Бағдарламасы Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты



бет3/7
Дата23.11.2022
өлшемі35,14 Kb.
#159519
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сайлауалды бағдарлама Тоқаев

Осы мақсатта:

  • Біз тиімді мемлекеттік модель құруға бағытталған саяси реформаларды жүзеге асыруды жүйелейміз.

  • Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын Конституциялық сот, Адам құқығы жөніндегі уәкіл, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл сынды жаңа институттардың жұмысын күшейтеміз;

  • Партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша жаңа сайлау жүйесі негізінде жүзеге асатын Парламент пен мәслихаттардың әділ қалыптасуын қамтамасыз етеміз.

  • Партиялар арасындағы пікірталастың және қоғамдық талқылаудың өркениетті түрде өтуіне, шынайы саяси бәсеке дәстүрін орнықтыруға, сайлаудың озық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасаймыз. 

  • Ұлттық құрылтай мен қоғамдық кеңестердің азаматтық қоғамды дамыту ісіндегі рөлін күшейтеміз.

Қалалар мен аудан әкімдерін тікелей сайлау арқылы жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырамыз.
Тиімді мемлекеттік аппарат
Барлық мемлекеттік стратегия, үкіметтік және аймақтық бағдарламалар, салалық жоспарлар мен нақты шешімдер азамат өмірін жақсартуы керек.
Бұл – тиімді әрі технологиялық, прагматикалық әрі оңтайлы негізде жұмыс істейтін мемлекеттік аппараттың басты және негізгі міндеті.
Мемлекеттік қызметке іріктеу үміткердің жоғары кәсіби және моральдық қасиеттері негізінде жүргізіледі, ал мансаптық ілгерілеу тек меритократия қағидаттарына сай жүзеге асырылады.
Басшының жеке басына деген адалдық, халық пен мемлекетке деген адалдыққа біржолата орын беруі керек.
Осы мақсатта:

  • Мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырамыз. 

  • Жастар президенттік кадрлық резервінің тәжірибесін жалғастырамыз, еліміздегі барлық кәсіби, білікті және отаншыл азаматтың мемлекеттік қызметке келуіне мүмкіндік береміз;

  • Мемлекеттің өз азаматтарымен және бизнеспен қашықтан өзара іс-қимылына арналған цифрлық инфрақұрылым құрамыз.

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасын аудандық маңызы бар қала мен ауыл деңгейіне дейін кеңейтеміз.

Әділ және тәуелсіз сот
Қоғам мен бизнестің басты талабы – сот төрелігінің объективті және тәуелсіз жүзеге асырылуына кепілдік беру. 
Барлық азаматтың заң алдындағы теңдігі ғана құқықтық әділетті мемлекет құруға деген сенімді нығайтады.
Бұл үшін жоғары кәсіби, адал, ымыраға келмейтін судьялар корпусы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет