ПОӘК 042-16-13.1.04
/02-2013
|
№ 2 басылым
10.01.2013
|
бет беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-16-13.1.04
/01-2013
|
ПОӘК
Студентке арналған пәннің бағдарламасы
«Физиканы оқыту әдістемесі»
|
№ 2 басылым
10.01.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физиканы оқыту әдістемесі»
5В011000 – «Физика» мамандығы үшін
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2013
Алғы сөз
1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы:_____ « »________2013ж Сыдықова Ж.Қ., п.ғ.к., доцент м.а., физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасы отырысында
« » 2013ж., № хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының
отырысында
« » 2013ж., № хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ
Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған
« » 2013ж., № хаттама
ОӘК төрағасы
4 «18» 09 2008ж. № 1 басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛІП ОТЫР
Мазмұны
-
1. |
Жалпы ережелер
| 2. |
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
| 3. |
Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
| 4. |
Курс форматы
| 5. |
Курс саясаты
| 6. |
Баға қоюдың саясаты
| 7. |
Әдебиет тізімі
|
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:
Сыдықова Ж.Қ., педагогика ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а.
Физика кафедрасы
Байланыс ақпараты – оқу ғимараты №3, кабинет №304
Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 303, 307,306
Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Физика» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.
1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: студенттерге мектеп физика курсы мазмұнынының жүйелі түрде өзгеруінің обьективті қажеттілігін түсіндіру; жалпы білім беретін мектеп реформасының мәнін және физиканы оқытуда оны жүзеге асырудың жолдарын көрсету; оның ғылыми-техникалық прогреспен байланысын көрсету; жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін физика курсының негізгі мазмұны мен құрылымын және жан-жақты талантты, білімді де білгір мамандармен қамттамасыз ету үшін оқу-тәрбие процесін жетілдірудің жолдарын талдау. Курсты меңгеру процесінде студенттерді оқу жұмысының жаңа формаларымен, сабақ құрылымындағы өзгерістермен, жоспралаудың әртүрімен және т.б. таныстыру. Оқыту әдістерін қарастыра отырып, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға, оқытудың жаңа қазіргі заманғы техникалық құралдарын тиімді пайдалануға, оқушылардың танымдық белсенділігін артыруға көңіл бөлу, оқыту әдістерімен таным әдістерінің арасындағы байланысты көрсету; студенттерді оқушыларға әдіснамалық білімдердің элементтерін қалыптастыру әдістемесін үйрету.
Физиканы оқыту әдістемесінің жеке мәселелерін қарастырған кезде ғылыми-әдістемелік талдауға және негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, мектеп физика курсындағы теориялар мен заңдарды меңгертуге көңіл бөлу керек.
1.4Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:
тұжырымдау;
- жалпы орта білім беретін мекемелердегі физика курсының құрылымын және қысқаша мазмұнын беру және талдау;
- оқыту әдістерінің теориялық негіздерін, физиканы оқытудың тәсілдерін қарастыру;
- физика бойынша оқу процесін ұйымдастырудың формаларын талдау; физиканы оқыту технологиясының теориялық негіздерін, физиканы оқыту кезінде оқушылардың оқу іскерлігін ұйымдастыру технологиясын талдау; мектептегі физика курсының жекелеген бөлімдерін меңгерту әдістемесін талдау; физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді қоюдың техникалық және әдістемелік талаптарын талдау; физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздерін талдау;
- физиканың жеке мәсілелерін оқытудың әдістемесін талдау;
- мектеп физика кабинетін жабдықтау жүйесімен және ұйымдастыру негіздерімен таныстыру.
1.5Оқып-білудің нәтижелелері:
Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
физикадан оқушылардың зерттеу іскерліктерін (эксперимент барысын бақылау, өлшеулер жүргізу, құбылысты моделдеу, талдау) жүзеге асыру үшін қажетті ғылыми танымның негізгі әдістері жайындағы түсініктерін дамытуға мүмкіндік беретін әдістемелерді меңгеруі тиіс;
оқушылардың ақпараттармен жұмыс істей алу іскерлігін дамытуға бағытталған мұғалімнің жұмыс әдістемесін игеруі тиіс;
оқушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын ұйымдастыру, өзбетімен жүзеге асыру іс-тәжірибеін дамытуға қажетті шарттарды білуі тиіс;
оқушылардың үздіксіз білім алу қажеттігін дамытуға мүмкіндік беретін мұғалім жұмысының формаларын білуілері тиіс;
оқыту әдістерін тиімді ұйымдастыруды;
физика ғылымының жеке мәселелерін оқыту әдістемесін игерулері;
оқушылардың шығармашылық белсенділігін жоғарылатуды игерулері тиіс.
1.6Курстың пререквизиттері:
1.6.1 «математика», «физика» (орта мектеп бағдарламасы көлеміндегі)
1.6.2 «жалпы физика»
1.6.3 «теориялық физика»
1.6.4 «педагогика»
1.6.5 «психология»
1.6.6 «философия»
1.6.7 «физиканы оқыту теориясы»
1.7Курстың постреквизиттері:
1.7.1 «Орта мектептегі қазіргі заманғы физика»
1.7.2 «Физикадағы компьютерлік әдістер»
Достарыңызбен бөлісу: |