БАҒдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 4- сыныбына арналған



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі1,71 Mb.
#46916
1   2

Түсінік хат

            Мектептің бүгінгі реформасы, қоғамның информатизациялануымен қатар, білімді гуманизациялануына бағытталған, оның алдына қоятын негізгі мақсаты – ақпараттық қоғамда күнделікті өмірге оқушыны дайындау.

Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, сонымен қатар математикалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты элективті курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы болуы мүмкін.

Бір жағынан берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан, білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді.



Бағдарлама 4 – сыныпқа математика пәнінен барлығы 34 сағатқа арналған (аптасына 1 сағат)

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын дамытуға және логикалық дамуына жағдай жасау.

Міндеттер:

  • математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету;

  • оқу материалымен байланыстыра отырып оқушының білімділіктерін арттыру;

  • Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;

  • Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;

  • Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;

  • оқушының дәстүрлі емес есептерді жүйелеп шығара білу;

  • есеп шығарудағы ойлау қабілеттерін дамыту;

  • күрделі есептерді шығару жолдарын көрсете отырып, өз беттерімен есепті жүйелі шығаруға баулу.


Күтілетін нәтиже:

  • Есептердің себебі мен салдарын айқындай білу, дәстүрлі емес есептердің шығару жолын жүйелей білу;

  • Есептерді құрастыру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, логикалық есептерді жылдам есептеу және есепті шығару жолының ретін сақтау;

  • Матаматиканы өмірмен байланысын анықтау, есептерін шығару жолындағы маңызды орнын түсінуі керек.

  • Берілген есепті класификациялау, қарапайым есептерді құрастыру.

3

Пәнді меңгертуге қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

  • Натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білуі;

  • Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды.

20

Математикалық сыр сандық бағдарламасының білім мазмұны

4 сынып
Көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар /8 сағат/

  • 1-ден 1000-ға дейінгі сандармен орындалатын амалдар;

  • 1000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар;

  • Арифметикалық амалдар қасиеттері;

  • Арифметикалық лабиринт

  • Арифметикалық ойын есептер;

  • Арифметикалық амалдар қасиеттері «Ойна да ойла».


Шамалармен жүргізілетін есептеулер


  • Сандарды және шамаларды салыстыру;

  • Шамалар және оларға қолданылатын амалдар;

  • Ұзындық өлшем бірліктері;

  • Массаны өлшеу.


Есептер және оларды шығару


  • Разрядтық қосылғыштар;

  • Сандарды және шамаларды салыстыру;

  • Сиқырлы сандар әлемінде;

  • Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар;

  • Логикалық тапсырмалар «Кім мықты!»;

  • Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығару;

  • Сиқырлы шеңбер;

  • Қызықты есептер әлемінде.


Математикалық басқатырғыш

  • Алгебралық сипаттағы дәстүрден тыс тапсырмалар;

  • Сиқырлы фигуралар;

  • Даму деңгейін анықтау тапсырмалары;

  • Қызық есептер;

  • Ауызша және жазбаша көбейту амалдарына берілген есептер;

  • Математикалық эстафета;

  • Есепте,дұрыс аяқта;

  • Ертегі есептер.

4

Оқушыларға қойылатын талаптар


Көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар тарауы бойынша:

  • 1-ден 1000-ға дейінгі сандармен орындалатын амалдар;

  • 1000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар;

  • Арифметикалық амалдар қасиеттерін;

  • Арифметикалық лабиринтпен жұмысты;

  • Арифметикалық ойын есептерді шығара білу.


Шамалармен жүргізілетін есептеулер тарауы бойынша:


  • Сандарды және шамаларды салыстыруды;

  • Шамалар және оларға қолданылатын амалдарды орындауды;

  • Ұзындық өлшем бірліктерін;

  • Масса өлшемдерін білу.


Есептер және оларды шығару тарауы бойынша:


  • Разрядтық қосылғыштарға жіктеуді;

  • Сандарды және шамаларды салыстыруды;

  • Сиқырлы сандар әлемін;

  • Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмаларды орындауды;

  • Логикалық тапсырмалар орындауды;

  • Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығаруды;

  • Қызықты есептерді шығаруды білу.


Математикалық басқатырғыш тарауы бойынша:

  • Алгебралық сипаттағы дәстүрден тыс тапсырмаларды;

  • Сиқырлы фигураларды;

  • Даму деңгейін анықтау тапсырмаларын;

  • Ауызша және жазбаша көбейту амалдарына берілген есептерді ;

  • Математикалық эстафетаны орындауды;

  • ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы есептер шешуге дағдыландыру.

  • Тез есептеуге, ойын тез қорытындылауға, уақытын үнемді пайдалануға дағдыландыру.

  • Жұлдызшамен белгіленген цифрларды таба білу,

  • Сандарда амалдарды қолдану, оны есептей білу;

  • Өзіндік ребустар, сөзжұмбақтар құрастыра білу;

  • Математикалық терминдер, жаңа сөздермен танысу.

  • Қызықты да күрделі есептерді шешу әдісімен танысу, шеше білу;

  • Сіріңкені пайдаланып, түрлі геометриялық фигуралар құрастыруды, бір геометриялық фигураны екінші фигураға ауыстыруды үйрену.

5

Математикалық сыр сандық бағдарламасының күнтізбелік жоспары

4 сынып

р/с

Тақырыбы


Сағат саны

1


1-тоқсан

Көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар

1-ден 1000-ға дейінгі сандармен орындалатын амалдар


9 с


1

2

Теңдеу құруға берілген есептерді шығару

1

3

1 000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар

1

4

Математикалық фокус

1

5

Арифметикалық амалдар қасиеттері

1

6

Арифметикалық лабиринт

1

7

Арифметикалық ойын есептер

1

8

Арифметикалық амалдар қасиеттері «Ойна да ойла»

1

9

Логикалық ойлауға есептер шығару

1

1


2-тоқсан Шамалармен жүргізілетін есептеулер

Сандарды және шамаларды салыстыру



7

1


2

Қызықты математикалық ойындар:

"Сиқырлы сандар сырына саяхат"



1

3

Шамалар және оларға қолданылатын амалдар

1

4

Математика еліне саяхат

1

5

Ұзындық өлшем бірліктері

1

6

Массаны өлшеу

1

7

«Тапқыр математик» математикалық сайыс 

1

1


3-тоқсан

Есептер және оларды шығару

Логикалық тапсырмалар «Кім мықты!»



1


2

Тура және жанама есептер

1

3

Сиқырлы сандар әлемінде

1

4

Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар.

1

5

Көп таңбалы сандарға байланысты логикалық тапсырмалар.

1

6

Разрядтық қосылғыштар

1

7

Сандар нумерациясына негізделген есептерді шығару

1

8

Сиқырлы шеңбер

1

9

Қызықты есептер әлемінде

1

10

«Ғажайып жетілік» сайыс

4-тоқсан Математикалық басқатырғыш



1

8


1

 Алгебралық сипаттағы дәстүрден тыс тапсырмалар

1

2

Сиқырлы фигуралар

1

3

Даму деңгейін анықтау тапсырмалары

1

4

Қызық есептер

1

5

Ауызша және жазбаша көбейту амалдарына берілген есептер.

1

6

Математикалық эстафета

1

7

Есепте,дұрыс аяқта

1

8

Ертегі есептер

1

6


Қолданылатын көрнекіліктер


  • Кестелер;

  • Ұлы ғалым портреттері;

  • Сіріңке шилары;

  • Геометриялық фигуралар;

  • Интербелсенді тақта.


Әдебиеттер тізімі


  1. Логика әлемі, К.Ерешова, Г.Әденова, 3,4 сынып, Алматы 2011

  2. Қызықты математика, Ә.Ақпаева, Л.Лебедева 3,4 сынып, Алматыкітап

  3. Қ.Қаңлыбаев, Математикадан кластан тыс жұмыстар

  4. А.Әбілқасымова, Ә.Кенеш «Бастауыш сынып математикасы»

  5. Қызықты есептер Г .Әуезова Г. Ертілесова

  6. Ертегі есептер Қ. Нұрсұлтанов

  7. 111 жұмбақ есептер. Ш. Күмісбайұлы

7

1-сабақ 4-сынып



Сабақтың тақырыбы: 1-ден 1000-ға дейінгі сандармен орындалатын амалдар

Мақсаты:1.Көп таңбалы сандарды оқу,жазу

2.Көп таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру

3.Еңбекке тәрбиелеу.

Әдісі:Сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру, ойын .

Көрнекілігі: кестелер

1.Сандарды өсу ретімен жаз.

485, 442, 403,т 492, 417, 431, 400, 500,т.б.



2.Есепті шығар.

Асханаға 400 кг қызылша және одан 2 есе артық сәбіз әкелінді.Асханаға неше кг сәбіз әкелінді?



3.Амалдарды баған түрінде орында.

725+228 283+419 583+236 873-364 931-658



4.См-мен өрнекте.

3дм 2см= 2м 38см=

45дм= 7м 7см=

9дм 8см= 6м 4дм=



5. «Кім жылдам?» ойыны

480:6-50*3-60*5

:6 -50 х3 -60 х5
480

6.Логикалық тапсырма

- Жанар ақиқат тұжырым айтты. Марат оның сөзін қайталап айтып еді,ол жалған болып шықты. Жанар не айтты? (Менің атым Жанар) .

- Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3) 
- Екеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат) 

- Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады) 
Пайдаланылған қосымша материалдар: Өзіндік жұмыстар

4-сынып,2012ж Математикадан тест тапсырмалары,4-сынып, авторы: Р.Ж. Базарбекова.

8

2-сабақ 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу құруға берілген есептерді шығару

Мақсаты: 1. Теңдеу құруға берілген есептерді шығару.

2.Көп таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру 3.Экономикалық тәрбие беру



Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру, ойын .

Көрнекілігі: кеспе цифрлар

Сабақтың жүрісі:

1.Ой қозғау.

Әрбір келесі сан 2 ондыққа кемитін үш таңбалы бес сан жаз.



2.Есепті шығар.

Нұрлан 3 сағатта 16 бұйым,ал Әди 17 бұйым жасады.Екеуі бірігіп 4 сағатта неше бұйым 1.Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?


Шешуі:

Х жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.

Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.

5*(0+Х)=36+Х

5*Х=36+Х

5*Х-Х=36

4*Х=36

Х=36:4

Х =9

5*(0+9)=36+9

45=45

Баласы 9 жаст а болса, онда әкесінің жасын табу үшін:

36+9=45

Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.

3.Амалдарды баған түрінде орында.

529+288 7км 20м+5км 38м 6км 26м 97см+2км 31м 45см



4.Дм-мен өрнекте.

150см= 2м= 6м 90см= 600см= 46м= 80см= 7дм20см= 1м= 170см= 32м=



5. «Кім жылдам?» ойыны.70*4-80:5*2+300

6.Логикалық тапсырмалар.

* Жиырма бес бестік қатар жазылған.555...55.Олардың кейбір цифрларының арасына қосу таңбасын қосынды 1000-ға тең болатындай етіп қойып шығыңдар.

Жауабы:555+55+55+55+55+55+55+55+55+5=1000


9

3-сабақ 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: 1 000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар

Мақсаты:1. 1 000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар ды орындауға үйрету

2. Жаңа санау бірлігі – миллиондар және көп таңбалы сандардың разрядтық құрамы туралы түсініктерін бекіту;

3.Эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі:Сұрақ-жауап,өздік, салыстыру.

Көрнекілігі: Kесте

Сабақтың жүрісі:

1.Амалдарды орында.

5804+2465 5см 9мм+18см 4мм

12633-3841 35мин29с-28мин 20с

9700031-2820431 24сағ 8мин+22сағ52мин



2.Салыстыр.

16км 9м * 13км 5м 3т 7ц * 35ц 3тәул. 15сағ * 4тәул. 4т5кг * 675кг

7км 9м * 4км 12м 6т 7ц * 18ц 5км 8м * 8км 9м 3т 87ц * 4т

3.Теңдеулерді шеш.

х+2045=4182 х-165=7047 6000:а=300

х*5=3000 6200+а=8260 7000:с=7

4.Есептерді шығар.

а) Қалада балаларға арналған 18 кітапхана бар,ал үлкендерге арналған кітапхана одан 4 есе артық.Қалада барлығы қанша кітапхана бар?

Шешуі:18+18*4=90 (кітапхана) – барлығы

ә) «Гүлдер»дүкенінде 200 раушан және 600 қалампыр гүлі бар.Раушан гүлінен 5 талдан.ал қалампыр гүлінен 3 талдан гүл шоқтарын жасады.Барлығы қанша гүл шоқтары жасалды?

Шешуі:200:5+600:3=240 (гүл шоғы)

5.Өрнектеп жаз.

120 мм=…см 18 дм=…см 980 дм=…м 420 дм=…м

490 мм =…см 8 м 3дм=…см 500 см=…м 400 см=…м

6.Олимпиадаға дайындық есептері.

* Бір бай кісі өзінің екі үйін үш ұлына мұра етіп қалдырды. Балалары мұраны теңдей етіп бөліп алғысы келді. Әрбір үлкен екі ағасына бір үйден тиді,ал кішкентай інісіне әрбір ағасы 500 динардан берді.Бір үй қанша динар тұрады?



Шешуі:Мұра теңдей етіп бөлінетіндіктен,олардың әрқайсысы 1000 динар ақшадан алуы тиіс. Онда барлық мұра 3000 динарға бағаланады, олайболса,бір үй 1500 динар ақша тұрады.

Жауабы:1500 динар.

*Жәшікте 24 кг шеге бар.Кірсіз қол таразыда 9 кг шегені қалай өлшеп алуғаболады?

10

Шешуі: Біз шегенің мөлшерін салмақтары бірдей болатын екі бөлікке бөлуге тиіспіз. Таразыға тартудың нәтижелерін мынадай кестеге енгіземіз:






1 үйме

2 үйме

3 үйме

4 үйме

Алғашқыда

24 кг










1- қадам

12 кг

12 кг







1 –қадам

12 кг

6 кг

6 кг




1 -қадам

12 кг

6 кг

3 кг

3 кг

4 –қадам: 6 кг+3 кг

4-сабақ 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Математикалық фокустар

Мақсаты:Білімділік: оқушылардың математикалық білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, оқушылардың ойлау қаілетін, білімін тереңдету, оқушылардың практикалық ойлау дағдысын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін, есте сақтау, көру, сезіну, сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, белсенді ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз пікірін еркін айтуға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

:Сұрақ-жауап,талдау,өздік.

Көрнекілігі: кеспе цифрлар,кесте

Сабақтың жүрісі:

1.Теңдеулерді шеш

7*а=210056 280500:х=100 8000:х=2000 320*х=2560 6400:с=8



2.Амалдарды орында.

1235*2 7528*5 5297*4 12057+13258 197648+17568 т.б.



3.Есепті шығар.

а) Асхана 5 күн бойы күніне 12 кг-нан,ал 2 күн 9 кг-нан ұн жұмсады.Осы күндері барлығы қанша кг ұн жұмсалды?

Шешуі:12*5+9*2=78 (кг)



ә) Бірінші жүйектен 180 кг,екінші жүйектен одан 2 есе артық,ал үшінші жүйектен екінші жүйектегіден 3 есе кем пияз жинаған.Үш жүйектен қанша кг пияз жинаған?

Шешуі:180*2=360 (кг) – ІІ жүйектен

360:3=120 (кг) – ІІІ жүйектен

180+360+120=660 (кг) – үш жүйектен

4.Арифметикалық ребустар: (Баған түрінде жазылады)

*6*+*7=**24 **09-*8* = *6

5.Логикалық тапсырмалар

- Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа айдап әкетеді?( Электр пойызында түтін болмайды)

11

Елеуішпен суды қалай әкелуге болады? (мұз күйінде)



- Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады.

Ж: алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсүгіні.

- Жұмыртқа қалайша 3 метр жерге ұшып, жарылмау мүмкін ? (жұмыртқаны 4 метрге лақтырса, онда алғашқы 3 метрде жарылмайды.)

- 5екілік цифрымен үш амал қолданып, 20 санын жаз.

Ж: 22+2-2-2=20

І. Математикалық фокустар

1. Фокус : қағаз бетіне төмендегі жазбаны жазып көрсетеді.

1000

    30


1000

    40


1000

    20


1000

    10


Барлық сандарды қағазбен жауып жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отырып, оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек, сонда оқушы жауабын айтады. Оқушы дұрыс есептей алды ма?

( Нәтижесі: көбінесе оқушылар 5000 деп айтады, ал шындығында жауабы: 4100)                                                    

 

2. Фокус: "Ойлаған санды табу"           



Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз. Сол ойлаған  екі таңбалы санның, ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп, алынған көбейтіндіге 5 бірлікті қосып, бұл қосындыны 5 есе көбейтіп, оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз. Содан келіп алынған жауабын сұраңыз.

( Құпиясы: сіз ойлаған саннан 35-ті азайтып, оқушының ойлаған санын айта аласыз)

3. Фокус: "Мен ойлаған сан"            


  • бір сан ойла

  • ойлаған саннан бірді азайт

  • айырманы 2-ге көбейт

  • шыққан санға ойлаған санды қос

  • шыққан санды ата

(Құпиясы:  шыққан нәтижеге 2-ні қосып, қосындыны 3-ке бөлу керек, сонда ойлаған сан шығады)

 

12



5-сабақ 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту тәсілімен таныстыру; есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: қызықты тапсырмалар,карточка

Сабақтың барысы:

Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

1.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қайталау.

Ол үшін мынадай тапсырма ұсынылады.

Бірінші қатардағы мысалдың жауабын пайдаланып ,тиімді есепте.

89 +111 560 +440

89 + 2 345 +111 560 + 358 +440

2. Математикалық диктант.

* 560 ты 2 есе арттыр * 560 ты 200-ге арттыр

* 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап

*230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап

* 89 бен 2 есе көбейт



Сергіту сәті: Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы.

Жылуым мол бойымда

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

3 .«Кім жылдам ?» ойыны.Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қой

2 820 – 960 : 6 + 280 = 2 380 6 900 – 900 : 6 – 670= 33

Логикалық есептер

1.Бір бала өрмекшілер мен қоңыздарды ұстап алыпты.Егер барлығының аяқтарын санаса, 54 аяқ болады. Сонда бала қанша өрмекші мен қоңыз ұстаған?

Ж: Өрмекшіде 8 аяқ, ал қоңызда 6 аяқ. Сонда 3өрмекші мен 5 қоңыз ұстаған.

2.-Маған алма берші, сонда менде сенің алмаңа қарағанда екі есе көп алма болады,- деді бір бала екіншісіне.

-Ол жоқ болмайды, одан да сен маған алмаңды бер, сонда екеуміздікі де тең болады,-дейді екінші бала. Сонда әр балада қанша алма болғанын сен таба аласың ба?

Ж: 7\5


Қорытынды: Көбейту кестесін қайталату барысында «Баспалдақ» ойынын ойнату.
13

6-сабақ 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық лабиринт

Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.Арифметикалық амалдардың қасиеттерін есептеу барысында пайдалана алу қабілетін нығайту.

Көрнекілігі: тестік жұмыстар,лабиринт тапсырмалар,т.б

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Ауызша есептер шығарып, математикалық диктант есептер шығару.

  • 420-ны 2-есе арттыр.

  • 420-ны 200-ге арттыр.

  • 250 мен 2 сандарының бөліндісін тап.

  • 230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап.

  • 4800бен 4 сандарының бөліндісін жаз.

2.Лабиринттегі бес қақпадан қалай өтеміз және 100 санын қалай шығарып

аламыз.


3. Тапсырмаларды орындап ,есептеп шығару тапсырылады



Қорытынды: Тестік тапсырма

1/Амалдарды орындап ,дұрыс мәнін тап. 128х430-6795+675-34125:375

А ) 47479 в) 39 с)48829 д) 14795

2/Ешқашан қиылыспайтын түзулер:

А) тұйықталған б) перпендикуляр с) параллель д)түзу сызық


14

3/теңдеудің шешуін тап: 570: (35-х)+70 100

А) 16 в) 54 с) 14 д) 8

4/1 мыңдық мың нешеге тең?

А) 1 000 в)10 000 с) 100 000 д)1 000 000

5/8 дана,45 теңге ,12 метр шамалардың өлшемі:

А) масса,сыйымдылық, ұзындық

С) сан,баға,ұзындық

Д) масса,сан,уақыт

В) баға,салмақ,уақыт


7-сабақ 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық ойын есептер.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастыру; есептеу тәсілдерін және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.

Көрнекілігі: «Кім шапшаң ?», суретті тапсырмалар.

1.Математикалық диктант.

-2жүзд;


-4жүзд.2бірл;

-7жүзд,5ондық,6бірлік;

-5онд,6 бірлік,

-4 жүзд.2онд.3бірл,

-6 жүзд.8онд.2бірл.

2.Амалдар ретімен жаза отырып есептеу.

3 х 309 -972 : 4 268+609-566-97 (709-411): 2х6 1 000 –(651-169)+107



3.Теңдікте қандай сан түсіп қалған?

844+289- = 289 ( -254) х (585 + 2) = 0



  1. ) : (348+259) = 0 (483-15)х(869- ) = 0

«Бәйге» ойыны

  1. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

  3. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  4. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

  5. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір) 6.

  6. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3) 7.

  7. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

  8. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

Өрнектің мәнін табу

(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304) Ж: 0

(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне

15

салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?



Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.

(әзіл есеп) «Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127.

“Тосап жеу” Бала 600г тосапты 6 минут, ал досы 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?



Жауабы: 2 мин

Қорытынды: Амалдардың орындалу тәртібіне байланысты ауызша есептер шығару.

61

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет