Сабақтың көрнекіліктері: Дүниежүзінің физикалық картасы, әр топқа атлас карта, үлестірмелер, бүктемелер, қорап



Дата07.02.2022
өлшемі41,5 Kb.
#82406
түріСабақ
Байланысты:
Материктер жарысы


«Материктер жарысы» атты сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
- Дәстүрлі емес тәсілмен өткізілген қайталау сабақтары өткен тақырыптарды пысықтау;
- Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін жинақтай білуге есте сақтауға, тұжырымдай білуге, номенклатураны жатқа білуді дағдыландыру;
- Жер-Ана перзенттері сияқты материктерге тіл бітіріп, сөйлету арқылы табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: Дүниежүзінің физикалық картасы, әр топқа атлас карта, үлестірмелер, бүктемелер, қорап.
Сабақ барысы: Оқушыларға сабақтың шартын түсіндіру.
Сабақ жоспары.
1. Таныстыру
2. «Бәйге»
3. «Ғажайып ондық»
4. «Астаналар аялдамасы»
5. «Адасқан обьектілер»
6. Сөз құрастыр
7. Тест тапсырмасы
7 «а» және 7 «б » оқушылары өзара бөлініп, «Африка», «Аустралия» деп топтарға бөлінді.
Таныстыру.
Әр топ дайындап әкелген төсбелгісін, топтың атын және ұранын қорғайды. Өзінің метеригіне қызықты мәлімет жинастырып әкеледі. Ұпай саны 5
«Бәйге» Дұрыс жауапқа 2 ұпайдан
Оқушыларға жалпы сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып қол көтереді, сол топ жауап бареді. Егерде топ дұрыс жауап бермесе,екінші топ жауап беруге мүмкіндік алады. Әр сұраққа ұпай беріледі.
1) Жер бетінің қанша пайызын Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?
2) Аустралия мемлекеттік елтаңбасында ненің суреті бейнеленген?
3) Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы?
4) Меринос қойларының саны жөнінен д/ж-де І орын алатын материк?
5) Дүниежүзінде ең тұзды теңіз?
6) Аустралияның байырғы халқы?
7) Африка материгі неше географиялық аймаққа бөлінеді?
8) Виктория сарқырамасы қай өзенде, қай материкте орналасқан?
9) Аустралияның ауданы қанша?
10) Бұл материктің байырғы халқы үндістер, материк халқының 10 пайызын құрайды?
«Ғажайып ондық»
Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары оқушы бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.
1-ұяшық
Жер шарындағы ең ыстық жер?
Жауабы: Триполи, Эль-Азизия +580С
2-ұяшық
Бұл материктің шеткі нүктелері мынандай:
Солтүстігінде – Бен-Секка
Батысында – Альмади
Шығысында – Рас-Хафун
Оңтүстігінде – Ине
Жауабы: Африка
3-ұяшық
Ең жас эра?
Жауабы: кайназой
4-ұяшық
Тереңдігі 1470 метр
Жауабы: Танганьика көлі
5-ұяшық
Криктер дегеніміз не?
Жауабы: Кеуіп қалған өзендер арнасы
6-ұяшық
Аустралиядағы кенгурулардың ірісін немесе кішісін қалай атайды?
Жауабы: Сұр кенгуру немесе Валлаби
7-ұяшық
Ауа қысымын өлшейтін құрал?
Жауабы: Барометр
8-ұяшық
Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?
Жауабы: Гейзер
9-ұяшық
Африкада өсетін вельвичия өсімдігі қанша жыл өмір сүреді?
Жауабы: 2000 жыл
10-ұяшық
Судан елінің астанасы?
Жауабы: Хартум
«Астаналар аялдамасы» Әрбір жауап берілген жауапқа 5 ұпайдан

  1. Эфиопия - Аддис-Абеба

  2. Эритрея – Асмэра

  3. Нигер – Ниамей

  4. Нигерия - Абуджа

  5. Аустралия – Канберра

  6. Палау – Нгерулмуд

  7. Оңтүстік Африка республикасы – Претория

  8. Сомали – Могадишо

  9. Тунис – Тунис

  10. Того – Ломе

  11. Кот – Д’ивуар – Ямусукро

  12. Жаңа Зеландия – Веллингтон

  13. Тонга – Нукуалофа

  14. Уганда – Кампала

  15. Фиджи – Сува

  16. Чад – Нджамена

  17. Папуа – Жаңа Гвинея – Порт-Морсби

  18. Алжир – Алжир

  19. Египет – Каир

  20. Марокко - Рабат

«Адасқан обьектілер» дұрыс жауапқа 2 ұпайдан
Топтар қораптағы үлестірмені алып, кезек тақтаға шығу арқылы жер-су атауларына байланысты қай материкке жататынын, қандай обьект екенін айтып жабыстырманы картаға жабыстырады.
1) Чад –Африка көлі
2) Амазонка – Оңтүстік Америка өзені
3) Сахара – Африкадағы шөл
4) Анды – Оңтүстік Америка тауы
5) Гренландия – Солтүстік Америка аралы
6) Муррей – Аустралия өзені
7) Үлкен Артезиан – Аустрал ия алабы
8) Солтүстік Мұзды – Мұхит, жер шарының солтүстігінде орналасқан.
9) Мариан – Тынық мұхитының шұңғымасы
10) Канберра – Аустралия астанасы
11) Танганьика-Африка көлі
12) Нигер-Африка өзені
13) Кап – Африка таулары
14) Тасмания – Аустралия аралы
15) Рас-Хафун – Африканың шығыс шеткі нүктесі
16) Ніл –Африка өзені
17) Сомали – Африка түбегі
18) Карпентария- Аустралия шығанағы
19) Ине – Африканың оңтүстік мүйісі (шеткі нүктесі)
20) Тонга – Мұхит аралдары


Сөз құрастыр Дұрыс жауап 1 ұпайдан
Бұл кезеңде алфавит бойынша әріптер беріледі. Сол әріптерден география пәніне байланысты сөздер құрау керек. Сөз дерді алма-кезек оқу арқылы сөздер екінші топта қайталанбау керек. Әр айтылған сөзге 1 ұпайдан беріледі.
А Б В Г Ғ Д Е Ж З К Қ Л М Н Ң И Й О Ө Ы І Ұ Ү П Р С Т Ш Х Я

2 әріптен –су, бу, ұя, ін


3 әріптен – құс, тау, жол, асу, күз,қыс, кен, көң,сел,жел, шың, сай, ...
4 әріптен – өзен, бұғы, тиін, өлке, ...
5әріптен – тоған, орман, шағыл, көмір, үңгір, құлан, темір,бұлан, көгал, ...
6 әріптен – шортан, шоңғал, ...
Сабақты қорытындылау үшін 10 сұрақтық тест тапсырмалары кесте түрінде беріледі. Дұрыс жауап ұяшығына «+» белгіні қояды. Дұрыс жауап 1 ұпайдан
Қорытында: Оқушылардың ұпай саны есептелініп, соңында жеңімпаз кім екені анықталып, марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет