БАҒдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К


Оқушыға мінездеме беру үлгісі



бет3/9
Дата01.03.2020
өлшемі0,9 Mb.
#59320
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
психологиялық-педагогикалық практика ПМНО


Оқушыға мінездеме беру үлгісі

1. Оқушы туралы жалпы мағлұмат – аты-жөні, денсаулығы, отбасындағы психологиялық атмосферасы, әртүрлі үйірмелер, жастар ұйымдарына қатысуы.

2. Оқушының оқуға деген қызығушылығы, мотиві, саналылығы, қабілеттілік деңгейі, үлгерімі, әр түрлі оқу пәндеріне деген көзқарасы, жақсы көретін пәні, даму деңгейі.

3. Оқушының жеке басының әр жақтылығы мінез-құлық ерекшелігі, қызығышылығы, мектепте және мектептен тыс қарым-қатынас ерекшелігі.

4. Оқушының жеке басының эмоционалды еріктік, сфералық ерекшеліктері, оның жеке басының еріктік сапасы, тәртіп мәдениеті, эстетикалық талғамы, интеллектуалдық, адамгершілік даму деңгейі.

5. Сынып ішіндегі оқушының алатын орны.

6. Үй тапсырмасын орындауы.

7. Қорытынды.



Тәрбиелеу шараларын талдау үлгісі

І. Жалпы мәліметтер

Күні. Сынып. Сынып жетекшісі. Іс-шаралар формасы. Тақырыбы.

ІІ. Іс-шараларды ұйымдастыру



    1. Педагогикалық мақсаттылығы. Жоспарланған жұмыс тақырыбының жалпы мәдениет деңгейіне, дара және жас ерекшеліктеріне сай болуы.

    2. Қоғамдық белсенділік. Іс-шараны дайындауда және өткізуде оқушылардың белсенді араласуы.

    3. Іс-шараға дайындық. Іс-шараны ұйымдастырудағы жауапкершілік.

ІІІ. Іс-шараның мазмұны.

  1. Интеллектуалдық көрініс. Тәрбиелеу іс-шаралар бағдарламасының мазмұны руханилығы, ауқымдылығы.

  2. Эмоционалдық көрініс. Шығармашылық істің өту тартымдылығы. Көрермендер мен қатысушылардың оған деген қызығушылығы.

  3. Эстетикалық көрініс. Іс-шараның көркемдігі, айқындылығы, тартымдылығы.

ІV. Тәрбиелеу ортасын ұйымдастыру.

  1. Педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін іске асыру.

  2. Іс-шара барысындағы және одан кейінгі кездерде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің айқындалуы.

V. Педагогикалық жағдайлардың сапасы.

VІ. Тәрбиелік іс-шаралардың қорытындылары. Жетістік (немесе жетіспеуінің) факторлары. Жағымды нәтижелерді бекіту және кемшіліктерді жою туралы қорытындылар мен ұсыныстар.


Кіші мектеп жасындағы балалардың таным процестерін

диагностикалауға арналған әдістемелер
1-сынып оқушыларының таным процестерінің

диагностикасы

Мақсаты: 1-ші сынып оқушыларының таным процестерінің даму деңгейін анықтау

Жалпы нұсқау: бұл тест 5 субтесттен тұрады. Әр субтесттің шарты болады. Шартты дұрыс орындап, жауаптар бланкісіне жазу керек.
Тесттер

1-ші субтест: «Қабылдау»

«Кілемді немен жамауға болады?» тапсырмасы



Шарты: бұл тапсырмада екі кілемнің суреті көрсетілген, әр кілемнің астында жамауға арналған 6 матаның кесінділері бар. Дұрыс жауаптың нөмірін жауап бланкісіне жазу керек.

2-ші субтест: «Ойлау»

Шарты: бұл тапсырмада 5 сөз беріледі. Оның ішінде 4-еуі жалпы белгілермен ұқсас, ал 1-еуі оларға сәйкес келмейді. Сол сөзді тауып, оның әрібін жауап бланкісіне белгілеу қажет. Мұнда тек 1 ғана сөз артық болу керек.

Мысалы, а) кірпіш ә) тас б) балшық в) әк г) үй

Алғашқы 4 сөз құрылыс материалдарына жатады. Ал соңғы «үй» сөзі артық.

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен белгіленеді.



А-тапсырмалар жинағы:

1.А) күн 2. А) Айжан 3. А) тәрелке 4. А) жүру

Ә) алма Ә) Айгүл Ә) кесе Ә) секіру

Б) дөңгелек Б) Сәуле Б) үстел Б) билеу

В) есік В) Айнаш В) шәугім В) отыру

Г) кесе Г) Айман Г) қазан Г) жүгіру

5. А) қылқалам 6. А) алма 7. А) Арман 8. А) жаңбыр

Ә) қаламсап Ә) құлпынай Ә) Үсен Ә) қар

Б) қалам Б) алмұрт Б) Сәкен Б) қыс

В) фломастер В) алхоры В) Асанбаев В) қырау

Г) сурет Г) шабдалы Г) Жасұлан Г) мұз

9. А) Қазақстан 10. А) жаз 11. А) сүт 12. А) арзан

Ә) Алматы Ә) қыс Ә) қымыз Ә) суық

Б) Астана Б) жаңбыр Б) айран Б) ыстық

В) Тараз В) көктем В) шұбат В) жылы

Г) Шымкент Г) күз Г) кока-кола Г) салқын

13. А) аспан 14. А) математика 15. А) көбелек

Ә) өзен Ә) ана тілі Ә) шыбын

Б) бұлт Б) қаз. тілі Б) ара

В) ай В) орыс тілі В) маса

Г) жұлдыз Г)ағыл. тілі Г) өрмекші

Б – тапсырмасы “Логикалық ойлау”

Шарты: Бұл тапсырмада 5 сөз беріледі 1-ші сөздің арасында қандайда бір байланыс бар. Ал 3-ші сөзбен 5-ші сөздің арасындағы байланысты табу қажет. Екі сөздің арасында белгілі бір байланыс бар. Жауап бланкісіне қарап, байланысы бар сөзді белгілеу қажет.

Мысалы: Орман: қағаз – кітапхана:

а) жазушы

ә) әңгіме

б) кітапхана

в) кітап

г) каталог Дұрыс жауабы: кітап
Б – тапсырмалар жинағы:

1. Мектеп – оқу, аурухана-? 2. Құс – ұя, адам-? 3. Пальто – туйме, бәтеңке-?

а) адамдар а) адамдар а) тігінші

ә) оқушы ә) балапан ә) дүкен

б) ғимарат б) үй б) аяқ

в) емдеу в) жұмысшы в) бау

г) ауру г) есік г) шляпа

4. Аяқ – етік, қол-? 5. Паровоз – вагондар, ат-?

а) жұдырық а) поезд

ә) қолғап ә) жем

б) саусақ б) қора

в) білезік в) арба

г) тырнақ г) ертоқым

3-ші субтест: Ес (А және Б )

Шарты: Бұл тапсырма 2-і нұсқаудан тұрады. 1-ші нұсқауда 10 зат есім сөз 2 рет оқылады. Сол сөздерді еске сақтап айтып беру керек. 2-ші нұсқауда арасында байланысы бар жұп сөздер 2 рет оқылады. Сол сөздерді еске сақтау керек. Екі нұсқаудың жауаптарын жауап беру бланкісіне толтыру керек.

4-ші субтест “Зейін”

Шарты: Бұл тапсырмада тығыз орналастырып жазылған әріптер беріледі, сол әріптердің ішінде 5 дұрыс жазылған сөз болады, соларды тауып, жауап беру бланкісіне жазу керек.

Мысалы: совлвшаругыдвркүномпаенв

Дұрыс табылған сөзге 1 ұпай беріледі.

4-ші субтесттің тапсырмалар жинағы:

столавтлмофуыдопдмқлпрпзтлтмаррашгфрцшурафцрагцармфуралмацруашфрауа

рцфцлршшгфшсфгырашугскфцуүұқағазшйриврырмаымрсагшцрйлалалмұртлоты

црйіагсшцуоошуамралджвлкекпаолкөбелеккирсофоисолтцтсаоллгтмаапошршгуы

ппрфтпушктфамистмтопгелкщап

5-ші субтест:

Шарты: Бұл тапсырмада 10 сөз беріледі, соларды толық пайдаланып әңгіме құрастыру керек.


  1. адам 6.мереке

  2. көбелек 7.қарлығаш

  3. гүл 8.мектеп

  4. аспан 9. суретші

  5. автобус 10. балықшы

Әңгімені парақтың төменгі жағына жалғастырып жазуға болады.
1-сыныпқа арналған жауап беру бланкісі

Сынып:


Оқушының аты-жөні:

Күні:


Қабылданған:

1-ші субтест: «Қабылдау»

Кілемдер

Сай келетін нөмір

А кілеміне




Б кілеміне




Ұпайы




2-ші субтест: «Ойлау»


А-тапсырмасы



Сөздер

ұпайы

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15










Жалпы ұпайы






Б-тапсырмасы

Сөздер

Ұпайы































Жалпы ұпайы





3-ші субтест: «Ес»

А, Б-тапсырмалары



Сөздер

ұпай

Жұп сөздер

ұпай

1













2













3













4













5













6













7













8













9













10















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет