Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын жүзеге асыру.
Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.
Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? Немесе кітапта берілген мәтіндерді аударуға ма? Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе? Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе?
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деп К.Аханов айтқандай, тіл – біздің өміріміз бен қоғамымыздың ажырамас бөлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды [1]. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.
2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы (слайд № 2,3)
2012-2013 оқу жылында «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттыру БАҒДАРЛАМАСЫ құрылған болатын.
Бағдарлама жаңалығы: Бастапқы кезеңде бастауыш және орта буын оқушыларының ағылшын тілін оқытудағы алмасуын қамтамасыз ету.
Осы бағдарлама төңірегінде дәстүрлі ағылшын тілі фестивальдары өткізіліп тұратын.
Ағылшын тілі фестивалінің мақcаты - тілге қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың зияткерлік және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру, ой-өрістерін кеңейту және мәдени деңгейлерін көтеру.
Орта және жоғары буында ашық «Ағылшын тілінен КВН», «Аустралия» тақырыбында елтану викторинасы, мұғалімдер арасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі ретінде: жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек стол жоспарланып, өткізілді.
18 ақпан күні Ынтыкбекова Г.Қ. ағылшын тілі фестивалі аясында ағылшын тілінен «KVN club in Еnglish» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Бұл сайысқа 5-7 сынып қыздар мен ұлдар тобы қатысты.
Сайыс оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың сөздік қорын молайту және лексико-грамматикалық білімдерін дамыту. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, және топтық және жекелей жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Ойын барысында оқушылар өздерінің ағылшын тілінен білімдерін көрсетіп, қуантты. Ойын нәтижесінде ұлдар “Real boy” тобы жеңіске жетті.
Келесі кезек бастауыш сынып мұғалімдеріне келді. Бастауыш сынып мұғалімдері ағылшын тілі және еңбекке баулу сабақтарына кіріктіріп сабақ өткізгеніне 3 жыл болды.
Достарыңызбен бөлісу: |