Алматы технологиялық университеті
Орындаған: Тастемір Қызжібек
Тексерген: Досекеева Кульмира
Бірінші Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы
“Қазақстан – 2030” Стратегииялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жасалды. Бұл жоспар бойынша келесі онжылдықтағы еліміздің дамуының басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары айқындалды:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы
№ 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.
Соңғы жылдары Қазақстан халқының өмір сүру деңгейінің тұрақты өсуі мен әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктер Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің даму параметерлеріне мейлінше жақындай түсуге мүмкіндік жасады. Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес, біздің еліміз кірісі орта деңгейден жоғары мемлекеттердің тобына енгізілді.
3) болашаққа салынған инвестициялар – орнықты экономикалық өсуге, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.
Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты- ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Сонымен, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың нақты міндеттері Қазақстан Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдауында айқындалды. Жолдауда 2003 жыл индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы жылы болғандығы және 2003 жылы тәуелсіз ел ретіндегі даму кезеңінде алғаш рет өңдеуші, яғни дайын өнім шығаратын өндірістің даму қарқыны өндіруші кәсіпорындарының даму қарқынынан асып түскендігі атап көрсетілді
Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.
"Интелектуалдық ұлт 2020" призеденттік бағдарламасы және оның маңызы.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты -қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.
Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр
2010 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Президенті “Назарбаев университетінде” оқыған дәрісінде бүгінгі күні біздің еліміз үшін халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын ғылым мен білім индустриясы қажет екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, Президент: «… Бүкіл еліміз бойынша жаратылыстану-математика циклі пәндерін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған болашақтың 20 Интеллектуалды мектептерін ашу бағдарламасы жүзеге асырылуда. ...ЮНЕСКО мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылы Қазақстан білім беруді дамыту индексі бойынша әлемнің 129 мемлекетінің ішінде 1 орын алды» .
Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.
Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
Ұлттық модернизацияның нақты жүзеге асырылуы мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері Президенттің 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан халқына жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында қойылды.
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету /7/.
Ал еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына арналған мемлекеттік бағдарламалар ұлттық модернизацияны, яғни ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |