Бағдарламасы «Экономика және кәсіпкерлік негіздері»


Тақырып 3. Қоғамдық өндіріс: құрылымы мен негіздері. Меншік және экономикалық жүйе



бет24/91
Дата08.02.2022
өлшемі2,76 Mb.
#121227
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91
Байланысты:
УМКД Каз Токтыбаева 1
Обновленный компас ДеФакто
Тақырып 3. Қоғамдық өндіріс: құрылымы мен негіздері. Меншік және экономикалық жүйе

    1. Қоғамдық өндірістің негіздері

    2. Қоғамдық өндірістің нысандары. Тауар және ақша

3.3. Меншік және экономикалық жүйе



    1. Қоғамдық өндірістің негіздері

Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктреді өндіру процесі.
Игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратыни заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты, еңбек құралдарының өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменті деп атайды.
Еңбек - бұл адамдардың материалдық рухани игіліктер өздерімен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты нәтижелі қызметі.
Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.
Еңбек құралдары – бұл адамдардың еңбек затына әсер ететін қаруы.
Өндіріс құрал жабдықтары - қандай да бір тауарды өндіруге қажет еңбек заттары мен құралдарымен жиынтығы.
Игіліктер өндірісі біріншіден адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін экономикалық қарым-қатынастар деп аталады.
Өндіргіш күштер – қоғамның өндірісінің жеке және заттық факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші белсенді элементтері.
Экономикалық қатынастар – адамдар арасында қызметтер мен материалды рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметтің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында 4 сатыдан тұрады. Олар - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғам-ң өнімнің қозғалыстағы орнына қарай экономистер әртүрлі бағыттар ұсынады. Біреулер бұл саты шешуші мағынаға ие дейді.
Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбастау процесі.
Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игілектерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмәмданушысы болып табылады.
Тұтыну екі сипатта - өндірістік және өндірістік емес болады.
Өндірістік емес тұтыну- жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну- бұл адамдардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну- қоғамның ғылымға, мәдениетке, білімге, басқаруға және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады. Яғни, оларды ұдайы өндіріп тұру қажет. Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар.
Жай ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл оның шығындарына қатынасымен анықталады.
Қоғамның әлеуметтік құрылысы- әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жайдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңнан елдегі зейнетақы, жәрдемақы төлеу, мүгедектерге, аурулармен басқа да еңбекке жарамысз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайы тәуелді. Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады:************************////////
а) табиғат берген сыйлары табиғи ресурстарды құрайды. Әлемде іс жүзінде барлық табиғи ресурстарға аса бай елдер: Ресей, Қазақстан, АҚШ, Қытай мемлекеттері жатады. Көптеген елдер өзінің экономикалық қызметін ресурстарының табиғи шектелмегендігі жағдайында жүзеге асырады. Өз кезегінде шікізат материалдары қоғамдық өндіріске тартылып және онда сан мәрте өңделген соң ғана экономикалық ресурстарға айналады. Қазіргі заманғы өнеркәсіп 75%-ке дейін зор көлемде шикізатты жұмсайды. Табиғи ортаның екінші маңызды элементі еңбек ресурстары. Олардың материалдық немесе өндірістік сфераларда қамтылған белгілі экономикалық белсенді халықты құрайды. Батыстың дамыған елдерінде бұл барлық еңбек ресурстарының 70%-не, ал дамушы елдерде 45-55%-не тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет