Бағдарламасы Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген



бет2/4
Дата12.10.2020
өлшемі74,5 Kb.
#66055
түріБағдарламасы
1   2   3   4
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Талап ауылдық округін ауылын дамыту

2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Талап ауылдық округінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1324 адамды құрайды

Ауылдық округі бойынша 4 ШҚ, 35 жеке кәсіпкер тіркелген.

Шаруа қожалықтарының қызметі мал және егін шаруашылығы, жеке кәсіпкерлер 4 дүкен, тігін цехы, нан және торт өнімдері, мал басын көбейту, жүк көлігімен көкөніс тасымалдау, көлік жуу қызметі, жолаушыларды тасымалдау қызметі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Сонымен қатар 21 «алтын алқа» иегері, 29 «күміс алқа» иегері тұрады. 2018 жылы 3 анамыз «күміс алқа» алса, 1 батыр анамыздың «күміс алқа» алу үшін құжаттары өткізілді.

Білім саласы бойынша ауыл орталығында 2011 жылы пайдалануға берілген 250 орындық типтік жобада салынған №247 жалпы орта мектебі жұмыс жасайды.

№247 орта мектепте 275 оқушы оқып білім алса, оларға 53 ұстаз сабақ береді және 41 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды.

Денсаулық саласы бойынша: Ауылдық күндізгі дәрігерлік емхана жұмыс жасайды. Емханада 1 аға дәрігер, 3 фельдшер, 1 мед брад, 4 мед бике, 1 акушерка, 5 тех қызметкер, 1 әлеуметтік қызметкер, жалпы саны 16 қызметкер жұмыс жасауда. Биылғы жылы 551 адамды рентгенге өткізді. Сонымен қатар мұнда аурулар 0-14 жас аралығында 442 бала, 18 диспансерлік есепте тұрады, ересектер арасынан 286 адам диспансерлік есепте тұрады . Ауылдық округ бойынша мүмкіндігі шектеулі азамат(ша)-р саны 42, оның ішінде 7 адам 18 жасқа дейінгілер, қалғаны 35 ересек адамдар. Ауылдық округ бойынша аурулар 0-14 жас аралығында 48 бала есепте тұрады, ересектер арасынан 524 адам диспансерлік есепте тұрады. Олар үнемі бақылауда болады.

Мәдениет саласы бойынша: 2016 жылы 12 мамыр күні ашылған жаңа екі қабатты клуб үйі жұмыс жасайды, онда 1 клуб директоры, 1 есепші, 1 сүйемелдеуші, 2 қарауыл, 1 еден сыпырушы жұмыс істейді. 2019 жылдың 1 маусымына дейін клуб үйінде 20 іс шара өтті, оған 2400 көрермен қамтылды.

2019 Клуб үйінде ән және сурет, қуыршақ, қол өнер, драма үйірмелері жұмыс жасайды. 2019 жылдың 1 маусымына дейін ақылы қызмет 40 пайызға орындалды. Сонымен қатар аталған үйірме мүшелері республикалық және аудандық байқауларда өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарды иеленіп келді.

Ауылдық кітапхана клуб үйі ғимаратында орналасқан, онда 6559 дана кітап қоры бар, оның ішінде 2017 жылы жаңадан 228 дана, 2019 жылдың 1 тоқсанында 51 дана кітап қорымен толықты, келушілер саны 445 адам, кітапханада ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары білімін көтеруде.

11 тамыз 2007 жылы ауыл орталығынан Бектөре Шырбанұлының демеушілік етуімен 150 орындық мешіт үйі ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда байланыс саласы: Ауылдық округте телефон нүктесі толық халыққа қызмет көрсетуде. Ауылдық округтегі орналасқан мектеп, мектеп ішінде 1 шағын орталық, ветстанция, клуб үйі, дәрігерлік емхана, 2 жеке балабақша, ауыл әкімшілігі және жеке тұрғындарда интернет байланысына қосылған.

«УАД» ЖШС мекемесі 2009 жылы ашылған. Бұл мекеме 2019 жылы толығымен жұмыс жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет