Бағдарламасы магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыт)



бет1/5
Дата09.12.2023
өлшемі18,68 Kb.
#196026
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Магистратура пед.практика. каз.doc1

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Бекітілді
Оқу ісі жӛніндегі проректор
Д.Ж. Ахмед-Заки

« 6М020100 –ФИЛОСОФИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖОО ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ




Магистратура
(ғылыми-педагогикалық бағыт)


АЛМАТЫ 2014


«6М020100 –Философия» мамандығы бойынша ЖОО педагогикалық практика бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпы міндетті стандартына, Негізгі оқу жоспарына сәйкес философия кафедрасының меңгерушісі филос. ғыл. докторы, профессор Нұрышева Г.Ж., филос. ғыл. кандидаты Рамазанова Ә.Х. әзірлеген.

Бағдарлама философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының отырысында бекітілді


Хаттама № 1 «26» тамыз 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі Г.Ж. Нұрышева
Философия және саясаттану факультетінің әдістемелік бюросында келісілді Хаттама № 2 «16 » қыркүйек 2014 ж.

Әдістемелік бюроның тӛрайымы М.П. Кабакова


  1. Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері


Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудегі педагогикалық практиканың мақсаты жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетке дайындық, жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру бойынша практикалық іс-әрекеттің дағдыларын бекіту, сонымен қатар арнайы пәндерді оқытуды енгізу, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, пән бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс болып табылады.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері болып:

  • оқу материалдарындағы ғылыми білімдердің құрылымы мен қайта құрылуының, пән материалдарының ауызша және жазбаша жеткізілуін, қазіргі білім беру технологияларының әртүрлерін, қойылған міндеттердің, жаттығулардың, тесттердің әдістерін және басқа да ғылыми-педагогикалық пен оқу-әдістемелік жұмыстырдың негіздерінің дағдыларын меңгеру болып табылады;

  • оқу-тәрбие мақсатын құру бойынша, қойылған педагогикалық міндеттерге байланысты білім алушылардың оқу іс-әрекетінің әртүрлі ұйымдастыру формасын пайдалануда сабақ түрлерін, типтерін таңдау бойынша іскерлік қалыптастыру; оқу іс-әрекетінің тиімділігін диагностикалау, бақылау мен бағалаудың дағдыларын меңгеру;

  • оқу материалын құрылымдау мен кӛрсетудің әртүрлі тәсілдерімен, оқу іс-әрекетін белсендендіру тәсілімен, жоғары мектептегі оқытудың кредиттік технология бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі принциптерімен, «студент-оқытушы» жүйесіндегі ӛзара әрекеттестіктің спецификасымен танысу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет