Бағдарламасы: мақсаты мен бағыттары «Мәдени мұра»


"Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламасының мазмұны мен маңызы



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі16,82 Kb.
#174293
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Ба дарламасы ма саты мен ба ыттары «М дени м ра»
Итоги Международной олимпиады Финансового университета для молодежи 2021-2022
"Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламасының мазмұны мен маңызы
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. "Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы" деп жазды Елбасы өз мақаласынды. Елбасымыздың тарихымыздағы жеті ерекшелік туралы ойларында тарихи мұрамыздың мол екеніне мән беріліп отыр. Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктердің қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық. Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра.

114-билет: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті


Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.
Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.
Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды.
2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.
2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.
2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.
2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

115-билет:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет