«Алғыр алтау» математикалық сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың есептер шығаруды, логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын арттырып, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, шапшандыққа үйрету. Ұжымда жұмыс істеуге жұмылдыру.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, география
Сабақтың түрі: Ойын - сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Таратпа материалдар, портрет, слайд
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
«Оқу білім – азығы, білім ырыс – қазығы», -дейді дана қазақ.
Армысыздар достар!
Армысыздар көрермендер!
Бұл білімді өрге жеткізер – зияткерлік ойыны «Алғыр алтау»
Ойынымызды бастайық. Алдымен ережемен таныстырып кетейін. Ойынға 3 топ қатысады. 1 топта 2 адамнан. Топтың 1 ойыншысы оқшаланған бөлмеде орналасады. Ол қатысушының ұпай сандары құпия түрінде сақталады. Ойын 3 кезеңнен тұрады. 3 іріктеу кезеңдерінен өткен жеңімпаз топ супер ойынға қатысады.
Кезеңдер: I кезең: Белес.
II кезең: Өткел
III кезең: Асу
Әр кезең тапсырмаларымен ойын барысында танысамыз.
Ендігі сөзді топтарға береміз. Танысайық (ойыншылар өздерін таныстырады, қысқаша өздері туралы айтып береді)
Ұрандары:
1топ- Айтжан мен Турар
2 топ- Аяжан мен Ерасыл
3 топ- Анель мен Олжас
Ойынымызды бастайық, дайынбыз ба?
Олай болса, тұрмайық,
Ойынымызды біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.
Әділқазылармен таныс болыңыздар.
I кезең: Белес.
Қатысушыларға 12 сұрақ қойылады. Сұрақтар тұжырым немесе ережелер түрінде беріледі. Жауап нұсқалары «Дұрыс» немесе «Бұрыс» деген сөздер тұрады. Қойылған сұрақтың нұсқасын таңдау арқылы жауап береді.
1-сұрақ. Ең кіші натурал сан 1. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
2-сұрақ. Ең үлкен ортақ еселік сол санның өзі. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
3-сұрақ. 1 тәулікте 48 сағат бар. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
4-сұрақ. Алымы бөлімінен үлкен бөлшекті бұрыс бөлшек деп атайды. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
5-сұрақ. Ең үлкен екі орынды сан – 99. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
6-сұрақ. 8-ге 9-ға көбейткенде 64 болады. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
7-сұрақ. Бұрышты өлшеу құралын градус деп аталады. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
8-сұрақ. Санды нөлге бөлгенде нөл шығады. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
9-сұрақ. Азайтудың компоненттерін азайғыш және азайтынды. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
10-сұрақ. 2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
11-сұрақ. Миллиардта 6 нөл бар. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
12-сұрақ. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы оның ауданын береді. («Дұрыс» па? «Бұрыс» па?)
Қатысушылардың жауап берген сұрақтарын әділ қазыларға жинап беріледі. Әділқазылар тексеріп, ұпайларын санайды.
II кезең: Өткел. Кезең екі санаттан тұрады. Оның бірнеше жауап нұсқасы беріледі. Қай жауап қай санатқа жатады екендігін белгілеу керек.
1-санат: «Аспан» немесе «Жер»
Бұлт, Жапырақ, шық, зымыран, топырақ, метеорит, Жетіқарақшы, Тайқазан, Галактика, Африка.
2-санат: «Құрал» немесе «Өлшем бірлігі»
Градус, сызғыш, циркуль, километр, термометр, центнер, гектар, манометр, цельсий, таразы.
Әділқазылар ұпайларды санайды.
Сергіту сәті. (3 мин)
III кезең: Асу. Бір-біріне қатысты сөздерді табу керек. Бір сөзге берілген екі нұсқаның бірін таңдау арқылы жауапты белгілейсіңдер.
1-сұрақ. Ширек. а) екіден бір бөлік, ә) төрттен бір бөлік
2-сұрақ. Түзу. а) шексіз сызық , ә) шектелген сызық
3-сұрақ. Бақа. а) бауырмен жорғалаушы, ә) қосмекенді
4-сұрақ. Көкшетау . а) қала, ә) облыс орталығы
5-сұрақ. 16 желтоқсан. а) президент күні, ә) тәуелсіздік күні
6-сұрақ. Дәрігер. а) дәріс , ә) екпе
7-сұрақ. Тайм. а) воллейбол, ә) футбол
8-сұрақ. Сириус. а) комета, ә) метеорит
9-сұрақ. Екі жеті. а) екі апта, ә) екі күн
10-сұрақ. Былғары. а) мал терісі, ә) мата өнімі
Үш кезең аяқталғасын сөз әділқазыларға беріледі. Әділқазылар ұпайларды санағанша көрермендерге Викториналық сұрақтар қойылады.
Викториналық сұрақтар:
1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
3. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
4. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
5. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
6. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
Сөз оқшаланған бөлмедегі қатысушыларға беріледі. Өз ұпайын қалдырама , әлде екінші ойыншының ұпайын қалдырама екендігін шешеді.
Жеңген топты анықтағасын Супер ойынға көшеміз.
Супер ойын. Супер ойында ойын шарты өзгереді. 3 кезең бойы оқшаланған бөлмеде тұрған ойыншы сұрақтарға жауап береді. Бірінші ойыншы жауап бергесін екінші ойыншыдан келісе ме, келіспей ме екендігін сұраймын. Жеңу жеңбеуі екінші ойыншыға байланысты. Сұрақ жауабы пирамидада көрсетледі.
Дайын болсаңдар бастайық. Супер ойын.
1-сұрақ. Тік бұрыштан үлкен бұрыш қандай бұрыш деп аталады?
А) сүйір бұрыш ә) доғал бұрыш
2-сұрақ. Қуанышты хабарды айтпас бұрын не сұрайды?
А) сүйінші ә) байғазы
3-сұрақ. Затқа қарап салған сурет қалай аталады?
А) натюрмотр ә) пейзаж
4-сұрақ. Адамның ойлауы және басқа мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуі немен байланысты?
А) ақылмен ә) мимен
5-сұрақ. Екі бөлгіші бар сандарды қандай сандар деп аталды?
А) құрама сандар ә) жай сандар
6-сұрақ. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді?
А) диаметр ә) радиус
7-сұрақ. Күн тал түсте қай тұстан көрінеді?
А) оңтүстіктен ә) солтүстіктен
8-сұрақ. Қандай жұлдыз үнемі солтүстіктен көрінеді?
А) Шолпан ә) Темірқазық
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Осымен «Алғыр алтау» атты ойынымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |