БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



бет8/16
Дата13.08.2017
өлшемі4,88 Mb.
#23412
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


Агроөнеркәсіптік кешен


Ауыл шаруашылығы Жамбыл облысының халықты маңызды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Облыстың табиғи-климаттық жағдайы дәнді, жемдік, көкөніс-бақша дақылдарын және қант қызылшасын өсіруге, сондай-ақ, жайылымдарды жыл бойы жемдік база ретінде пайдалануға қолайлы.

Агроөнеркәсіп кешенінде облыстың еңбекке жарамды халқының 34,3%-ы жұмыспен қамтылған. Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылы 9,5%-ды құрады.

Жамбыл облысының жер аумағы 14,4 млн.га жерді құрайды, 2011 жылы 637,8 мың гектары егілген.

2012 жылдың 1 қаңтарына облыстың ауыл шаруашылық өнімін өндірушілері меншіктің барлық түрлеріндегі 16,9 мың кәсіпорыннан құралады, оның ішінде 0,6 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 16,3 мың шаруа қожалықтары.

2009-2014 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бір келкі болмады. 2011 жылы 89,4 млрд. теңгені (НКИ - 106,8%), 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда көлемдердің 3,1%-ға төмендеуі байқалады және 94,4 млрд. теңгені құрады, 2013 жылы өсімдік шаруашылығын 1,2 есеге арттыру есебінен жалпы өнім көлемі 10,5%-ға өсті.

2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 166,4 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылға 103,6% құрады, оның ішінде - егін шаруашылығы өнімінің көлемі – 73,3 млрд. теңге (НИК – 101,8%), мал шаруашылығы – 92,2 млрд. теңге (НИК – 104,9%) (1 кесте).


Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

1 кесте






2009 жыл

2010

жыл


2011 жыл

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.

теңге


68356,9

68461,6

89360,3

94393,8

127346,5

166387,4

НКИ %

122,7

99,6

106,8

96,9

110,5

103,6

оның ішінде:

егін шаруашылығы



35196,9

33062,4

45002,7

42787,5

62685,7

73282,2

НКИ %

147,6

96,5

111,6

90,9

121,4

101,8

мал шаруашылығы

32861,2

35036,3

44033,7

51353,3

64030,0

92199,4

НКИ %

101,7

102,7

102,6

103,2

100,6

104,9

қызмет көрсету

298,8

362,9

323,9

253,1

630,8

905,8

НКИ %

196,5

95,1

74,4

70,5

240,0

161,8

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында өсімдік шаруашылығының мен мал шаруашылығының үлесі бірдей болып келеді, сонымен 2011 жылы өсімдік шаруашылығы 50,4%-ды мал шаруашылығы 49,3%-ды құрады, сәйкесінше 2012 жылы – 45,3% және 54,4%, 2013 жылы – 49,2% және 50,3%, 2014 жылы – 44,0% және 55,4%.

Егін шаруашылығының дақылдарына ерекше көңіл аударылуда және өсімдік шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының ғылым Академиясымен бірлесіп тұқым шаруашылығын дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Элиталық тұқымдар, жемiстi көшеттер өндірісімен барлығы 31 шаруашылық айналысады, оның ішінде 2 оригинатор-шаруашылық, 8 элиталы тұқым шаруашылықтары және 21 шаруашылық I, II және III репродукциялық тұқым шаруашылықтары болып табылады.

Еліміздің климаты қатаң солтүстік өңірінде өсе бермейтін ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрін облыста өсiруге мүмкiншiлiк бар. Ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар, экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту әлеуеті бар. Бұл мақсатта тиімділігі жоғары дақылдардың көлемдерін ұлғайту шаралары қолданылады олар, дәндік жүгері, жеміс-көкөніс, майлы, мал азықтық дақылдар, картоп, қант қызылшасы, бұршақ және жүгері.



Жамбыл облысында 2009-2014 жылдардың астығы үшін ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптары
2 кесте

Көрсеткіштер

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабыбарлығы, га

471187

497161

513821

527295

542777

580483

Оның ішінде:



















дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

235679

239536

234333

239179

243874

257862

- бидай

113584

132663

123712

109281

105044

111027

- арпа

108000

96641

99983

119020

124536

130341

- дәндік жүгері

13561

9841

10379

10469

13782

15984

Техникалық дақылдар

64876

74314

85107

87709

87173

93926

- қант қызылшасы

1679

5742

7027

5401

1021

736

- майлы дақылдар

63079

68444

78041

82308

86079

93134

Картоп және көкөніс-бақшалық дақылдар

32251

34350

39199

35784

38656

45132

- картоп

5862

6004

7512

8160

7449

8639

- көкөніс

18133

20086

21771

19945

22632

25391

Азықтық дақылдар

138342

148961

155181

164622

173074

183563

Соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 10,1% артса, оның ішінде, дәнді және дәндік дақылдар - 7,8%, көкөніс - 27,3%, азықтық дақылдар - 11,5%, майлы дақылдар - 13,2% өсті (2 кесте).


Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

3-кесте




2009

жыл


2010

жыл


2011

жыл


2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


Егіншаруашылығы өнімдері, мың. тонна

Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар

553,3

372,6

393,4

229,5

480,0

288,6

оның ішінде: - бидай

248,1

182,4

183,6

84,4

163,5

90,9

- арпа

237,8

141,7

159,0

91,0

240,0

109,9

- дәндік жүгері

66,6

47,9

50,6

53,5

75,7

87,0

Қант қызылшасы

17,4

60,4

111,3

40,1

19,9

14,7

Майлы дақылдар

30,9

40,9

48,3

38,5

55,0

46,4

Картоп

108,8

116,5

152,7

173,6

155,5

183,8

Көкөніс

349,8

395,9

449,8

443,1

494,9

606,5

Бақша дақылдары

148,3

147,7

193,6

194,0

195,5

286,5

2011-2014 жылдары ауа райының қолайсыздығынан дәнді және бұршақты дақылдар өндірісі көлемінің төмендеуне байланысты, өсімдік шаруашылығының негізгі түрлерін өндіруде айтарлықтай ауытқулар байқалады (3 кесте).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында, пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, су үнемдеу және ылғал сақтау технологияларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы 24,0 мың гектар алқаптағы ауыл шаруашылығының жерлері мемлекет меншігіне қайтарылып, 24 мың гектарға ылғалресурс сақтау технологиясы, 5,0 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Бос жатқан жерлерді түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 591,2 мың гектардан астам пайдаланусыз жатқан жерлер анықталып, оның пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 80,0%-ы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Машина-тракторлық парктерін техникамен жарақтандыру өсуде. Тек 2011-2014 жылдары ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен лизинг бойынша 691 дана әр түрлі ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Облыс өңірлерінде көкөніс 29,7 гектарды құрайтын 406 жылыжайларда өсірілуде, бұл маусымаралық кезеңдегі ішкі қажеттіліктің 41%-ын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жалпы сиымдылығы 102,7 мың тоннаны құрайтын 166 көкөніс-картоп қоймалары жұмыс істейді.

Мал шаруашылығында жыл сайын ет, сүт, жүн өндіру, барлық мал түрлерінің басы мен өнімділігі өсуде. Облыста асыл тұқымды мал шаруашылықтары және қолдан ұрықтандыру пунктері санын ұлғайту арқылы селекцияны өрістету есебінен малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату бойынша жүйелік жұмыс жалғасуда (4 кесте).
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлер өндіру

4-кесте




2009 жыл

2010 жыл

2011

жыл


2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл


Мал шаруашылығының өнімі, мың. тонна

Ет (тірі салмақта)

87,2

90,3

93,3

97,0

96,0

103,9

Сүт

269,1

273,8

279,3

284,1

284,2

290,5

Жұмыртқа (млн.дана)

109,6

114,1

118,4

115,2

110,5

109,0

Жүн

5,5

5,7

5,9

6,0

5,3

5,3

2011 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның шеңберінде 2011-2015 жылдары мал бордақылау алаңдарын, шаруашылық-репродукторларын және шаруа қожалықтарын құру қарастырылған.

Соңғы 4 жылда МІҚ малының 16660 аналық басы әкелінсе, оның ішінде 2014 жылы – 3968 бас әкелінді. Репродуктор-шаруашылықтарын құру мақсатында облысқа шет елден МІҚ малының 1259 аналық басы әкелінсе, оның ішінде 2014 жылы - 222 бас әкелінді.

2012-2014 жылдары 10448 басқа арналған алаңдары құрылды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша шаруа қожалықтардың өз қаражаттары есебінен нақты 4528 басқа арналған мал бордақылау алаңдары құрылды.

