Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.
Психологиялық жас дегеніміз-адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды.
«Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол «Үлкендерді танып- білуге бола ма ?»деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның «нормаларын» талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді). Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.
Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы. Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ.
Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып.