын анықтап ,бастыра сызуға үйрету. Қолдың еркін қозғалысына арналған жаттығуларды жазғызу. Ауада жазу. Дәптердегі суретке сәйкес сызба жұмысын орындау.

Үй жануарлары қалай дыбыстайды?деген ойынды ойнату.
Қорытынды:

Үй жануарлары туралы ертегі құрастыру.

Ертеде бір малшы болыпты. Малшы өзінің малдарын шақырады:

Оқушы:


-көс-көс-көс-түйе келеді,

-аухау-аухау –сиыр келеді,

-пұшайт-пұшайт- қой келеді,

-шөре-шөре –ешкі келеді

-құрау-құрау –жылқы келеді.

Әліппе

1 сынып

12 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Тағамдар (Буын, сөз, сөйлемдер)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды дұрыс тамақтануға денсаулығын сақтауға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Сабақ барысында еңбекқорлыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Кесте,суреттер ,мақал мәтелдер

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс. Салауаттану.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

(Психологиялық дайындық)

2. Жаңа сабақ

а) Кіріспе

3. Оқулықпен жұмыс

4. Сергіту сәті

5. Дәптермен жұмыс.

6. Сергіту сәті.

7. Қорытынды

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Күн шуақ

Мен сені сүйемін

Жүрегімнің жылуын

Мен сендерге беремін



Жаңа сабақ

Кіріспе:

Оқушыларға өздерінің ұнататын тағамдары туралы әңгімелету. Оларды сөйлем- сөз,

буынға талдату.Оқушыларға тағамдар туралы бірнеше сұрақтар қойып. жауап алу.Мысалы; сүттен қандай тағамдар жасайды? Көкөністен ше? Еттен ше? Жеміс-жидектен ше?

Оқулықтағы берілген суреттердің аттарын атау.Оларды буынға бөлгізу.

Ай-ран, і-рім- шік, қа-зы, май. Айранды, ірімшікті, майды қалай әзірлейді? Қазы қай малда болады? Жылқы малы туралы не білесің?
Суретпен жұмыс.

- Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Олар не істеп жатыр?

- Қандай мереке деп ойлайсыңдар?

- Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Алтыбақан сөзіне буындық талдау жасату. Ал-ты-ба- қан- неше буынға бөлінген?



Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік.

Төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.
Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптеріндегі қолдың еркін жазуға арналған жаттығу жұмысын жаздырту.

Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасын орындау.

Оқулықтағы мазмұнды суретке ат қойып, оқушылардың өздеріне әңгімелету.

Әңгіме кезіндегі кездескен бауырсақ, ірімшік, наурыз көже сөздеріне буындық талдау жасату.

Ауызша құрастырылған сөйлемдерді дәптерлеріне сызба арқылы жазғызу.


Сабақты қорыту.

Оқушыларға өздерінің ойларынан бірнеше сөздер, сөйлемдер ойластыру. Оларды буынға бөлгізу. Әр қатарға бір сөзден беріп, буынға бөлгізу.

1 қатар.Алтыбақан. айран.

2 қатар. Наурыз көже домбыра. .

3 қатарІрімшік, құрт.

Жақсы қатысқан қатарды мадақтау.



Әліппе

1сынып

13 Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жаңа сабақ туралы , ертегі туралы түсінік беру. .

Дамытушылығы: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Суреттер

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, талдау, ажырату,

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі.

(Психиологиялық дайындық)

2.Жаңа сабақ

а) Кіріспе

3. Оқулықпен жұмыс

4. Сергіту сәті

5. Қорытынды

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы.

Шашыңды тарашы

Киіміңді киші ,

Мектепке қарай жүрші

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы.
Жаңа сабақ

Оқулықтағы «Мақта қыз бен мысық» тақырыбына арналған мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Төмендегі жоспар бойынша жүргізу


  1. Мақта қыздың сүтін мысық төгіп қояды.

  2. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

  3. Мысық сиырға барады.

  4. Мысық ағашқа барады.

  5. Мысық суға барады.

  6. Мысық дүкенге барады.

  7. Мысық тауыққа барады.

  8. Мысық тышқанға барады.

Осыдан кейін мысықтың қайтуы туралы әңгіме құрастыру.
Дәптермен жұмыс

Жазу дәптеріндегі жазуларды жазғызу.

Ертегідегі кейбір сөздерді талдату. Сол сөздерді буынға бөлгізіп оқыту.

Талдау: Мысық- 5 дыбыс, 5 әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

Ағаш- 4 дыбыс, 4 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз

Тауық- 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз

Оқулықтағы ертегі бойынша оқушылардан сұрап, әңгімелету.
Қорытынды:

Мысықтың қайту жолы туралы әңгіме құратқызу.



Әліппе

1 сынып

14 – Сабақ Күні:______



Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық (Сөйлем ,әңгіме)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен тақырып бойынша пысықтау.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Өз пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі. суреттер

Түрі: Қайталау сабақ

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, талдау.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым.

Күлші қане, достым

Қайырлы күн болсын ,Бүгінгі күн міне

Күлші қане, досым, сәттілікке толсын.

2. Қайталау сабағы.

Оқушылардан өткен тақырып туралы сұрау, әңгімелеу.Сұраққа жауап алу.

- Әңгіме кім туралы?

- Мақта қыз не істеді?

- Ол не тауып алды? Т. Б. Сұрақтар қойып пысықтау.

Әңгіменің астындағы сызба бойынша оқушыларға сөйлем құрастыртқызып, құраған әңгімелерін ауызша айтқызу.

Әңгімепің соңынан бастап, әңгімелету.

Жаңылтпаш айтқызу.

Пеш түбінде бес мысық

Бес еүзетші бес мысық

Тышқан аулап жемесе

Бола қоймас еш қызық... деген жаңылтпашты айту арқылы ертегінің мазмұнын ашу.

Ертегідегі кейіпкерлерге байланысты жұмбақтар жасыру.


Дәптермен жұмыс.

Дәптердің бетіндегі жазуларды жазғызу.

Оқулықтағы суреттер бйынша құраған әңгімеден керекті сөйлемдерді алып, сызбасын дәптерге түсіру.

Мысық, сиыр, тауық жұмыртқа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.


Сергіту сәті.

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз,

( Екі қолмен қанат жасап ұшады.)

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.

(Бір орындарында тұрып жүгіреді)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп.

Орнымызға қонамыз, қонамыз.

(Бәрі орындарына отырады.)

Дәптердегі қалған жазуларды жазғызу.

Қорытынды ретінде ертегіні тез-тез қайталату.



Әліппе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет