Курстың мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Курстың міндеті
Түсінік хат Жалпы биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология- қазірге кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді. Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты қарастыратын көптеген ғылымдар жүйесінен тұрады. Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта эколог ғалымдарды толғандыратын мәселелердің бірі адамзат өмір сүріп отырған «Жер-Ананы» сақтап, қорғау. Осыған байланысты 11-сыныпта алынып отырған «Экология және биосфера» қолданбалы курсы оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға, экология ұғымын терең меңгеруге арналған. Жергілікті жердің экологисы, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, онда өмір сүріп келе жатқан тіршілік иелері туралы толық мәлімет алады.Практиканы теориямен байланыстыру, мамандық таңдауға көмектеседі.
Сонымен қатар, бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауда, ұлттық бірыңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғары оқу орындарына оқуға түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныпқа арналған биология пәнінен «Экология және биосфера» қолданбалы курсы бағдарламасының көлемі жылына 34 сағат, аптасына 1сағат.
Курстың оқытылуы: Табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принціпті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігінен туындаған.
Курстың мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.
Курстың міндеті: