Бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе»



Дата25.08.2017
өлшемі9,86 Mb.
#27208
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.34/02-2014


ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



«Мамандыққа кіріспе»

№ 2 басылым

11.09.2014 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандыққа кіріспе»



5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

Мазмұны


1

Жалпы ережелер

4

2

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

6

3

Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

11

4

Курс форматы

12

5

Курс саясаты

12

6

Баға қою саясаты

12

7

Әдебиет

17


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Қасымова Жанар Сайлаубековна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент

Химия кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты № 9, кабинет № 409

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 409

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

Химиялық технология - тұтыну өнімдеріне және аралық өнімдерге шикі табиғи материалдарды ең экономикалық және экологиялық әдістерімен өндеу туралы ғылым. Химиялық технология жеке білім саласы және оқу пәні ретінде XVIII ғ. екінші жартысында бөлінді.

Химиялық технологияның барлық процестерін жалпы кинетикалық заңдылықтарға тәуелді 5 негізгі топқа бөледі:



  • гидромеханикалық;

  • жылу;

  • масса алмасу (немесе диффузиялық) процестер;

  • химиялық процестер;

  • механикалық процестер.

Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодты және периодты емес болады.

Химиялық процестер бейорганикалық заттардың (қышқылдар, сілтілер, содалар, силикат материалдары, минералдық тыңайтқыштар, тұздар және т.б.) технологиясына және органикалық заттардың (жасанды каучук, пластмассалар, бояғыштар, спирттер, органикалық қышқылдар және т.б.) технологиясына бөлінеді. Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарын құру және жетілдіру негізі болып табылады. Адам қызметінің барлық салаларына химиялық технологияның еңуі оны терең оқытуды қажет етеді.


1.3Пәнді оқып-білудің мақсаты:

- өздері таңдаған мамандықпен, оқу бағдарламасымен, химик-технолог кәсіптік дайындығына негізгі талаптарымен, химиялық технологияның даму тарихымен, химиялық өндіріс саласының мазмұнымен таңыстыру.


1.4Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- химиялық өндірістің инженер-технолог кәсіптік қызметінің ролі және маңызы; инженерлік қызметінің объектілері, мысалы ШҚО және жалпы Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды зерттеу; технология пәні қалыптасуының негізгі жолдары; химиялық өндірісте технологияның ролі және маңызы; өндірістің химиялық саласы мазмұның, негізгі органикалық синтез технологиясының әдістері мен әдістемесін зерттеу туралы білім алушылардың білімін қалыптастыру.


1.5Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде білім алушы мыналарды:

- кәсіптік қызметінің мәнін және қоғамда маңызын, қызмет істеу нақты саласын анықтаушы негізгі ғылыми мәселелерін; технологиялық объектілерді жобалау негіздерін; химиялық технология гидродинамикалық, жылу, масса алмасу және реакциялық процестерінің, сонымен қатар термиялық, каталитикалық процестерінің, физика-химиялық негіздерін; заттарды химиялық және инструменталдық анализ әдістерін, олардың сапасын бақылау, автоматтық басқару жүйелерінің функцияларын, құрылу принциптерін және жеке базасын; өндіріс ғимараттары конструкцияларының және кәсіпорындарының бас жоспарларының негізгі элементтерін; кәсіпорындар қызметінің ұйымдастыру-экономикалық негіздерін; органикалық заттар мен материалдар шығару және өндеу технологиялық схемалар құру және технологиялық құралдарды таңдау принциптерін; аз қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияларды құруды білуі тиіс;

- ойлау және ой білдіру мәдениетін; қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды, ақпаратты жинау, сақтау және өндеу компьютерлік әдістерді; техникалық, қаржы және адам факторлары есебімен негізгі өндіріс қатынастарын және басқару принциптерін; техникалық құралдардың жобасын, конструкциясын құру, таңдау, есептеу тәсілдерін меңгеру тиіс;

- алынған тәжірибе мәліметтері негізінде химиялық есептер техникасын игеру тиіс;

- қазіргі замаңғы ақпараттық білім беру технологияларды қолданып, жаңа білімдерді; мамандық бойынша әдебиетті оқу, рефераттарды, іс қағаздарды құру; кәсіптік функцияларды еңгізумен байланысты мақсат қою және есептер қалыптастыру, оларды шешуде зерттелген пәндердің әдістерін қолдана алуы тиіс;

- негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді және химиялық технология даму болашағын түсіну тиіс;

- ғылым, техника және өндіріс дамуында химиялық технологияның орны және ролі; негізгі химиялық өндірістер, шикі зат көздері, химика-технологиялық жүйелерді құру және талдау принциптері; химиялық технология даму тенденциялары; бейорганикалық заттардың химиялық технология өндірісі және өндеу саласында негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму болашағы және жақын салалармен өзара байланысы жайында мәлімет болуы тиіс;

- технологиялық құралдарды таңдау және есептеу; химиялық өндірістің жылу және материалдық балансын құру; инженерлік шешімдердің техника-экономикалық анализі, органикалық заттар мен материалдарды алу және зерттеу әдістері жайында мәлімет алуы тиіс.
1.6Курстың пререквизиттері:

1.6.1 физика (мектеп бағдарламасы);

1.6.2 сызу (мектеп бағдарламасы);

1.6.3 химия (мектеп бағдарламасы).

1.7Курстың постреквизиттері:

1.7.1 жалпы химиялық технология;

1.7.2 органикалық заттардың химиялық технологиясы.
2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ПС

БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

Кіріспе. Мамандықтың жалпы сипаттамасы

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы, біліктілік және лауазымдар тізбесі



1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

2

Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері

Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі ережелері, студенттердің оқу жетістіктерің бақылау және бағалау жүйесі, жазғы семестрді



1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

1

2

3

4

5

6

7




ұйымдастыру, түлектің білім алуын жалғастыру мүмкіншіліктері
















3

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттары мен есептері, білім беру үрдісін ұйымдастыру және өткізу формалары, әдістері және тәсілдері, оқу жылдарында нәтижелері

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

4

Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы

Қолөнер өндiрiсiнің салалары. Металлургия. Шыны және керамика. Құрылыстұтқыр материал. Фармация және парфюмерия. Бояулар және бояу техникасы. Грегі натурфилософия. Алхимия: араб әлемінде, Батыс Еуропада, алхимия жетістіктері. Қазіргі химияның пайда



1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

1

2

3

4

5

6

7




болуы: ятрохимия, механикалық философия, техникалық химия
















5

Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері

Технологияның теориялық негіздері, технология түрлері, химиялық технологияның қысқыша тарихы, химиялық технологияның негізгі есептері, химиялық технология мен технологияның негізгі даму бағыттары, технологиялық прогресс және халық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін химиялық өндірістің маңызы



1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

6

Химиялық өндірістің шикі заты Технологиялық процесте түсінігі және ролі. Шикі зат классификациясы. Шикі зат сапасы және өнім сапасы

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

7

Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері;

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

1

2

3

4

5

6

7




әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы
















8

Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту Катализ: түсінігі, катализ типтері. Гетерогендік катализдің каталитикалық әрекетінің кезектері. Адсорбция. Органикалық заттардың технологиясының маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары. Катализатодың эксплуатациялық сипаттамасы

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

9

Органикалық синтез Түсінігі, мақсаты, жіктелу

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

10

Жіңішке органикалық синтез. Жіңішке органикалық синтез өнімдерінің түрлері: бояуштар, дәрілік препараттар, пестицидтер, мақта-көмекші және хош иісті заттар, химикаттар-полимерлы материалдарға қосымшалар, химикаттар кинофотоматериал-

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

1

2

3

4

5

6

7




дарға, химиялық реактивтер және басқалар. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары
















11

Негізгі органикалық синтез. Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері

Түсінігі, жіктелуі, негізгі өнімдері.


Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

12

Негізгі органикалық синтез. Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері Коксохимиялық өндіріс, шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

13

Негізгі органикалық синтездің жартылай өнім түрлері

Түсінігі, мақсаты, жіктелу, шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары



1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

14

Негізгі органикалық

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

1

2

3

4

5

6

7




синтездің соңғы өнім түрлері

Түсінігі, мақсаты, жіктелу, шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары


















15

Органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша есептер

Органикалық заттардың өндірісі үшін шикі зат, көмекші заттар, реагенттер, отын, су шығым нормасын есептеу. Химиялық өндірісінің материалдық және жылу ағымдарын есептеу

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5




БАРЛЫҒЫ:

15

15

15

45





3 Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Мамандыққа кіріспе курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық (семинар) жұмыс, БОӨЖ-білім алушының оқытушымен өздік жұмысы, және БӨЖ – білім алушының өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Кез келген құбылыстар мен процестерді мазмұндайтын категориялар, тұжырымдамалар, ғылыми қорытындылар және практикалық ұсыныстар, ораторлық шеберлік ерекше бағаланады. Конспекті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Теориялық тұжырымдамаларды ұғыну және пікірталас жағдайды шешу мақсатымен оқытушыға сұрақ қойылады.

Практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен таңысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау.

БОӨЖ және БӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Мамандыққа кіріспе» – 2 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ және 50 минуттық БОӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа, БОӨЖ-ге қатысуға білім алушы міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан білім алушы белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар білім алушыны өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физика-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес білім алушы практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.


5 курс саясаты

Білім алушы пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда балдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген

«Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша балдардың таратылуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1

2

3

4

1

2

3

4

1-7

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

1-2

Кіріспе. Мамандықтың жалпы сипаттамасы

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметінің мазмұны және негізгі компетенцияларына қойылатын талаптар



20

Практикалық сабақта

Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері

Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру



Практикалық сабақта

3

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтың типтік оқу жоспары. Студенттердің құқықтары мен міндеттері. Университетте ішкі тәртіп ережелері



20

Практикалық сабақта

Оқытудың кредиттік технологиясында білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүргізу формалары, әдістері және тәсілдері

40

Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес)




1

2

3

4

4

Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы

Химиялық білім мен химиялық техниканың әр түрлі салалары жетістіктерінің салыстырмалы анализі



20

Практикалық сабақта

5

Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері

Химика-технологиялық процестер: түсінігі, жіктелуі, кинетикасы, технологиялық есептер және сызулар



20

Практикалық сабақта

6

Химиялық өндірісінің шикі заты

Пайдалы қазбалардың қоры. Шикі затты кешендік пайдалану. Химиялық өндірісте суды пайдалану



20

Практикалық сабақта

Органикалық заттардың химиялық технологияның тарихы және даму болашағы

40

Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес)

7

Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері

Энергия шығымын төмендету мақсатымен химиялық өндірісті жетілдіру жолдары. Дәстүрлі емес энергия көздерін Қазақстанда қолдану, мысалдар келтіру






Практикалық сабақта

7

Межелік бақылау 1

90

Сабақ кестесіне сәйкес

1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

300




8-15

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

1

2

3

4

8

Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту

ОЗТ маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары



15

Практикалық сабақта

9

Органикалық синтез

Даму тарихы, бағыттары, реакциялар



15

Практикалық сабақта

Мұнай және газ – мұнайхимиялық өндірісінің негізгі шикі заты. Мұнай мен газдың пайда болуы, әлемдік және ҚР қоры, өндеу туралы алғашқы түсініктер, алынатын негізгі маңызды өнімдер. Қазақстандағы химиялық өнеркәсіп дамыған аудандар. «ПМХЗ» АҚ-да мұнай өңдеу технологиясы,аппаратуралық безендірілуі, экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары.

40

Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес)

10

Жіңішке органикалық синтез

Жіңішке органикалық синтез өнімдерінің түрлері

Өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісі дамуының жалпы деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану


15

Практикалық сабақта

11

Негізгі органикалық синтез

Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері. Мұнайхимиялық өндіріс

Мұнайхимиялық өндіріс, өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану


15

Практикалық сабақта

1

2

3

4

12

Негізгі органикалық синтез Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері. Коксохимиялық өндіріс

өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану



15

Практикалық сабақта

13

Негізгі органикалық синтездің жартылай өнім түрлері

Өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану



15

Практикалық сабақта

14

Негізгі органикалық синтездің соңғы өнім түрлері

Өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану



10

Практикалық сабақта

Коксохимиялық өндірісінің маңызы және көлемі, дамуының қысқаша тарихы, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Кәсіпорындарының негізгі технологиялық жабдықтары, технологиялық құралдар мен сызба туралы түсінік

40

Өздік жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес)

15

Кәсіби практикаларын ұйымдастыру және жүргізу

Оқу, өндіріс, дипломалғы практикаларының мақсаты, есептері, мазмұны, есептері






Практикалық сабақта

15

Межелік бақылау 2

90

Сабақ кестесіне сәйкес

1

1

2

3

4

8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

300




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000



Білім алушы білімін бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз




  1. ӘДЕБИЕТ

    1. Негізгі әдебиет

7.1.1 Касымова Ж.С. Введение в специальность для студентов специальности 5В072000 – Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие – Семей, 2013. – 239 б.

7.1.2 Смит В. Органический синтез: наука и искусство / В. Смит, А. Бочков – М.: Мир, 2001. – 573 с.

7.1.3 Аблесимов Н.Е. Синопсис химии: Справочно-учебное пособие по общей химии – Хабаровск: Изд-во ДВГУПС, 2005. – 84 с.

7.1.4 Бесков В.С., Сафронов В.С. Общая химическая технология и основы промышленной экологии: Учебник для ВУЗов. – М.: Химия, 1999. – 472 с.

7.1.5 Химия и жизнь - XXI век. – 2009. – № 5. – С. 49-52.

7.1.6 Интернет ресурсы.


7.2 Қосымша әдебиет


7.2.1 Крылов О.В. Гетерогенный катализ. Учебное пособие для вузов. М.: ИКЦ «Академкнига»», 2004.-679 б.: ил. ISBN 5-94628-141-0.

7.2.2 Бенедек П., Ласло А., Научные основы химической технологии, Л., 1970.

7.2.3 Лебедев Н.Н., Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза, М., 1971.

7.2.4 Хайлов В.С., Брандт Б.Б., Введение в технологию основного органического синтеза, Л., 1969.

7.2.5 Юкельсон И.И., Технология основного органического синтеза, М., 1968.

7.2.6 Об утверждении Программы по развитию химической промышленности Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2010 года № 1001. [Электрон. Ресурс].- 2010. – URL: http://city.tomsk.net/~amiak/htm (қатысу мерзімі: 12.08.2014).



7.2.7 Краткий справочник физико-химических величин/С.-П.: «Иван Федоров», 2003. – 240 с.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет