Сабақ тақырыбы: «Үздік биолог 2014»



Дата26.08.2017
өлшемі42,44 Kb.
#28040
түріСабақ
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Ақтоғай орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Байзақова Рауза Жұматқызы

Сабақ тақырыбы: «Үздік биолог – 2014»

Сабақ мақсаты: Биология, экология, генетика пәндеріне құштарлығын,

логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін

арттыру, ой-өрісін кеңейту.



Сабақ түрі: Дәстүрлі емес

Сабақ әдісі: сайыс сабақ

Сабақ көрнекілігі: сұрақтар , суреттер , интерактивті тақта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру: Сайысқа 6 оқушы қатысады. Әр оқушы өздерін таныстырады

Сайыстың кезеңдері



І кезең – Кім білгір?

ІІ кезең – Бұл қандай ғылым?

ІІІ кезең - Ойлан тап

Ү кезең – Бұл кім?

ҮІ кезең – Биологиялық эстафета

ҮІІ кезең - Ой толғау

І кезең Кім білгір? әр сұраққа 10 ұпай

1.Асқортыу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

2.Эволюциялық теорияны құрастырған данышпан кім

3.Бір мезетте диплоидті хромосома жиынтығы бар жасушадан ұрық дамып, триплоидті жиынтығы бар жасушадан эндосперм қабатының түзілуін қалай атайды?

4.Тістің құрылысы

5.Құрылысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығы

6.Бұл өсімдіктер бір – бірінен тек бір белгісі - тұқымдарының түсі арқылы ерекшеленеді. Бұл .....

7.Құрылысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығы

8.Бір – бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыруды қалай атайды?

9.Тыныс орталығы мен асқорыту жолы қиылысады

10.Организмге тән ерекшеліктер мен қасиеттердің ұрпақтан – ұрпаққа берілуі

11.Қанның тұйық жүрек – қантамырлар жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қалай аталады?

12.Ата аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы

Бірінші будан ұрапақ белгілерінің аралық сипатта болуы қалай аталады?

13.Сілекей бездерінің қызметін зерттеген ғалым кім?

14.Будандастырудың жағымды, дұрыс жолы

15.Ең жиі кездесетін тұқым қуалайтын өзгерістер

16.Ашішек қандай бөлімдерден тұрады?

17.Екі гомологті хромосоманың арасындағы байланыстар қалай аталады?

18.Ұрықтанған жасуша қалай аталады?

19.Жыныс жасушаларының қосылып, зиготаның түзілуінен тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңі

20.Тыныс орталығы қайда орналасқан?

21.1911 жылы Т.Моргон ашқан құбылыс

22.Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат

23.Спермотогенез неше аймаққа бөлінеді

24.Ядросы бар және белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары

25.Организмнің сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы

26.Организмнің оған енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамауы

27.Бейімделушіліктің бұл түрі ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі

28.Организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым

29.Эмбриондық дамудан соң дернәсілдердің пайда болуы

30.Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін қалаушы кім?

ІІ кезең Бұл қандай ғылым? 10 ұпай

Биология адамның шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы мен олрганизмнің құрылысы, қызметі, дамуы туралы ғылым

Селекция – өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын және микроорганизмдердің жаңа штамдарын алу әдістері туралы ғылым

Генетика – тірі организмдерге тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

Анатомия – организмнің құрылысы, жеке мүшелерінің жүйелерінің зерттейтін ғылым

Эволюция – жер бетіндегі тіршіліктің тарихи дамуы

Экология – тірі организмдерді қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым

Гигиена – денсаулықты сақтау, нығайту, адамның қалыпты еңбек етіп,демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы ғылым

Эмбриология – ұрықтың дамуы туралы ғылым

Физиология – адам организмнің және оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметі туралы ғылым

ІІІ кезең Ойлан тап әр текше бойынша сол ұпай сандарын алады

10 ұпай Қалқанша бездің 1- кг- ға дейін ұлғайып өсуі,жүйкенің жоғары қозғыштығыбайқалады, адам ентігеді. Бұл қандай аурудың белгісі?

10 ұпай Клетка кабықшасының астындағы , ядроның сыртын қоршаған қоймалжың зат

10 ұпай Молекуласы үш құрылымды болып келеді

20 ұпай Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең

20 ұпай Кез келген белгінің бірдей немесе екі түрлікөрінісін анықтайтын жұп гендер

20 ұпай Жасуша ядросының бөлінуге дайындық кезеңі және бөліну кезеңі

30 ұпай Ұйқы безі сөлі құрамындағы фермент көмірсуларды глюкозаға дейін ыдыратады?

30 ұпай Ең жиі кездесетін тұқым қуалайтын өзгерістер

30 ұпай ДНК – ның молекуласындағы жасушаға қажетті әртүрлі нәруыздардың құрылымын анықтайтын тұқым қуалайтын ақпарат



ІҮ кезең Ол кім? 10 ұпай

Эмбриология ғылымы негізінің қалануы осы кісінің есімімен тікелей байланысты

Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін қалады.Ол .....?

“Тіркесіп тұқым қуалау заңын” ашты Ол .....?

Селекцияның ғылым болып қалыптасуына үлес қосқан генетик

“Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу ” деген еңбек кімнің еңбегі

Бүкіл жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлген ғалым

Сілекей бездерінің қызметін зерттеу үшін алдымен итке тәжірибе жасаған ғалым

1882 жылы “Фогоцитоз құбылысын” ашқан ғалым

Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу құбылысын ашқан ғалым



Ү кезең Биологиялық эстафета 10 ұпай

Бұл кезеңде 1 оқушы 1 жемістің не өсімдіктің атын айтып, келесі оқушы сол өсімдіктің не жемістің соңғы әрпінен басталатын өсімдіктің атын айтуы керек



ҮІ кезең Ой толғау 50 ұпай

«Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері» тақырыбын қорғау

Жеңімпаз оқушыны марапаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет