Бағдарламасы х.ғ. д., доцент Абдулкаримова Р. Г., х.ғ. к., м а. доцент Нажипқызы М., х.ғ. д., профессор Мансуров З. А. құрастырған


Гидрофобты материалдар мен жабындылардың синтезі



бет5/11
Дата03.11.2023
өлшемі118 Kb.
#189242
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Наноматериалы и нанотехнологии хим - каз

5. Гидрофобты материалдар мен жабындылардың синтезі.
Гидрофобты материалдар мен жабындылардың түрлері және олардың жіктелінуі. Аса гидрофобты қасиеті бар күйені жалында синтездеу. Күйетүзілу механизмі. Электр өрісі мен катализаторлардың аса гидрофобты күйе қасиетіне әсері.
6. Наноұнтақтар, наноталшықтарды алу әдістері.
Наноматериалдарды алудың механохимиялық синтезі. Өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез (ӨЖС). Газфазалық синтез. Плазмохимиялық синтез. Көмiрсутектердiң каталитикалық крекингi процесінде көмiртектi фазалардың түзілуі. Құрамында көмiртегі бар газдардың термиялық каталитикалық ыдырауы. Үлгілерді карбонизациялау және көміртектендіру әдiстемелерi. Көміртекті емес нанотүтікшелер.
7. Нанобөлшектерді алу.
Синтездеудің физикалық әдістері. Молекулалық шоғыр көмегімен алу. Плазма-химиялық әдіс. Булану-конденсация әдісі. Импульсті радиолиз әдісі. Химиялық әдістер: ерітіндіден тотықсыздану, золь-гель ауысуы, криотехнология. Кеуекті ортада, микроэмульсияда, мицелладағы синтез. Молекула кластерінің пайда болуы. Фрактальді және берікқапталған кластерлер. Кластерлер қатысуымен өтетін химиялық реакциялар түрлері. Кластерлердің теориялық моделі.
6. Беттік қатты денелерді модифицирлеу.
Түрлі химиялық табиғаттағы қатты денелердің беттік қасиеттерінің ерекшеліктері. Беттің химиялық жағдайының қатты денелердің физикалық және химиялық қасиеттеріне әсері. Бетті модифицирлеу әдістері: физикалық (легирлеу, иондық имплантация, жұқа қабықша мен қаптаманы жүргізу) және химиялық (функционалды жамылғының өзгерісі) модификациялау.
7. Сфералық және түтіктік нанобөлшектердің түзілу механизмі.
Дислокациялық модель, бу-сұйық-кристалл (БСК) өсу механизмі, карбидтік механизм, Нанобөлшектердің түзілу және өсу модельі. Сирстің дислокациялық модельі. Вагнера-Элистің бу-сұйық-кристалл (БСК) механизмі. Карбидтік механизм, лимиттік сатылар. Бөлшектердің түзілуінің кватарондық моделі. Нанотүтіктер түзілуінің магниттік механизмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет