2-тапсырма. Мектептің оқу ұжымының іс-әрекетімен,
бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасымен, сынып оқушыларымен танысу
Тапсырма мақсаты: практикант-студенттердің мектеп ұжымының оқу іс-әрекетімен және сынып ұжымымен таныстыру.
Тапсырманы орындау. Тапсырманы орындау барысында төмендегі сұрақтарға мән беру керек:
Мектептің бастауыш сыныптарында неше мұғалім жұмыс істейді? Олардың жас ерекшелік құрамы, білімдері, санаттары қандай?
Бастауыш сынып кабинетінің материалдық базасы қандалықты бағаланады?
Қандай көрнекілік құралдар типтік болып табылады? Қайсыларын мұғалім өзі дайындаған?
Сыныптың құрамы қандай? Қыз бала неше, ер бала неше?
Кіші мектеп оқушылары оқу үлгерімдеріне сәйкес деңгейлерге бөлінеді ме?
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие деңгейі қандай?
Бастауыш мектептің қандай мәселелері бастауыш сынып мұғалімдерімен сәтті шешілген?
3-тапсырма. Мұғалімнің кіші мектеп оқушылар тұлғасын оқып-үйренуде оқу зерттеулердің қай әдістерін қолданатынын анықтау
Оқу ғылымда және оқыту мен тәрбиелеуде кіші мектеп оқушы тұлғасын оқып-үйрену үшін арналған оқу факттар мен құбылыстарды зерттеулердің көптеген әдістері қолданылады.
Оқу зерттеулер әдістері – оқу іс-әрекет тәжірибелілігін оқып-үйрену жолдары болып табылады.
Бастауыш сынып мұғалімінің оқу-тәрбие жұмысын, кіші мектеп оқушысының тұлғасын оқып-үйрену үшін мынадай әдістер қолданылады: оқу бақылау және әңгімелесу бойынша зерттеулер, мектеп құжаттарын және оқушы іс-әрекетінің нәтижесін оқып-үйрену әдістері, әлеуметтік әдістер (анкеталық, шкалалық, социометрия), оқу факттар мен құбылыстардың теориялық анилизі әдістері.
Оқушылар ұжымын және жеке оқушыларды оқып-үйрену әдістерін төмендегідей топтастыруға болады:
Бірінші топқа оқушылардың қажеттіліктерін, мінез-құлық мотивтерін, іс-әрекеттерін оқып-үйренуге бағытталған әдістерді (әңгімелесу, анкета, диагностикалық тесттер) жатады.
Екінші топқа кіші мектеп оқушылары бойында әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынас ережері туралы білімнің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған әдістер (әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижесін анализдеу) жатады.
Үшінші топқа оқушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын оқып-үйренумен байланысты әдістер (бақылау, табиғи эксперимент, жағдаяттар туғызу, таңдау әдістемесі, мінездеме беру, социометрия) жатады.
Төртінші топқа кіші мектеп оқушыларының тәрбиелілігі туралы алынған ақпаратты санды және сапалы өңдеу әдісітері (математикалық статистика, шкалалық) жатады.
Ұжым мен жеке оқушыны оқып-үйренудің нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі олардың тәрбиелілік деңгейі туралы ақпарат алады. Алынған диагностикалық ақпаратты тіркейтін құжат жүргізу міндетті емес. Бұл сұрақты мұғалім өзі шешеді.
Кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрену олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізі болып табылады.
Тапсырма мақсаты: практикант-студенттердің кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрену және оқу зерттеулер әдістері жөніндегі білімдерін кеңейту, бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетін бақылау дағдысын қалыптастыру.
Тапсырманы орындау. Бұл тапсырманы орындау үшін бастауыш сынып мұғалімінің оқу-тәрбие жұмысын бақылап, төмендегідей сұрақтарға жауап алу мақсатымен мұғаліммен әңгімелесу керек:
Мұғалім өзінің оқу іс-әрекет процесінде кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрене ме?
Оқушыларды оқып-үйренуде мұғалім қандай оқу зерттеулер әдістерін қолданады?
Кіші мектеп оқушыларын оқып-үйрену нәтижелерін мұғалім қалай және қайда тіркейді?
Оқушыларды оқып-үйрену нәтижелерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда пайдалана ма? Нақты мысал келтіру керек.
4-тапсырма. Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудегі мұғалімнің жұмысын оқып-үйрену
Педагогикадаға тәрбие дегеніміз әлеуметтік тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, ұрпақты қоғамда өмір сүруге дайындау. Әлеуметтік тәжірибе тұлғаның дамуында және қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік тәжірибеге мыналар кіреді:
Ғылыми білімдер жүйесі
Іс-әрекет түрлері (репродуктивті және продуктивті)
Адамның әлеуметтік қарым-қатынастары (қоршаған ортаға, қоғамға, өзге адамдарға және өзіне)
Жан-жақты қалыптасу дегеніміз әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесінен оқушы тұлғасындағы интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, физикалық қасиеттерінің санды және сапалы өзгерістер процесі.
Тапсырма мақсаты: практиканттардың кіші мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудегі мұғалімнің жұмысын оқып-үйрену жөніндегі білімдерін кеңейту, мұғалімнің оқу іс-әрекетін бақылауға, анализдеуге үйренуін қалыптастыру.
Тапсырманы орындау. Әр практикант бастауыш сынып мұғалімі әр түрлі пәндерден өткізген бірнеше сабақтарға қатысады. Кіші мектеп оқушыларын жан-жақты қалыптастырудағы мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, суреттейді. Тапсырманың орындалуы туралы есепте мына сұрақтарды қарастырғаны жөн:
Мұғалім кіші мектеп оқушырында ақыл-ойын тәрбиелеумен, таным процестерін қалыптастырумен жұмыс жасай ма? Мысал келтіру.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырумен жұмыс жасай ма?
Қандай сабақтарда мұғалім эстетикалық тәрбие береді? Нақты мысал келтіру.
Бастауыш сынып мұғалімі сабақтарда физикалық тәрбиемен айналыса ма? Нақты мысалдармен көрсету.
Сонымен қатар практикант-студенттер мұғалімнің кіші мектеп оқушыларының жан-жақты қалыптасуына арналған оқудан тыс жұмыстарын оқып-үйренеді. Ол үшін әр практикант мұғалімнің тәрбие жұмысының жоспарын жеке дәптеріне көшіріп жазып алып, оқып-үйренуі тиіс және де мынадай нәрселерге көңіл бөлуі керек:
тәрбие жоспарында көрсетілген тәрбие міндеттерін және олардың оқушы тұлғасының жан-жақты қалыптасуындағы бағыттылығына;
бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен тәрбие жұмысының жоспарындағы негізгі бөлімдеріне және оның бағыттылығына;
бастауыш сынып мұғалімінің оқушыларға адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, физикалық тәрбиелері бойынша жоспарланған негізгі тәрбиелік іс-шараларна және іс-әрекет түрлеріне.
Ескерту. Тапсырманың орындалғаны туралы есеппен қоса практикант бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жұмысының көшірілген жоспарын өткізуі тиіс.
5-тапсырма. Мектеп құжаттарымен және олардың жүргізілу ретімен танысу
Тапсырма мақсаты: практиканттардың мектеп құжаттарының жүргізілу ретімен, құрылымымен және мазмұнымен танысу.
Тапсырманы орындау. Бұл тапсырманы орындау үшін практиканттар сынып оқушыларының жеке құжаттарын, сынып журналын оқып-үйренулері керек. Тапсырманың орындалуы есебінде міндетті түрде осы құжаттардың құрылымын, жүргізілу ретін, мазмұнын көрсетулері керек.
6-тапсырма. Бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын оқып-үйрену
Мұғалімнің оқу іс-әрекетінің құрылымы теориялық білім жүйесінен тұрады. Мектептің оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып мұғалімі оқу іс-әрекеттердің мынадай түрлерін орындайды:
диагностикалық жобалау
конструкторлық ұйымдастырушы
коммуникативтік-ұйымдастырушылық
аналитикалық бағалау
ғылыми-зерттеушілік
Тапсырма мақсаты: практиканттардың бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетінің құрылымын, оның оқу іс-әрекетін бақылай және анализдей алуын қалыптастыру.
Тапсырманы орындау. Практикант-студенттер бастауыш сынып мұғалімінің оқу іс-әрекетін бақылау, анализдеу нәтижесінің негізінде және де мұғаліммен әңгімелесу барысында оның оқу іс-әрекетінің құрылымынанықтаулары керек. Тапсырманың орындалуы туралы есебінде міндетті түрде келесі сұрақтарды көрсетуі тиіс:
Бастауыш сынып мұғалімі кіші мектеп оқушыларының дамуын, тәртіптілігін диагностикалайды ма? Өзінің жұмысын жоспарлаған осы диагностиканың нәтижелерін ескере ме?
Бастауыш сынып мұғалімі оқу-тәрбие жұмыстарының қандай түрлерін жоспарлайды? Мұғалімнің жұмыс жоспарынан мысалдар келтіру.
Кіші мектеп оқушыларының қандай іс-әрекет түрлерін мұғалім басқарады?
Бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік-ақпараттық іс-әрекеті неден көрінеді?
Мұғалімнің өзінің оқу іс-әрекетіне анализ жасай ма?
Мұғалім ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе ме? Кіші мектеп оқушыларын оқытудағы және тәрбиелеудегі қандай мәселелерін шеше білді? Қазіргі уақытта қандай мәселелермен жұмыс жасауда?
7-тапсырма. Бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтау
Мұғалімнің коммуникативтік ұйымдастырушылық іс-әрекеті:
І. Авторитарлық (императивтік) стиль. Мұғалім оқушылардың көзқарасымен санаспай, өзінің көзқарасын басты етіп көрсетеді. Осы жас кезеңде бастауыш сынып оқушысына мұғалім идеал бейне ретінде көрінеді. Мұғалім осы жағдайды пай даланып, оқушыларға басымдық танытады. Бұйрық түрінде сөйлеседі, қорқытады, жазалайды. Оқушыларды тегімен атайды.
ІІ. Демократиялық стиль. Оқушымен түснісушілік қарым-қатынса орнатуға тырысу, талап қоя білу. Осындай қарым-қатынас стилін ұстанатын мұғалім басқа мұғалімдерден шыдамдылығымен, оқу тактісімен, эмоционалды тұрақтылығының жоғарылығымен ерекшеленеді. Оқушыларға дауыс көтермейді, тегімен атамайды.
ІІІ. Либеральды стиль. Мұғалім өзінің міндеттерін формалды түрде ғана орындайды. Оқушыларға толық бостандық беріп, сабаққа кедергі келтіргендерге мән бермеу арқылы сынып ұжымында оңтайлы қарым-қатынас орнатуға тырысады.
Тапсырма мақсаты: практикант-студенттер бастауыш сынып мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасын бақылап, өзара қарым-қатынас стилін анықтаулары тиіс.
Тапсырманы орындау. Практиканттар сабаққа, тәрбиелік іс-шараларға қатысқанда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне мән бергені дұрыс. Сонымен қатар үзілісте оқушылармен қалай сөйлеседіндігіне көңіл бөлулері тиіс. Тапсырманың орындалуы туралы есебінде міндетті түрде келесі сұрақтарды көрсетуі тиіс:
Мұғалім оқушыларға қандай талаптар қояды және қандай түрде? 1-2 мысал келтіру.
Оқушылар сабаққа кедергі келтіргенде, тапсырманы орындамағанда, ұқыпсыз болғанда мұғалім қандай ескертулер жасайды және қандай түрде? Мысалдар келтіру.
Оқушылармен қарым-қатынаста мұғалімнің оқу тактісі, эмоционалды тұрақтылығы, сыйластық қарым-қатынасы қандай деңгейде көрінеді?
Практикант-студент тапсырманың орындалуы туралы есебінде мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилінің қай түрі басым екендігіне қорытынды жасауы тиіс.
Сабақты талдау түрі және негізгі типтері
Мақсаттылық принципі негізінде сабақты талдаудың 4 типін бөледі: 1) толық, 2) кешенді, 3) қысқа, 4) аспектілі.
Әрқайсының түрі бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, әдістемелік, ұйымдастырушылық.
Дидактикалық талдау жасау - негізгі дидактикалық категориялары (сабақтың мақсатын қою, дидактикалық принциптерін сақтау, оқу тақырыбын баяндау логикасы, оқыту үрдісінің логикасы, оқыту әдістері мен құралдарын пайдалану, оқушылардың танымдық қызметін белсендіру сұрақтарын, өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру, оқыту және тәрбие принциптерін жүзеге асыру) бойынша сабаққа талдау жасауды қарастырады.
Психологиялық талдау сабақтағы - психологиялық жағдайды, мұғалім және оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылар арасындағы қатынасты, мұғалімнің педагогикалық әдеби сұрақтарын, оның оқушыларға жеке қарым-қатынасын, ықпал ету деңгейтін, оқушылардың эмоциялық көңіл-күйін зерттеуді қарастырады.
Тәрбиелік талдау – оқушыларға сабақ тәрбиелік ықпал ету сатысын зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Сабаққа әдістемелік талдау – мұғалім мен оқушылардың қызметін, сабақтың негізгі құрылымдық компоненттерінде олардың қызметтеріндегі өзара іс-әрекетін зерттеу қарастырылады.
Сабақтың ұйымдастырушылық аспектісіне талдау жасау – сабақты ұйымдастыру тәсілдерін, сабақта көрнекі құралдардың қамтамассыз етілу деңгейін, сабақта техникалық құралдармен оқытуды тиімді пайдалану, мұғалімдердің құжаттарды жүргізуі, сабақта уақытты тиімді пайдалануы, санитарлық – генетикалық тәртіпті орындау және т.б. зерттеуді қарстырады.
Сабақты дидактикалық талдау
Ұйымдастырушылық компоненттер:
1) сабақтың құрылымын сақтау, сабақтағы өзара байланыс;
2) мазмұнның тақырыпқа сай келуі, мақсат міндеттерге жете алуы;
3) сабақтың түріне тақырыптың сай келуі;
4) оқыту принципін сақтау.
Конструктивті компоненттер:
5) оқытудың дұрыс және әртүрлі әдістерін қолдану;
6) сабақтың мазмұнының ерекшелігі
а) оқу материалын білу және меңгеру.
б) оқу материалын нақты және мазмұнды жеткізе білу.
в) оқу материалының жас ерекшеліктерге сәйкес келуі.
г) студенттерді белсендендіру әдістерін қолдану.
Сынып сағатына талдау жасау сызбасы
1. Сынып сағатының тақырыбы және оның сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде алатын орны
2. Сынып сағатының білімділік-тәрбиелік міндеттері, әр оқушы үшін жеке тұлғаның мәнділігі.
3. Сынып өткізуге мұғалім және оқышылардың дайындығы:
а) Шараларды өткізуге мұғалім және оқушылардың дер кезінде дайындығы;
б) Оны дайындауда оқушылардың белсенділік деңгейі.
4. Сынып сағатының барысы:
а) Сынып жетекшісінің эмоциалдығы, сенімділігі, нақтылығы, сынып сағатының мақсатын және міндеттерін оқушылардың алдында қою және ашу;
б) Сынып ұжымының даму деңгейіне мазмұны сәйкес шараларды өткізу технологиясы және тақырыптың бағыттылығы;
в) Сынып сағатын өткізуде сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі: педагог әдебі, мәдениеті, қарым-қатынасы, тәрбиешінің сыртқы келбеті; сынып сағатын өткізулің алғашқы кезеңінде психологиялық сәйкестікті құру; оқу уақытын тиімді пайдалану; сынып жетекшісінің түзету әрекеті.
5. Сынып сағатының қорытындысы:
а) сынып сағатының міндеттері және мақсатқа жету;
б) өткізілген шаралардың жағымды және жағымсыз аспектілері, олардың себептері;
в) сынып сағатын дайындау және өткізуде сынып жетекшілерінің жұмысын жетілдіру бойынша педагогикалық қорытынды және нұсқаулар.
Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау жасау
Сыныбы
Мұғалімнің аты-жөні, тегі
Сабақты өткізетін уақыты
Кесте бойынша сабақтың кезегі, аусымы
Сол күні оқытушының есеп бойынша қай сабағы
Сабақ мақсаты
Сабақ типі (аралас, жинақтау, білімді бекіту, қайталау) оның түрі
Оқыту әдістері, олардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкестілігі
Сұрау әдістері (жаппай, жеке, топтық, ТОҚ (ТСО) пайдалана отырып өзіндік жұмыс, бағдарламалық)
Оқу мотиві (интеллектуалды, әлеуметтік-мәнді тікелей оятушы)
Сабақтағы мұғалімнің мінез-құлқы (сыныппен байланысы, қызығушылығы, тапқырлығы, қайта құра білу іскерлігі, конспектіге тәуелділігі). Мұғалімнің жұмыс стилі.
Мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы (талап қоюшылығы, сыйластық, жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, мақылдау әдістері, үйрету; табыс жағдаятын құру).
Мұғалімнің сыртқы келбеті
Сабаққа жалпы баға беру (қойылған мақсатқа жетуі, сабақтың тиімділігі және оны анықтау әдістемесі, оқыту түрін қолданудың педагогикалық дәлелділігі, оқыту әдістерін мақсатқа сәйкес таңдауы, оқыту үрдісінің қайшылықтарын жеңу).
Мұғалім қызметін және оның тәжірбиесін қолдануды жетілдіру бойынша нұсқаулар.
Студент-практикант мінездемесінің жоспары
Балалар және жеткіншектердің жас ерекшелік білімі және соған сәйкес олармен жұмыс істеу іскерлігі.
Тәрбиелік қызметті жоспарлау іскерлігі.
Сабақта теория мен өмірді байланыстыру, тәрбие міндеттерін шешу, балалармен ынтымақтастық.
Балаларды жұмысқа ұйымдастыру іскерлігі. Олардың зейіндерін ояту және ақыл-ой қызметін белсендіру, сабақта оқылатын тақырыпқа қызығушылығын дамыту.
Балалармен тәрбие жұмысын жүргізу іскерлігі
Студент-практиканттардың педагогикалық практика барысында туындаған мәселелерінің дұрыс жақтары.
Жұмысқа деген қатынасы және тәртіп.
Практикаға баға беру.
Педагогикалық мекемелердің мекемесіне ұсыныс.
КҮНДЕЛІК ЖАЗУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Педагогикалық байқау күнделігінің құрылымы:
1) Практикант туралы мәлімет
- Аты-жөні
- мамандығы
- курсы, тобы
- практиканы өтетін орны (мектеп, сынып)
- практика мерзімі
- сынып жетекшісі
- мектеп директоры
- орынбасары
- пән бойынша әдіскер
- тәрбие жұмысы бойынша әдіскер
2) мектептегі қоңырау кестесі
3) сыныптағы сабақ кестесі
4) сынып тізімі
5) сынып оқушыларының отыру реті.
-
6) оқу жоспары
Барлығы
7) Тәрбие жұмысының жоспары
№
|
Қоғамдық
|
Іштей
|
Топпен жұмыс
|
Даралық жұмыс
|
Ата-анамен жұмыс
|
Пед.ұжыммен жұмыс
|
Қоғамдық ұйымдармен жұмыс
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
8) Сыныптың қызығушылық парағы
№
|
Аты-жөні
|
Шұғылданатын ісі
|
Пән үйірмелеріне қатысуы
|
Бос уақытындағы қызығушылығы
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
9) Қосымша мәлімет
- оқушының денсаулығы туралы мәлімет
- отбасының әлеуметтік жағдайы
- «Қиын оқушылар»
- практика кезеңіндегі туған күндерді атап өту.
10) Оқушылардың қатысуы туралы есеп
№
|
Оқушының аты-жөні
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11) Студенттің өзіндік жұмыс жоспары
№
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Бейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
I
|
|
|
|
|
|
|
II
|
|
|
|
|
|
|
III
|
|
|
|
|
|
|
IV
|
|
|
|
|
|
|
12) Сабақ үстінде байқау жүргізу
№
|
Сабақ
|
Қатысу мақсаты
|
Сабақ барысы
|
Байқау және оның қорытындысы
|
|
|
|
|
ұйымдастыру
психологиялық климат;
оқушыларды белсендіру тәсілдері;
оқушының даралық ерекшеліктерін ескеру;
педагогтар мен т.б.стиль ерекшеліктері
|
13) Күнделікті байқау және қорытынды (пассивті аптада – күнделікті жазып отыру, белсенді аптада – 1 рет).
Сынып ерекшеліктеріне сәйкес практиканттың іс-әрекеттері жазылады (қарым-қатынас даму деңгейі, тәрбие жұмыстарындағы жетістігі мен кемшіліктерінің себебі).
14) Вариативті бөлім:
- өзін-өзі басқарудағы сынып ішіндегі құрылымы туралы жазу.
- сыныпқа мінездеме;
- социометрияның қорытындысы;
- педагогикалық диагностиканың қорытындысы;
- ата-аналар жиналысының жоспары (конспектісі);
- білім сапасының диагностикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |