БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


Шағын және орта бизнес, сауда



бет9/16
Дата13.08.2017
өлшемі4,88 Mb.
#23412
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


Шағын және орта бизнес, сауда


Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының көрсеткіштері қарқынды серпінге ие, бұл экономиканың осы саласының дамуында оңды үрдістері барын көрсетеді.
2009-2014 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру серпіні

1- кесте

Көрсеткіштер атауы

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Белсенді субъектілер саны, бірлік

36688

31938

39916

38582

43658

45713

Өнім шығару, млрд. теңге

113,7

150,7

173,9

206,2

268,9

311,3

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

129,1

119,0

117,5

108,4

115,9

119,4

1 кестеде көрсетілгендей 2012 жылдың 1 қаңтарына облыста 39916 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, онда 117,5 мың адам жұмыспен қамтылып, 173,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді бұл 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 5,9%-ға өскен.

Статистиканың мәліметтері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 38582 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, онда 108,4 мың адам жұмыспен қамтылып, 206,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2011 жылдың деңгейіне 112,1%-ды құрады. 2012 жылы 307 жаңа шағын бизнес субъектілері тіркелген, қосымша 1791 жұмыс орындары құрылған.

2013 жылы шағын және орта бизнес субъектілерімен 268,9 млрд. теңгеге өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндірілді, немесе 2012 жылға 112,8%, белсенді субъектілердің саны 43,7 мың бірлікті құрады, өсім 13,2%, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 115,9 мың адам (7,0%-ға артық). 2013 жылы жаңа 367 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, онда 2067 астам жаңа жұмыс орындары ашылды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша статистика органдарында қалыптастырылатын есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты «ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің артуы» тікелей нәтиже көрсеткіші, «ШОБ және сауданы дамыту» мақсаты және «Кәсіпкерлік секторды дамыту» міндеті орындалмаған.



2014 жылдың 2013 жылмен салыстырғанда белсенді субъектілер саны 4,7% артып, 45713 бірлікті құрады, онда жұмыс істейтіндер саны 119,4 мың адам, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық, өндірілген өнім көлемі 311,3 млрд.теңгеге жетті.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың пәрменді шараларының бірі шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелеу болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін (ШКС) несиелеу жергілікті, республикалық бюджеттер және екінші дейгейдегі банктердің облыстық филиалдарының қаражаты есебінен жүргізіледі.

ҚР Ұлттық банктің Жамбылдағы филиалының ақпараты бойынша 2011 жылы шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне екінші деңгейдегі банктермен 20494,0 млн. теңге сомасына несие берілген (2010 жылы – 10570,0 млн. теңге). 2012 жылы - 27588,1 млн. теңге сомасында, 2013 жылы - 17439,1 млн. теңге сомасында, 2014 жылы - 22777,5 млн. теңге сомасында несиелер берілді.

2011 жылы «КazMicroFinance» шағын несие ұйымы» Тараз филиалымен – 2281,3 млн. теңге сомасында 11064 несие, 2012 жылы – 3627,4 млн. теңге сомасында 16691 несие берілді, 2013 жылы – 5 254,2 млн. теңге сомасында 15468 несие, 2014 жылы – 7428,2 млн. теңге сомасында 27978 несиелер берілді.

Кәсіпкерліктердің белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жылсайын «Қазақстанның үздік тауарлары», «Алтын сапа» және «Парыз» атты байқаулар өткізіледі. Сонымен 2010 жылы «Алтын сапа» байқауының «Қазақстан мекемелеріне ең жақсы қызмет көрсетушілер» номинациясында «Тараз қаласының кардиохирургиялық орталығы» жеңімпаз болып танылды. Ал «Казфосфат» және «Бином» ЖШС-тері «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауда жүлделі орынға қол жеткізді. 2011 жылы «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқауында «Халық үшін ең үздік тауар» номинациясы бойынша «Ырыс Бахыт» ЖШС-гі екінші орынға ие болды.

2012 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі дипломмен «Казфосфат» ЖШС, екінші дәрежедегі - «Super-pharm» ЖШС, үшінші дәрежедегі - «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС, екінші дәрежедегі - «Асыл Дизайн» ЖШС, үшінші дәрежедегі - «Айналайын» ЖШС; «Үздік азық түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі - «Амангелды» ЖӨК, екінші дәрежедегі - «Злиха» ШҚ, үшінші дәрежедегі - «Мешелова» ЖК марапатталды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурстың «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломмен «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС-гі марапатталды.

2013 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен «Жамбыл өндірістік цемент компаниясы» ЖШС, екінші дәрежелі – «Құрылыс - Полимер» ЖШС, үшінші дәрежедегі – «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен «ТаразКожОбувь» ЖШС, екінші дәрежелі – «Карат - V» ЖШС, үшінші дәрежелі – «Триана Тараз» ЖШС; «Үздік азық түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі – «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС, екінші дәрежелі – «Kaz Ir Agro» ЖШС, үшінші дәрежелі – «Куликовский молочный продукт» ЖШС марапатталды.

Инвестицияны тарту мақсатында облыста екінші халықаралық инвестициялық «Taraz Invest - 2012» форумы өткізілді, онда Қазақстан, жақын және алыс шет елдерінен 300-ден астам делегаттар қатысты. 14 инвестициялық жоба көрсетілді. Форумның қорытындысы бойынша Тараз қаласында жаңа әуе-жай терминалының, «Тараз» АҚЛО», «Меркі» тұқым зауыты» АҚ кеңейту және жетілдіру», қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы, гипсокартон, құрғақ құрылыстық қосындыларды, ұсақ тартылған мрамор толықтырушыны өндіру және Тараз қаласында шиша ыдыстар зауытының құрылысы секілді инвестициялық жобалар бойынша 6 меморандумға және келісімге қол қойылды. Жоғарыда аталған келісімдерді іске асыру 109 млрд. теңгеден астам инвестиция салымын тартуға мүмкіндік береді.

2014 жылы «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсына облысымыздың 56 кәсіпорындары қатысты. Жеңімпаздар мен лауреаттар болып келесі кәсіпорындар анықталды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен – «Казфосфат» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен - «Амангелді ГӨЗ» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен - «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС; «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен – «Ырыс Бахыт» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен -«Жамбылгипс» АҚ, үшінші дәрежелі дипломмен - ЖК «Айдаров» ПТК «LL»; «Үздік азық түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен – «Гамбург» ЖШС, екінші дәрежелі - «Алкопищепром» ЖШС, үшінші дәрежелі - «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының үшінші дәрежелі дипломымен «Мынарал Тас Компаний» ЖШС марапатталды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде шағын кәсіпкерліктің жағдайы мен дамуы жарияланып, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Кәсіпкерлік саласын, біріншіден, шағын және орта бизнесті қолдауға және жақсарту үшін 2010 жылы іске қосылған арнайы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы әзірленген.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асырудан бастап барлық қаржы тетіктері бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен 45,5 млрд. теңге сомасында 374 жоба мақұлданды. Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарының шеңберінде «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» тетігі бойынша 34,6 млрд. теңгеге 292 жоба мақұлданды, оның ішінде 2014 жылы – 11,3 млрд. теңге сомасында 108 жоба.

«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту»тетігі бойынша жалпы құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда, оның ішінде 2014 жылы - сомасы 1,4 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба.

«Гранттық қаржыландыру» бойынша жалпы сомасы 44,0 млн. теңгені құрайтын 15 жобалар мақұлданған, оның ішінде 2014 жылы - сомасы 20,0 млн. теңгені құрайтын 7 жоба.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бойынша жалпы құны 3,0 млрд. теңгенің 10 жобасы мақұлданып, жүзеге асырылуда (2011 ж).

Бағдарламаның төртінші бағыты аясында «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» 1248 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. 37 кәсіпкер «Шағын және орта бизнесті топ - менеджментке оқыту» жобасы бойынша оқытылды. «Іскерлік байланыс» бойынша бизнес-тренингтен 48 кәсіпкер өтті.

«Бизнес-насихат» жобасы бойынша кәсіпкерлікті бастап келе жатқан және жұмыс істеп жүрген 4095 кәсіпкер экспресс курстан өтті.

Бүгінгі күнге облыстың шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы жақсы даму көрсеткіштерімен сипатталады, бұған оның барлық түрлерінің сапалы және тұрақты дамуы үшін жергілікті атқарушы органдармен барлық жағдай және қажетті алғы шарттар жасалуы себебін тигізді.



Өңірдің кәсіпкерліктегі мәселелері

- кәсіпкерлік саласын, әсіресе ауыл кәсіпкерлерін жеткіліксіз қаржыландыру;

- несие беру көлемінің төмендігі және несие ресурстары жеткіліксіз қолжетімділігі;

- несие сыйақылары мөлшернің жоғарлығы;

- несиені рәсімдеудің күрделі және ұзақ үрдісінің;

- кәсіпкерліктің даму деңгейі мен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы дамуының тепе-теңсіздігі.


Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылы 103,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2010 жылғы деңгейге – 141,0%, 2012 жылы – 119,7 млрд.теңге (НКИ – 111,0%), 2013 жылы – 151,6 млрд.теңге (НКИ – 122,3%). Көтерме сауда айналымы 2011 жылы 177,5 млрд. теңгені құрады (НКИ – 103,8%), 2012 жылы 158,2 млрд.теңге (НКИ – 86,5%) (1 кесте), 2013 жылы– 158,5 млрд. теңге (НКИ-95,1%) (1-кесте).

Бөлшек сауда айналымы 2014 жылы 182,8 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға артты, көтерме сауда – 173,4 млрд. теңге (11,4%-ға).

Сонымен бірге, 2014 жылы келісім-шарт негізіндегі сауда көлемінің 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,4%-ға қысқаруына байланысты «ШОБ және сауданы дамыту» мақсаты бойынша «Сауданы дамыту» міндетіндегі «Бөлшек сауданың нақты көлем индексі» тікелей нәтижесінің жоспарланған көрсеткіші 1,1 пайыздық тармаққа жетпеді.



2009-2014 жылдардағы сауда динамикасы, млн. теңге
1-кесте




2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.



2014 ж.

Көтерме тауар айналымы

113819,6

142252,8

177492,8

158182,3

158510,9

173422,9

Бөлшек тауар айналымы

58957,4

67869,5

103441,4

119672,2

151652,0

182766,7

Оның ішінде:

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

22643,8

28954,5

43792,8

47195,7

74858,6

89778,2

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

36313,6

38915,0

59648,6

72476,4

76793,4

92988,5

Сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылы 43866,3 млн. теңгені (42,4%), жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен базар айналымы – 59575,1 млн. теңгені (57,6%), 2012 жылы – тиісінше 52269,1 млн. теңгені (43,7%) және 67403,1 млн.теңгені (56,3%), 2013 жылы – 45432,5 млн. теңгені (31,1%) және 100749,0 млн. теңгені (68,9%), 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында тиісінше 62113,3 млн. теңгені (34,8%) және 116322,9 млн. теңгені (65,2%) құрады (2-кесте).



2-кесте




2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.



2014 ж. қаңтар-желтоқсан

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі, млн. теңге

28771,7

33202,3

43866,3

52269,1

45432,5

62113,3

үлес салмағы, %

48,8

48,9

42,4

43,7

31,1

34,8

Базарлардың тауар айналымының көлемі, млн. теңге

30185,7

34667,2

59575,1

67403,1

100749,0

116322,9

үлес салмағы, %

51,2

51,1

57,6

56,3

68,9

65,2

2013 жылы бөлшек сауданың көлемі 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 2,3 есеге өсті, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің тауарларын сатуы 3,3 есеге артқан. Бұған 2012 жылы Тараз қаласында жаңа, үлкендеу базарлардың ашылуы (Тараз қаласында 21562 сауда орынды 12 базар бар, көшіргенге дейін – 6238 орындық 16 базар болған) ықпал етті. Базарларды көшіру біздің кәсіпкерлерімізді бизнестің өркениетті түріне өтуге ынталандырды. 2012 жылдан бері Тараз қаласында 89 жаңа дүкен ашылды, оның 59-ы – 2013 жылы.


Халықты жұмыспен қамтудағы сауданың үлес салмағы
3-кесте




2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж

Жұмыспен қамтылған халық – барлығы, мың адам

539,2

551,3

557,0

559,9

550,8

530,2

оның ішінде:

Сауда, автокөлік, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолданатын заттарды жөндеу, мың адам



119,5

120,9

121,8

118,5

110,3

109,4

Үлес салмағы, %-бен

22,2

21,9

21,9

21,2

20,0

20,6


Қоғамдық тамақтандыру қызметі, млн. теңге

4-кесте




2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж.

Қызмет көлемі, барлығы:

2836,3

3961,0

4915,1

4777,1

5818,9

6621,4

2014 жылы Тараз қаласында алаңы 2000 шаршы метрден асатын 3 сауда үйі пайдалануға берілді («Дав-Мир» - алаңы 4029 шар.м; «Гранд» - алаңы 3369 шар. м; «Дос-Нар» - алаңы 13800 шар.м).



Өңірдің сауда саласының мәселелері

- бөлшек сауда кәсіпорындар, тұтыну кооперативтері, ірі тәуелсіз супермаркеттер мен гипермаркеттер қауымдастығында сатып алу орталықтары жоқ;


Өңіраралық ынтымақтастық

Экономикалық қарым қатынастардың негізгі факторларының бірі өңіраралық байланыстар болып отыр, бұның негізін өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қалыптасқан өндірістік кооперация тізбелері құрайды.

Жамбыл облысы негізінен барлық өңірлермен сауда-экономикалық қарым қатынас орнатқан. Өңіраралық қарым-қатынастың негізгі белсенді қатысушылары болып Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда қалалары болып табылады.

Жұмысшылар саны 50 адамнан асатын өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің басқа өңірлерге тасымалданған көлемі 2013 жылы 133982,7 млн. теңгені, 2014 жылы – 82141,1 млн. теңгені құрады.



Өңіраралық ынтымақтастық жүргізетін,

облыс кәсіпорындарының тізімі

1 кесте


Кәсіпорын атауы

Қызмет түрі

Әріптес-өңірдің атауы

«ЖГРЭС» АҚ

Электр энергиясы

Алматы облысы

«Орталық-Азия қант корпорациясы» ЖШС филиалы Тараз қант зауыты

қант

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Алматы, Астана қалалары; Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы Ақмола, Маңғыстау облыстары

«Орталық-Азия қант корпорациясы» ЖШС филиалы Меркі қант зауыты

қант

Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары

«Казфосфат» ЖШС

Минералды тыңайтқыштар, фосфор

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар қалалары; Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстары

«ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС

Құрылыс металл конструкциялары

Ақтөбе, Қызылорда, Алматы қалалары: Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары

«Құрылыс-полимер» ЖШС

Полимерлі бұйымдар

Алматы, Астана қалалары

«Тамақ» ЖШС

Макарон өнімдері

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Астана қалалары;

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстары



«Амангельдинский ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы

Мұнай өнімдері

Қостанай, Қызылорда, қалалары: Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары

«Кнауф гипс Тараз» ЖШС

гипс және одан жасалған бұйымдар

Карағанды қаласы; Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС

шойын, болат және ферроқорытпалар

Алматы қаласы; Оңтүстік Қазақстан облысы

«Үміт Қордай» ЖШС

Сүт өнімдері

Алматы қаласы

«Первомайские деликатесы» ЖШС

Шұжық өнімдері

Алматы қаласы

«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС

цемент

Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Астана қалалары;

Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Маңғыстау облыстары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет