«Жаңа технология арқылы ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» шеберлік сабағы
Шеберлік сабағының жоспары:
Мақсаты мен міндеті:
мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру және кәсіби дамуына ықпал ету
мақсатында, оқушыларды ҰБТ -ге дайындық барысында теориялық
және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді; 2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастырады; 3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандырады; 4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылатады.
Тақырыбы:
«Тарих пәнінен оқушыны ҰБТ-ке дайындауда сын тұрғысынан ойлау
Ф-формасы: арыз-өтініш, үндеу, шағым, үгіт-насихат, т.б.
Т-тақырып: жер мәселесі, ел қорғау, билікті қолдан
шығармау,әлеуметтік-тұрмыстық жағдай.
RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
Қорытынды:
Де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.
Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?
Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
Сіздің сабағыңызға өзгеріс не үшін қажет?
"Аяқталмаған ой"
Бүгін мен білдім...--------------
Қиындық туғызды...------------
Енді мен...------------------------
Мен үйрендім...-----------------
Маған маңызды болып...------
Мұғалім сөзі: (Қорытынды сөз)
«Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» деп,- Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.
«Жаман ұстаз ақиқатты өзі айтып береді,жақсы ұстаз оқушыны өз бетімен ізденуге итермелейді» дегендей,- осы технологиялармен жұмыс істегенде зеттеу жүргізіп ақыры нәтижеге жеттім.
Кері байланыс орнату:
(Кері байланыс – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі.)
“Алтын белгі” үміткерлерінің ҰБТ бойынша сынақ – тестілеудің қорытындысы