Қарастырылатын сұрақтар:
Пневматикалық винтовка және оқу қаруларына және оны сақтауға қойылатын талаптар?
Дәріс.
Жалпы білім беретін мектептерде пневматикалық винтовка және оқу қаруларына мектептің қару – жарақ сақтайтын бөлмесінде қару – жарақ сақтайтын сейфте сақталуы тиіс және мектептің қару – жарақ сақтауға арналған бөлмесі барлық талаптарға сай жабдықталуы тиіс. Мектептегібарлық оқу қаруларына мектеп бойынша БӘД оқытушы ұйымдастырушы жауапты болады. Пневматикалық винтовкалар атыс дайындығынан сабақтар өткізу үшін, ал оқу қарулары саптық дайындық сабақта қарумен орындалатын әдіс – тәсілдерді орындау үшін арналған.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Мектептегі пневматикалық винтовка не үшін арналған?
Оқу қарулары не үшін арналған және қай жерде сақталады?
Ұсынылған әдебиеттер.
Учебное материалное база НВП в школе А.В.Брысин, В.Крайнов Москва 1984 г
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 қаулысы
№ 12 тақырып: Оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптар
Дәріс мақсаты: Студенттерге мектептегі БӘД сабағында оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптар жайлды толық мәліметтер беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптар және оның оқу процесінде алатын орны.
Дәріс.
Жалпы білім беретін мектептерде Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқытудың көрнекілік құралдарына 2007 жылғы 24 мамырдағы №449 қаулыда көрсетілгендей қойылатын талаптарға мыналар кіреді:
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі БӘД пәніне арналған плакаттар (3 комплект)
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі БӘД пәніне арналған бағдарламасы (1 дана)
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 10 – 11 сыныптарға арналған БӘД кітаптары (автор: К.Аманжолов, А.Тасболатов, Д.Жайхаев, Б. Аманжолова.).
Азаматтық қорғаныс және жағдайларға арналған плакаттар (2 комплект)
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Оқытудың көрнекілік құралдарына қандай талаптар қойылады?
Ұсынылған әдебиеттер.
Учебное материалное база НВП в школе А.В.Брысин, В.Крайнов Москва 1984 г
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 қаулысы
№13 тақырып: Оқытудың техникалық құралдары
Дәріс мақсаты: Студенттерге мектептегі Бастапқы әскери дайындық сабағында оқытудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар жайлы толық мәліметтер беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Оқытудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар
Дәріс.
Жалпы білім беретін мектептерде сабақты тиімді әрі қазіргі заманғы технологияларға сай ұтылуыөткізу үшін мектептерге оқытудың техникалық құралдары болуы тиіс.
Олар:
Теледидар – мектеп қаражатынан алынуы тиіс.
Видеомогнитофон – мектеп қаражатынан (мүмкіншілігіне қарай)
Газтұмылдырықтар – қаланың әскери комиссориатқа тапсырыс беру арқылы
Радиациялық және химиялық барлау аспатары – қалалық әскери комиссориатқа тапсырыс беру арқылы.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Оқытудың техникалық құралдарына қандай талаптар қойылады.
Ұсынылған әдебиеттер.
Учебное материалное база НВП в школе А.В.Брысин, В.Крайнов Москва 1984 г
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 қаулысы
Тәжірибелік сабақ.
№ 3 тақырып: Бастапқы әскери дайындық сыныбын жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Әскери сынып орны кең және жарық болуы тиіс. Әскери сынып құрамына кіретіндер: сыныптық жиһаз,оқу – әдістемелік жабдықтар, лаборант бөлмесі (бос орын болса), оқулықтар және оқытудың техникалық құралдары.
Әскери сынып жиһаздары – оқушы стөлдері (екі орынды) және орындықтары, әскери жетекші стөлі, демонстрациялық стөл, диапросторлар және уиноаппараттар қоятын сөрелер, сынып тақтасы.
Оқушылар стөлдері қабырғадан 60 см аралықта орналасуы қажет. Өйткені әрбір оқушы мұғалім шақырған кезде орнынан тұрып, ешбірсалынған жәшік немесе картада белгіленген жергілікті жердің макеті болуы тиіс. Бұл жергілікті жерде барлық элементтерімен қоса взводтың орналасқан пункті және тактикалық бір түрі – «Взвод (бөлімше) шабуылда» көрінісін макет түрінде орналастыру қажет.
Лаборант бөлмесінде, алд егер ол болмаса әскери сыныпта оқу құралдарын, сымдық байланыс құралдарын, инженерлік құрал – жабдықтарды, азаматтық қорғаныс жабдықтарын сақтайтын стеллаждар және т.б. болуы қажет.
Оқу құралдары, әскери заттар және оқулықтар тарау бойынша, тақырып бойынша стеллаждарда әрбір түріне байланысты жеке ал газтұмылдырықтары – өлшеміне байланысты орналастырылады.
Алдыңғы жағы.
Қазақстан Республикасы Президентінің портреті
Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының жағдайы
Әскери ант мәтіні орыс және мемлекеттік тілде
Елтаңба ,Әнұран
Қазақстан Республикасы еөне 36 - бабы
Оң және сол жағы.
Атыс дайындық
Тактикалыұ дайындық
Әскери – топографияға арналған стенттер
Тыл жағы:
Әскери іс негіздеріне арналған стенттер, жергілікті жердің макеті.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге бір кабинетті беріп соны студенттер кабинетті жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 4 тақырып: Қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Бастапқы әскери дайындық енгізген барлық мектепьерде қару – жарақ сақтайтын бөлме болуы тиіс. Бұл бөлме мектепке берілген оқулық қарудың, кіші калибрлі винтовканың, олардың оқ – дәрілерінің, сондай – ақ іске жарамды радиостанциялардың сенімді сақталуын қамтамасыз етуге арналған.
Қару – жарақ сақтайтын бөлме ретінде мектеп ғимаратындағ,ы әр түрлі орындар қолданылуы мүмкін. Мысалы: қолданылмайтын лаборант бөлмесін, санитарлар бөлмесін, атыс тирі бөлмесін жер атыс қабатының бөлмелерін (подвал) және т.б. қолдануға болмайды.
Егер әскери сыныпқа көршілес ені – 16 – 18 м² жарық бөлме болса, онда сол бөлменің жартысын қару – жарақ сақтайтын бөлме ретінде қолдану жөн болады. Бұл жағдайда ені 16-18 м² бөлмені әрқайсының ені 9 м² болатындай етіп , тең ортасынан қабырға тұрғызу арқылы бөледі. Бөлменің бір бөлігін жарықтандырып, терезелеріне темір тор қағып, қару – жарақтар, яғни, оқулық қаруларды, кіші калибрлі винтовкаларды, олардың оқ – дәрілерін және іске жарамды радиостанцияларды сақтау үшін қолданылады.
Ал бөлменің екінші бөлігіне әскери сыныпқа өтетіндей есік салып, оны көрме оқулықтарын, әскери техникалық жабдықтарын, қару – жарақ тазалауға арналған заттарды сақтау үшін лабарант бөлмесі ретінде қолдануға болады.
Қару – жарақ сақтайтын бөлме ғимараттың кез – келген жерінде орналасса ол мына талаптарға сай болуы қажет:
Өзге қызметтік және қойма орындарынан алшақ болуы, түзетілетін қабырғалардан құрылуы еденнен, төбеден (патолок) және шатырдан тұруы тиіс;
Екі есіктен тұруы тиіс (біріншісі – темір, торланған, ал екіншісі – ағаш, екі жағынан қалыңдығы 0,5 мм болатындай темір қаңылтырмен қағылған);
Терезелері диаметрі 1,5 см – ден кем емес, темір тормен қағылуы тиіс;
Әрдайым күзетілуі, ал егер күзет қойылмаса, онда тікелей орталық ішкі істер органдарына немесе жақын арадағы күзет постына белге беретіндей күзет дабылы (сигнализация) орналасу қажет. Егер мектепте тек саны бес данадан аспайтындай кіші калибрлі винтовка ғана болса, онда қару – жарақ сақтайтын бөлме мектептің техникалық қызметкерлерінің (күзетшілірдің) бақылауына берілуі мүмкін;
Өртке қарсы құралдар (өртсөндіргіштер) болуы тиіс.
Бұл жағдайлардан сақтану үшін қару – жарақ сақтайтын бөлменің қабырғалары, едені және төбесі мықты болуы керек. Бұл үшін ағаш босағалардың, әсіресе ағаш төбелердің іш жағынан диаметрі 1,5 см болатындай қаңылтыр немесе темір тор қағылады.
Күзет дабылын (сигнализация) орнату үшін, оның электрлік сымын газ трубалары арқылы жасырын түрде орнату қажет.
Күзет дабылын орнату кезінде, оның өшіру тетіктерін тек есіктерге ғана қоймай, сондай – ақ терезе әйнектеріне және қабырғалардың (еденнің, төбенің) қауіпті жерлеріне орнату керек.
Ғимарат күзетінің ережесінде электр қуаты істен шыққан жағдайда күзетшілердің іс – қимылы көрсетілуі тиіс.
Материалдық – оқу базасын, сондай – ақ қару – жарақ сақтайтын бөлмені құру жоспары жергілікті ішкі істер бөлімшесінің немесе әскери комиссариаттын келісімімен іске асырылады.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге қару – жарақ сақтайтын кабинетті жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 5 тақырып: Саптық дайындық алаңын жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Алаңды жасау және оны жабдықтау жұмысының көлемі сабақ мазмұны мен тапсырмаларына байланысты болады.
Мектептердегі әскери оқу орындарындағы және әскери бөлімдердегі жастармен өткізілетін әскери даярлық сабақтарының нәтижесі, саптық даярлық алаңының қалай жасалғанына және жабдықталуына байланысты болады. Саптық даярлық сабағы кезінде әр түрлі жаттығуларды үйрену алаңның жері қатты болса тез, әрі уақытты көп алмайды, ал егер жерді құм немесе жұмсақ топырақ басып жатса, онда жаттығуларды үйрену қиынға соғады және уақытты көп алады.
Мектептегі саптық даярлық алаңын жасау келесі түрлерден тұрады: жердің беткі қабатының қатты болуын қадағалау; алаңның бетіне ашық түсті жақсы көрінетін белгі сызу.
Алаңды өз күшімен жасаған кезде алаңның беткі қабатына қатты жабудың үш түрін қолдануға болады – бетонды, кірпіш ұнтақтарынан жасалған және топырақ пен тас аралас жабулар.
Алаңның көлемі сыныптың барлық ұлдарымен бір мезгілде сабақ өткізуге сабақ өткізуге сай болуы үшін, алаң көлемі 8,0 х 16,0 м (10х20 адым) болуы керек.
Алаңның шеттеріне саптық әдістері (қарумен және қарусыз саптық тұру, орнындағы қозғалыстар және бұрылыстар, саптық адыммен қозғалу, орнында және қозғалыста әскери сәлемдесу ) көрсетілген, өлшемі 0,7 х 1,5 м тақташалар қоюға болады.
Оқушылар өз – өздерін және киім нысанының дұррыстығын бақылауы үшін алаң шеттеріне мүмкін болса айна орнатып қоюға болады.
Қарумен саптық әдістерді орындау үшін жалпы орта мектептерде, техникалық оқу орындарында және т.б. кем дегенде бір бөлімшені қамтамасыз ететіндей автоматтар макеттері болуы тиіс.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге саптық дайындық алаңын жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 6 тақырып: Тәуліктік кезекшілік міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Рота тәуліктік кезекшісінің міндеттерін практикалық оқып – үйрену орны әскери сыныпта орналасады, әсіресе, кіре беріс есікте және тек берілген тақырып бойынша өткізілетін сабақ уақытында ғана. Ротада тәуліктік кезекшінің міндеттерін практикалық оқып – үйрену тақырыбынан басқа тақырып бойынша сабақ өткен кезде тәуліктік кезекші орнының жабдықтарын лаборант бөлмесіне (қоймаға) апарып қояды.
Тәуліктік кезекшінің міндеттерін практикалық оқып – үйрену орнының жабдықталуы мыналардан тұрады: кезекшінің және рота бойынша тәуліктік кезекшінің құжаттама тақтасынан, оны мектептің ерекшелігін және тәуліктік кезекшінің орны орналасқан жерін есептей отырып, ішкі қызмет жарғысының бұйрығына байланысты жабдықтайды. Құжаттама тақтасынан басқа, бұл оқып – үйрену орнында тәуліктік кезекшінің тумбочкасын және телефон аппаратының макетін орнатады. Тәуліктік кезекші тумбочкасының маңында өртсөндіргіш болуы қажет.
Оқып – үйрену орнының жабдықталуына – тәуліктік кезекшінің сүңгі пышағы, белбеуі, бас киімі және өлшемі 10 х 30 см болатын қызыл бұлдан тігілген рота бойынша кезекшінің орама белгісі (повязка) кіреді.
Егер Ішкі қызмет Жарғысы бойынша сабақтар басқа орында өткізілетін болса, онда рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерін оқып – үйрену орны жоғарыда көрсетілгендей жабдықталады. Оқушылармен бескүндік дала сабақтары өткізілген кезде, лагердің жағдайына (условие) байланысты дәл осылай жабдықталады.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге тәуліктік кезекшілік міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 7 тақырып: Сақшының міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Сақшы орны негізгі екі элементтен тұрады:
ҚРҚК – нің гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысына сәйкес посттан;
Сақшыны ауыстыру уақыты келгенде, постқашығар алдында оқушыларды сапқа тұрғызу алаңынан.
Пост негізінен мектеп алдында, әсіресе қызметтік бөлменің кіре берісінде орналасады. Сапқа тұру алаңы посттан едәуір қашықтықта орналасады. Егер мүмкіндік болса сапқа тұру алаңының бетін асфальпен немесе басқа да қатты қабаттарменжабады. Мұндай алаңның шекарасының шектеріне әр кеде белгі қояды. Оқушыларды сапқа тұрғызу алаңында пост табелі және посттар схемасы белгіленген планшеттер орналастырылады.
Жеткілікті жер көлемі бар мектептер, гарнизондық және қарауылдық гриб орнатады, ал басқа жағдайларда стационарлық бақылау мұнарасын орнатады. Бұл жағдайда постты қоршау үшін тікенек (калючая) сым орнына, диаметрі 2-3 мм жұмсақ сым қолданылады.
Егер мектептің жер көлемі жеткіліксіз болса және пост орнату мүмкін болмаса, онда алаңға пост макетін ғана қойып, оны тек сабақ уақытында ғана орнатады. Мұндай пост макеттерін ары – бері алып жүруге және сақтауға ыңғайлы болу үшін, оларды жиналмалы , әрі құрылысын жеңіл етіп жасау қажет. Байланыс және дабыл (сигнализация) беруші құралдар кез – келген жағдайда тек сабақ уақытында ғана орнатылады. Пост аумағында қызылған ор (окоп) тек сабақ уақытында қолданылады. Қауіпсіздікті сақтау үшін өзге уақыттарда орды мықты қақпақпен жауып немесе қоршау жасап қою керек.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге сақшының міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 8 тақырып: Атыс дайындығы сыныбын – атыс тирін жабдықтау талабы. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
25 және 50 м қашықтықта ататын кіші калибрлі винтовкадан ату қауіпті болмауы үшін, атыс тирі жабық немесе жартылай жабық болуы қажет. Ол сыныбынан тұрады. Атыс тирінде мынадай топтар көрсетілген тақташалар ілінеді:
Автоматпен орындалатын бастапқы ережелердің маңыздылығы және оған жасалатын жағдайлар;
Атыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Сондай – ақ, атыс тирінде жергілікті жағдайларға байланысты құрылған қауіпсіздік шарларының ережелерінің тақтасы, атыс жетекшісінің міндеттері және кіші калибрлі винтовкадан жаттығулар орындау реті ілінеді.
Атыс тирінің бастапқы шебі және атыс шебі анық көрінетін жолақтармен немесе соған тән жазулары бар тақташалармен белгіленеді.
Атыс ережелерін және әдістерін практикалық оқып – үйрену алаңы.
Атыс ережелерін және әдістерін практикалық оқып – үйрену алаңы мына жабдықталған оқып – үйрену орындарынан тұрады:
Жатып тірей ату, жатып шынтақтай тірей ату, тізерлей және тұрып тасадан атуға арналған орын;
Бақылау және нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау орны;
Оқулық қол гранаттарын лақтыру орны;
Автоматты бөлшектеу мен жинақтау және оқжатарды жарақтау орны;
Алаңның жабдықталуы кезінде атыстың бастапқы шебі және атыс шебі соған тән белгілермен белгіленеді.
Мүмкіндік болса алаң мектеп алдында құрылады, сондай – ақ практикалық оқып – үйрену алаңы мен орындары біріктіріліп жасауға болады. Егер мектепте атыс тирі болса, онда қолайсыз ауа – райы кезінде және мектептің жер көлемінің жеткіліксіз болған жағдайында біркелкі көздеуді оқып – үйренуді, автоматты бөлшектеу мен жинақтау және оқжатарды жарақтау сабақтары сол атыс тирінде өткізіледі.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге атыс дайындығы сыныбын – атыс тирін жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 9 тақырып: Тактикалық алаңды жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Оқу – жаттығу далалры жоқ аудандар мен қалаларға жергілікті жер басшыларының шешімімен тактикалық сабаұқтарды өткізу үшін жер бөлінед. Онда оқу – жаттығу даласы орналастырылады.
Оқушыларды тактикалық дайындық тек бес күндік оқу – жаттығу кезінде өтетіндіктен, оқу – жаттығу алаңдары, әскери – спорттық лагерлер, еңбек және демалу лагерьлері спорттық сауықтандыру лагерьлері маңында орналастырылады.
Ол келесі оқу – жаттығуларын өткізуге арналған жабдықтауы бар орындардан тұрады:
Жауынгердің ұрыс кезіндегі қозғалысы;
Жауынгердің кедергіден, инженерлік қоршаулардан, үйінділерден, залалданған радиациялық заттардан және улы заттардан өтуі;
Өзіндік орлану және атыс орнын таңдау (жатып атуға арналған орын);
Бақылаушы – жауынгер (бақылауға арналған жабдықталған орын);
Шабуыл кезіндегі жауынгер (бөлімше) (бөлімшеге арналған олар, өтпелері бар инженерлік қоршаулар);
Қорғаныстағы жауынгер (бөлімше).
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге тактикалық алаңды жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 10 тақырып: 2 бағыттағы кедергілер алаңын жабдықтау. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Практикалық оқу – жаттығулар үшін әрбір мектепте гимнастикалық қалашық және кедергілерден өту алаңы болуы тиіс. Олар спорттық кешеннің бір бөлігі болып есептеледі және олар денешынықтыру мұғалімінің жетекшілерімен стадионда немесе спорттық алаңда орналасады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
Гимнастикалық қалашық:
Биіктігі 6,0 м темірден немесе ағаштан жасалған құрылғы. Оған 4 канат және баспалдақ орнатылады;
Темір трубалардан жасалған әр түрлі биіктегі перекладиналар немесе 5 – 6 адамның бірмезгілде жұмыс істеуіне арналған стандартты брусьялар;
Ат (конь) және ешкі (козел) (стандартты);
Биіктікке және ұзындыққа секіруге арналғанорын;
Ұзындығы 4,5 м және биіктігі 35 см аяқ тіреуіші бар гимнастикалық орындықтар;
Биіктігі 2,5 м және 5,0 м гимнастикалық қабырға (стенка);
Сабақтың, ойынның, эстафетаның дайындалу бөлігіне арналған алаң;
Ұзындығы 100 м және 2,0 м жүгіру жолы:
Турасынан ұзындығы 80 м кедергілерден өту алаңы:
Ені 2,5 м, ұз. 3м, тереңдігі 0,5 м шұңқыр (мәреден 20 м қашықтықта қазылады);
Диаметрі 20 – 30 см, ұз. 5 м бөреңе (шұңқырдан 5 м қашықтықта орналасады). Бөреңе шұңқыр үстіне, жерден 1 м биіктікте орнатылған екі қадаға орнатылады;
Ұз. 3 м, биіктігі 1,5 м үш тақтайдан жасалған қаша (забор);
Ұз. 6 м, ені 2 м, биіктігі 1,1 м лабиринт (қашадан 5 м қашықтықта орналасады);
Жүгіру жолы (9 – сынып оқушылар үшін жол ұз. 60 м, 10 – сынып оқушылары үшін 80 м).
Жүгіру жолы – кедергілерден өту алаңының басты элементі. Оның құрылысы көп материалдық шығын келтірмейді және оны құруға әрбір мектептің мүмкіншілігі бар.
Құрылысына байланысты жүгіру жолдары орташа, жеңілдетілген және қарапайым болып үшке бөлінеді. Мектептерде, әсіресе алғашқы екі түрі құрылады.
Гимнастикалық қалашықта және кедергілерден өту алаңында орналасқан спорттық снарядтар және жабдықтар оқушыларды олардың әдістеріне үйретеді. Бұл әдістер ұрыс алаңында әр түрлі кедергілерден және инженерлік қоршаулардан өтуге қажетті.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге 2 бағыттағы кедергілер алаңын жабдықтау бойынша оқу – материалдық базаға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықтай алуы тиіс.
№ 11 тақырып: Пневматикалық винтовкалар және оқу қаруларына қойылатын талаптар. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Жалпы білім беретін мектептерде пневматикалық винтовка және оқу қаруларына мектептің қару – жарақ сақтайтын бөлмесінде қару – жарақ сақтайтын сейфте сақталуы тиіс және мектептің қару – жарақ сақтауға арналған бөлмесі барлық талаптарға сай жабдықталуы тиіс. Мектептегібарлық оқу қаруларына мектеп бойынша БӘД оқытушы ұйымдастырушы жауапты болады. Пневматикалық винтовкалар атыс дайындығынан сабақтар өткізу үшін, ал оқу қарулары саптық дайындық сабақта қарумен орындалатын әдіс – тәсілдерді орындау үшін арналған.
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге пневматикалық винтовкалар және оқу қаруларына қойылатын талаптарға сәйкес сақтау туралы ережелерді сақтай алулары керек.
№ 12 тақырып: Оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптар. Осы тақырыпқа бойынша тәжірбиелік сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Жалпы білім беретін мектептерде Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқытудың көрнекілік құралдарына 2007 жылғы 24 мамырдағы №449 қаулыда көрсетілгендей қойылатын талаптарға мыналар кіреді:
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі БӘД пәніне арналған плакаттар (3 комплект)
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі БӘД пәніне арналған бағдарламасы (1 дана)
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 10 – 11 сыныптарға арналған БӘД кітаптары (автор: К.Аманжолов, А.Тасболатов, Д.Жайхаев, Б. Аманжолова.).
Азаматтық қорғаныс және жағдайларға арналған плакаттар (2 комплект)
Осы тақырыпқа байланысты сабақта өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Сабақты тиімді өткізіу үшін студенттерге оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптарды білуі тиіс.
СОӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу кестесі
1-ші семестр
№
|
Тақырып
|
Пәннің мақсаты да мазмұны
|
Ұсыналатын әдебиеттер негізгі қосымша
|
Ұпай
|
Жұмысты тапсыру мерзімі
|
Бақылау формасы
|
1
|
КІРІСПЕ
|
|
[1,2,4,5]
|
1
|
1 апта
|
Ауызша
|
2
|
Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-маткриалдық базаға қойылатын талаптар
|
2006 ж 24 мамыр № 449 “БӘД” туралы қаулы
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
2 апта
|
Тест
|
3
|
Бастапқы әскери дайындық сыныбын жабдықтау
|
БӘД сыныбын жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
3 апта
|
Сөз жұмбақ
|
4
|
Қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені жабдықтау
|
Қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
4апта
|
Жазбаша
|
5
|
Саптық дайындық алаңын жабдықтау
|
Саптық дайындық алаңын жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
5 апта
|
Ауызша
|
6
|
Тәуліктік кезекшілік міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау
|
Тәуліктік кезекшілік міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
6 апта
|
Конспект
|
7
|
Сақшының міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау
|
Сақшының міндетін атқаруға арналған тәжірибелік орынды жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
7 апта
|
Тест
|
8
|
Атыс дайындығы сыныбын – атыс тирін жабдықтау талабы
|
Атыс дайындығы сыныбын – атыс тирін жабдықтау талабы бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
8 апта
|
Жазбаша
|
9
|
Тактикалық алаңды жабдықтау
|
Тактикалық алаңды жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,3,5,6,7,8]/
[1,2]
|
1
|
9 апта
|
Сөз жұмбақ
|
10
|
2 бағыттағы кедергілер алаңын жабдықтау
|
2 бағыттағы кедергілер алаңын жабдықтау бойынша қойылатын талаптар
|
[1,2,3,5,6,7,8]/
[1,2]
|
1
|
10 апта
|
Ауызша
|
11
|
Пневматикалық винтовкалар және оқу қаруларына қойылатын талаптар
|
Орта оқу орындарында пневматикалық винтовкалар мен қаруларды сақтауға қойылатын талаптарды білу.
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
11апта
|
Реферат
|
12
|
Оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптар
|
Оқытудың көрнекілік құралдарына қойылатын талаптарды білу
|
[1,2,3,5,6,7,8]/
[1,2]
|
1
|
12 апта
|
Тест
|
13
|
Оқытудың техникалық құралдары
|
Оқытудың техникалық құралдарын білу
|
[1,2,3,5,6,7,8]/
[1,2]
|
1
|
13 апта
|
Жазбаша
|
Достарыңызбен бөлісу: |