Бағдарламасы және «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында


«Ағылшын тілі фестивалі» аясында 4 «А» сыныбында «Аппликация. Қағаздан құрақ құрау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді



бет4/12
Дата01.04.2017
өлшемі1,7 Mb.
#13447
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Ағылшын тілі фестивалі» аясында 4 «А» сыныбында «Аппликация. Қағаздан құрақ құрау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді...

Ақпан айында дәстүр бойынша мектебімізде «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы төңірегінде «Ағылшын тілі фестивалі» өткізіледі. Осы фестиваль аясында 4 «А» сынып мұғалімі Аманбекова Г.М. «Аппликация. Қағаздан құрақ құрау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты: құрақ түрлерін таныстырып, өздері құрай білуге үйрету, дайындау жолдарын меңгерту. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ата-бабымыздың салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу.


Сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Ағылшын тілінде еңбекке баулу сабағына қажетті құралдарды, түстерді қайталап, жаңа сөздермен сөздік қорларын молайту, ол сөздерді практика жүзінде қолдануды үйрету.

Оқушылар сабақта құрақ құрау әдісімен бейнематериал арқылы тамашалап, танысты, сабақта ұлттық нақышта жасалып, ұсынылған құрақ көрпелер, жастық, төсеніштер көрнекілік ретінде өзінің бояуларымен сабақтың сәнін кіргізді.


Ағылшын тіліндегі patchwork, spring, triangle, rectangle, circle сөздерімен танысты. 

 «Қағаздан аппликация арқылы ашық хат жасау» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген еңбекке баулу сабағы



   23 ақпан күні Ахметжанова А.С. 1 «А» сыныбында «Қағаздан аппликация  арқылы ашық хат жасау» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген еңбекке баулу сабағын өткізді.  



Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қағаздан аппликация  арқылы ашық хат  жасау. Желіммен жұмыс істеуге үйрету. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Саусақ машықтарын дамыту. Ой-өрісін кеңейту, еңбексүйгіштікке баулу.

Ағылшын тілінде еңбекке баулу сабағына қажетті құралдарды, түстерді қайталап, жаңа сөздермен сөздік қорларын молайту, ол сөздерді практика жүзінде қолдануды үйрету.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет