Бағдарламасы х.ғ. д., доцент Абдулкаримова Р. Г., х.ғ. к., м а. доцент Нажипқызы М., х.ғ. д., профессор Мансуров З. А. құрастырған


Сұйық ортада наноматериалдарды алудың негіздері



бет6/11
Дата03.11.2023
өлшемі118 Kb.
#189242
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Наноматериалы и нанотехнологии хим - каз
белый фон - Поиск в Google, Теор. вер. дәрістер 2кр .docx Теор вер лек каз 6
8. Сұйық ортада наноматериалдарды алудың негіздері.
Сұйық ортада наноматериалдар алудың ерекшеліктері. Туынтектердің түзілуі және нанобөлшектердің өсуі. Гомогенді және гетерогенді туынтек түзілу. Туынтек түзілудің жылдамдығы мен нанокристалдардың өсу кинетикасына әр түрлі параметрлердің әсер етуі. Туынтектің критикалық өлшемі, жүйе параметрлеріне тәуелділігі. Нанобөлшектердің өсу кинетикасы. Өсу жылдамдығы, пересыщения, иондық тепе-теңдік әсері. Нанобөлшектердің тұрақтандыру.
9. Тұндыру әдісімен нанобөлшектерді синтездеу
Сұйық ортада наобөлшектерді синтездеуге және олардың ерітінділерден бақылаумен бөлініп алынуына алып келетін негізгі химиялық реакциялар. Алтын нанобөлшектерін алу. Күміс, платина, палладий нанобөлшектерін синтездеу және басқа да бағалы металдардың. Нанобөлшектерді ерітіндіде тұрақтандыру әдістері – электростатикалық, адсорбциялық, хемосорбциялық. Нанобөлшектердің өсуінің кинетикалық бақылау. Металл құймаларынан тұратын, ядро-қабықша құрылымды, көпқабатты құрылымды нанобөлшектерді синтездеу үшін тұндыру әдістерін қолдану. Металл оксидтерінің және нанокомпозиттердің нанобөлшектерін синтездеу.
10. Қатты дене беттерін модификациялау.
Әр түрлі химиялық жаратылысы бар қатты денелердің беткі қабат қасиетінің ерекшеліктері. Беттің химиялық күйінің қатты денелердің физикалық және химиялық қасиеттеріне әсері. Беті модификациялау әдістері: физикалық) легирлеу, иондық имплантация, жұқа қабықша мен жабындылармен қаптау) және химиялық (функционалдық жабындыларды өзгерту) модификациялау.
11. Сфералық және түтікшелі нанобөлшектердің түзілу механизмі.
Сирстің дислокациялық моделі. Вагнер-Элистің газ-сұйық-кристалл моделі. Карбидті механизм, лимиттеуші сатылар. Бөлшек түзілудің кватаронды моделі. Нанотүтікше түзілудің магнитті механизмі.
12. Наножүйелердің материалтануы.
Техникалық мақсаттары, құрамы және қасиеттері бойынша материалдарды жiктеу: құрылымдық, функционалды - белсендi, бейімдеуші материалдар, өткізгіштер, жартылай өткізгіштер, аса жоғары өткізгіштер, диэлектриктер. Наноматериалдар қасиеттері: меахникалық, жылу-физикалық, электро-физикалық, оптикалық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет