Махаббат сезімі. Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасандағы қарым-қатнас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатнастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады.
Еркектер мен әйелдердің тең праволылығы принципіне негізделген
совет қоғамының рухани ахуалы, бірлесіп оқыту, еңбек пен қоғамдық жұмыс – осының бәрі әлеуметтік-адамгершілік бағдарлардың қалыптасуын жеңілдетеді. Алайда осындай қолайлы жағдайлардың өзінде жастардың балаң жас өспірімдік қарым-қатнасында біршама психологиялық қиыншылықтар болмай қоймайды. Алдымен жыныстық рольдердің балалық шақтан келе жатқан саралануы әсер етеді. Қай жастағы болсын ұлдар ман қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қыз бала психолгиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін.
Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен қыздардың жалпы толысуының қарқыны мен психологиялық айырмашылықтар да қиындатады. Жеткіншектік кластарда қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес, ақыл-ой дамуы жағынан да біршама озық болады. Егер ұлдарда заттық және техникалық мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан дүние мен адамдардың қарым-қатнасы проблемаларына ден қояды.