БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


-2014 жылдардағы металлургия өнеркәсібінің серпіні



бет6/16
Дата13.08.2017
өлшемі4,88 Mb.
#23412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2009-2014 жылдардағы металлургия өнеркәсібінің серпіні
6 сурет

2008 жылдан бастап өндіріс көлемінің өсуі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС жаңа өндірісін ашу есебінен қамтамасыз етілген (ары-қарай «ТМЗ» ЖШС), бұл өңдеу өнеркәсібінің жаңа саласын, яғни қара металлургияны дамытуға жол берді. «ТМЗ» ЖШС-де болат балқытуға пайдаланылатын жоғары сапалы қойыртпаларды өндіру отандық нарықта ғана емес, сыртқы нарықтада талап етіледі, ал электрлік-термостық пештердің үздіксіз өздігінен ерітілетін электродтарын алу үшін арналған электродтық масса жоғары сұраныста пайдаланылуда.

2009 жылы «ТМЗ» ЖШС-де өндірістің төмендеуі сәуір айында жөндеу және тамыз айында жоспарланған жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды. Нәтижесінде металлургия өнімін шығару шамамен 8%-ға қысқарған және 4,1 млрд. теңгені құраған.

Индустриаландыру бағдарламасы өндірісті 2010 жылы 4,7 млрд. теңгеден 2011 жылы 12,5 млрд.теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нақты көлем индексі 233,4%-ға дейін жетті. Саладағы өсім біріншіден «ТМЗ» ЖШС-де өнім шығарудың өсімімен қамтамасыз етілген, бұл 2010 жылы «Химпром-2030» ЖШС зауытын ферроқорыпа өндіруге қайта профилдеуге, болат балқыту, электркалцийлендірген антрацит өндірісін ұйымдастыруға байланысты, онда 2011 жылы 5,2 млрд. теңге сомасында 30,3 мың тонна ферросиликомарганец өндірілді.

Облыстың дайын металл бұйымдарын өндіру Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС, «Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС және «Керамик инвест» ЖШС-мен ұсынылады.

«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді. Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

Темір бетондық плиталарды және фундаменттік блоктарды шығару бойынша «Керамик инвест» ЖШС болашақтың өндірісі деп атауға болады. Оңтүстікте аналогы жоқ импорттық технологияны пайдалана отырып, кәсіпорын Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолдарының құрылысына бетондық дөңгелектерді және көпір ғимараттарын өндірудің жаңа үлгісін меңгерді, майда даналы бұйымдарды шығару цехын ашты, тапсырыс берушілердің қалауы бойынша әртүрдегі және конфигурациядағы темір бетондық бұйымдарды шығара алады.

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салада 2010-2011 жылдар аралығында ферроқорытпа өндірісін жаңғырту және кеңейту («ТМЗ» ЖШС); легірленбеген болат шығаратын, шойын және болат құю бойынша қызметтер көрсететін электрометаллургиялық шағын зауыт («Запчасть» АҚ); кенорынның өнімділігін он есеге ұлғайтуға және жаңа инновациялық «Доре» балқыту технологиясы бойынша жыл сайын 1,3 тонна асыл металл балқытуға мүмкіндік беретін Ақбақай алтыншығару фабрикасының қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртудың арқасында металлургиялық өнеркәсіп өндірісі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 16,4 млрд.теңгені құрады (ферросиликомарганец – 1,7 есе, күміс – 1,3 есе, алтын – 1,4 есе, шойын құю бойынша қызметтер – 1,6%).

Алайда, 2013 жылы металлургия өнімінің көлемі 41,2%-ға төмендеген (10,7 млрд.теңге). Облыстағы ферроқорытпа өндіру бойынша ірі кәсіпорындардың бірі – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-нің қаражат айналымының жоқтығынан тоқтап қалғанына, кен құрамындағы алтын мөлшерінің аз болуына («Алтыналмас» АК» АҚ) байланысты негізгі салалардың төмендеуі тіркелген: қара металлургия – 71,8%-ға, негізгі асыл және түрлі-түсті металл өндірісі – 9,6%-ға. Сонымен қатар, «Запчасть» АҚ-да құймадағы легірленбеген болат өндірісі қалпына келтірілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өсіп, 20,9 мың тоннаны құрады.



2014 жылы бағалы және түсті металлдар өндірісінің 3,2%-ға, металлдарды құю – 1,5 есеге өсімі есебінен металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11,3 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі 2013 жылдың тісті кезеңімен салыстырғанда 101,3%-ды құрады. Металлургия өндірісінің көлемін ұлғайту үшін индустрияландыру Картасы шеңберінде 2014 жылы бағалы металл қойыртпаларын өндіру бойынша «Central Asia Gold Production» ЖШС инвестжобасы іске қосылды.

2015 жылы өндіріс көлемін арттыру үшін зауытта («ТМЗ» ЖШС) РКО-25 №5,6 жаңа пештерінің құрылысы, сондай-ақ ФС45, ФС65, ФС75 маркалы ферросилиция өндірісін игеру және шығару, ферроқорытпаның альтернативті түрлерін өндіру, қосымша ШМП қайта бөлінген қалдықтарды ала отырып ФМн78 жоғары көміртекті ферромарганец балқыту технологиясын игеру және өндіріске енгізу жоспарлануда.

2016 жылы Индустриаландыру картасын өзектендіру аясында ферроқорытпа өндірісін және оның шикізаттық базасының қуаттылығын жылына 300,0 мың тонна ферросиликомарганец өндіруге дейін жеткізе отырып кеңейту бойынша инвестициялық жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру кәсіпорынның басты қоры мен келешегі болып табылады.
Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Облыс кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдары өндірірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.

2009 жылы өзге де металл емес минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.

Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. Цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды.

2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарып, өткен жылдың деңгейінен 47%-ға төмендеген.

Тұрғын үй саясатын және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік берді. Күйдірілген, силикатты кірпіштер, темір бетондық бұйымдар, полиэтиленді құбырлар шығарудың жаңа өндірістік қуаттылықтары пайдалануға берілген, бұл 2010 жылы өзге метал емес минералды өнімдер өндірісін 1,6 есеге (6,1 млрд.теңге), 2011 жылы - 2,7 есеге (13,6 млрд.теңге), 2012 жылы – 1,5 есеге (22,0 млрд.теңге) арттыруға ықпал етті.

2012 жылы портландцемент өндірісі 1,7 есеге, гипс – 1,2 есеге, гипстан жасалған бұйымдар - 1,1 есеге, бетоннан жасалған бұйымдар - 1,5 есеге, гипсокартон – 1,1 есеге, бетон - 1,2 есеге, граниттен жасалған плиталар – 1,6 есеге өскен.

ҮИИДМБ шеңберінде 2010 жылы «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдарды өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда Мойынқұм ауданында цемент зауытының құрылысы бойынша 2 инвестициялық жоба іске асырылды, оның бірі 2010 жылы енгізілген «Мынарал Тас Компани» ЖШС, ал екіншісі 2011 жылы Хантау станциясындағы «ACIG» АҚ. Зауытты дамытудың ғылыми-технологиялық стратегиясы өндірістің тек құрғақ технологиясын пайдалануда болып келеді, бұл қауіпті қалдықтар санын біршама төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өндірістің толық циклі мәселесі шешілген - шикізатты өңдеуден, оны қайта өңдеуден, тұтынушыларға дайын өнімді жеткізуге дейін. Бүгінгі таңда ылғал әдісі басым Қазақстан үшін бұл инновациялық әдіс болып келеді.

Бүгінгі таңда «ACIG» АҚ өнім шығаруға кіріспеген. Жаңа инвестор тартылып, жобаға 8 млн. АҚШ доллардан астам қаржы салынды, бұл қаражат қосымша жабдықтар мен материалдар сатып алуға (2,5 млн. АҚШ доллар), құрылыс монтаждау жұмыстарына (3 млн. АҚШ доллар), арнайы техниканы сатып алу (2 млн. АҚШ доллар), жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға (500 мың АҚШ доллар) бағытталды.

2011 жылы темір бетондық бұйымдарды өндіру («Бином Строй-Деталь» ЖШС), 2012 жылы - кірпіш зауытының құрылысы («База-Servis» ЖШС), 2013 жылы – полиэтиленді құбырларды және тамшылап суғаруға арналған құбырларды өндіру («Тараз құбыр зауыты» ЖШС) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді.

Озық технологияларды пайдалану «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-де ауыл шаруашылығында тамшылап суару үшін полиэтиленді құбырларды өндіруге, құрылыс индустриасында газбен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Экологиялық, коррозияға қарсы, жеңіл құрастырылатын жоғары өткізу қабілеттілігі бар және қолайлы бағадағы құбырлар.

Жаңа кәсіпорындарды іске қосудың нәтижесінде 2013 жылы салада өндіріс көлемдері 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге ұлғайып, 23,4 млрд.теңгені құрады. Құрылыс индустриясында еңбек өнімділігі 2012 жылғы 58,6 мың АҚШ доллары/адам 2013 жылы 65,7 мың АҚШ доллары/адам қол жеткізіп, 4,9%-ға артты. Керамикалық кірпіш өндірісі – 1,2 есеге, портландцемент – 3,6%-ға, цемент және бетоннан жасалған тақташалар – 7,8%-ға, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары – 1,4 есеге, тауарлы бетон – 2,6 есеге өскен.

2014 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс индустриясында өндіріс көлемі 24,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2013 жылмен салыстырғанда - 100,4%-ды құрады. ҮИИД шеңберінде инвестиция сомасы 800 млн. теңгеге жаңа өндірістер іске қосылды «БиномСтройДеталь» ЖШС - құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй құрылыс комбинатының құрылысы және «Арайстроймаркет» ЖШС - радиаторлар өндіру бойынша шағын зауыт құрылысы.

Бүгінгі таңда құрылыстық кешеннің өнеркәсіптік базасын 24 шаруашылық субъектілерінің өндірістік қуаттары құрап отыр. Олармен тауарлы бетон, асфальт-бетон қоспалары, әктас, гипс, минералды ұнтақ және мрамор үгіндісі, металл немесе ағаш конструкциялары, гранит және мраморлық блоктар шығарылады. Іске қосылған 5 жаңа өндіріс есебінен портландцемент, күйдірілген және дымқыл құрылыс кірпіштері, керамикалық кірпіштер, өңделген тастар, цементтен жасалған бұйымдар секілді өнімдерге деген тапшылық жойылды.

Саланың әрі қарай дамуы шикізатты дайын өнімге дейін өңдейтін жаңа өндірістерге инвестиция тартуға байланысты. 2014-2016 жылдар аралығында Индустриаландыру картасы аясында келесі жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жоспарланған, олар: «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс материалдары комбинатының базасында тұрғын үй-құрылыс комбинатының құрылысы; «Арайстроймаркет» ЖШС – радиаторлар өндірісі бойынша шағын-зауыт құрылысы; «Жамбылгипс» АҚ – құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсокартон өндірісін кеңейту және жаңғырту; «AlinaHolding» ЖШС – «Құрғақ құрылыс қоспалары», «жұқа ұнтақталған толтырғыштар», «гипс» өндіру кешенінің құрылысы. Сондай-ақ, «ТаразХимпарк» АЭА-да құрылыс материалдары өндірістерін (құрылыстағы бунақтар мәселелерін шешу үшін егу ерітінділері, пенопорит, изопласт, монолитті поробетон, түрлі-түсті жылуқорғағыш кірпіш, бетонға арналған суперпластификаторлар, биоірітілгіш полимерлер, пластикалық құбырлар) ұйымдастыру облыстағы құрылыс индустриясының дамуына серпін береді.



Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсібі облыс экономикасы құрылымының аз үлесін алады. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Саладағы өндіріс көлемі 2009 жылы 569,8 млн. теңгені, 2010 жылы – 1191,6 млн. теңгені, 2011 жылы – 1550,1 млн. теңгені, 2012 жылы – 2358,6 млн. тңгені, 2013 жылы – 1414,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индекісінің 1,3 есеге өсуі 2011 жылы байқалады, ал 2012-2013 жылдары 11,7%-ға және сәйкесінше 21,2%-ға төмендеген. 2014 жылдың қорытындысы бойынша салада өнім көлемі 1,7 есеге өсіп, 2,0 млрд. теңгені құрады.

Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.
Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің

негізгі кәсіпорындары

3 кесте


Кәсіпорын

Негізгі өндірілетін өнімдер

Орналасқан жері

«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС

жүн, топс

Тараз қ.

«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС

былғары тері тауарлары және аяқ киім

Тараз қ.

«Сапаров» ЖК

киім

Тараз қ.

«Айвенго» ЖШС

тігін өнімдері

Тараз қ.

«Би Дуалет» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй

Тараз қ.

«Канагат Тараз» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім

Тараз қ.

«Ырыс Бахыт» ЖШС

киім

Қордай ауданы

Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен айналысады.


2009-2014 жылдардағы жүн өндірісінің серпіні, тонна

7 сурет


2009 және 2012 жылдар аралығында жүн өндіру заттай түрде 9,4%-ға артты. Жуылған жүн (өңдеудің ең төмен дәрежесімен қырқылған жүн) облыстың жүн өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналады. 2009 - 2012 жылдар аралығында жүн өндірудің тұрақты өсімі байқалады (7 сурет). Сонымен 2009 жылы 5471 тонна жүн өндірілді, 2010 жылы – 5682 тонна, 2011 жылы – 5856 тонна, 2012 жылы – 5983 тонна. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты. 2013 жылы жүн өндіру 11,6%-ға төмендеп, 5292 тоннаны құрады. 2014 жылы өндіріс 0,9%-ға артқан (5339 тонн).

2010 жылы «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де фабриканың қолданыстағы цехының базасында ТОПС өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл жоғары сапалы жүн тоқу үшін пайдаланылатын шикізат – ТОПСты өндіретін, әлемде үлкен сұранысқа ие Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын, Италия елінде лабораторлық зерттеуден өтіп, бұл тапшы өнімнің әлемдік өндірушілер тізіміне енгізілген.

Бүгінгі таңда жүн өндірісі нарығында топс өніміне тапсырыстардың жоқтығына, сондай-ақ, шикізаттың (биязы жүн) тапшылығына байланысты «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нде тоқыма өнімдерінің төмендеуі бойынша мәселелер орын алуда. Шикізатты сатып алудағы мәселелері шикізат бағасының тұрақсыздығы, сатып алу қаражатының тапшылығы, сонымен қатар, Ресей және Қытай елдері тарапынан бәсекенің басымдығы болып табылуда.

Европа елдеріндегі дағдарысқа байланысты дайын өнімді өткеру атап айтқанда ТОПС өнімін өткеру бойынша мәселелері туындауда. Қазіргі таңда Ресей, Белоруссия және Қытай елдерінен жаңа өткеру нарықтарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.



Былғары өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, облыста мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2009 жылы саладағы өндіріс 117,0 млн. теңгеге дейін төмендеді. Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы былғары өнімін өндіруде бірден көтерілу байқалады, онда өсім 3,3 есені, 2011 жылы 1,4 есені, 2012 жылы – 1,3 есені құрады. Алайда, 2013 жылдың қорытындысы бойынша тапсырыстардың болмауы және тері бұйымдары өндірісіне қажетті ірі-қара мал терісінің тапшылығы себебінен өндіріс көлемі 39,7%-ға төмендеген. 2014 жылы былғары өнімінің өндірісі 3,0 есеге артып 1,1 млрд. теңгені құрады (8 сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет