7 жылдың ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын-үй саламыз.
Үлестік қатысуы бар проблемалы үйлер құрылысын аяқтаймыз.
40 мыңға жуық апатты және тозған тұрғын-үй иесін жаңа үймен қамтамасыз етеміз.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелендіруді жалғастырамыз.
Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік коммуникациялармен жабдықтауды белсенді жүргіземіз.
Елді мекендердің 100%-ын сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етеміз.
Ыстық сумен жабдықтау және сутарту желілерінің тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендетеміз.
Республикалық маңызы бар 8 мың шақырым және облыстық, аудандық маңызы бар 14 мың шақырым автожолдың сапалы салынуы мен жөнделуін қамтамасыз етеміз.
Барлық республикалық және негізгі облыстық автожолдарды сапалы ұялы және интернет-байланыспен қамтимыз.
Озық қолданбалы ғылым Мемлекет базалық өндірістен күрделі өндіріске және жоғары технологиялық тауарларды шығаруға көшудің технологиялық тұғырнамасын жасамақ.
Ол үшін ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жаңа өндіріс технологияларына бағытталатын болады.
Біздің ғалымдардың күш-жігері жол құрылысын жақсарту, ауыл шаруашылығын жаңғырту, өнеркәсіптің тиімділігін арттыру сияқты практикалық мәселелерді шешуге жұмылдырылады.
Бұл жұмысты мемлекет, ғылым және бизнестің тығыз ықпалдастығы арқылы жүзеге асырамыз.
Осы мақсатта:
Қолданбалы ғылымды, оның ішінде ірі бизнестің ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыруын кезең-кезеңмен арттырамыз;
Жетекші жоғары оқу орны мен ірі кәсіпорынның жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтар құрамыз;
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылдаймыз.
Жаңа цифрлық мүмкіндіктер
Цифрландыру тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады және азаматтардың мүмкіндіктері бірдей болуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер мен жеке сервистегі IT-шешімдер еліміздегі әлеуметтік қатынастарды өзгертіп жіберді.
Біз өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізуді жалғастыра береміз.
Азаматтар сапалы цифрлық қызметтерге қол жеткізе алады. Ұялы байланыстың бесінші буыны (5G) барлық облыс пен аудан орталығында пайда болады.
Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін оны жинау және сақтау, сондай-ақ жіктеу бойынша үздік әлемдік стандарттар енгізу есебінен күшейтеміз.
Жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шынайылық, цифрлық активтер мен блокчейн технологияларының таралуына жан-жақты жәрдемдесетін боламыз.
Осы мақсатта:
Қалалар мен аудан орталықтарын кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етеміз.
Біз қуатты деректер орталықтарын салып, трансшекаралық талшықты-оптикалық күрежол жүргізбекпіз және цифрлық аймақтық хаб болу үшін IT компаниялардың халықаралық «ойыншыларын» тартуға қажетті заңнамаға ерекше назар аударамыз.
Біз IT-компанияларда кем дегенде 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз.
Біз цифрлық технологиялардың экономикаға қосқан үлесін ІЖӨ-нің 1 пайызына дейін жеткіземіз.