Нәтижесінде облыста жоғарыөнімді асыл тұқымды МІҚ малының үлесі - 12,0%, қой - 22,5%, жылқы - 23,1%, түйе – 30,0% құрады.

Саланың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2011 жылы облыстың "Ауыл шаруашылығын каржылай қолдау қоры" АҚ мен "Аграрлык несиелік корпорация" АК 88 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 715,0 млн тенгеге 4456 бас мал (4357 сиыр және 99 бұқа) сатып алынды, 2012 жылы 84 шаруа қожалықтарына 727,5 млн.теңге сомасында несие беріліп, оған ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 3826 бас мал (3607 сиыр және 219 бұқа) сатып алынды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша шаруа қожалықтармен жалпы сомасы 879,42 млн.теңгеге МІҚ малының 4728 аналық басы мен 250 бас асыл тұқымды бұқа басы сатып алынды, оған 99 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатысты. 2014 жылы 56 шаруа қожалықтарына 722,2 млн. теңге сомасында несие беріліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 4159 бас сатып алынды (3968 сиыр және 191 бұқа).



ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша Комитетінің Статистикалық бюллетеніне сәйкес ««Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері» статистикалық бюллетені» 2014 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі (ЖҚҚ бойынша) 799,6 мың.теңге/адам немесе 2013 жылғы деңгейге номиналды түрде 1,9 есені құрады. 2014 жылы стратегиялық міндеттерге қол жеткізілуін және нәтижесін бағалау қорытындысы бойынша тұжырымдамадағы «Экономика» саласында агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің өсімі жоспармен 121,5%, нақты 105,3%, мұнда ЖҚҚ бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі өсімінің көрсеткіші 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2008 жылғы қаңтар-қыркүйекке көрсетілген.

Сонымен бірге, Бағдарламадағы 121,5% агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі өсімінің жоспарлы көрсеткіші 2013 жылғы деңгейге жоспарланған.

Жыл сайын мемлекеттік қолдау көлемі өсуде. Агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға 2011 жылы 2,3 млрд. теңге субсидия бөлініп игерілді, оның iшiнде республикалық бюджеттен 0,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге; 2012 жылы – 2,7 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге; 2013 жылы – 3,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге, 2014 жылы - 7,0 млрд.теңге, оның ішінде, республикалық – 1,8 млрд.теңге, облыстық – 5,2 млрд.теңге.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған - «Агробизнес – 2020» жаңа бағдарламасы іске асырылуда, онда мемлекеттік қолдаулардың барлық түрлері сақталған және жаңа тетіктері қарастырылған. Бағдарламада ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары анықталып, олардың әрбіріне арналған 15 шебер-жоспарлар әзірлеген, оның ішінде мал шаруашылығына қатысты 7 шебер-жоспар, өсімдік шаруашылығында – 5, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 1, ветеринария саласын жетілдіруде – 1 және фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамытуға – 1 шебер-жоспар.

2014 жылдың 14 ақпанында жыл қорытындысы бойынша өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2014 жылдың 23 мамырында Табиғи-климаттық жағдайды және сату нарығы мен өңірлерді дамыту келешегінің бар болуын, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік саясат тиімділігін жоғарылатуды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығының нақты өнімдерінің түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы бекітілді.

ҮИИДМБ аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 2010-2014 жылдары сомасы 6,6 млрд. теңгедан астам 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 890 жұмыс орны құрылды («Жасұлан и К» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Куликов сүт өнімдері» ЖШС, «Kaz-Ir-Agro» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС, «ҮмітҚордай»ЖШС, «Алкопищепром» ЖШС, «Мың-Арал компаниясы» ЖШС).

АӨК-ң негізгі мәселелері: еңбек сыйымдылығы жоғары үдерістерді механикаландырудың әлсіздігі, а/ш техникалары тозуының жоғары деңгейі, мал шаруашылығында, жоғары өнімді генетикалық материалдық және өсімдік шаруашылығында элиталы тұқым үлесінің төмендігі, мал шаруашылығы шикізатын әзірлеу, сақтау мен бастапқы өңдеу және көкөніс сақтау бойынша ифрақұрылмының болмауы.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымында қосалқы шаруашылықтар үлесінің көп болуы, шикізат сапасының төмендігі саланың дамуына кедергі жасайды, ал қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық жабдықталуының төмендігі өнімнің сапасына әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ өнім шығаруы ірі масштабты селекциялық-тұқымдастыру жұмысын жүргізуге, ғылыми – негізделген егін егу айналымын сақтауға, заманауи технологиялырды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механизациялауға және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, көкөніс сақтау бойынша қуаттың шектеулігіне байланысты көкөніс өсіру үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайды толық пайдалану мүмкін болмай отыр.


Тамақ өнімдерін өндіру

Азық-түлік өнеркәсібі облысты дамытуда болашағы бар салалардың бірі болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының шекаралық аудандарда шоғырланғандығына, өнімнің экологиялық таза болуы Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасуына негізделген.

Тамақ өнімдерін өндірудің үлесі облыстың өңдеу өнеркәсібінде көшбасшы орындардың бірінде болып 32,2%-ды, ал облыстың жалпы өндірісінде 23,5%-ды құрап, 9 түрлі салалардан тұрады. 2011 жылы облыстың жалпы экспорт көлемінде қайта өңдеу өнімі 17%-ды құрады. Облыстан негізі ұн, пияз, көкөніс, техникалық тұз экспортталуда, ал облысқа сүт өнімдері, картоп, алма, қант шикізаты, сары және өсімдік майы т.б. импортталуда.

Салаларда 2009-2012 жылдары өндіріс көлемінің төмендегені байқалады. Сонымен 2009 жылы салада өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,1 млрд. теңгені (НКИ-76,2%), 2010 жылы – 35,3 млрд. теңгені (91,0%), 2011 жылы – 46,4 млрд. теңгені (85,0%), 2012 жылы – 34,0 млрд.теңгені (72,4%) құрады.

2009 жылы экономикалық дағдарыс азық-түлік саласының кәсіпорындарына айтарлықтай әсер еті, бұл айналым қаржыларының оқтығынан болды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер, балауыз, қышқыл сүт өнімдері өндіретін кәсіпорындар («Концерн Азия Қазақстан» ЖШС, «Зар-Замин» ЖШС, «Фудмастер-Қордай» ЖШС) толығымен және жартылай жұмысын тоқтатты. Алкогольді және консервіленген өнімдер шығаратын ірі өндірушілер («Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС) сот істеріне байланысты өз жұмыстарын тоқтатқан.

Сондай-ақ, аталмыш салада өндірістің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі соңғы жылдары шетелден шикізаттың (қант-шикізаты) тұрақты жеткізілмеуінің және басшылықтың ауысуы салдарынан «ОАҚК» ЖШС филиалдары Тараз және Меркі қант зауыттарында өндірістің тоқтауы, «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС кәсіпорынын жетілдіру болып табылады.

2011 жылы ет өңдеу көлемінің 9,3%-ға (сиыр, қой, жылқы, шошқа еттерінің орташа 280 теңгеге қымбаттауынан), консервіленген жеміс және көкөніс – 15,1% (отандық өнімге сұраныстың төмендеуі, сонымен қатар Кедендік одақ шеңберінде консервіленген өнім импорты көлемінің артуы есебінен), сүт өнімін өндіру 19,4%-ға және өсімдік және мал майы 52,8%-ға (шикізаттың тұрақсыз жеткізілуінен) қысқарғаны тіркелген. 2010 жылмен салыстырғанда шұжық өндіру 1,7%-ға, ет – 18,1%-ға, күнбағыс майы – 42,5%-ға, сүт – 17,5%-ға, сары май – 10,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 38,8%-ға, қант – 18,3%-ға төмендеген.

Алайда, әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін өндіруші сала өнімдеріне сұраныс тұрақты, ол 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ұн өнімдерін өндіру өнеркәсібінде өндірістің 14,9%-ға, бөлішке нан және ұн өнімдерін өндіру 7,1%-ға, балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу - 2,1 есеге өскен.

2012 жылы ет өнімдерінің 21,4%-ға, қант-шикізатының 24,3%-ға (шикізат жеткізудің тұрақсыздығына байланысты) төмендеуіне байланысты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемдері 27,6%-ға төмендеген. Бірақ, ет өндіруде көлемдердің - 6,7%-ға, мақта майы – 2 есеге, сафлор майы – 3,4 есеге, сүт – 1,3%-ға, сары ірімшік пен сүзбе – 14,2%-ға, ұн - 7,8%, ұн өнімдері – 1,6 есеге өсуіне қол жеткізілген. 2013 жылдың қорытындысы бойынша индустриаландыру және жетілдіру Картасының аясында енгізілген инвестициялық жобалар арқасында, тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 1,5 есеге өсіп, 50,8 млрд,теңгеге дейін артты. Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі саланың үлесі 28,0%-ды құрап көшбасшы орындардың бірін алады. Жаңа өндірістерді енгізу есебінен еңбек өнімділігі 71,4 мың АҚШ долл/адам құрап, 2008 жылға қарағанда 1,9 есеге өсті.

2014 жылы тамақ өнімдері өндірісінің көлемі ет өндірісінің 1,3 есеге, шұжық өнімдерінің – 6,3%-ға, сары май – 1,2 есеге, ірімшік және сүзбе – 8,6%-ға, қант – 1,3 есеге артуы есебінен 1,1 есеге өсіп, 65,6 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта облыста 31 – сүт және етті қайта өңдеу кәсіпорыны, 4 – жеміс және көкөніс өңдейтін кәсіпорын, 2 – қант қызылшасы мен қант құрағын өңдейтін зауыт жұмыс істейді.

Тек соңғы 4 жылда индустриаландыру Картасының 6 жаңа кәсіпорындарымен тамақ өнімдерін өндіру бойынша өнеркәсіп өндірісі басталды - ет және ет өнімдері, макарон өнімдері, сүт өнімдері, мақсары майлары, шырын және көкөніс консервілері.

Облыстың қант зауыттарымен («ОАҚК» ЖШС-і Тараз және Меркі филиалдары) 345,3 мың. тонна қант өндірген немесе 2013 жылдан 1,3 есеге артық.
Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары

5 кесте

Компания

Негізгі өндірілетін өнім

«ОАҚК» ЖШС-гі филиалының Тараз қант зауыты

Қант өндіру

«Та-Мак» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

«Салангани» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

«Меркі ірімшік зауыты» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдерін өндіру

«Первомайские деликатесы» ЖШС

Шұжық өнімдерін өндіру

«Данегуль» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

«Куликов сүт өнімдері» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

«Бурный ірімшік зауыты» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдерін өндіру

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

Ет өндіру

«Алкопищепром» ЖШС

Сусын өндіру

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған немесе толық қолданылмайды, бұл ауыл шаруашылығынды шикізатының жетіспеушілігіне байланысты. Әлсіз материалды-техникалық база, тез бүлінетін шикізат пен азық-түлікті мұздатып өңдеудің және тасымалдаудың, сақтаудың дамымаған инфрақұрылымы бастапқы шикізатты кешенді қайта өңдеу және сақтау үшін оңтайлы жағдай құруға мүмкіндік бермейді, бұл қосымша шығындарға, қауіпсіздік пен сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, елдің Кедендік одаққа кіруі жағдайды күрделендіре түсірді, өйткені отандық өнімдер Ресей және Беларусь елдерінен әкелінетін өнімдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті емес.

Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік өндірісін дамыту мәселесін шешу, ішкі сұранысты қамтамасыз ету және экспорттық ресурстар қалыптастыру, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға экономикалық жағдай және механизмдер құру, агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірушілерге қолдау көрсету, экпортта өз орнын басу үшін бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығару және заманауи инфрақұрылым дамыту үшін 2010 жылдан бастап «Аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталық құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар басталды (ары қарай – АҚЛО). Аталмыш жоба облыстың басымды жобаларының бірі болып табылады. АҚЛО-тың басты миссиясы Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп өнімінің экспорттық әлуетін дамыту болып табылады.

Өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелері


  • жеке қосалқы шаруашылықтардың жоғары үлесі;

  • ирригациялық жүйелер сапасының төмендігі;

  • миниралды тыңайтқыштарды қолдану деңгейінің төмендігі;

  • инжинерлік жүйе және құрлыс құрылымдары тозуының жоғары деңгейі;

  • жемдік қордың тапшылығы;

  • еңбек көп жұмсалатын үрдістерде механизациялау деңгейінің төмендігі;

  • ауыл шаруашылығы техникасы тозуының жоғары деңгейі;

  • мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдардың және егін шаруашылығында асыл тұқымды дәннің төмен үлесі;

  • мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау, алғашқы өңдеу және көкөністі сақтауға арналған инфрақұрлымдық объектілерінің тапшылығы.


Туризм

Облыс "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасына енгізілген және оның ішкі және халықаралық туризмнің дамуы үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Облыс арқылы Ұлы Жібек жолы өткен (Сайрам кенті - Тараз - Акшолак-Ақыртөбе станциясы - Құлан - Меркі - Шу - Аспара - Қордай) және оның бойында қызықты тарихи және мәдени ескерткiштер орналасқан.

2014 жылдың 1 қаңтарында 3274 ескерткіштер мемлекеттік есепке алынған, оның ішінде: 28-і республикалық және 713-і тарихи-мәдени ескерткіштер, ішкі және сыртқы туризммен айналысатын 25 туристік фирмалар қызмет етуде.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз бойында туристік кластерді құру жұмыстары жүргізілуде. Оны іске асыру үшін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз бойында жол бойылық сервис нысандарының құрылысын ұйымдастырушы жұмысшы тобы құрылды. Топтың құрамына тиісті басқармалар мен аудандардың 19 басшылары кіреді.

Жұмысшы тобпен Жамбыл облысындағы 8 жол бойылық сервис кешендерін (ЖБСК) салу үшін орналастыру орындары анықталды. Барлық ұзындығы 495 км, оның ішінде «В» категорялы 4 дана және «С» категориялы 4 дана.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ішкі туризм 38,3% ұлғайды, ал кіру туризмі 37,1% азайды, орналастыру орындарының саны 17 данаға, ал қызмет көрсетілген келушілер саны 35,9% көбейді.

2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ішкі туризм 55,1% ұлғайды, ал кіру туризмі 7,2% азайды, орналастыру орындарының саны 40 данаға, ал қызмет көрсетілген келушілер саны 53,1% көбейді.

2010-2014 жж. туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні

9- кесте

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2010

2011

2012

2013

2014

қаңтар - желтоқсан



Кіру туризміндегі келушілер саны (резиденттер емес)

адам

1209

2052

1155

1290

1905

Ішкі туризміндегі келушілер саны (резиденттер)

адам

53007

61551

69462

85138

95471

Орналастыру орындарының саны

саны

42

48

54

65

88

Келушілерге қызмет көрсетілді

адам

54588

63603

70617

86428

97376

2014 жылы келушілерді орналастыратын 88 кәсіпорын және жеке кәсіпкер бар. Орналастыру орындары 1054 нөмір, олардың біржолғы сыйымдылығы 1878 төсек-орын.

Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Лондон, Берлин, Ыстамбұл, Мадрид қалаларында өткізілетін халықаралық туристік көрмелерде ұсынылады. Жылда аймақтың туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылады.

2010 жылдан бастап өткізілетін Халықаралық бизнес-форум шеңберінде туризм бойынша инвестициялық жобалар таныстырылады.

Жамбыл облысында балалар туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2010-2014 жыдары аралығында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:


  • дүниежүзілік туризм күніне арналған күздік туриадаға Тараз қаласы, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;

  • «Менің Отаным –Қазақстан» туристік облыстық экспедициясы өткізілді, оған Тараз қаласы, Меркі, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;

  • Астана қаласына екі күндік тур ұйымдастырылды, оған аудандар мен Тараз қаласының аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан орта мектеп оқушылары, жалпы білім пәндері бойынша өңірлік және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары және қатысушылары, 12-14 жастағы үздік оқушылар қатысты.

Жуалы ауданы Берікқара шатқалындағы орналасқан «Тау самалы» туристік кешенінде 8 жыл бойы «Балалар туризмі» жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан 1500 астам балаларды қабылдайды.

Мәселелер:



Туристiк және көлiк инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы.

- орналастыру нысандарының материалдық базаларының, атап айтқанда қонақ үйдің, үй мен демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай- курорттық мекемелердің моралдiқ және нақты тозуы жоғары дәрежеде сипатталады.

- туристер үшiн туризмнің ауқымы, түрлері, сапасы және тұратын мекендердiң ұсынысы бүгiнгi күнде халықаралық талаптарға сәйкес келмейдi.

- Жамбыл жеріндегі Ұлы Жiбек жолы бөлігінде орналасқан маңызды тарихи орындарға жетуге жолдың қиын болуы мен сервистiң төмен деңгейiне байланысты шетелдiк және қазақстандық туристтердің жеткіліксіз тартылуы.

- туристiк қызметтерi әлемдiк нарығында туристiк өнiмдерді халықаралық насихаттау және алға жылжыту жеткіліксіз деңгейде.

- мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің әлсіздігі, туризмнің қызмет көрсету саласында және индустрия нысандарында мамандандырылған мамандардың жоқтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет