Сергіту сәті
«Моншақ әріп» ойыны. Моншақтың үзік белгілеріне қарай сөздер құрайды. Олар қандай сөз пайда болғанын айтады. (ине, етік, кимешек)
Суретпен жұмыс: Ұлттық киімдермен таныстыру. Бауыржанның киімдері: Шапан, етік, бөрік,ішік.
Білетін киімдерді ата. Жаулық, мәсі, кимешек, сәукеле, ішік
: Ойланалық тапсырмасын орындау.. Тәулік, жиек, мәсі, тиін, ішік, биік.
Есту диктанты: Бауыржан оқушы болды. Ол мектепке келді.
. Қандай әріп өттік?
Бергісі келмей түймесін, Кісіге жұмсар инесін. (итмұрын)
Үйге 78-79 бет. әліппе серігі 19 бет, Инелік жаттау.
Ережені қайталау.
№ 59 Сабақ Күні:
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.
Сабақтың міндеті: И әрпінің баспа және жазба түрін таныту
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, и айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету; Заттың жекеше, көпше түрімен таныстыруды жалғастыру. 2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Өткенді пысықтау. 78 бет, мәтінді тізбектеп оқыту; әліппе серігі 19 бет, Инелік жатқа сұрау.
Кіріспе әңгіме:
Тіл жатықтыру:
Икемді екен Игісін,
Икемдінің бұл ісін.
Иді сымнан Игісін
Инеліктің үлгісін
Дәптермен жұмыс
И- бас әрпін жазу, Инеш, Иса сөздерін жазып, ауызша дыбыстық талдау жасау.
79 беттегі логикалық тапсырманы тақтаның көмегімен орындату.
Жаңа тақырып:
Оқулықпен жұмыс. Шыбын, инелік, маса- ұқсастықтары, айырмашылықтарын айту.(бунақденелер, қансорғыштар,т,б,«Кейіпкер орындығы» ойын.
. Оқулықпен жұмыс
«Инелік» мәтінімен танысу. Инелік жайлы мәлімет беру.
Заттың жекеше және көпше түрімен танысу, оларға сұрақтар қою. Инелік, инеліктер. Қайтті? сұрағымен таныстыру. Сиыр мөңіреді, ит үрді, бота боздады.
Дәптермен жұмыс
И-дің бас және кіші әрпін жазу. Тақтада орындап, дәптерге көшіру. Маса, шыбын, инелік- көпше түрде жазу.
Логикалық тапсырма
К-көбелек, а-ара, қ-құмырсқа, и- инелік
Сергіту сәті
Отырайық жүрелеп ,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп
Басқа гүлге қонайық.
Суретпен жұмыс:
81 беттегі суреттермен жұмыс ондағы сұрақтарға жауап беру.Тиін орманда болады. Сиыр ше? Киік далада болады. Ит ше?
Есту диктанты:
Әжем кимешек киді. Атам мәсі киді. Немересі атасы мен әжесіне көмектесті.
Ауызша жұмыс:
Ойланайық тапсырмасы орындалады. Суреттерді пайдаланып сөйлемдер құрап тақтаға жазу.
Бірінші бағанды дәптерге көшіріп жазу.
Қорытынды.
Заттың көпше түріне қандай сұрақ қойылады.
Ережені қайталату.
№ 60 Сабақ Күні:
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі.
Сабақтың міндеті: Й әрпінің баспа және жазба түрін таныту
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, й айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету 2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Бәріміз тұрайық .
Күннен жылу алайық
Алтын күн, жарқын күн,
Шуағыңды төге бер.
Арайыңнан нәр алған
Біз бақытты балдырған.
Кіріспе әңгіме: Жұмбақ
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. /Түйе/
Түйе сөзіне талдау жасап, сөйлем құрау. Й- дауыссыз дыбыс. Жазба және баспа түрімен таныстыру. Сөздің басында өте сирек кездессе, ортасында, соңында кездеседі. Әрқашан дауысты дыбыстан соң келеді. Мысал келтіру.
Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс.
Аурухана суреті ( дәрігер, ауырды, йод)
Оқулықпен жұмыс Йод-сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастыру.
Йогурт- тағам тамаша,
Йод жақ- жараң қанаса.
82 бет жеке сөздерді салыстыра оқытып, дыбыстық талдау жасайды.
«Айдар мен Айдос» тақырыбындағы мазмұнды сурет әңгімеленеді.
-А йдос пен Айдар не істеді?
- Олардың қолдарында не бар?
Олар қайда отыр?
Сергіту сәті
Жел соқты –гу-гу,
Жаңбыр жауды, тырс, тырс,
Жаңбыр басылды.
Күн ашылды.
Дәптермен жұмыс 33 бет. Й-кіші әрпін жазу, сөздерді жазу, ай мен қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Сөздік диктант. Ағай, ойла, оймақ, айтыс, айла.
Бекіту. «Тамақтану» әңгіме құрастыру. Алтынай, Айдар, қайрат, қаймақ, айран, тамақ, алма, өрік.
Ауызша жұмыс: Ой – ой – ой – қорада тұр қой,
Ай – ай – ай – жайылып жүр тай.
Қорытынды.'>Қорытынды. Й қандай дыбыс? Мысал келтір.
Логикалық тапсырманы орындау. Қыз атаулары: Айқын, Айша, Айжан, Айман. Ұлдардың аттары: Айдос, Айдар, Айдын, Айбек
№ 61 Сабақ Күні:
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі.
Сабақтың міндеті: Й әрпінің баспа және жазба түрін таныту
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, мәтінмен таныстыру. Мәтін мазмұнын ашуға, буындарды ажыратуға, естіген сөздерді жазуға үйрету 2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.
3. Таза ,сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай,
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Есту диктанты:
Айжан айранды ішті. Қайрат інісіне ойыншығын берді.
Кіріспе әңгіме:
Шебер сөзіне түсініктеме береміз.
Қолынан бәрі келетін жақсы тамақ лісіреді
Шебер
жақсы тігеді сурет салады
Жаңа тақырып:
Й сөздің басында, ортасында кездеседі. Й тек дауысты дыбыстан кейін ғана жазылады.
Шебер сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Оқулықпен жұмыс«Шебер қолды әжей» мәтінімен танысу.
Мазмұнын ашып, талдау
Суретпен жұмыс:85 беттегі суретпен жұмыс жүргізіледі. Суреттермен сөйлем құрайды.
-Айдос не істеді?
- Оның суреті қандай болды?
- Ал Айжан мен Майра не істеді?
- Сен ше?
Дәптермен жұмыс 34 бет Й- бас әрпі жазу. Айдар сиыр бақты. Мен, сен, ол- жіктеу.тақтада оқушыларға орындату.
Ауызша жұмыс: Й әрпі кездесетін сөздерді жазу
Қорытынды Й дыбысының дұрыс жазылуын қалай ескереміз
№ 62 Сабақ Күні:
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың міндеті: Г әрпінің баспа және жазба түрін таныту
Сабақтың мақсаты: 1. Гг дыбысы мен әрпі бар сөздерді меңгерту. .2. Оқушылардың сөйлеу тілін , ойлау, сезіну қабілетін дамыту. 3. Сыпайылылық, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастайық
Сабақты біз бастайық.
Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Г- дауыссыз, ұяң. Баспа және жазба түрімен таныстыру.
Көшеде құдық, қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?(Г)
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді,
Алақанын жазып. (гүл)
Г- дауыссыз дыбыс.
-Неге?
- Себебі, бұл сөздерді айтқанда,..
Ережені қайталату.
Ауада, тақтада жазып көрсету. Дауыссыз дыбыс+ дауысты дыбыс г+а, г+е, г+о, г+ө, г+у, г+і, г+ә. Буындар құрап, сол буыннан сөздер құрау.
Оқулықпен жұмыс. 86 бетіндегі бағанға жазылған сөздерді тұтастай оқуға жаттықтыру жұмысы жүгізіледі.
Кеспе әріптерін пайдаланып басқа сөздер құратып, оларға дыбыстық, буындық талдаулар жасалады.
Дәптермен жұмыс. Г-кіші әрпін жазу, буындарды жазу, ертегі, әңгіме- жазу.
Қ-ғ сандық- сандығы
К-г көйлек- көйлегі дыбыстық талдау,
Сергіту сәті
Бір, екі –жүреміз.
Үш, төрт –тоқтаймыз.
Бес, алты-жүреміз.
Бес, алты және жүреміз.
( Алаңда тізбектеліп жүріп орындайды)
Оқулықпен жұмыс. «Ай мен Әтеш» оқу, ертегі . Мазмұнын ашып, талдау
Суретпен жұмыс: «Ер қанаты ат» мақалын түсіндіріп, сурет бойынша әңгіме айтады. Тірек сөздерді оқу. Сөздерді сөйлемге қатыстырып құрау.
Дәптермен жұмыс:Қайрақ- қайрағы, Тарақ тарағы, қайық- қайығы, жапырақ -жапырағы, көйлек -көйлегі, шелек –шелегі
Есту диктанты:
Қаламқас аулада достарымен ойнады. Ойын қызықты болды. Барлық балалар тату ойнады.
Қорытынды. Г әрпіне байланысты сөздерді еске түсіру
№ 63 Сабақ Күні:
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың міндеті: Г әрпінің баспа және жазба түрін таныту
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, г айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Сөздің дыбыстық иәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: көрнекілік
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Мен бақытты баламын
Оқып дана боламын
Әрқашан би билеп,
Жұлдыздай боп жанамын.
Өткенді пысықтау. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде кездеседі? Мысал келтір. Ойындар: «Кім әдемі жазады?»
«Буындардан сөз құра» Мұғалім алғашқы буынын айтады. Оқушылар жалғастырады.
Кіріспе әңгіме:Буынды жалғастыр: Гүлдер, шеге, көгершін, қалам, оқулық, жапырақ, ойыншық,
Оқулықпен жұмыс. Шардағы буындармен сөздер құрастыру. Қа-қағаз, қалам, ге- шеге, тегене, ке-кеме, келе, кесе, кө-көмір, көмек, көше, ко-ко , ғы- шаңғы,бұғы, гі- көгі, игі, кі-кісі,кілем, кіші.
«Көгершін» мәтінімен танысу. Мазмұнын ашамыз. Қамбар не істеді? Қаламқас ше?
Ауызша жұмыс:Көгершінге қандай қамқорлық жасаймыз? деген сұраққа жауап айтамыз.
Жаңа тақырып.Қандай? Не істеді? Сұрақтарымен таныстыру.
Заттың түрін, түсін білдіретін сөздерге қандай? деген сұрақ қойылады.
Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? деген сұрақ қойылады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Иықты алға тік ұстап,
Мұғалімнен ұғамыз
Әрбір сөзін нық тыңдап.
Дәптермен жұмыс.
Г-ның бас әрпін тақтада, ауада, дәптерде жазу. 2 элементтен тұрады.
Егеу, дәптер-сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Тапқышбектің тапсырмасын дәптерге көшіріп жазу.
Қандай? Не істеді?
Көк,көкшіл, көгерді
Сары, сарғыш сарғайды
Ақ ақшыл ағарды
БекітуА,ғ,у,ш,о,қ,м,с,ы,д,б,ж,р,ң.е,і,ә.и- осы әріптерден 3 сөз құра аға, бас,бер т.б.
Қорытынды.Қандай? Не істеді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар
Әліппе серігі. 21 бет. жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |