Бағдарламасы магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыт)


Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың мазмұны



бет2/5
Дата09.12.2023
өлшемі18,68 Kb.
#196026
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Магистратура пед.практика. каз.doc1

Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық практиканың мазмұны


ЖОО педагогикалық практика іс-әрекеттің келесі түрлері мен кезендерінің қарастырады:

  • педагогикалық практиканы ӛткізудің жеке бағдарламасын жасау;

  • ғылыми-әдістемелік кеңес беруге қатысу, кафедраның оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысын ұйымдастырумен танысу;

  • ғылыми пәндер, аралас ғылымдар сабағына қатысу барысында университеттің жетекші оқытушылардың тәжірибесін үйрену;

  • нормативті және құқықтық құжаттарды үйрену (ҚР «Білім туралы» заңы, мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар, жұмыс оқу жоспары, типтік бағдарламалар және т.б.);

  • магистранттар мен докторанттардың ӛткізген сабақтарына қатысу және талдау;

  • оқу сабақтарының мазмұнын жеке жоспарлау және ӛңдеу, оқу- әдістемелік материалдарын құрастыру;

  • оқу пәндері бойынша оқу сабақтарын ӛткізу (лекция, семинар, практикалық және лабороториялық сабақ);

  • білім алушылардың жеке жұмысы, ғылыми студенттік (магистрлік) зерттеулерге жетекшілік, студенттік (магистрлік) зерттеу практикасына жетекшілік;

  • магистрантттың оқытушы ретінде оқу процесі мен әдістемелік жұмысын лекция, семинар, МӚЖ, МОӚЖ және т.б. түрінде әртүрлі әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асыру;

  • әрбір магистрант аптада кем дегенде 2 сағаттан 5 лекция немесе 1 сағаттан 10 лекция және 10 сағат семинарлық сабақ ӛткізуі тиіс, яғни жүктеменің кӛлемінен аз болмауы қажет.

  1. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу, өткізудің мерзімі мен формасы


    1. ЖЖО педагогикалық практиканы ӛткізу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің базасында жүзеге асады. ЖОО педагогикалық практиканы ӛткізудің негізгі базасы философия кафедрасы болып табылады.

    2. Практиканың мерзімі, ұзақтығы және мазмұны жалпы білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарымен, академиялық күнтізбе және практика бойынша университеттің бекітілген бағдарламасымен анықталады.

    3. ЖЖО педагогикалық практикасын ұйымдастыру және ӛткізу үшін факультет және кафедра басшылығы жасалған келісім шартқа сәйкес жауапкершілікті алады.

    4. Практиканың оқу-әдістемелік жетекшілігін, практиканың бағдараламасын жасауды және практиканы ӛткізудің сапасына бақылау жасауды бітіртуші кафедра жүзеге асырады.

    5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі білім алушының (магистрант) бағдарламасын және практиканың базасын практиканың бағдарламасы қамтамасыз етеді.

    6. Практикаға бағдарланған білім алушы (практикант) қажетті жағдайда медициналық бақылаудан ӛтеді.

    7. ЖОО педаггикалық практиканың басталуына дейін бітіруші кафедра практиканттердың қажетті дайындығын және практика бағдарламасына сәйкес кеңестер ӛткізеді.

    8. ЖОО педагогикалық практиканың тікелей жетекшілігін талапқа сәйкес магистранттың жетекшісі жүзеге асырады. Практиканың жетекшісін факультет деканының бұйрығымен бекітеді.

    9. Практиканың жетекшісі:

  • практика ұйымдастыруды, жопарлауды және нәтижелерін есепке алуды қамтамасыз етеді;

  • магистранттардың ЖОО педагогикалық практикадан ӛтуінің жеке бағдарламасын бекітеді;

  • педагогикалық практиканы ӛткізу үшін база ретінде пән мен оқу топтарын, кәсіби практиканың базасы ретінде ұйым немесе кәсіпорынды таңдайды;

  • білім алушының кәсіби практикадан ӛту барысында ғылыми және әдістемелік кӛмек кӛрсетеді;

  • практиканың жұмысын бақылауға алады, ұйымдағы және практиканы ӛткізудегі кемшіліктерді жоюда шара қолданады;

  • кәсіби практиканың нәтижесін талдау және бағалауды жүзеге асырады, ӛткізілген практиканың нәтижесі туралы қорытынды пікірін береді;

  • практиканың оқу-әдістемелік тәжірибесін жалпылайды, оны ары қарай жүзеге асыру мен жетілдірудегі ұсыныстарын енгізеді.

    1. Педагогикалық практиканы ӛткізу үшін жалпы және этникалық педагогика кафедрасы жалпы және этникалық психология кафедраларынан педагогикалық практиканың әдіскерлері тағайындалады.

    2. ЖОО педагогикалық практиканың әдіскерлері:

  • жоғары мектептегі оқытушылардың психологиялық-педагогикалық даярлау шеңберінде жеке және топтық кеңестер ұйымдастырады;

  • практиканттардың бағалау сабағына қатысады, олардың психологиялық- педагогикалық талдауын ашып кӛрсетеді;

  • практиканттардың қорытынды құжаттарының талдауына және бағалауына қатысады;

  • ашылу және қорытынды конференцияларының ӛткізілуіне қатысады;

  • практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, кафедра мәжілісінде практиканы ұйымдастырудағы сұрақтарды талқылауға қатысады.

    1. Білім алушылардың ЖОО педагогикалық практикасының жалпы жүктемесінің кӛлемі магистратурадағы мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталады.

    2. Магистранттардың ЖОО педагогикалық практикадан ӛтуінің жеке бағдарламасы ғылыми жетекшімен тікелей жасалады және кафедра меңгерушісі бекіткен кафедрадағы практиканы ӛткізудің жалпы кестесіне енгізіледі. Әрбір білім алушы практиканың бекітілген бағдарламасына сәйкес жеке тапсырмалар алады.

    3. Білім алушының ЖОО педагогикалық практикасының нәтижесін аттестациялау жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасының мерзіміне, бекітілген академиялық күнтізбе және практиканы ӛткізу кестесіне сәйкес жүзеге асады.

    4. Білім алушының практикасының қорытындысы бойыншы жүргізілген жұмыстың кӛлемі мен деңгейіне сәйкес есеп дайындалады. ЖОО педагогикалық практикасы бойынша есепке білім алушыға баға қойылған, практика жетекшісінің қолымен, деканаттың мӛрімен расталған мінездеме қосылады. Практиканың жетекшісі практиканттың есебі мен оның қорытындысын негізге ала отырып, практиканың қорытындысы туралы шешім қабылдайды.

    5. Практика бойынша есеп пен жетекшінің қорытындысы кафедра мәжілісінде тыңдалып, практиканың қорытындысының бағасы туралы шешім

қабылданады. Педагогикалық практика бойынша бағаны қойғанда педагогика мен психология кафедрасының әдіскерлерінің бағасы ескеріледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет