Сабақтың тақырыбы : Менің -отаным Қазақстан. Астана. Сабақтың мақсаты



бет9/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқулықпен жұмыс. 66 бет. Кеме сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрастыру.

Сөздерді буынға бөліп, тізбектеп оқыту.

Мазмұнды суретпен әңгіме құрайды. Мәтін оқылады. Мәтіннің құрылу жүйесін мән беру керек.

Дәптермен жұмыс. 21 бет. К-кіші әрпін жазу. Бір үзіліспен жазылады. Керік, көйлек, кітап сөздерін дыбыстық талдау жасалады.

Есту диктанты:Қарлығаш аспанда қалықтады. Астана жас қала.

К-дыбысына байланысты дауыссыздың ережесін қайталату.

67 бет. «Екі лақ» ертегіні оқып беру. Тірек сөздерді оқу (ақ, жағада, көк, олар, жол, лақ, лақтар, маған). Сөйлем құрастыру. Мазмұнды суретпен әңгіме құрайды.

Оқушылардың құраған әңгімелерін оқыту.



Дәптермен жұмыс. 22 бет. К-бас әрпін жазу. Бір үзіліспен жазылады. Ақ-ақшыл, сары-сырғыш, көк-көкшіл. Дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті. Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.



Бекіту.67 бет Логикалық тапсырма. «Буынды оқы» таса, сала, лашын, шыншыл, шынтақ, сырмақ., сырға.

Сөздік диктант : лашын, лақ, көл, көрік, көш

Қорытынды: К әрпіне байланысты сөздермен сөйлем құрайды

Әліппе

53 Сабақ Күні:



Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Жуан және жіңішке дыбыстарды айыра білуге жаттығу

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Кк дыбысын қайталатып, ол арқылы сөздерді оқу мен

жазуға үйрету.

2.Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл

байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.Өткенді сабақты пысықтау. «Көл жағасында» буындап оқу.

Дыбыс деген не? Әріп ше?Д ыбыс түрлерін ата

Дауыссыз және дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Буын түрлерін ата

Тақтамен жұмыс:«Саңырауқұлақ» сөзін пайдаланып, сөз құра. Мысалы: сары, құлақ, .......

Құраған сөздерін оқушылардан сұрау. Дауыссыздың ережесін қайталаймыз.



Оқулықпен жұмыс. Буындап оқу. (көр, көрші, сат, сатушы, мал, малшы, аң, аңшы, оқу, оқушы

Сергіту сәті.

Жаңбыр жауды себелеп,

Гүлдер жайнап өседі.

Көп ізденген балалар,

Білімді болып өседі.

Оқулықпен жұмыс: «Көрші» мәтінін оқып, балалармен мазмұнын талдаймыз.

Оқулықтың жоғарғы жағындағы сөздерді шапшаң оқыту. Оқушыларға суретті көрсетіп, сол сурет бойынша әңгімелеу. Шана сөзін ауызша талдату.



Дәптермен жұмыс: К,Қ әріптерін жазу

Жазу дәптеріндегі Тапқышбектіңтапсырмасын орындату.



Тақтада орындау. Көр-көрші. Мал-алшы.Оқу-оқушы (дыбыстық талдау).

Есту диктанты: Далада қар жауды. Кәрім шанасын алды.

Суретпен жұмыс:

69 беттегі мазмұнды суретті пайдаланып, шағын мәтін құрайды. Оған тірек сөздерді пайдаланады. (іні, қыс, аға, қар, Ідіріс, қалың, Әлім, тату, қамқоршы, тіл алғыш)

Тапқышбектің тапсырмасын талдау.

Дәптерге жазу: тіл, ірімшік, кілт, дәрі сөздерін жазу.

А-ә, қ-ғ әріптерін салыстыру. Ал, әл, ар, әр, ақ, әк, сан, сән, сал, сәл.

Тарақ, тарағы. Ынтымақ, ынтымағы.



Қорытынды: Жуан және жіңішке дыбыстар жайлы не білдік?

Жұп дауыстыларды ата

Дауысты ,дауыссыздардың ережесін еске түсіру.Демалыста ережені жаттап келуге тапсыру.

Әліппе

54 - Сабақ Күні:



Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Е әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ее дыбысы мен әрпімен таныстыру, Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету. . 2.Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

1. Жан-жануарларды қорғауға ,қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Кіріспе әңгіме:

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. (Ешкі) Шешуін буынға бөліп, буындық талдау жасау

Жаңа тақырып:

Е дыбысымен таныстыру. Е дауысты, жіңішке дыбыс. баспа, жазба түрімен таныстыру. Үзілі

Сөз басында

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Ескек, есек, елік, еден …..

кеме,

әке, әже

ссіз жазылады. Тақтада, ауада жазу.

Оқулықпен жұмыс

Елеуіш сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайды. Ал, ел, ар, ер, та, те, қа, ке, са, се, ла, ле, ма,ме, да, де. Дауысты дыбыстар алмастырылды а-е Буындардан сөз құра. Алма, маса

«Лақ» мәтінін оқиды. Тізбектеп оқу.

Ата, әже, ана, әке, аға, сіңлі, іні сөздеріне әңгіме жүргізеді



Суретпен жұмыс:Емен, елік, есек, есік, етік , кесе, еден, терезе сөздерімен сөйлем құрайды.

Дыбыстық, буындық талдау жасайды.

Тіл дамыту 71 бет тірек сөздер: Қатира, самауыр, кәрім, су, сурет, аулада, суретші, әдемі. Сөйлем құрастыр.

Дәптермен жұмыс.24 бет е –нің кіші әрпін, 25 бет бас әрпін жазады.

71 бет Логикалық тапсырманы жазу. Ал, ан, ақ,ар, ан, ак, аң, ал, ат, ас

ән, әр, әк, әл, әт, әс

Есту диктанты:Әлім Ідірістің інісі. Әлім, Ідіріс тату. Әлім тіл алғыш. Ідіріс қамқоршы

Ауызша жұмыс:

Жіктеу. Менің лағым.Сенің лағың. Сіздің лағыңыз. Оның лағы.

Менің ешкім. Сенің ешкің. Сіздің ешкіңіз. Оның ешкісі.

Жаңылтпашты жаттау: Есет ата ет асатар, Ет асатса, бес асатар



Қорытынды

Е қандай дыбыс? Ережесін еске түсіру.


Тік лік сек мен сім


Әліппе

55 Сабақ Күні:



Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Е әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1.Сөздерді талдата отырып, е айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету. Не істеді сұрағына жауап беретін сөздерді анықтау. 2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Кіріспе әңгіме: Жұмбақ шешу.

Мал емес демейді,Тек етін жейді. (есек)



Өткен сабақты пысықтау. Лақ мәтінді оқыту, мазмұндау.

Оқулықпен жұмыс

. 72 бет. «Асқар» мәтінді оқыту. Буындап оқыту.

- Мәтінде кім туралы айтылған?

- Асқар кімнің інісі?

- Есен неше жаста?

- Олар кімді жақсы көреді?

- Әжең туралы не дер едің?

Дәптермен жұмыс. 26 бет. Әріптермен, сөздерді көркем жазу.

Дыбыстық талдау. Елік, жүгері, көбелек.

Е дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

--------------- Е

-Е –дауысты дыбыс.

- Неге?


- Себебі , бұл дыбыстарды айтқанда ...

Оқулықтан «Сөз құра»ойыны. Дәптерге жазу. Әтеш, әже, әуе, әлем, әсем, әке.

Лек, елік, етік, еден, емен, есек.

Сергіту сәті.

Күннің көзі шуақты

Сергітеді денемді

Құрдастарым сияқты

Оқушымын мен енді.

Кіріспе әңгіме: «Сөзді аяқта »ойыны: Балалар далада ...... Айжан сабақ ................... Арман тақтаға ........................ Еңлік шаңсорғышпен ..................



Жаңа тақырып:Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің нені білдіретінін алдындағы жұмыс арқылы таныту. Заттың атын білдіретін сөздерге не істеді? деген сұрақ қойылады.

Оқулықпен жұмыс:Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрайды. Әсел, кір, жуды, еден, көмектеседі, анасына, келді

Суретпен жұмыс:Тақтаға ілінген сурет бойынша сөйлемдер құрап, заттың қимылын білдіретін сөздерді тақтаға жазады.

Қорытынды Оқулықтағы логикалық тапсырманы орындау.

Заттың аты жекеше, көпше түрде айтып, сұрақтарын анықтау.



Есту диктанты: Асан оқушы болды. Ол мектепке келді.Сабағын беске оқыды.
Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?

Сабақты ережені қайталату арқылы қорытынды жасау.

56 Сабақ Күні:

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Б әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1.оқушыларға Бб дыбысы мен әрпін таныту, оларды жаңа Бб әрпімен таныстырып, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. . 2.Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Таза,сауатты жазуға дағдыландыру.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Қолданылған технология: Скт.

Сабақ барысы:

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



«5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Өнерменен өрістен

Өсе берсін санамыз.

Жаңа сабақ. Жұмбақ шешіледі.

Шөп-шөп, шөжелерім,

Сары алтындай, балапаным.

Тез жетіңдер, жем берейін,

Дәнге толы алақаным- өлеңде не туралы айтылған? Жұмбақ шешуі арқылы жаңа дыбысты бөліп алып, Б дыбысын айту. Б дауыссыз, ұяң дыбыс.Айтылуы- бы Баспа, жазба түрімен таныстыру. б-үзіліссіз жазылады, Б- бір үзіліспен жазылады. Тақтада, ауада жазу.(суреттерді пайдалану)

Сөз басында

Сөз ортасында

Сөздің соңында

Балық, бала …..

Арба....

Штаб, клуб....

Б –дауыссыз дыбыс.

- Неге?

- Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап , ауа қысылып шығады.

Суретпен жұмыс. Жолдан өтіп бара жатқан балапандар. Осы суретте б-дан басталған сөздер: бағдаршам, балапан, бақбақ, себет, арба. Буындық, дыбыстық талдау жаса.

Оқулықпен жұмыс 74 бет .ба-ла-пан. Буын, әріп санын анықтау.

Суреттерге сүйене отырып, буындарды жалғастыра оқиды.бақа, бота, бөрік.

Сызбамен оқыту. Бақа, балық, болат, бота, бөрік, көрік.

. Мәтінді оқыту.Әңгімеге ат қою. Берілген дайын мәтінмен талдау- жинақтау жұмысын жүргізе отырып оқушылардың өз сөзімен сөйлеуіне жағдай туғызу.

Сергіту сәті..

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

. Дәптермен жұмыс. 27 бет, кіші әріпті жазу; буындарды аяқтау бал-та, бө-рік, бо-та сөздерін жазу.



Жеке құрастыру: Буынға бөліп жаз. Ба-уыр-сақ, шыл-быр.

Дыбыстық диктант. А,т,ғ,л,н,у, ш,р- 3 сөз құрап жаз.



Оқулықтың 75 бетіндегі Бақшадатақырыбымен жұмыс жасау. Сұраққа жауап алу.

-Не өсірді?

Кім өсірді?

Оқып беру.

Бүгін Бекен, Берік, Биғаш, Биғайша бәріміз балалар бақшасына барып, бүлдіршін балдырғандарға бауырсақ, бүлдірген бердік. Бақшада бізден басқа беларус, башқұрт балалары болды. Біз бәріміз бірге биледік.



Қорытынды. Бүгін қандай әріппен таныстық? Мысал келтір.

Жаңылтпаш. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.

57 Сабақ Күні:



Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: Б әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1.Сөздерді талдата отырып, Бб әрпінің айтылу артикуляциясын түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды, шағын мәтінді оқытуға, естіген сөздерді жазуға үйрету.Зат есімнің жекеше, көпше түрін қайталау, етістіктің болымды, болымсыз түрін меңгерту. 2.Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Таза,сауатты жазуға дағдыландыру.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз.

Кілең бестік болсын!

Үй тапсырмасын сұрау.

Мұрат пен бұзау- жатқа сұрау.

74 беттегі мәтінді тізбектеп оқыту.

Ойын: «Кім әдемі жазады?»



Асқабақ, қызылша, шалғам,кәді, орамжапырақ, картоп. Бұлар қайда өседі?(бақшада)

Сұраққа жауап. Не өсірді? Кім өсірді?

Асқабақ өсірді. Ескендір өсірді.

Шалғам өсірді. Ержан өсірді.

Кәді өсірді. Еркін өсірді.

Баклажан өсірді. Еділ өсірді.

Дәптермен жұмыс. 28 бет. Бас әрпі-бір үзіліспен жазылады. Тақтада, ауада жазу. Оқушылар жазады.

Суретті диктант. Бақа, балық,бота, бағдаршам,арба.



Сергіту сәті

. Зат есімді жекеше, көпше түрде жазу. Қаңбақ- қаңбақтар, жаңғақ- жаңғақтар, балта- балталар.

Оқулықтан 76 беттегі сөздеді көшіріп жазады.

76 бет. Етістіктің болымды, болымсыз түрін меңгерту. Буындап оқыту. Бар-ма, ал-ма. Бер-ме, бөл-ме, бол-ма, отыр-ма.

. Дәптермен жұмыс. Етістіктерді болымды-болымсыз түрін жазу.(Тақтада мұғалімнің басшылығымен орындалады)

Суретпен жұмыс.Берік балық аулады.

Мәтінді оқыту. Берілген дайын мәтінмен талдау- жинақтау жұмысын жүргізе отырып оқушылардың өз сөзімен сөйлеуіне жағдай туғызу. Мәтіннің басы, шарықтау шегі, соңын анықтау.

Сергіту сәті..

Логикалық тапсырма: Сөздерді буынға бөліп оқу, суретін көрсету. Не істеді? Шыбын ұшты. Сауықсан қонды. Көбелек ұшты. Аққу жүзді. Бөдене тұрды. .

77 бет суретпен жұмыс. Не істеді? Тірек сөздерді оқу. Тірек сөздердің көмегімен сөйлем құрастыру. Жадыра оқушы. Ол қаламмен жазды. Асан оқушы. Ол тақтада бормен жазды. Асқар оқушы. Ол ұшырды. Еңлік шаңсорғышпен үйді жинады. Жамал ыдысты сүртті.

Логикалық тапсырма. Емен, балапан, домбыра, балға, таға. Қай сөзде қай дыбыс бар?



Сабақты қорытындылау. Бүгін қандай әріпті қайталадық?

Жаңылтпаш. Бақбақ бақта бар,

Бақа да бақта бар.

Қосымша: Буынға бөліп жаз:Ақыл, ынта, шабыс, қамшы,қасық.



Жұмбақ шешу.

«Б»әрпінен бастасаң,

Отын жарар құралмын.(балта)

Қызықтырып әркімді-ақ,

Суда жүзер жалтылдап,

«Б» әрпінен басталған,

Сол жәндәктің атын тап?(балық)

Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып.(бұлт)

Иесі оның сәби,

Әрі төсек, Әрі үй.(бесік)

Ышқынады өзі жоқ,

Ысқырады сөзі жоқ.(боран)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында наны бар

58 Сабақ Күні:



Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.

Сабақтың міндеті: И әрпінің баспа және жазба түрін таныту

Сабақтың мақсаты: 1. И и дыбысымен әрпі бар сөздерді меңгерту. .2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Үй тапсырмасын пысықтау. Бөлме мәтінді тізбектеп оқыту,

. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе.(ине)

. Ине сөзіндегі и дыбысын созып айтып, оқушылардың назарын соған аударады да, и әрпін көрсетемін.. И- дауысты дыбыс, тілдің қызметіне қарай-жіңішке, еріннің қызметіне қарай-езулік, Жақтың қызметіне қарай-қысаң дауысты дыбыс. (и,у әріптерімен таңбаланып тұрған дыбыстар сөз, буын ыңғайына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады. Мысалы: тарих, Иса, бару, келу, би, ки бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. )

Қарашы, енді

Десең егер И қандай?

Бір мен Л – ды

Біріктіріп қойғандай. И әрпінін баспа, жазба түрімен таныстыру. Ауада жазу, тақтада жазу.

-И- дауысты дыбыс.

-Себебі бұл дыбыстарды айтқанда ...

Дәптермен жұмыс.Кіші әрпін жазу. Бір үзіліспен жазылады.

Тақтада Ине, инелік- сөздеріне дыбыстық талдау жасау.


































.Кеспе буындармен жұмыс

и-не, ки-ім, жи-ын ти-ін, ти-ын

. «Әжесі мен немересі» мәтіні оқылып мазмұны талданады.Суретке сәйкес мәтінді оқып, жан- жақты талданады. Мәтін кімдер жайында? Олар мәтін мазмұнын өз сөздерімен айтып береді. Мәтіннің басы, шырықтау шегі, соңы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет